Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат
Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.
Мырза Хайдар Саид ханның балаларымен өзтуыстарынан шеттетіліп, қатты қуғындалғанын жазса да,оларға деген қандастық, адами сезімін жоғалтпайды. Ағайындарының қатыгездігі туралы бәйітінде:
Сен жұмаққа бет алсаң, соңыңа ертіп халықты,
Кейбіреулер сен үшін дайындайды тамұқты, – десе, олар жайындағы өз ниетін:
Сенің шерің һәм құсаң – уайым, қамым ол менің,
Қаталдықтың өзімен сүйеу болып келгенің.
Көзің түсті – мен үшін соның өзі зор бақыт,
“Бұл да менің тұтқыным” деп білгейсің бір уақыт [10, 41 б.] – деген өлең шумағымен білдіреді. Жоғарыда келтірілген үзінділердің өзінен-ақ, Мырза Хайдардың қандай әулеттен шыққандығы, ғылым-білім мен кәсіптерді меңгеру жайынан, әскери істерге қатысы, сондай-ақ, өнері мен ақындық, жазушылық қабілетінің деңгейінен жеткілікті мәлімет береді.
Автор оқиғаларды
баяндау барысында, өз кейіпкерлерінің
образын тереңірек ашу
Шығарманың
басты ерекшелігінің бірі – Мырза
Хайдардың исламдық дүниетанымында
жатыр. Екіншіден, Мырза Хайдар өз кейіпкерлерінің
қадір-қасиетін, ішкі психологиялық
ахуалын бейнелеуде, тарихи оқиғалар
мен саяси жағдайларға
Мырза Хайдар шығыс әдебиетінің дәстүрлі тәсілдерінің бірі - «тәзминді» (қазақшалап айтқанда «кепіл сөз» деп аталады) пайдаланған. Бұл тәсілде автор басқа бір ақынның өлең жолдарын, мақал-мәтел немесе ел ішіне кеңінен тараған қанатты сөздерді өз ойын айқындауға, әсерлілігін арттыруға әңгіме арасында келтіріп отырады.
Шығарманы
баяндаудың тағы бір стильдік ерекшелігі
– «Тәлмиһ», қазақша айтқанда, ишаралау
тәсілін пайдаланғанымен
Оның шығармасында көрініс тапқан қазақ сөздері бүгін де сол күйінде, сол мағынасында пайдаланылады. Бұған дәлел ретінде «қоналқы», «сауын», «талқан», «олжа», «жар», тағы сол сияқты сөздерді келтіруге болады.
Қорыта айтқанда, Мырза Хайдар өз еңбегінде Моғолстан хандары мен сұлтандарының билік үшін тынымсыз таласын баяндап қана қойған жоқ, сонымен бірге барлық ұлы ғалымдар сияқты өзі зерттеген тақырыпта жақсылық пен жамандықтың, білім мен надандықтың өзара мәңгі үзілмес егесін де баяндады. Ойшыл ғалым: «Парасатты ақыл - нағыз ерліктің жол сілтеушісі. Ақылдылық пен парасаттылықтың пайдасы оқ пен семсерден артық. Жебе қаншалықты айбатты болғанымен, нағыз жеңіске тек ақыл ғана жетелейді», - деп жазған. Сондықтан «Тарих-и Рашиди» еңбегінің тарихи құндылығымен қатар философиялық тұжырымдары да өте маңызды. Шығарманың даналық сөздері Мырза Хайдардың шығармадағы философиялық ойлар мен орайласып жатуы да оның жазу стилінің ерекшелігін байқатады.
«Тарих-и Рашидидің» көркемдік табиғаты» атты тарауда шығарманың поэтикалық ерекшеліктері жан-жақты талданады.
Академик З.Қабдолов: «Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады» [27, 31 б.] деп жазған болатын. Демек, Мырза Хайдар еңбегінің көркемдік-эстетикалық маңызын осы тұрғыдан қарастыра отырып, ғұлама шығармасына тән поэтикалық әдіс-тәсілдердің асыл тегін автордың өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік көзқарастары мен ақындық ортасынан сол дәуірдегі әдебиеттің даму заңдылықтарынан іздеген жөн.
Шынында да Мырза Хайдар Дулат аса талантты жан болғандығы мәлім. Ол туралы өзінің туған бөлесі тамаша тарихшы әрі шайыр, даңқты падиша Бабыр: «Он саусағынан өнер тамған жігіт. Ақындық дарыны да бар еді» [11, 31 б.] деп тегін жазбаса керек. Сұлтан Мырза Хайдардың «тегіне тартып, өнерлі азамат болғанын көреміз. Сірә, біраз уақыт жанында жүріп, Мырза Хайдар Бабырдан біраз тәлім-тәрбие алған болатын.
Мырза Хайдар «Тарих-и Рашидиде» өз дәуірінің бірталай белгілі шайырларына тоқталып, олардың әрқайсысының ақындық машығы мен шығармашылық ерекшеліктеріне соғып өткен. Ол әсіресе, Әбдірахман Жәми, Әлішер Науаи, Шейх Ахмед Сухали, Хұсейін Әлі Жалайри, Хилали, Бинаи, Сейфи, Мұхаммед Бахши, Мәулана Камал т.б. ақындардың есімдерін құрметпен еске алады [10, Б.224-230]. Мырза Хайдардың «… Ақындарға арналған кітап бөлімін қайтадан Хазірет Маулана Жәми есімімен бастаған жөн, сондай-ақ Хорасан әулиелері жайындағы бөлімде әулие кісілердің басы, атақтылардың атақтысы, адамзаттың мақтанышы Мәулана Нұраддин деген Әбдірахман Жәмидің есімімен бастау лайық болмақ» [10, Б.224] деген пікір де оның Жәмиді аса қадірлеп, өзіне ұстаз тұтқанын көрсетсе керек. Сонымен бірге Науаи мен Бабырға да ілтипатпен қарап, шығармашылық жолында олардың еңбектерін әрдайым үлгі ретінде ұстанғаны байқалады.
Әйтсе де,
«Тарих-и Рашиди» жанры
Зерттеу
барысында Орта ғасырлық көптеген ғұмырнамалық
және тарихи– прозалық шығармалардағы
секілді «Тарих-и Рашидиде»
Бір зұлымдық жасасаң, тартасың бір зардабын,
Өзгерте алмас ешкім де табиғаттың заңдарын [11, 47 б.],
- деген бәйітті келтіреді.
Мырза Хайдар да сөз арасында басынан кешірген жағдайлардың ретіне, ыңғайына қарай сол оқиғаға қатысты тарихи тұлғалардың, ұстаздары мен замандастарының, әрине, көбінесе өзінің өлеңдерінен үзінділер беріп отырған. Ол Сұлтан Саид ханның сарайында жиырма төрт жыл қызмет еткен және оның мәрттігі мен поэзияға құштарлығына тәнті болған. «Сұлтан өлең шығарғанда оның күш-қуаты мен дарынына тең келер адам өте сирек кездесетін. Ол ешқашан өлеңді ойланып отырып жазбайтын, ылғи шабыттанып айтатын» - дей келе Мырза Хайдар ханның бірнеше бәйіттерін мысалға келтіреді:
Қай гүлзарға барсаң да гүл кездеспес тең саған,
Сен гүл болсаң, мен бұлбұл шын ғашығын аңсаған.
Мен жәннаттан іздеймін өзің туған төркінді,
Көрсін халық нұрыңды, көрсін сенің көркіңді [10, 138 б.].
Мырза Хайдардың
жазуынша Сұлтан Саид хан өте білімді,
арабша нәсх және насталик жазу үлгілерін
жетік меңгерген әрі түрлі
жанрдағы шығармаларды құштарлана оқитын
білімдар кісі болған. Бұған қарағанда,
«Тарих-и Рашиди» авторының
Жалпы аралас
стиль жөнінде айтқанда, бұл әдеби
құбылыс тек ортағасырлық түркілік
мұраларда ғана емес, біртіндеп өмір
сүрген Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, т.б.
қазақ қаламгерлерінің
«Тарих-и Рашиди» авторына өзі сөз етіп отырған ақсүйек яки әміршінің тіршіліктегі бірер ғана кісілік істерін не оның кемшілік қасиетін айтудың өзі әлгі адамның «кім екендігін» айқындауға жетіп жатыр. Мысалы, Мырза Хайдар Дос Мұхаммед хан туралы: «Оның жасы он жетіде болатын. Ол парасатты адамдар қатарына жатпайтын, көптеген істері ақылға қонбайтын, бір сәтте мастықтан есін жиған емес» [10, 115 б.] деп жазды. Бар болғаны екі сөйлем. Осыдан-ақ аталған әміршінің кісілік дәрежесі қандай екенін пайымдау қиын емес. Әдебиеттанушы З.Қабдолов жазғандай, «деталь – затты шындықтың бір қыры арқылы бар сырын тұтыс, түгел және бірден, шапшаң танытатын нақты штрих» [27, 98 б.].
Жалпы, Мырза Хайдар шығармасының көркемдік құндылықтары Исламдық шығыстың даналық иірімдерінен бастау алатындығы ерекше назар аударады. Бұл орайда зерттеуші В.Т.Поляковтың: «Мырза Хайдар әдебиетке Алла образы мен Ислам құндылықтарын енгізе отырып, әміршілердің әрбір қадамын шариғат пен имандылық талаптарына орай өлшестіре пайымдаған» [23, 55 б.] деген тұжырымына біз де қосыламыз.
Ортағасырлық қаламгердің ғұмырнамалық шығармасындағы бейнелеу тәсілдері де негізінен автор жастайынан оқып, тәлім алған, барша қағидаларын тал бойына терең сіңірген Құран ережелеріне және сол дәуірдегі айрықша белең алған сопылық ағымға тән астарлы сарындар мен аллегориялық әдістерге көбірек сүйенгені де тегін емес еді. Бұл дәстүр – Сағди, Хафиз, Фирдауси, Жәми, Науаи, Низами, Лутфи, Хоремзи, Сараи, Йасауи, Бақырғани т.б. парсы-түркі шайырларынан бастау алып, ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен Абай, Шәкәрім, Әбу Бәкір, Мәшһүр-Жүсіп сынды қазақ ақындарының шығармашылығына дейін үзілмей жеткен ғажайып құбылыс, діни сарындар мен адами аңсарлары үндескен ұлы сыршыл поэзия мектебі.
Мұсылман әлемінде, әсіресе Шығыс поэтикасында әуелгі басқышқа табан тірейтін мұндай тәсіл Қазақ әдебиетінде де берік орын тепкені мәлім. Басқасын айтпағанда, ақын Абайдың: «Әуелі, Аят, хадис – сөздің басы» деуі [10, 31 б.] осы пікірге толық дәлел.
«Тарих-и Рашидиде» Құран аяттары мен Хадис сөздер өте жиі ұшырайды, тіпті шығарманың барлық тарауларында бар деуге болады. Сондықтан, көркемдік тәсілдердің өзге түрлеріне тоқталайық. Мәселен, мына бір үзіндіден Мырза Хайдардың суреткерлік талантының кемелдігін айқын танимыз: «Әлем билеушісінен жол сілтер самал әрдайым есіп тұрса, онда жүректің раушан гүлзарында Иман қауызы ашылар еді» [10, 43 б.]. Бұл сөйлемдегі асты сызылған сөз тіркестері күрделі метафора – ауыстыруға жатады.
Мырза Хайдар шығармасының өн бойы осындай күрделі, бейнелі тіркестермен, айшықты ауыстырулармен көмкерілген кейіптеулерге, көркем сөз маржандарына толы. Мына мысалдар осыған айғақ: «Батырлығына келсек, қаһармандық орманы – арыстан іспеттес. Ал буырқанған теңізде аждаһаны жұтып қояр акула сынды көрінеді. Шешендігі - әсемдік теңізінің бірегей жауһарындай әрі көз жауын алар гауһармен айшықталған ғажайып сандықшадай көрінетін. Алуан түрлі саз аспаптарын шебер жандандырып орындайтыны соншалық, оның жанында Шолпан һәм саз бағында сайраған бұлбұлдар әуені көмескі тартып қалатын. Шарапатты шабыты қара сөздің өзін жақұт жырға айналдыратын» [10, 168 б.]. Ондағы қаһармандық орманы, әсемдік теңізі – метафораға жатса, қалғандары «көз жауын алғандай» теңеу, айқындаулар. Дегенмен, автор Әбдірашид ханның бейнесін аталған көркемдік құралдары арқылы сомдай отырып, портрет пен кейіптеудің ерекше әсерлі үлгісін ұсынған.
Ал «Тарих-и Рашидидегі» эпитеттердің, яғни нақты айқындауыш сөздердің өзі бір төбе. Оларды түске, сапаға, қасиетке және сын-сипаттық, т.б. мағынасына қарай топтастыруға болады. Мысалы мұндай эпитеттерге: жапырақсыз гүл, тақуа имам, діндар әмір, арсыз маңдай, ғұлама ғалым, мүбәрак жүз, құлын дене, бал ерін, шикі ой, құрма бой, лағыл ерін, гауһар тас, азапты өлім, кең пейілді ілтипат, сарғайған жүз, нұрлы әлем, көктемгі қызғалдақ, жетімдік мұңы, жоқшылық азабы, жібек белбеу, бал шарап, бақытты жан, алтын тостаған, күміс белбеу, алтын тақ, ақша бұлт, сәуір күні, қалың қосын, қара бұлт, көк аспан, сәулелі жүрек, ер жүрек, жомарт жанды, ақылды жан, шын ғашық, буырқанған теңіз, әлсіз қалам, алтын ай, сұлу бұрым, т.б.
Жоғарыдағы мысалдардан ақсүйектер сарайына тән салтаннатты тұрмыс пен Моғолдардың жауынгер бектерінің өмірін шынайы әрі биік рухта бейнелейтін әсерлі де әдемі тіл өрнектерін аңғару қиын емес.
Ортағасырлық мұраның көркемдік бедерін ажарлау тәсілдерінің бірі – теңеу. Мырза Хайдар Шаһибек хан мен Хұсрау шаһ арасындағы қақтығысты баяндай келе: «Ол келесі жолы келгенде [Хұсрау шаһтың адамдары] қолын бір сілтегеннен – ақ дастархан үстіндегі шыбындай бытырай кететінін түсінді» [10, 148 б.], - деп жазған болатын. Автор әскердің қашар сәттегі көрінісін жай шыбындардың емес, дастархан үстіндегі құжынаған шыбындардың қалай шошып ұшқанына ұқсатып, тың теңеулермен соны сурет жасаған. Мырза Хайдар қаламы – жүйрік, қиялы ұшқыр. Ол кез-келген құбылысты әсерлі суреттермен безендіріп, көріністерді салыстыруда жоғары шеберлік танытады. Сондай –ақ, оның теңеулері де кейде қалыпты қолданыстағы – дай, -дей тұлғасынан басқа да тілдік оралымдар арқылы жасала береді. Мысалы, автор өз әкесінің Хорасанның сол кездегі орталығы - Герет қаласына келген кезін «Әкем жәннатты еске түсіретін қалада үлкен құрмет пен іззетке, түрлі сый – сыйапатқа бөленді» [10, 236 б.] деп сипаттайды. Бұл жерде жазушы Герат шаһарының сұлу келбетін жәннат бағына теңеу арқылы аталған қаланың ғажайыптығын қайталанбас образ арқылы жарқырата ашқан. Мұны – ежелгі шығыс халықтарының ауыз әдебиетінде кең қолданыс тапқан «табу» - жасырын бейнелеу әдісіне де жатқызса артық емес. Мәселен, мына тұста жазушы Шаһибек ханның Хоросан жерінде әкесін, яғни Мырза Мұхаммед Хұсейінмен Сұлтан Махмұд ханды өлтіріп, көптеген ақсүйек әулеттерін және олардың сарбаздарын қалай қырғынға ұшыратқанын былайша сипаттайды: «Ол қысқа уақыт аралығында соншама көп мемлекет басшыларын, лауызымды адамдарды құрдым желіне тозаңдай ұшырды, олардың көкке ұшқан күлінен аспанға шаншылған бағана көтерілді, ал олардың күрсініс желінен сол далада құйын ұйытқыды» [10, 249 б.]. Бір қарағанда осы көрініс ұлғайтудың ғажайып үлгісі, тіпті айшықтаудың тағы бір түрі, градацияға (дамыту) жақын тұр. Автор өзінің Шаһибек ханның зұлымдығынан аман қалғаны үшін Алла тағалаға көп шүкіршілік, мадақ айта келіп: «Егер Алла ерік бермесе [қандай бір іске болсын]... Жендеттер де пенденің басындағы бір тал шашын да қисайта алмайды, қырық аяқтың бір аяғын да кеміте алмайды» [10, 249 б.] деп жазады. Мұнда, керісінше, автордың бір тал шаш, қырық аяқтың бір аяғы секілді сөз тіркестерін кішірейту – литота тәсіліне қоланады, сөйтіп айтайын деген ойы мен өзінің әлгі оқиғаға байланысты көңіл-күй толғаныстарын әсерлі жеткізе білген.