Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат
Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.
нази 1
«ТАРИХИ РАШИДИ» – «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде жазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. «Тарихи Рашиди» парсы тілінде жазылған шығарма. Ол екі бөліктен (дафтар) тұрады және 1541/42 жылы екінші бөлік, ал 1546 ж. бірінші бөлік жазылған. Бірінші дәптер хронологиялық жағынан алғанда Моғолстан мен Қашқариядағы Тоғылық Темір ханнан (1347/48 – 1362/63 жж. билік құрған) Рашид ханға (1533 билікке келген) дейінгі кезеңді қамтиды. 70 тараудан тұратын бірінші дәптер тарихи баяндау түрінде жазылған. Екінші дәптер мемуарлық сипатта жазылып, автордың дүниеге келген кезінен 1541/42 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл дәптер 117 тараудан тұрады, көлемі жағынан бірінші дәптерге қарағанда 4 есе көп. Кітаптың «Тарихи Рашиди» деп аталуының үш себебі болған: 1) Тоғылық Темір ханды ислам дініне енгізген Аршададдин шейхтың құрметіне; 2) Тоғылық Темір ханның өз халқын дұрыс жолмен (Рушд) бастап жүргенінің құрметіне; 3) Сол кездерде Қашқарда билік құрып отырған Абдрашид ханның құрметіне арналған. «Тарихи Рашидидің» тарихи және мемуарлық бөліктерінде Моғолстандағы Шағатай әулеті билеушілерінің тарихы жүйелі түрде баяндалады, дулат тайпасы әмірлерінің өміріне қатысты тарихи жәйттер суреттеледі. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұл еңбекте 15 ғ. ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозыбасы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. аяғына дейінші Қазақ хандығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің деректеріне моғолдар арасында Шағатайлық хандарға, дулат әмірлеріне қатысты кең таралған тарихи аңыз-әңгімелер, автордың өзі көріп, қатынасқан оқиғаларды баяндауы, сондай-ақ, тарихшылар: Йаздидің, Рашид ад-Диннің, Қаршидің, Йақуттың, Жувейнидің, Абдразақ Самаркандидың еңбектеріндегі мәліметтер негіз болған. «Тарихи Рашиди» Шығыста кең тараған және танымал болған шығарма. Көптеген ортағасырлық авторлар: Амин бен Ахмед Рази, Хайдар бен Али Рази, Махмуд бен Уәли, Шах Махмуд Уорас, Мұхаммад Қасим Фиришта және т.б. Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Үнді, Ауғанстан тарихына қатысты тарихи, географ. мәліметтерді «Тарихи Рашидиден» алған. «Тарихи Рашидидің» нұсқалары әлемнің көптеген қалаларының қолжазбалар қорында, ТМД елдері ішінде Санкт-Петербург, Ташкент, Душанбе қалаларында сақтаулы. Еуропа ғалымдары ішінде «Тарихи Рашидидің» деректерін В.Эрскин 19 ғ. ортасында пайдаланса, Денисон Росс 1895 ж. алғаш рет еңбекті ағылшын тіліне аударып, баспадан шығарады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты.
Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Атақты тарихшы, әдебиетші.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Джаханнама" атты дастаны Моғолстан мен оған шекаралас облыстар бойынша жасалған әйгілі "Тарихи Рашиди" кітабына енген. Ата-бабалары оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында, Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жерінде беделді саяси қайраткерлер болған. Олар ұлұсбектер, тархандар бола отырып, өздерінің мұрагерлік иелігі Маңғлай-Сүбенге билік жүргізген. Әмір Болатшы (Пуладчи) XV ғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекетінің күйреу кезеңінде Тұғылық Темірді осы мемлекеттің шығыс бөлігінің ханы етіп тағайындады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің тағы бір атасы - Әмір Хұдайдат ұлұсбек болған кезде Моғолстан тағында алты ханды ауыстырған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Мұхаммед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарияда билік жүргізді. Оның әкесі Мұхаммед Хұсайын XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басындағы Моғолстанның шығыс бөлігінің басшысы Сұлтан Махмұд ханның үзеңгілестерінің бірі болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы Хұбниғар ханым Жүніс хан қызы екен, ал ол өзі шешесі жағынан Сұлтан Саид пен Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир-ад-дин Мұхаммед Бабырдың немере ағасы көрінеді.
Мұхаммед Хайдардың балалық шағы Мұхаммед Шайбанидың өзбек көшпенділері қысымшылығымен Орта Азиядағы Темір әулетінің мемлекеті өмір сүруін тоқтата бастаған кезеңінде, Моғолстанның күйреуі мен Қазақ хандығының өрлеген тұсында өтті. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани арасындағы соғыс кезінде әкесі қаза болған соң, туыстары Мұхаммед Хайдар Дулатиді Қабылдағы Бабырға жөнелтті. Мұхаммед Хайдар Дулати Мауреннахрға жасаған Бабырдың жорығына қатысты. 1512 жылдан Қашғардағы Сұлтан Саид қол астында жүрген Мұхаммед Хайдар Дулати жоғары әскери және сарай ішіндегі қызметтерді атқарды. Ол 1514 жылы Жаркент пен Қашғар үшін Әбу Бәкірмен болған соғысқа, сонымен бірге Тибет пен Оңтүстік Шығыс Қазақстанға, Қырғызстанға жасалған жорықтарға қатысты. Мұхаммед Хайдар Дулати хан тағының мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанға тәлім-тәрбие берді.
Бабырдың сөздері бойынша, Мұхаммед Хайдар Дулатидің бойында энциклопедиялық білім болған. Ол барлық саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, саяси қайраткерлерді де білетін. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстан, Орта Азия мен Қазақстанның, әсіресе, дулат тайпасының феодалдық бөлігінің тарихын жетік білген. 1541-1546 жылдары Кашмирде ол "Тарихи Рашиди" атты еңбегін жазды. Бұл еңбекті Мұхаммед Хайдар Дулати ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған дулаттардың өткені туралы әңгімелерге, моғолдардың аңызына, моғол хандарының сарайларында сақталып қалған құпия құжаттарға, куәгерлердің мәліметіне және өз бақылауларына сүйене отырып, парсы тілінде жазды. Сонымен бірге, автор бұрындары өмір сүрген Жувейни, Жамал Қараши, Рашид-ад-дин, Әли Иазди, Әбдіразақ Самарқанди сынды атақты ғалымдардың тарихи туындыларын қолданды. Бұл туындыны архив мәліметтеріне сүйене отырып жазылған тарихи анықтама деуге толық негіз бар. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақтардың орта ғасырлық тарихы туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырды. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте XV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар.
1533 жылы хандық
таққа қайта отырған Абу-ар-
Мұхаммед Хайдар Дулати 1551 жылы жергілікті тұрғындардың көтерілісі кезінде қаза болды.
– Сіз Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарихи-Рашиди» кітабын тұңғыш рет парсы тілінен қазақ тіліне аудардыңыз. Шығарманы дүние жүзінде нақты мұрағат мәліметтеріне сүйенген тарихи анықтамалық ретінде дәріптейді…
– Бұл өзі төрт кітаптан тұрады. XIII ғасырда жазылған алғашқысында Шыңғысханның өмірге келуінен бастап, төрт баласының әлемді билегендігі жайлы айтылады. Шыңғысхан ұрпақтарының тарихын одан әрі XIV ғасырда Рашиддин деген тарихшы жалғастырады. Үшінші кітап Шыңғысханның ұрпақтары әлсіреп, саяси сахнаға Әмір Темір шыққан тұста дүниеге келген. «Зафарнаме», қазақша айтқанда «Жеңіс» кітабының авторы Шарафаддин Әлиязди. Бұл – XV ғасырдың туындысы.
Әмір Темір Шыңғысхан ұрпақтарының тоз-тозын шығарды, Мауреннахрды құрды. Бұларды енді біреу жазуы керек қой. Сонда тарихшы Мырза Хайдар отырып: «Е-е, әлемді билеген хан мен қаған ұрпақтарының тоз-тозы шықты-ау. Енді оларды мен жазбасам, кім жазады?» дегенді айтады. Оны не үшін ойлады? Ойландырғаны – алдыңғы жазылған үш кітап. 1533 жылы Саид хан қайтыс болғаннан кейін Мырза Хайдар Кашмирге барады. Сол жердің бай кітапханасынан мына үш кітапты оқиды. Рас, Шыңғысхан, оның балалары туралы көптеген кітаптар жазылған. Бірақ мына тоз-тозы шыққан ұрпағы туралы ешқандай кітап жоқ. Хатқа түсіріп, ұрпаққа қалдырайын деген оймен өзінің атақты «Тарихи Рашиди» еңбегін жазады.
– Неге кітаптың аты осылай қойылған?
– Атын олай деп қоюға түрлі себеп бар. Автор ислам үшін болған ғазауат соғыстарына көп қатысқан. «Рашид» – тура жолда жүрушілер, яғни тура жолда жүрушілердің тарихы. Тағы бір себебі ислам дінін қабылдауға мұрындық болған Әршададин деген бір тәжікті құрмет тұтқандықтан. Үшінші себебі, «мен жетім қалғанда 24 жыл бойы мені өз баласынан артық көріп, өнердің бәрін үйретті» деп Саид ханға риза болғандықтан, баласы Рашиддиннің есімін қойған.
– Ал сіздің аударма жасауыңызға не түрткі болды?
– Көп жылдан бері осы төрт үлкен тарихшының кітабын қазақ тіліне аударып, ғылыми айналымға салуды ойлаумен болдым. Оған іштей дайындалдым әрі білімімді жан-жақты жетілдіру қажеттігін түсіндім. 90-жылдары шеттен келген қазақты қатты құрметтеуші еді. Әбсаттар қажы Дербісәлі ғылыми атақ алу жөнінде ақыл қосқанда, мен «қазақ зиялыларымен бір қазанда қайнайын, әдебиет-мәдениетімен танысайын, сосын еңбегіммен алайын» деп бас тарттым. Мекемтас Мырзахметов: «Біздің мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, тарихымыздың шығыспен байланысы бар. Бірақ тікелей зерттей алмадық, тісіміз батпады, солардың бірі менмін. Ислам, сен жаныма кел, қолға бірге алайық», деді.
– Парсы, араб, ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан тілін білесіз. Көне парсы тілінде оқуда қиындықтар болды ма?
– «Тарихи
Рашидидің» қолжазба
Маман ретінде өзімді тағы бір сынап алмақ ниетпен әуелі Хафиздің өмірін жаздым. Оның әлемдік әдебиетте алатын орны мен ғазал жанры туралы білгісі келген адам оқысын. Шәкәрім түпнұсқадан он ғазалын аударған. Осыған ғылыми-текстологиялық жұмыс жаздым. Хафиздің парсы тіліндегі ғазалын, парсы тіліндегі транскрипциясын, одан кейін жолма-жол мәтіндік, мазмұндық аудармасын бердім. Содан кейін Шәкәрімнің аудармасын, әрбір жолды қалай аударғанын талдадым. Егер бір маман осыған мүдделі болса, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашылды.
– Еңбектеріңізге байланысты сізге қарсы шыққандар да көп болды…
– «Тарихи
Рашидиді» ағылшын тіліне
– Жалпы етектен тарту, мойындамау, әркім өзін ғана асқақ көрсетуі біліміміз бен сауаттылығымыздың кемшіндігінен бе, әлде бұл қазақтың өзіне тән ауруы ма?
– Тәуелсіздіктің мәні – тәуелсіз ойлана білуде. Бір-бірімізді сыйлауға, мойындауға күш салуымыз керек. Мәселен, жақсы бір еңбекті оқысам, ғылыми атағына емес, жазғанына қараймын. Ол орыс па, қазақ па, ұйғыр ма, бәрібір, отан-дасым жазып жатса, мен неге шетелдік ғалымға сілтеме беруім керек? Біз тарихымызды да, әдебиетімізді де тәуелсіздікке жетелеуіміз керек қой. Шығыстың бір ғұламасынан «сіз қаншалықты білімдісіз?» деп сұрағанда, «надан екенімді, түк білмейтінімді білемін, білімім соған жетеді» деп жауап қайтарыпты. Ол тұрғыдан алғанда біздің еңбегіміз тамшыдай ғана.
Ал енді логикаға келсек, ғылыми еңбекте бір жаңалық болады, екі жаңалық болады, одан көп болмайды. Мен еңбегімде рубаидың түркілік жанр екенін айттым. «Рубаи» – арабша төрт жол деген сөз. Ал «ұдайы төрттік» деп түркі ғалымдары айтқан. Ол Махмұт Қашқарида бар, Баласағұнда бар. Сол заманғы жоқтаулардың өзі төрттіктер, қазіргіше айтқанда төрт тағандар. Төрт тағанның қасиеті туралы монографиямда зерттеп, дәлелдеп жаздым. Осының өзі жеткілікті емес пе, егер қазағыңды сыйлағың келсе. Түркілік жанр қалай парсыға жетті, парсыдан қалай араб алды, соны жазып бердім.
Иранда жүргенде Абайды оқығанда көп өлеңінің мағынасын түсінбедім. Біз қалтқысыз сүйетін қазақты Абай жамандай береді, жамандай береді. Оқығымыз келмейді, жүрегіміз шыдамайды. Қазақстанға келсек, бәрі Абайдан сөйлейді. Амал жоқ, тағы оқимын. Тағы жүрегім шыдамайды. Өйткені жұрт алақанына салып тұр. «Шеттен келген бауырымыз» деп ет-жүрегі елжіреп тұр. Жамандыққа қалай қиясың? Білген адамға бұл да жүк. Ертең сый-сияпатқа лайық қызмет жасауым керек қой, сонша бауырмал қазақтың қарызын қалай қайтарамын деп толғанамын.
1995-96 жылдары коммерциялық мақсаттарда Иран мен Түркияның арасын жол қылдым. «Заман-Қазақстан» басылымын, қазақ-түрік лицейін, Ирандағы бірінші қазақ фирмасын ашуға қолымнан келгенше, дәнекерлік жасадым. Таза ғылымға бет бұра бастаған уақытта маған жігіттер тұрып: «Ислам, Қазақстанның азаматы болдың, енді ықылас азаятын болды-ау» дегенді айтты. Сол-ақ екен, расында алакөздік басталды. Сонда барып, «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген өмірі түсінбеген сөздің мағынасын жүрегім ауырып барып, жан-дүниеммен сезіндім ғой. Бірімізді қазақ деп сүймесек, дос деп сүймесек, істің бәрі бос екен. Адамдық қасиет, ұлттық құндылықтан айырылған заманда халықпен бірге Абай да өшеді. Егер адам болып өмір сүрем десең, адамша ойланамын десең, онда Абай өлмейді.
– «Тарихи Рашидидің» әлемдік деңгейдегі маңызын және оның қазіргі қазақ қоғамына берер жақсылығын түйіндеп айта кетсеңіз…
– Шыңғысхан
мен оның балалары әлемді