Тарихи аспект

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат

Описание работы

Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.

Работа содержит 1 файл

тарих.docx

— 131.73 Кб (Скачать)

 Осындай  бейнелі сөздер Сұлтан Саид хан мен Мырза Әбу Бәкірдің арасында Қашғар маңында өткен соғысты суреттеуге пайдаланылған. Мәселен сол көріністегі тұлпар аттың образына қазақтың «Қобыланды» жырындағы Тайбұрылдың шабысы көзге елестейді: 

Тұяғынан  тұлпардың айналды сол заматта,                   

      Аспан алты, жер жеті, таулар тоқсан қабатқа [10, 337 б.].

Немесе: «Қалын қосын аспанды найзаменен тірепті», «Осыларды көргенде күнің қашып, Ай батты» [10, 338 б.] деп келетін өлең жолдарындағы ұлғайту мен дамыта әсірелеудің айрықша көркем нұсқаларын оқыған жанның тамаша эстетикалық әсер алары даусыз.

Ғұмырнамалық  шығармада орын алған көркемдік  тәсілдердің бірі – шендестіру, егіздеу (параллел) әдісі болып келеді. Фигураның (айшықтау) бұл түрлері адам өмірі мен табиғатты, құбылыс пен затты, кереғар ұғымдарды салыстыру арқылы жасалады. Мәселен, егіздеудің синтксистік, психологиялық және фәлсафалық үлгілері ұшырасатыны мәлім. Мысалы, «Ертеңгісін Шығыс күні ұстарадай семсерін Көкжиек қырына суырып алған кезде, оны шұғыласының сәулесі әлемді тұрландырып жіберді, нұрлы әлем ханның көз алдында қараңғы тартты» [10,260]. Мәтінді шола отырып, оның мағынасы психологиялық егіздеуге құрылғанын, яғни Сұлтан Махмұд пен Сұлтан Халел Шаһибек ханнын түрмесіне қамалып, ал Сұлтан Саид ханның өзіне де осында «сый» әзірленіп жатқан сәтте оның көз алды тұманданып, жарық дүниені қараңғыдай сезінуі әбден заңды емес пе? Мына бір үзінді де жазушы қиялының ұшқырлығы тағы байқалды: «Мен оған қазір ажалдың шәрбет кесесін думан кесесімен ластау – адамгершілікке жат, қорлау деп қаншама айтқаныммен пайда болмады... Қызғылт шарап Шаһибек ханның үкімінен сары аурудай сарғайған жүздерді раушан гүлі  мен  көктемгі қызғалдақтай қызартып алаулатты» [10, 261 б.].

Автор кей  тұста қарама-қарсы ұғымдарды антитезалық реңде шебер шеңдестіреді: «Әйтеуір кісі өлетін анадай жоқшылық пен тоуқыметтен, жанныңды шүберекке түйген қапастан кейін мынадай дархандық – аста-төк молшылық пен тыныштыққа кенеледі деп кім ойлаған» [10, 269 б.]. Мәтінде асты сызылған сөздер антонимдік қатар түзе отырып, Мырза Хайдардың азапты күндерден кейін Саид ханның сарайына – салтанатты өмірге тосыннан тап келген кезін өте тамаша сипаттаған. Жалпы кітаптің өн бойында осы тектес антонимдік контрасқа негізделген шебер шеңдестірулер мол. Мына бір бәйттен де осыны аңғарамыз:

Достық  бағын бағып күт, бұлбұл сайрап береді,

Қастандықтың талын жұл, бұл да қайрат береді [10, 271 б.].

Осындай тәсілмен «Зұлымдықтың ащы дәмі» мен «Дүниенің тәтті дәмі», «Тозақ терезесі» мен «Жұмақ есігі», «Ақиқат пен өтірік», Қайғы мен қуаныш», «Ақ пейіл мен қара пейіл», «Жеңіс пен бақытсыздық», «Мұсылман мен кәпір», «Сағыныш пен жек көру», «ажырасу мен қауышу» т.б. әр алуан ағымдардың тіркесуі нәтижесінде антоним арқылы егізделген, шендескен күрделі әрі айшықты суреттер беріледі. Бұл қатардағы бейнелі қолданыстарға синонимдік  (мағыналас, ұғымдас сөздер) тіркестер де жатады. Мысалы: «Ақ бөкендей ағызып, құйындайды киіктей» деген бәйіттің жолында түз тағысы екі түрлі аталса да, оның бір ғана «киікті» айтып тұрғанын және осы қайталау арқылы жырдың экспрессивтік қуатын күшейтіп тұрғанын байқаймыз.

Мырза Хайдар еңбегінде табиғат пейзаждары да ұшырасады. Ол айнала қоршаған әлемді өзі сипаттап отырған оқиғаларға қатыстыра отырып, ғажайып көріністерді көз алдыңа әкеледі. Мысалы: «Жұлдыздар әміршісінің жалауы шығыс жиегінен желбірей көтеріліп, аспанның көк күмбезі түн қараңғылығын сейілте бастаған кезде олар жорыққа аттанды» [10, 341 б.]. Тұнық түн, таңғы аспанның бейбіт шапағы және соғысқа аттанған моғол жауынгерлерінің дабылы қайшыласқан өмірдің шынайы, контрасты бояуын танытқандай. 

Мырза Хайдар шығармасында бұл айтылған көркемдік  әдістерден басқа идиомалар (тұрақты тіркестер), даналық сөздер, мақал – мәтелдер, сондай –ақ Ислам дінінің имандылық негіздерінен мәлімет беретін, әрі фәлсафалық ойға құрылған көптеген астарлы сөздер, эвфемизмдер т.б. ұшырайды.

Тұрақты тіркестердің қатарында мынадай  үлгілер кездеседі: Жанын шүберекке түйіп жүрген; құралайды көзге атқан; алауыздық пайда болды; ат құйрығын кесісіп, кірпік қақпастан; ат басын тіредік; қой үстіне торғай жұмыртқылаған заман; мұрнының ұшынан артық жерді көре алмайтындар; тасқа таңба басқандай, құйрығын қысты; көңілдері су сепкендей басылды; шаш ал десе ,бас алған; қара қылды қақ жарған; төбесі көкке жетті; т.б.

А.Байтұрсынұлының: «Діндар дәуірде насихат айтушылар насихатын шариғат жолына тіреп айтқан» [25, 437 б.] деген пікірі Мырза Хайдардың Ислам дінінің тірегі Алла мен Құран сөзі, Пайғамбар хадистері мен мұсылман ғұламаларының даналық өсиеттерін мүмкіндігінше кең пайдаланғанына орайласады.

«Тарих-и  Рашиди» кітабында кезігітін эвфемизм – яғни «сыпайылап айту» үлгілері де көркемдік әдіс ретінде кеңінен орын алған. Бұл әдеби тәсілдің өзі де ілкіде сөз еткендей, ислам мәдениеті мен біте – қайнасып жатқан, шығыс халықтарының оның ішінде Орта азия түркілерінің әдет-ғұрып, тұрмыс –тіршілігімен сабақтасқан ежелгі дәстүрдің ізі екенін көреміз. Расында, «ығысын тауып, ыңғайымен қолданған жағдайда эвфемизмдердің де әп-әсем роль атқаратыныны даусыз» [27, 243 б.] деген қазақ ғалымының пікірі осыған айғақ.

Жоғарыда  келтірілген мысалдар адам баласының өмірден өткенін бейнелейтін және қазаны сыпайылап жеткізетін тәсілдердің яки тілдік-психологиялық тәсілдердің тек бір бөлігі.

Жазушының поэтикалық шеберлігін шыңдауға әсіресе, парсының классикалық әдебиеті мен оның аса көрнекті өкілдері: Хафиз Ширази, Әбдірахман Жәми, Сағди, Шейх Аттар т.б. ақындардың шығармашылығы зор үлес қосты. Мырза Хайдардың өзі осылардың арасында Әбдірахман Жәмидің және түркі шайыры Әлішер Науаидің есімін ерекше атап, олардан поэзия жөнінен көп нәрсе үйренуге болатынын айтқан еді. Мәселен, ол Абдолғафур Ларидің «Нафахат әл-унс» туралы түсіндірмесінен мына деректі мысалды келтірген:

«Мәртебелі Маулана [Жәми] өмірінің басынан соңына дейін тұспал (аллегория) бейнелер әлемінде ғұмыр кешті, әрі үнемі оның жүрек патшалығында махаббат әуенінің сазы үкімет дабылын қағып жататын-ды» [10, 225 б.]. Осы үзіндінің өзі Мырза Хайдар шығармаларындағы біз айтып өткен аллегориялық образдар мен тылсым бейнелердің жасалу тәсілдерінде Жәмидің поэтикалық еңбектерінің де ролі айрықша болғандығын айғақтайды.

Әрине, Орта ғасырдағы түркі дүниесі, қазақ, моғол басқа да бұрыңғы Алтын  Ордадан бөлінген ұлыстары мен кәрі Азия құрлығының көптеген аймағында Жошы, Темір, Шағатай ұрпақтары арасында өзара билік пен жиһангерлік соғыстары жүріп жатқан алмағайып шақта Мырза Хайдар шығармасы бірыңғай сопылық ағымның тізгінінде кетті деуімізге де болмас. Академик С.Қирабаев өзінің Мағжан Жұмабайұлы жайында қайшылықты дәуірде өмір сүрген ақын шығармашылығы оқырманын қаншалақты ауыр сезімге бөлесе, соншалақты қазақ халқының жүрегінен жылы орын алады. Ол – сол дәуірдің әдеби процесінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады» [2, 134 б.] деп жазған болатын. Дәл осы пікірді өзгертпестен Мырза Хайдар шығармашылығына байланыстыра айтсақ, еш артық еместей көрінеді.

Қазақтың  тырнақалды төл прозалық мұрасы –  «Тарих-и Рашидидің» тілі мен көркемдік  табиғатында өз ұлтымыздың әлеуметтік және мәдени өмірінен сыр шертетін әдемі де әсерлі көріністерді шығармадан көптеп кездестіреміз. Әсіресе, күн сайын нығайып келе жатқан, қазақ хандығы мен оның баһадүр билеушісі Қасым хан сахара көшпелілерінің жауынгерлік рухы, елдің этнографиясы туралы баяндаулары ерекше көркем, бояуы қанық нақышты бейнелеулермен назар аударады.

«Тарих-и  Рашиди» ғұмырнамалық шығармасының әдеби ерекшеліктерін, оның жанрлық  сипатын саралау жұмыстары енді басталады. Көптеген Орта Азия және Қазақстан  зерттеушілері Мырза Хайдар еңбектері  туралы ғылыми-зерттеу ізденістерін жүргізуде. Қазақ ғалымы, профессор  Ж.Смағұлов «Абайтану белестері» атты еңбегінде: «Абайға баратын жол  – ұзақ жол. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-есі желпінген  сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа  бір қырынан ашылып, жарқырай түспек [29, 129 б.] – деген болатын. Сол сияқты Мырза Хайдар шығармасының әдеби-жанрлық, тарихи-эстетикалық жақтарын зерттеу мұнымен тоқтамаса керек.  

Төртінші  бөлім «Тарих-и Рашиди» шығармасындағы поэзия жанрлары» деп аталады.         

   «Рубаи» тарауында аталған өлең жанрының Мырза Хайдар шығармасында атқаратын әдеби қызметі талданған.

Рубаидың  басты ерекшелігі – төрт «мысрадан» тұрады. Бірінші, екінші, төртінші мысралары  ұйқас келеді. Рубаидың үшінші мысрасы  да басқа мысралармен  ұйқасса, әрине, рубаидың әуенділігі арта түседі. Төрт мысраның ұйқасы бірдей келетін рубаилар да парсы поэзиясында жеткілікті түрде жырланған. Оны сопы ақындар Әбдолла Әнсари және Фәрид-ед-дин Шейх Аттар Нишабуридың шығармаларынан көре аламыз [4, 40 б.]. Төрт мисрасы, яғни шұбыртпалы ұйқас (аааа) рубаи «тұйық» деп аталады [30, 435 б.].

Рубаи мазмұндық  тұрғыдан, көбінесе, философиялық, сопылық  және лирикалық тақырыптарын қамтиды. Философиялық үлгілерін Омар Хәйямның рубаиларынан, сопылық сарынын  Әбусаид Әбу-л-Хайыр, Фәрид-ед-дин Шейх Аттар Нишабури, Абдолла Әнсари және Маулана Руми сынды сопы ақындардың рубаиларынан, лирикалық рубаиды Рудаки сынды шығыс шайырларынан таба аламыз [26, 288 б.]. Омар Хәйямның рубаилары философиялық түріне жатады. Бірақ та философ, ұлы хаким, математик, данышпан Хәйямның ел ішінде, әсіресе, Еуропа мен Ресейге тараған рубаиларының көбісі өмірдің мағынасыздығын дәріптейді.

Парсы ақындары рубаиды аруз ережесі бойынша  жырлайды. Бұл негізінен: «мәфуло, мәфаило, мәфаилон, фә» уәзініне сәйкес келеді. «Уәзін»  деген сөз өлең ырғағының үйлесімін реттейтін өлшемге айтылады. Парсы поэзиясының уәзіндік өлшемі дыбыстың созыңқы және қысқа болуына байланысты. Мәселен, рубаидың жоғарыда айтылған уәзіні былай жіктеледі:

Созыңқы (-), қысқа (ү) дыбыстарды мына шартты белгілермен  көрсеттік.

Мәфуло: - , - , ү.

Мәфаило: ү - - ү

Мәфаилон: ү - - -

Фә:  -

Пішін (форма) жағынан рубаиға ұқсас екі  бәйіттік өлең түрі бар. Бұл парсы  әдебиетіне тән  өлеңді арабтар «әдду бәйіт» деп өздерінің  поэзиясына енгізген. Оның рубаидан айырмасы «мәфаилон, мәфаилон, фәулон» уәзінімен жырлануында:

Мәфаилон: ү - - -

Мәфаилон: ү - - -

Фәулон: ү - -

Парсы әдебиетінде  рубаимен қатар төрт жолдан тұратын  бір шумақ өлең түрі бар. Оны «добәйти» (екі бәйіттік) деп атайды. Кейде оны да рубаи деп атай береді. Мәселен, Баба Тәһирдың мына «добәйтиі»:

Көктем еді жастық та, өтті де кетті,

Бедел бізде  болған-ды, өтті де кетті.

Достық  болған арада біз бен сіздің,

Ол да жаңа көктемдей, өтті де кетті [26, 289 б.].

«Добәйтидің»  авторы белгісіз. Ел арасына, әсіресе, ауылдықтар мен шопандар арасына  кеңінен тараған түрлері бар.

Жалпы алғанда  рубаи өзіндік ерекшелікке ие. Онда рубаидың бастапқы үш мысрасы  алғы сөз іспеттес те, төртіншісі, яғни соңғы «соққы мысра» айтар ойдың нәтижесі болып шығады. Мәселен, Шейх Аттардың сопылық сарынындағы рубаиы:

Шарықтап құпия әлеміне  ұшқан құс едім мен,

Төмендесе кей құсың биіктетіп беремін мен.

Жан таппадым сырласуға көп кірген есігімнен

Жанымды жеп мұң-қайғы қайта  сыртқа шығамын мен [26, 289 б.].

Төрт  мысрасы да ұйқасқан бұл рубаи сопылық дүниенің сырына қанық Аттар сынды шығыс жұлдызының поэзиясы. Мұнда Жаратушының сырлы әлемінен пыр етіп келген жан, пәни өмірінің еңісінен қаншалықты биіктегенімен, жүрген жолының құпиясын ешкіммен бөлісе алмайтынын жырлай келе, қайта шыққан тегіне жол тартқанын айтып түйіндейді.

Түйіндеп  айтқанда, парсы әдебиетінде төрт жолдық шумақ «мәфуло, мәфаило, мәфаилон, фә» өлшемімен жырланса «рубаи» аталады. Рубаи жанры Мырза Хайдардың шығармасына да өзек болған.

Мырза Хайдар еңбегінің «Әкем Мұхаммед Хұсейін  Гургеннің <Алла тозақ отынан құтқарғай> Шаһибек ханнан Хорасанға қашып  баруы және оған қатысты бірнеше  әңгіме» [10, 210 б.] атты тарауында сопылардың пәк иманын сөз етеді. Сонымен қатар Қожа Абдолла Әнсаридың гауһардай сопылық өсиетін тілге тиек етеді. Әрі өзінің ұлық сопыларды қалай сыйлай алатынын өлең жолдарымен өрнектейді.

Рубаи:

Жаным, сенің  есімің мәңгі өшпесін есімнен,

Жүрек сорлы: "Сүйгенім – жалғыз өзің" десін де.

Менің бүкіл тірлігім өзің болып көктесін,

Әрбір сөзің, лебізің құлағымнан кетпесін! [10, 213 б.] –

деп  таза сопылардың  мәңгі құрметке лайық екендігін жырлайды.

Мырза Хайдар өмір тәжірибесіндегі оқыған-тоқығандарының арқасында  адамнан, жалған дүниеден опа көре алмайтынын сезіп, Аллаға сиынады.

Рубаи:

Алғыс айта алмадым – тұрса да ол миымда,

Кешір дер ем сол үшін, ол бәрінен қиын да.

Алғыс айтпай өзіңе үнсіз қалсам, қиналам

Сол қиналу мазамды ап, ауыр тиді шынында [18, 321а]!

Мырза Хайдар еңбегіндегі рубаилардың мазмұны  да жанрына сәйкес автордың дүниетанымын әрі философиялық ойларын жыр етеді.

«Рубаи» жанрының үлгілері түркілердің арасында кеңінен тараған. Түркінің төрттағаны - пішіні шағын да сұлу, мазмұны терең де асау, әрі қарапайым сөздермен өрнектелген тартымды өлең түрі. Оны біз Махмұт Қашғаридің «Түрік сөздігі» кітабындағы «Алып Ер тоңаны» жоқтау шумағынан  анық көре аламыз.

- Алып Ер Тоңа өлді ме?

Жалған дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар [31, 70 б.]

Немесе:

Көркем тоңды өзіңе,

Тәтті асыңды өзгеге.

Қонағыңды құрметте,

Даңқың жайсын еліңе [31, 74 б.]

Тіпті, Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің бір сыпырасы түркілік төрттаған негізінде жырланғанын айтуға болады. Намық Кемал Зейбек  «Қожа Ахмет жолы және таңдамалы хикметтер» атты кітабында Йасауидың «төрттаған» және «қосарланған төрттаған» түрлерін көп пайдаланғанын көрсетеді. Мысалы:

Рахметіңнен мақрұм қылма мендей ғаріпті,

Тынбай, жылап дұға қылайын таң  сәріде.

Түн болғанда безер болып таң  атқанша,

Ілмей көзді, жылап дұға қылайын  саған [32, 245 б.].

Информация о работе Тарихи аспект