Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат
Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.
Өзбек ғалымы Қ.Мунировтың пікірі бойынша, «Сәккакидың қасида жырлаудағы шеберлігіне қарағанда, ол өзбек қасидашыларының негізін қалаушы екеніне күмән келтіре алмаймыз» дейді. Сәккаки ұлы шайыр Лүтпимен қатар даңқ-абыройға бөленген. Бұл жайында Науаи «Хұтпалар диуаны» еңбегінде: «Ұйғыр сөз бейнелігімен түркі сөзінің кестелілігінен Маулана Сәккаки мен Лүтпидің бірінің шырын бәйіттері Түркістанда әйгілі болса, бірінің нәзік те балдай ғазалдары Ирак пен Хорасанда өмір нәріндей оқырманын қанаттандырып жатты.» деп жазды [17, 192 б.].
Сәккакидың лирикасы ақынның адамзатқа деген махаббатын, өмірге деген сүйіспеншілігін жырлайды. Шайыр өз сезімдерін табиғат көрінісіне деген адамдық мейіріне бөленген түйсігіне, ішкі дүниесінің толқыны мен шабытына орай бәйіттейді.
Сәккакидың ғазалдары тақырыптың көркемдік жағынан Әлішер Науаи және Зәһир-ед-дин Мұхаммед Бабыр, тағы басқа шайырлардың ғазалдарымен ұқсас келеді.
Сәккакидың бір артықшылығы ғазалдармен шектеліп қалмай, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық мәселелерін өз өлеңдеріне арқау еткен. Мәселен Сәккаки Ұлықбекке арнаған өлеңде:
Тобыр қой болса, сұлтан оған не шопан, не қасқыр болғаны,
Қасқыр ұлыса, қойдың тынғаны, шопан жетсе, құтылғаны.
– деп әділ билеушіні шопанға, әділетсіз билеушіні қасқырға теңейді [43].
Маулана Лүтпи (Лотфи) (1366-1465). Мырза Хайдардың шығармасында Маулана Лүтпі жайында берілген қысқаша мәліметтерден, оның Әлішер Науаимен жақын шығармашылық қарым-қатынаста болғанын байқай аламыз. Мырза Хайдардың айтуына қарағанда, Әлішер Науаи Маулана Лүтпидің бұрын оны ешкім аяқтай алмаған бір өлеңінің бастапқы бәйітін (мәтлә) ұнатып, оны жалғастыра жырлап аяқтаған [10, 228 б.].
Маулана Лүтпидің түркі тілінде де өлең жинағы бар. Бұл орайда оның Мауароннәһр, Шығыс Түркістан, Хорасанда түркі тілінде оқитын ғалымдар мен оқырман арасында кеңінен танымал болғанын айтуға болады. Маулана Лүтпидің өмірі мен шығармашылығы хақында өз замандастарының еңбектерінде көп мәлімет бар. Олардың қатарында Дәулетшах Самарқанди, Шәмседдин Сами, Хандмир, Абдолла Кабули сынды тарихшы, шежірешілерді атауға болады. Әсіресе, Лүтпиді өте жақыннан білген, онымен ұстаз-шәкірттік қатынаста болған Әлішер Науаидың шығармаларындағы Лүтпи жайында берген мағлұматы аса құнды дерек болып есептеледі. Әлішер Науаи «Мәжалис-ән Нәфаис» атты еңбегінде Лүтпиді өз заманының «Сөз патшасы» деп атауы – оның шығармашылық қуаты қаншалықты мықты болғанын білдіреді. «Әлем түсіндірме сөздігінен» Лүтпи Әлішер Науаимен қатар белгілі сопы ақын Әбдірахман Жәмимен де жақын қарым-қатынаста болғанын көреміз.
Лүтпи диуанының негізіне өзек болған тақырып – махаббат. Ол адамзат махаббатының сырт көрінісі мен бірге ішкі құбылыстарын бейнелей білген шайыр. Яғни ақынның лирикасында кеңінен орын алған дүниеуи тақырыптар мен қатар діни-сопылық тақырыптар да бір-бірімен ұштасып, тұспал мен ақиқатты жыр еткен.
Сондықтан, ақын ғазалдарында Алла өзі жаратқан табиғат пен жандылар арасында адамзатты ең басты жан деңгейінде жаратты. Оған өз нұрын шашты. Инсан сол үшін де Алланың жаратқан әзиз жаны. Оның көркі де «Алланың бір ұшқыны» [10, 196 б.] ретінде асқан сұлулыққа ие. Адамның асқан сұлулығынан болар, Алла оның жүзінен өзінің бейнесін көреді. Ақын жырларында осындай мазмұнға ие нұсқалы, терең ойларды өз шығармасына арқау еткендей.
Сылтау ғой ғашық қылуға, сұлулықтың әлемі,
Біздің көзге түссін деп, жаратқан-ау әдейі [43].
– деп жаратушы мен жаратылған адам арасындағы нәзік те сұлу байланысты жырлайды.
Маулана Лүтпи Мауароннәһрде дүниеге келіп, Герат қаласында өмірден озды. Оның соңында Қайталанбас айшықтарға толы, мұңлы сыр шерткен ғажайып ғазалдары қалды.
Атаи (1440-1492). Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жеткілікті мағлұмат жоқ. Дегенмен, Әлішер Науаи (1440-1492) «Тәзкәреие мәжәлес-ан-нәфайес» (Ұлықтардың шежіресі) атты еңбегінде Атаидың Бәлх қаласында тұрғандығы, Исмаил атаның перзенті екендігі, жұмсақ мінезді, қарапайым, жомарт жан болғандығы жайлы жазды. Ал, «Нәсайем-ол-махаббат» (Махаббат самалы) деп аталатын кітабында Исмаил ата Ахмет Йсауидің інісі Ибраһим атаның ұлы болғанын да жазды.
Жоғарыда
айтылған мағлұматтарға
Атаи – ғазал жанрының майталман ақыны. Ғазал сөзінің лексикалық мағынасы: сұлулармен көңіл қосу. Терминдік ұғымы: уәзінге құрылған ұйқасты өлең. Орташа бес, он екі немесе он сегіз бәйіттен тұрады, алғашқы бәйітін «мәтлә» деп атайды. Соңғы бәйітін «мәқтә» дейді. Мұнда ақынның есімі өлең шумақтарына қосылады.
Атаи да Хафиз, Кемал Хожанди, Омар Хаиям сынды ғазал ақындарын үлгі тұтқан. Ақынның ғазалдарының мазмұнына үңілгенде оның сыншыл ақын екенін байқаймыз.
Атаидың шығыс дәстүріне сай «Диуан» құрастырғанына қарағанда, ол ғазал жанрынан басқа рубаи, қиталар да жазған болу керек. Бірақ, оның қазіргі уақытқа жеткен 260 ғазалы бар. Ақынның ғазалдар диуаны Санкт-Петербург академиясының Шығыстану институтының қолжазба қорында (№22 сандық нөмірмен) сақталуда.
Қолжазба 1927 жылы алғаш рет мархұм А.Н.Самойловичтың түсінік беруімен ғылыми айналымға түседі. Өзбек ғалымы Фитрат Атаидың ғазалдарын А.Н.Самойлович жариялаған еңбекті пайдаланып, оны 1928 жылы «Өзбек әдебиетінен үлгілер» атты жинаққа енгізіп, Ташкент қаласында шығарды. Соның нәтижесінде ақынның ғазалдарын 1941 жылы жарық көрген «Өзбек әдебиет тарихының хрестоматиясы» атты жинаққа енгізген. 1948 жылы Һади Зариф «Науаи замандастары» атты топтамасына 88 ғазалын енгізді [44].
Біздің әдебиетіміз бұл салада өте кенжелеп қалды. Дегенмен, «Игіліктің ерте кеші жоқ» дегендей өткен тарихымыз бен әдебиет жәдігерлерін жаңғырту – кезек күттірмейтін аса қажетті рухани-мәдени мәселе екені айқын.
Алтыншы бөлім «Тарих-и Рашиди» заманындағы түркі-қазақ және парсы мәдени байланыстары» деп аталады.
Арабиядағы Аббас әулеті халифатының (750-1258) әскери күші мен түрік әскері бірлесіп, Қытайдың Таң империясының шапқыншы армиясына қарсы 751 жылы Атлах мекенінде жасаған кескілескен шайқаста Қытай әскерін күйретті. Сөйтіп, арабтар мен түріктерді ұлы жеңіске жеткізді. Сол уақыттан бастап түрік халықтары ислам дініне аса бір ыждихатты әрі сенімді көңілмен бет бұра бастады. Исламдық түркілік мәдениеттің, әдебиеттің қарахандықтар (840-1212) билік құрған кезеңде өркендеп, гүлденуі соның айғағы болмақ.
Екінші жағынан, ислам дінінің саяси рөлі Орталық Азияда арта түсті. Атлах шайқасында араб әскерінің қатарында хорасандық парсылардың барынша көп болуы келешек кезеңде түрік, араб, парсылардың саяси-мәдени кеңістігіне елеулі әсер етті. Үштіктің мәдени өрісіне парсы тілі мен әдебиетінің тікелей араласуына Саман билігінің негізін қалаған Исмайылдан (849-907) бастап Саман әулеттерінің Мауароннәһрдегі саяси билігі (892-1005) әсер етті.
Бұл аймақтарда аталмыш дәуірде көбінесе саяси билікке түрік халықтарының өзара бәсекелестік салдарынан қақтығыс жүріп жатса да, мәдени өмірі үш ұлттық мәдениетті, яғни, араб, парсы, түрік халықтарының арасында ортақ ислам мәдениетін құру процесі де жүріп жатты.
Сол дәуірде түрік халықтарының да араб, парсылардың қатарында түріктік ұлттық санасы оянған болатын. Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Йасауидың шығармалары оған дәлел. Әсіресе, Орта ғасырларда орталық Азияда саяси билік арасындағы талас-тартыстарға қарамастан үштіктің ғалымдары мен ақындарының арасындағы білім алмасулары мен рухани қарым-қатынастарының емін-еркін күйде болуының арқасында ислам өркениетінің Х-ХІІ ғасырлары үштіктің Алтын дәуірі болып тарих қойнауында өшпес рухани-ғылыми мұра қалдырды. Яғни бұл кезең үштіктің ренессанс дәуірі болған-ды. «Шығыстану ғылымында көп заман бойында ренессанс тек батыстық, сол үшін буржуазиялық құбылыс болды дейтін сарын болды. Біз үшін ХІV ғасырдағы италия ренессансынан 500 жыл бұрын туған шығыс, әсіресе Орта Азия ренессансының мәні зор» [45, 292 б.]. Мәселен, Тұран жерінде Түркістан, Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Иранда Исфаһан, Нишабур, Рей, араб өлкелерінде Бағдат, Шам және Мысырдағы жоғары оқу орындарының, медреселерінің есігі үш елдің талапты дарын иелеріне айқара ашық болған. Соның шарапатынан әлемдік математика сыныбына елеулі үлес қосқан математик - Мұхаммед Ибн Мұса Ибн Шәкір, Әбдолла Хорезми (770-850), Түркістанда дүниеге келіп, Араб елінде фәни дүниемен қоштасқан, ислам философиясының негізін қалаушы, Аристотельдің логикасын айқындаушы ретінде Ислам мен Батыстың дүниетанымына нақты үлес қосқан біртуар ғалым - Әбунәсір әл-Фараби (870-940), Түркістан топырағында туылып, парсы жұртында жерленген, күні бүгінге дейін сыры кеппеген ғалым – (медицина туралы жазған «Қанун» атты еңбегі 12 том болып 30 000 данамен орыс тілінде жарық көрді) - Әбу Әли ибн Сина (980-1037), тарих, математика, астрономия, жағрафия, топография, физика, медицина, геология, минерология, т.б. ғылым салаларында қалам тартқан энциклопедист ғалым - Әбу Райхан Әл-Бируни (973-1048/50), дәрігер, математик, астроном, философ, әдебиетші - Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Зәкәрия ибн Яһия Рази (865-925/35) сынды ойшыл ғалымдарының зерттеулері бүгінгі заманның ғылыми-техникалық және гуманитарлық ғылымының асқақтай өркендеуіне негіз болды. Сөйтіп, ислам әлемінің ортақ мақтанышына, әрі адамзат рухани мөлдір бұлағына айналды. Сондықтан, оларды ислам әлеміндегі «Алтын дәуірдің жемісі» деуімізге әбден болады.
Түрік әдебиетін отырықшы аймақтарда араб-парсы әдебиетінің аруздық өлшемдері бойынша қалыптастырған Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр (1483-1530) өз өлеңдерін, Мырза Хайдар «Жаһаннама» дастанын, сондай-ақ, Әлішер Науаи (1441-1501) «Диуанын» және Сәккаки, Лүтпи, Атаи сынды ақындар шығармаларын түрік, шағатай тілінде қалыптасқан үштіктің аруз өлшемімен жырлады. Бірақ, қазақ әдебиеті шығыс әдебиетінен мүлдем оқшауланып, оның ықпалынсыз өмір сүрді деуге болмайды. Өйткені, түрік әлемі тарихи туыстық, саяси-қоғамдық байланыстарынан ешқашан ажыраған емес. Мырза Хайдардың Ата Мәлек Жовейни, Рашидеддин Фәзлолла, Шарафеддин Әли Иәздидің еңбектерін өз шығармасына дереккөз ретінде пайдаланып, Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихын парсы тілінде жазуы – табиғи құбылыс.
Шынында да, парсы мен түрік халықтарының тарихи-саяси, мәдени дүниесі бір-бірімен тонның ішкі бауындай байланысып жатыр. Сондықтан, олардың тарихын, саяси ахуалын, мәдени құндылықтарын бір-бірінен ажыратып, жекелеп зерттеу мүмкін емес.
Түркі, парсы, араб елдерінің мәдени-әдеби байланыстарында ислам діні негіз болғанын Мырза Хайдардың өмір жолы мен шығармасынан көре аламыз.
Алтыншы бөлімнің «Кітаптағы қазақ мәдениетіне қатысты сөздер» атты бірінші тарауында Мырза Хайдар халқымыздың наным-сеніміне, салт-дәстүріне, күнделікті тіршілігіне қатысты жүзден аса қазіргі кезге дейін сол күйінде, сол мағынасында пайдаланып келе жатқан қазақ сөздерін пайдаланғандығы кең тұрғыда сөз болады.
Қазақ сөздері
тарихи-әдеби жазба
Мырза Хайдар
«Тарих-и Рашиди» кітабында
М.Хайдардың еңбегіндегі қолжазба нұсқасында «қоналқы-сауын» сөздері хан жорыққа немесе аңға шыққанда қажетіне орай аялдауына жер және азық-түлігіне сауын мал бөлінетінін байқауға болады. Өйткені, ұзақ уақытқа созылатын алыс жерлерге жорыққа шығатын кезде сауынның сүті, майы, қаймағы, ірімшігімен бірге еті, қала берді терісі де әскерлердің күнделік тіршілігінің қажетіне жарайтын. Ал, қоналқы ханның тұрақты әскерін басқаратын «Ақ орда» рөлін атқарды. Бұл пайымдауымызды Мырза Хайдардың «Зафарнамадан» келтірілген мәліметі растайды [18, 33б]. Дерегінен білгеніміз, Тоғлық Темір хан Әмір Темірдің келе жатқан хабарын оның жіберген елшісінен естіген соң: «Біздің жағдай қиын. Оған төтеп беруге күшті емеспіз. Қоналқы дайындалсын, сауын сиыр беріп салымдау керек-тін» деді. Осында Әмір Темірдің жорыққа шығар алдында «қоналғы, сауын» дайындап қойсын деген бұйрығына зер салғанда, екі сөздің мағынасы мен мақсаты айқындала түседі.
Еңбекте осында ап-айқын жазылған қоналқы мен сауын сөздері турасында Лондон нұсқасы бойынша текстологиясын жасаған Доктор Аббасқұлы Ғәффари Фәрд: «түпнұсқа мәтінде мағынасыз айқыш-ұйқыш жазылған «қобалғе» және «саусын» екі сөзі бар. Түпнұсқада да солай жазылған. Ағылшын нұсқасында ол екі сөзді мүлдем алып тастаған» [15, 211 б.] деп жазды. Әрине, Доктор Аббасқұлы Ғәффари Фәрдтің бұл уәжі оның түркі тілдерін оның ішінде қазақ тілін білмегендіктен туындап отыр.
Сауын – сөзі парсы тіліндегі қолжазбадағы оқылуы «саусын» болып көрінгенмен, кітап көшірушінің қазақ тілін анығырақ айтқанда ежелгі түркі тілін білмегендіктен емлелік қате жіберген. Әйтпесе, «с» әрпі, хамза белгісінің орнына созылыңқы жазылып, «с» әрпіне ұқсап кеткен болар. Алайда мәтіннің жалпы ұғымына қарағанда қазақтың сауын сөзі екені анық.
«Сұңқар
болды» (дүние салды) түркілердің
исламнан бұрыңғы кездегі