Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат
Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.
«Тарихи
Рашиди» жазылмағанда, сол кезең
беймәлім болып қалар еді.
– Дулати есімінің қате жазылғандығы туралы ғылыми ортаны иландыруға тырысудасыз. Оны қаншалықты қабылдап жатыр?
– «Дулати
мансап» деген, яғни
Мыңжылдық
тарих кітабында «Мырза Хайдар
қай тайпадан?» деген сауал
қойылып, оған «Дулаттан»
– Сізге шығарманың қай нұсқасы ұнады?
– Ең толық нұсқасы – Тәжікстан мен Өзбекстанның біріккен нұсқасы. Ағылшындық нұсқасы Тегеранда бірінші рет шыққанда менің еңбегім әлі жарық көрмеген-ді. «Кеш қалып қойдым-ау» деп қынжылдым. Тегеран нұсқасы қолыма тигесін, қарасам, «бұл нұсқаларда түсініксіз сөздер көп, соның бірі – «сауын» мен «қоналқы» сөзі. Ағылшын нұсқасында мұны алып тастаған, мен де мұны алып тастадым» дейді Тегерандағы ғалым. Сөйтіп, жұмысымды жалғастыруға тура келді. Неге? Себебі басқалар жоққа шығарып отырған дәл осы екі сөз бізге құнды. Бұл ғана емес, «біз сапарларда кілең қымыз бен талқан алып жүреміз» дейді бір сөйлемінде. Біз айтпасақ, мұны ана ағылшын айтпайтыны белгілі болды. Тездетіп жарыққа шығарып, әлем алдында мүдделілігімізді танытуымыз керек деген ой туды.
Бір нәрсеге көзім анық жетеді. Қазақтың тіл мен фольклор саласы көп ұтады. Түркілер туралы айтқанын қазақ тіліне неге аудармасқа! Төрт кітапта да қазақтың көптеген тайпаларының аттары аталады. Дулат әмірлері он екі артықшылық алған хандардан. Барлық нұсқаларды қарап шықтым, түрік, өзбек, ешқайсысы оны санамалап бере алмайды. Үш-төрт жыл еңбектеніп, он екісін де тауып, жазып, «Жалын» журналына бердім. Бұл жаңалық па, жоқ па? Күні бүгінге дейін әлемдік деңгейде ағылшыны да, өзбегі де, басқасы да оқи алмаған он екі артықшылықты қазақтың перзенті жазды.
– Таралымы қалай болып жатыр?
– Біз
бастысы, тәуелсіздік
Дулатты аудардым деп бір жерде жарнама да жасаған емеспін. Біреуден-біреуге айтылып, танылып кеткен жұмыс қой. Басқа да аудармалармен айналыстым. Мысалы, Иранның тарихын аудардым. Жақсы қабылдады. Басқа да бірнеше аударма бар.
– Шығыстану көбіне дінтанумен қатарласа жүретіндігі айқын. Қазақ халқы үшін діннің маңыздылығы турасында екіұдай пікір айтылад
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, практикалық маңызы, сарапталуы және қорғауға ұсынылатан тұжырымдар айқындалып көрсетілді.
Бірінші бөлім «Тарих-и Рашиди» - мәдени мұра» деп аталады.
1.1 «М.Х.Дулаттың өмірі мен шығармашылық ортасы» деп аталатын тарауда Мырза Хайдардың шығу тегі мен «Тарих-и Рашиди» шығармасының жазылу тарихы, ғұламаның әдеби ортасы жан-жақты талданады.
Әкесі өлгеннен кейін, Мырза Хайдар Кабулға 1509-1512 жылдар аралығында келіп, Бабыр сарайында тұрақтайды. 1512 жылы Мырза Хайдардың нағашы ағасы, Моғолстан ханы Сұлтан Саидхан Бабыр патшадан Мырза Хайдарды өз қолына алады.
Сұлтан Саид хан 1533 жылы қайтыс болды. Оның ұлы Әбдірашид хан таққа отырғанда, дулат әмірлерін мемлекеттік істерден шеттете бастады. Бұл кезде Тибетте соғыс жорығында болған Мырза Хайдар бұдан хабардар болып, Моғолстанға қайтып оралуға батылы бармай, біраз уақыт Бадахшанда жүрді. Содан ол жерден Лаһурға, Бабырдың ұлы Камран Мырза хұзырына, 1539 жылында Аграға, Һомаюн қызметіне кірді. Оның Ширханмен жүргізген шайқасына кездейсоқ тап болып, қатысуына тура келді. Содан кейін Камран мырзаның құптауымен Кашмирді жаулап алып, сонда билік құрды. Ақырында 1551 жылы беймәлім кісілер тарапынан ұйымдастырылған қастандық нәтижесінде мерт болды.
Шығарманың бірінші бөлігін жазғанда Мырза Хайдар Әлиаддин Атамәлек Жовайнидің «Тарих-е-жаһангошай», Шәрәфеддин Әли Иәздидің «Зафарнама» еңбектеріне сүйенген. Сондай-ақ Саһиб Қыран Әмір Темірдің Мауароннәһрде дербес мемлекет құруын, оны сыртқы жаулардан қорғап, Моғолстан ханы Тоғлық Темір (1360 жылдар), тіпті кейінірек те тегі Дулат Әмірлерінен шығып билікті қолға алған Қамареддинге қарсы жорықтары түгелдей «Зафарнамадан» алынған. Мұндай жағдайларда автор «Зафарнамадан әңгіме» деп оқырманды хабардар етеді. Жовейнидің «Тарих-е-жаһангошай» еңбегінен алынған кейбір үзінділердің алдында да осындай ескерту береді. Зәһиреддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» еңбегі де Мырза Хайдар үшін дерек көз қызметін атқарған.
Бұлардан тыс, Мырза Хайдар жастары жүзге талған қариялардан, әкесінен, немере ағаларынан, нағашыларынан және басқа сенімді замандастарынан естіген хикаяларды да мәлімет ретінде пайдаланады. Өз дәуірінің сопылық ағым өкілдерінің Рисалелерінен (трактат), әдеби шығармаларынан да үзінділер келтіреді. Бірақ, «Тарих-и Рашидидің» екінші дәптерін жазуда автор негізінен өзінің естеліктеріне арқа сүйейді.
«Тарих-и Рашидиді» оқығанда, автордың өмірлік, философиялық көзқарасын, өз дәуірінің рухани-мәдени дүниетанымын да сезіну, ұғу қиын емес. Ол оқып, еңбектерінде пайдаланған алпыстан аса шығармаларды назарға алсақ, тарихшының білім деңгейі өз дәуірі үшін жоғары дәрежедегі ғұлама, білімді кісілер қатарында болғанын көрсетеді.
Мырза Хайдар өз еңбегінде Моғолстан хандары мен сұлтандарының билік үшін тынымсыз таласын баяндап берді.
Мырза Хайдар
«моғолдар» деп атап кеткен халықтар
қазіргі кезде басқаға сіңісіп,
солардың атымен аталып жойылып кеткен,
не бірінің арасына бірі сіңіп
кеткен. Моғолстан және оған тәуелді
аумақтар қазіргі кезде Қазақстан,
Қырғызстан, Қытайдың Шыңжаң ауданы және
Батыс Моңғолияның жерінде
«Тарих-и Рашидидің» қолжазба нұсқалары Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Қытай, Ұлыбритания, Франция елдерінің қолжазба қорларында сақтаулы тұр.
1.2 «Тарих-и Рашидидің» зерттелу тарихы» деп аталатын тарауда Мырза Хайдар Дулат шығармасының дүние жүзі ғалымдары тарапынан зерттеліп, еңбектің тарихи-мәдени тұрғыдан бағалануы сөз болады.
Екінші бөлім «Мырза Хайдар және Моғолдар дәуірінің саяси-мәдени ахуалы» деп аталады.
«Дулат әмірлігі» деген тарауда М.Х.Дулаттың әулеттері мен олардың Моғол билеушілерімен арадағы қоғамдық-саяси қатынастары сарапталған.
«Қазақ хандығы – Мырза Хайдар шығармасында» атты тарауда «Тарих-и Рашидидегі» Қазақстан тарихына қатысты деректердің саяси-әлеуметтік және әдеби қырлары сөз болады.
Үшінші бөлім «Тарих-и Рашидидің» әдеби сипаты» деп аталады.
«Шығарманың мемуарлық сипаты» атты бөлімде М.Х.Дулат еңбегінің әдеби тұрғыдан құндылықтары, оның жанрлық ерекшеліктері талданады.
“Тарих-и Рашиди” – тарихи шығарма, ғылыми тұрпатта жазылған ғұмырнамалық баян екендігі даусыз әңгіме. Дегенмен, аталған еңбектің жанрлық ерекшеліктері туралы біраз ойланып, ізденетін жақтары да жоқ емес. Өйткені, бүгінге дейін қазақ ғалымдарының көпшілігі шығарманың тарихи мән-мағынасына баса назар аударып келеді. Солардың бірі әдебиеттанушы Ш.Елеукенов: «Қазақстан тарихына қатысты жайларды солтүстікте Қадырғали Жалаири баяндап берсе, оңтүстікте тарихымыздың және бір маңызды беттерін Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде төгілтіп жазып берді» [19, 45 б.] деп жазған-ды.
“Тарих-и Рашиди” шығармасының жанры туралы сөз болғанда ежелгі әдебиет тарихының маманы профессор Н.Келімбетовтың: “Жанрлық тұрғыдан келгенде, “Тарих-и Рашидиді” ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ, тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды” [20, 310 б.], – деген пікірлерінің жаны бар.
Бұл орайда Ә.Дербісәлі бастаған шығыстанушылар
да осындай пікірде. Ал қазақ әдебиетіндегі
шежірелік шығармалардың
Жалпы, жазушы өткен заманның, болмаса өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи шындығын бейнелейтіндіктен, соған сәйкес шығарманың да жанры мен стиліне біраз өзгерістер енері даусыз.
Қазақтың көркем прозасының жанрлық даму құбылысы туралы зерттеуші профессор А.Ісмақова сахара көшпелілерінің ерте замандардан-ақ аңыз, қисса, эпикалық жанрдың басқа түрлерінің жоғары деңгейде дамығанын айта келе: «Орта ғасырлар кезеңі бұл әдебиеттің ұзақ уақытқа созылған ең жемісті заманы болды» [23,18] деп пайымдайды. Расында, ХІV– ХVІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихында көркем проза үлгісі саналатын бір ғана “Тарих-и Рашиди” болмаса керек.
Шығарманың басты идеясы туралы біршама тұжырымдар жасауға болады. Жалпы ИДЕЯ дегеннің өзі орыс ғалымы Л.Тимофеев жазғандай, автордың мақсатты ойы мен шығармашылық жұмысының барысында тууы мүмкін. Бұл идеяны жазушы өз оқырмандарына “жеткізуге” тырысады. Алайда, автордың идеясы оның шығармадағы материалдарын толық саралаған соң барып, сыншының салыстырмалы түрдегі бағасымен белгіленеді. Яғни, бұл – объективті идея [24, Б.151-152]. Осы пікірге сүйенсек, “Тарих-и Рашиди” авторының идеясы – өзі айтқандай, Сұлтан Саид хан мен оның ізбасары Әбдірашид ханды ұлықтап, есімдерін мәңгілікке қалдыру, сондай-ақ, Исламды тұңғыш қабылдаған моғол ханы Тоғлық Темірді мадақтау һәм тоқтаусыз соғыстардан саны азайып кеткен моғол халқына да, ескерткіш ретінде «сөзден сарай тұрғызу» болған. Дегенмен, бұл айтылғандар бар болғаны – “тақырыптық идея”. Шығарманы тұтастай оқып қарағанда, Мырза Хайдардың бұл кітабының ішкі мазмұндық, сюжеттік, қала берді дидактикалық, философиялық, т.б. көптеген мәнді идеялары бар екендігіне көз жеткіземіз.
Мырза Хайдар шығармасы негізінен Орта ғасыр әдебиетінде, әсіресе, ақсүйектер мен хан сарайы жанында ғұмыр кешкен оқыған, зиялы қаламгерлерге тән. Біздіңше, хандық билік, мемлекеттік идея, ұлттық және діни бірлік, моғол-түрік әскерінің жеңімпаз рухымен қоса әміршілер сарайының салтанатын ұлықтай отырып, Мырза Хайдар өз дәуірінде белең алған классикалық үрдістің ықпалында болғаны даусыз. Сонау Алып Тоңға (Афрасияб), одан берідегі Шыңғыс ханнан тараған Барша хан әулетінің белгілі өкілдерін, олардың мұрагерлері мен түркі әмірлерінің билеген хандықтарын және Әмір Темір, Хорезм шаһ, Жәнібек, Қасымхан, Ахмет хан, Сұлтан Саид хан, Шейбани хан, Ұлықбек, Бабыр шаһ сияқты жаһангер ақсүйектердің жеңімпаздық жорықтарын сұлу да сырлы сөзбен көркемдей отырып, автор әміршілер әлеміндегі “билік интригасын” – тақталастар мен бақталастар арасындағы бітіспес қайшылықтарды шынайы бейнелейді.
Кең құлашты, эпикалық сарыны мол көркемді туындының бойынан реалистік және романтикалық стильдің де айқын белгілерін табамыз.
Мырза Хайдар өз шығармасының негізгі кейіпкерлеріне әдеби және тарихи тұлға ретінде мінездеулер мен жеке портреттер жасай отырып, оларды даралап, мінез-құлықтарын ерекшелеп көрсетуге ұмтылған. Әсіресе, автордың өзіне, Әбдірашид хан мен оның әкесі Саид ханға, Әбу Бәкір мен Әмір Құдайдатқа, Бабыр сұлтан мен Шейбани ханды сипаттайтын портреттер сәтті бейнелеуге толы.
Ол автор ретінде ғана емес, тарихи процестердің тікелей қатысушысы болғандықтан, әрдайым “ат үстінде” шытырман ситуациялар жағдайында жиі оқырманмен ұшырасады. Сол себепті, жазушының автопортреті, шығармада айрықша әсерлі, барынша жарқырай ашылған.
Автордың бейнесі – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері , наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн бойынан, бүкіл құрылыстар бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады [22,30].
Бұл жөнінен келгенде, Мырза Хайдардың лирикалық бәйіт-өлеңдері автор бейнесін сомдауға, оның ішкі жан дүниесін тереңірек сезінуге мол мүмкіндік береді, қаламгердің суреткерлік шеберлігін тануға көмектеседі.
Әрине, ғұмырнамалық шығармада автордың жеке тұлғасына мейлінше көңіл бөлінетіні мәлім, ал егер бұл эпикалық сарындағы көлемді эпопея болса, онда қаламгердің өзі туралы “ештеңе бүкпестен”, өмір тарихының әр кезеңін тәптіштей әңгімелеп беруіне жағдай бар. А. Байтұрсынұлы: “Өмірбаян жазудағы мақсат – белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету» [25,399] деген болатын. Осыған орай, Мырза Хайдардың да жеке басына қатысты жақсылы – жаманды оқиғалар мен мінез-құлқындағы артық-кем қасиеттерін жасырмай жазып отырғанын көреміз. Мәселен, “Тарих-и Рашидидің” 41-42 беттерінде автордың ата-тегі, өскен ортасы, моғол ханының өз отбасыларына деген көзқарасы және Мырза Хайдардың жеке кісілік, кәсіби һәм жауынгерлік қасиеттері сипатталады.