Дұрысында
бұл моғұлдарды шағатай ұлысынан
бөлініп шыққан сол кездегі
қазақ тайпаларының (ұлы жүздің)
бірінші саяси одағы (бірлігі)
деуге болады. Кейін Алтын орда
үкіметі ыдыраған кезде Керей
мен Жәнібек (Әз-Жәнібек) соңына
ерген қыр қазақтарымен Моғұлстанға
келіп, ұлы жүз тайпалары үйсін,
дулаттан көп күш алып, шу өзені
бойында Қазақ хандығын құрады.
Осы
кезде Моғұлстан үкіметі де
кеңейіп, күшейеді. Өйткені, оның
құрамына енді қашқар уәләяты
да қосылады. Моғұлстанның билігі
толғынан Қашқар жұртына ауысқанда,
XVI ғасырдың 30 жылдары, Рашид ханның
заманындаұлы жүз тайпасы, оның
ішінде дулаттар Моғұлстан бөлініп,
Қазақ хандығына қосылады.
Дулаттар
әлі күнге сол тарихи қонысында
тіршілік жасап, қазақ халқының
бір іргелі бөлігі болып отыр.
Ол кезде Дуғлат, бүгінде дулат
аталуында еш қайшылық жоқ.
Бұл сол тарихи дұғлаттардың
кітапта дұғлат аталып, халық
аузында дулат аталуы ғажап
емес. Өйткені өткен ғасырдағы
кітап тілінің әсерімен Абайдың
өзі де көп сөздерді солой
жазғандарын мұра етіп, Орта Азия
халықтарымен бірге мақтаныш
ететін, оның тікелей ұрпағы –
қазақтың ұлы жүз тайпасы оның
ішінде дулаттар.
Тарихи
жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед
Хайдардың нақтылы қай жерде
туғаны көрсетілмеген. Бірақ бұл
мәселені өзге мәліметтерімен
анықтауға болды: біріншіден, оның
әкесі Хусайынның тіршілік жасаған
орындары арқылы, екінші, анасы Хуб
Нигар-ханымның болған жерлері
арқылы. Бұлардың екеуінің де
тұрғылықты орындары Ташкент
қаласының төңірегі болған. Әкесі
Хусаин Қасым-ханмен бірге Шайбаниға қарсы
соғысқанда,осы Ташкент маңында қаза табды.
Сондықтан Мұхаммед – Хайдар осы Ташкент
төңірегіндегі туған облуы керек. Мұхаммед-Хайдардың
анасы Хубнигар-ханым – Шагатай ұрпағы.
Моғұлстан ханы – Жүнісханның қызы. Ол
Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін
басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан
– көшпелі руларды отаршылыққа айналдырып,
қала салу ісімен шұғылданған кісі. Дегенмен,
Жүністің өзі де жаз күні жайлауға шығып,
Арыс, Бөген, Шаян, Қаратауға дейін жайлап,
көшпелі тайпалармен аралас отырады. Жүністің
екі баласы – Ахмет-Алаша мен Мұхамед
қазақ қауымның бірігінуіне көп күш жұмсаған
кісілер тобына кіреді.
Махмұд-Хайдардың
шешесімен бірге туысқан Жүністің
бірнеше парасатты қыздары болған.
Оның бірі – Құтлығ Нигар
ханым – атақты жазушы Бабырдың
шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар
ханым – қазақ ханы Әдіктің
бәйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың
барлығы Мұхаммед-Хайдарға бала
күнінен таным болмаса, ол “Тарихи-Рашиди”
кітабын да сондайлық жылы, сондайлық
ашық жаза алмас та еді.
Хайдардың жазуынша Сұлтан Нигар-Ханым
өз күйеуі Әдік-сұлтан өлгеннен
кейін Сыр бойында соғыс жиі
бола берген соң, қырда тұра
алмай, Қашқардағы туыстарына
кеткісі келеді. Өзінің өгей баласы
сол кездегі қазақтың ханы
Тайырға арыз етіп, “Мен болсам
қартайдым, Маураннахр мен рашид,
қыпшақ арасы әлі түзелер емес.
Қалған өмірімді қалада өткізейін,
мен қашқарға апарып,Сейітханның
қолына табыс ет ” дейді.
Бұл кезде Сұлтан Нигар –
ханымның қалған төркіні тегісімен
Ташкент, Түркістан төңірегін
қалдырып, Қашқарға барғаны байқалады.
Кейін олардың соңын ала жетім
қалған Мұхаммед-Хайдар да нағашысының
қолына барады. Бұл жерде айтылып
отырған Қашқар ханы Сейіт
жоғарыда көрсетілген Жүніс ханның
немересі, сұлтан Нигар ханымның
ағасы Ахметтің баласы.
1526
жылы Сейіт пен қазақ ханы
Тайыр араздаса бастағанда, сұлтан
Нигар-ханым бұл екеуінің арасына
бітім айтады. Екі ханның екеуі
де (бірінің апасы, бірінің шешесі)
бұл кісінің сөзіне бас иіп,
татулыққа келеді. Мұхаммед-Хайдар
бұл туралы былай дейді: “Хан
Қашқардан щығып, Қошқар келеді.
Бұл жерге мен де келдім. Маған
айтты: сен Қашқарға бар да
апайды алып кел, Тайыр ханмен
екеумізді татулыққа келтірсін.”
Әдік ұлы Тайыр ханның ол
кезде аузынан жалын шығып
тұрған еді.
Бұрынғы
Моғұлстан қырғызды, үйсін, дулатты
өзіне қаратып, қырғыз бен қазақты
бірдей меңгеріп тұрған еді.
Міне, осы уақиғаның ашық суретін
біз бір ғана Хайдардың “Тарихи
Рашиди” кітабынан көреміз. Бұл
суреттер, біріншіден, Мұхаммед-Хайдардың
туып-өскен ортасы кім екенін
білдірсе, екіншіден, оның ол ортаны
сондай жақсы біліп, оны кейінгі
заманға мұра етіп қалдырғанын
көреміз.
Мұхаммед Хайдар халық ортасында
көбінесе Мырза Хайдар деген
атпен даңқты болған. Оған қосымша
лақабы Көреген, Мырза Хайдар
– Көреген. “Көреген” – ескі
моңғол – түрік тілдерінде
күйеу деген сөз. Орта ғасырларда
хан қызын алып, ел басқарған
би батырларға “көреген” деген
лақап беретін болған. Мағынасы
ел басқартын ханның күйеуі. Бірақ
ханның өзі емес. Бұл лақапты
Хайдардың өз әкесі Хұсайын
да, Әмір темірдің өзі де, тағы
басқаларда тағынған. Лақап атынан
басқа, жазған кітаптарында Хайдар
өзінің қай рудан екенін білдіру
үшін ресми атын Мұхаммед - Хайдар
Дұғлати деп жазған. Демек, ол
шыққан руы дулат елі екенін
көрсетеді.
Мұхаммед
Хайдардың шыққан ортасы дұғлаттары
екенін Хайдардың өзінен бастап
басқа жазушылар да келтіріледі.
Мәселен, Орта Азияның атақты
тарихшыларының бірі Хафиз Таныш
өзінің “Абдулла-нама” деген кітабында
Әбілхайыр ханның баласы Беріш-ұғланды
Жәнібек пер керей ханы қалай өлтіргенін,
дұғлат Хайдар мырза осылай жазады дейді.
Осындай сәл ескертулердің өзі де Хайдардың
қазақ қауымының жүйрік, білгір, жеке дара
адам екенін көрсетіп, оның қазақ қауымына
аса жақын болғандығын дәлелдейді. Мұхаммед-Хайдар
шыққан дулат тайпасы өз заманындағы ұлыстардың
алдыңғы қатарында болып, Моғұлстан кезіндегі
саяси тіршіліктің ну ортасында болған.
Дұғлат
тайпасынан XV – XVI ғасырладрда бірнеше
атқты адамдар шықты. Олар: Әмір
Темірдің Моғұлстанды жаулауына
қарсы тұрған белгілі Қамаридтен,
Болашы, Түлек, Жорас деген кісілер.
XV-XVI ғасырларда бұлардың аталары
шағатай мемлекеттің үлкен астанасы
Алмалық маңында болып, оларға
қызмет етті. Алмалаық – Жетісудағы
ең үлкен қала. Сауда мен мәдениеттің,
саяси тіршіліктің қайнаған ортасы
болды. Хайдардың арғы аталры
Дұғлат Бауырты, оның баласы
Болашы Шағатай ұрпағы Есенбұқа
мен Тұғлық-Темірге қызмет істеп,
моғұлстанның атақты билерінен
болған. Бұл екеуі де Тұғлық-Темір
дәуірінде Алмалық қаласы төңірегінде
жасап, дәфенделген Тұғлық-Темірдің
әдемі күмбезі осы күнге дейін,
сол ескі Алмалық қаласының
өзінде, қазіргі Коркос төңірегінде
сақталғаны байқалады.
XIII – XIV ғасырларда Шағатай хандары
мен Дұғлат билерінің жаз күні
жайлаған жері – Іле өзенінің
бойы, Ақкент деген жер. Қазіргі
Жаркент (Панфилов) қаласына жақын
тұрған. Хайдар атларының тұрақты
қонысы – осы Алмалық қаласының
Жетісу өңірі. Өзге дулаттар
Алмалықтан Ташкентке дейін созылып
отырған. Бұл ара – ұлы жүз
тайпаларының ескі дәуірлерден
XIX ғасырларға дейін мекен еткен
жері. Тарихи жешілердің көрсетуінше
Дұғлат Болашы би XIV ғасырдыңбірінші
жартысында жасаған кісі. Болашы
би мен Хайдардың арасында6-7 апта
өткен. Хайдардың түп атасы
– Болашы Шағатай ұрпағы еенбұқа
мен оның баласы Тұғлық темір
заманында билік құрған кісі.
Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлаяты
(Моғұлстан) мен Қазақстан туралы
жазған тарихи кітабын Шағатай
ұрпағы (Моғұлстан) мен Қазақстан
туралы жазған тарихи кітабын
Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен
Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан,
Сұлтан Ахмет және Сейіт хан
баласы Рашит сұлтанға арнап,
кітабының атын “Тарихи рашиди”
деп атайды.
Мұхаммед
Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының
төңірегінде туады. Оның әкесі
Мұхаммед Хұсайын – Дұғлат
Бауырты мен Болашы бидің тұқымы.
Ол қазақ ханы Қасым мен
бірігіп. Шайбани ханмен жауласып,
жүргенде, 1508 жылы Шайбани әскерінің
қолында өледі. Cегіз жасар Хайдар
әкесінен жетім қалып, үш-төрт
жылдай өзінің бөлесі, атақты
жазушы Бабырдың қолынан тәрбие
алады. 13 жасқа жеткенде, Хайдар өзінің
тума нағашысы Жүніс ханның
немересі, атақты Сұлтан Ахмет-Алаша
ханның баласы Қашқар өлкесін
билейтін Сейіт ханның қолына
келіп, рның қарамағында әрі
би, әрі әскер басы болып болып
қызмет атқарады. Сейіт хан өлген
соң, оның баласы Рашид сұлтанға
уәзір болып істейді, бірақ
Мұхаммед – Хайдар рашид сұлтанмен
келісе алмай, қйыра Бабырдың
балалары Қарман мен Ғұмайынның
қасына барып, олар арқылы Қашмир
уәләятын басқаратын болады. Сөйтіп
кашмир өлкесін басқарып трғанда,
52 жасында сол жерде дүние салады.
Мұхаммед Хайдар – XV ғасырдың
алғашқы жартысында жасаған Бабыр
сияқты Орта Азия мен Қазақстаннан
шыққан білгіш, майталман кісінің
бірі. Ол бөтен нәрсеге көңіл
бөлмей, бір ғана кітап оқып, өлең
шығарып, сурет салу ісімен
айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық
өнерімен шұғылданады. Шемберлік
ісінде ол бармағынан бал тамған
ісмер, сұлулық дүниесін жанымен
сүйетін хас шебердің өзі болады.
Қырнау, безеу, ою өрнек өнерін
тіпті асқарлы түріне жеткізіп,
оның шын мағынасында сұлулық
қазынасы - өнерге айналдырған. Онымен
бірге Хайдар өзінің ойға жүйрік,
майталман, сзге шебер, ерекеше саңлақ
болуымен халық ортасында даңқты болады.
Өзінің айтуынша: “халқпен кішіпейіл
болып марқаласуды (кеңесуді), олардың
алдыңғы әдепті, мәйін болуды, соғыс үстінде
қырағы болуды, атқыш мергендікті, тағы
басқа өнер түрлерін үйренуде мен нағашым
Сейіт ханның Шәкірті ғана едім” деп,
өзінің қойдан қоңыр, кішіпейіл мінезін
тағы да сипаттайды. Хайдардан басқа біреу
болса, әрине, буға пікісіп, “мен-мен!”
деп, кеудесін соғар еді. Оның жазған тарихи
шығармалары, көркемөнер, поэзия туралы
жазғандары кейінгі жазушыларға зор әсер
етіп отырды.
Мұхаммед
Хайдардың адамшылық қасиеті
туралы бабыр былай дейді: “Хайдардың
әкесін өзбектер өлтіргеннен
кейін ол менің қарамағыма
келіп, үш-төрт жыл тұрды. Кейін
рұқсат сұрап, Қашқардағы Сейіт
ханға кетті. Не нәрсе болса
да, өзінің шыққан тегіне (асылына)
тартатын әдеті ғой, мәселен,
сап алтын да, күмісте, қорғасын
да тегіне тартпай ма! Жұрттың
айтуынша ол бұрынғыдан көп
есейіп, жақсы жолға түскен. Өзінің
қолы әр нәрсеге шебер, оның
қолынан келмейтін іс жоқ: ол
әрі жазушы, әрі суретші, онымен
бірге садаққа оқ жасап, оның
жебелерін өзі істейді. Бір
жағынан дарынды (құйылма) ақын.
Маған бірер жазу келген еді,
әлпеті еш жаман емес. ”
Кейін
есейіп ер жеткен шағында Мұхаммед
Хайдар шын мағынасында Кұншығыстағы
даңқты адамның бірі болып,
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының
әдебиетіне, оның тарихына зор
үлес қосады.
Күншығыс
халқын зерттеуші ғалымдардың
айтуынша Мұхаммед-Хайдардың атын
жоғары көтеріп, оны жұртқа
танытқан, әсіресе, оның “Тарихи-Рашиди”
атты кітабы болды. Бұл шығарманың
Күншығыс жазушыларына берген
әсері сонша еді, олар мұхаммед-Хайдардың
тарихи жазуларына ерекше баға
беріп, оның кейбір жерлерін
өзерінің жазған кітаптарында
пайдаланып отырады. XVI – XVII ғасырлардағы
Үнді мен Орта Азия тарихшыларынан
Мұхаммед – Хайдардың “Тарихи-Рашиди”
кітабын пайдаланбағандары кем
де кем-ақ. Оның ішінде Үндістанның
Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы
Мұхаммед-Қасым Ферште Бадахшан,
Қашмир уәләяти туралы жазғанында,
оның мағлұматын бір ғана “Тарихи-Рашиди”
кітабынан алады, Мұхаммед-Қасымның
айтуынша “Тарихи-Рашиди” –
Орта Азия тарихы туралы жазылған
шығармалардың ішінде ең мағыналысы
және мағлұматтың ең дұрысы, ең
толығы болып санлған.
Мұхаммед
Хайдарды оқыған күншығыс ғалымдарының
ол туралы жылы сөз айтпай
қалған бірде бірі жоқ. Үндістанның
атақты ғалымының бірі – Ағзам.
Ол Мұхаммед-Хайдардың Қашмир
өлкесі туралы жазғанына зор
қуаныш көрсетіп, өзінің “кашмир
тарихы” деген кітабында Мұхаммед-Хайдардың
әдебиеттегі орнына ерекше баға
береді. “Мұхаммед-Хайдар күншығыс
ғылымның терең білген данышпан
еді оның үстіе ол қаламынан
сөз құйылған талантты ақв
болды. Оның “тарихи Рашиди”
кітабы болған оқиғаны төндіре
айтуда ең инабатты шығарманың
бірі” дейді.
Ол сол
кездегі саяси оқиғалар мен оған
қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан
мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен
тарихын жақсы білген. Оның тікелей
өзі куә болған жайлары да көп
еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы
қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының
тарихына қатысты өте құнды материалдар
береді. Қазақ хандығының құрылуы
мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері,
олардың қырғыздармен, өзбектермен
қарым-қатынасы, көрші елдермен жайында
кеңінен сөз болады. Әсіресе ғалымның
өз заманы, соның ішінде Қазақ хандығының
құрылуы, бұл Орданың қалыптасуы
кезеңіндегі ОА-дағы саяси оқиғалар
туралы егжейлі-тегжейлі мәліметтер берген
деректері аса құнды болып
отыр. Оның тарих саласындағы құнды
еңбектері арқылы біз Ұлы ғалымды қазіргі
Қазақ тарихы ғылымының бастау кеөздерінің
бірі және ұлттық тарихтың негізін салушы
ретінде танимыз.