Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат
Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882-1939) өмір туралы бірқатар төрттаған [33, Б.453-454] өлеңдерін рубаи пішінінде жырлады. «Оқ» атты төрттағанда:
Жасыңда жаңа соққан пышақтайсың,
Қаржалып, қартайған соң, ұсақтайсың.
Өкпеңнен өлім оғы өткен күні –
Көз жұмып, қара жерді құшақтайсың, –
деп өмірдің философиялық ой-түсінігін аңғартады. Расында, рубаи деп аталып кеткен бұл өлеңдер қазаққа ежелден мұра болып қалған төрттағандар десек жөн болар. Өйткені, Тұрмағамбет төрттағандарды ежелгі түркілік жәдігер ретінде жатсындырмай, әдебиетімізге қайтарып алып келген ұлы ақындарымыздың бірі екені мәлім.
«Мүфрәд (фәрд)» тарауында бұл бәйіт түрінің М.Х.Дулат тарапынан қолдану аясы арнайы мысалдар арқылы сарапталады.
Мүфрәд – «жалқы бәйіт» қазақша айтқанда «Қос таған немесе қос тармақ» қолданылуы ақындар арасында көп тарамаған. Онда екі мысра ұйқас болып келеді, бірақ бұл шарт емес. Екі мысрасы (өлең жолы) ұйқассыз жалқы бәйіттер де бар. Мүфрәд көбіне дидактикалық өлендерге тән. Сондықтан, мүфрәд ой қысқа түйінделіп айтылатын өлең деп бағамдауға болады. Мүфрәдтің бір ерекшелігі, бұл жанрда жазылған шумақтар мақал-мәтелдердің рөлін де атқарады [26, 290 б.]. Өлеңнің бұл түрін Сағдидің дидактикалық «Гүлістан» шығармасынан көбірек кездестіреміз.
Сағди насихат сөздерін қара сөзбен бастап өлеңмен сабақтастырып отырады. Бір үлгісі мынадай: «Егер түндердің барлығы Қадыр кеші болар болса, Қадыр кеші түнінің қадірі қалмас еді». Жалқы бәйіт:
Барлық тастар егер де Бадахшанның лағылындай болғанда,
Онда бірдей болады барлық тастың бағасы да [34, 274 б.].
Мырза Хайдардың еңбегінде мүфрәд көп жағдайда ақынның ой түйінін анықтауға құрал болады. Бұл пікірімізді кіріспе бөлімдегі Алланы, пайғамбарлар мен халифаларды, сахабаларды мадақтауға арналған әңгімесінің жалқы бәйіттерінен айқын көруге болады:
Жалынды нұрмен әлемнің киелі ұшқыны
Сән-салтанат көктен жетіп басталады [15, 2 б.].
Көріп отырғанымыздай, өлең жолдарында Алланың кемелдігі және адамзат пен табиғаттың яғни жаратылыстың жаратушысының нұрлы бір ұшқыны екені суреттеледі.
Мырза Хайдар жалқы бәйітпен тек пайғамбар мен халифалардың өмірін сипаттап қана қоймайды. Өз өмірінен көргендерін, ой түюлерін де мүфрәдке арқау етеді.
Бір айта кетер мәселе, кейінгі жылдары мүфрәд жанры қазақ әдебиетіне аударма арқылы ене бастағандығы. Белгілі ақын Сейфолла Оспан Әбдірахман Жәмидың 37 жалқы бәйітін аударды [35, Б.621-622].
Көріп отырғанымыздай, Мырза Хайдар қаламынан туған жалқы бәйіттер тақырыбы жағынан сан алуан. Десек те, бәйіттерді шартты түрде сопылық, тарихи және көңіл-күй тақырыптарына бөліп талдаған жөн деп санаймыз.
«Мадақ» тарауында Мырза Хайдар шығармаларындағы аталған жанрдың көрініс табуы талданады.
Мадақ әдеби тақырып ретінде ежелгі Мысыр елінде перғауындар заманынан бар. Алғашында тәңірлер мен перғауынға арналып шешендік сөздер мен әдеби шығармаларда көрініс тапқан. Бұл жайтты біздің заманымыздан бұрынғы 1350 жылы перғауын сарайының дәрігері болған Sinuheyнің (Синуһе) естеліктер кітабынан оқи аламыз [12, 989 б.].
Адам
баласының психологиялық
Мақтау сарындағы өлең араб әдебиетінде «Мәдһ» деп аталады. Бұл жанр Орта ғасырларда Орталық Азияда ислам дінінің кеңінен қанат жаюы арқасында түркі әдебиетінде де орын алған. Жалпы, шамамен, 47 түрлі мадақ сарыны болғанымен [22, 221 б.] оның мазмұнына қатысты төрт түрі бар екенін Шейх Ахмет ибн Құдайдад Тарази өз еңбегінде жазған.
«Тәуһид» - Аллаға мадақ, «Н'әт» - пайғамбарға мадақ, «мәнақеб» сахабаларды мақтау, «Мәдһ» - патшалар, хандар, әмірлерді мақтау түрлерінің жырлануы ислам-шығыс әдебиетіндегі барлық жыр-дастандарда дағды-дәстүрге айналған.
Мырза Хайдар мадақтың діни түрлерін өзінің «Жаһаннаме» дастанында өлең жолдарымен берген. Онда:
Әуелі мадақ болғай жаратушыға жаһанның,
Жасырын болмас істері одан ешкімнің.
Бәрі бірдей болады бір Алланың алдында,
Тұрағы ашық далада, қара түнек болса да.
Қаншама көп тұрғындары болса да әлемнің,
Көріне берер сонда да құдіреті Алланың
Қанатын қағар құдіретімен Алланың,
Жүгіріп жүрер құдіретімен Алланың.
Хикметі әрнәрсенің жаратқан Алладан болады,
Келсе де қандай хикмет бір Алланың құдіретімен келеді [36, 61 б.].
- деп Алланың
шексіз құдіретіне илануды
Қазақ
әдебиетінде имандылықты
«Мінәжат» тарауында бұл жанрдың М.Х.Дулат шығармасында қай деңгейде қолданылғаны туралы сөз болады.
Мырза Хайдар Исламға деген сенімін барынша бекіту үшін және жұртқа үлгілеу мақсатында Шығыс әдебиетінде, анығырақ айтқанда, араб, парсы, түркі әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі поэтикалық тәсілдерді оңтайлы пайдаланды. Соның бірі – Алла Тағалаға деген мінәжат.
Ирандық ғалым доктор Сирус Шәмисаның: «Мінәжат» жайында: «Мінәжатты әдебиеттің бір жанрынан гөрі әдеби тақырып ретінде қарауға болады. Десек те, мінәжаттың табиғаты әдебиеттің лирикалық түріне жатады. өйткені, Алламен сырласудың ұйтқысы сезім мен түйсік болып табылады. Мінәжат – парсы әдебиетінде көбінесе қарасөз түрінде қолданылады. Оның ең танымал үлгілері Қожа Абдолла Әнсаридің мінәжаты деуге болады. Мінәжаттың поэзиялық түрі де бар. Бірақ, поэзиялық мінәжат поэмалардың бастапқы жолдарында Алламен сырласу түрінде көрініс табады» [26, Б.238-239], - деп жазған болатын. Егер біз қара сөзді, бәйітті, қитаны әдеби жанр ретінде қарастыратын болсақ, ирандық ғалым мінәжатты әдеби тақырып тұрғысынан қарастыруды зерттеу нысанының бір ұшы деп біледі.
МІНӘЖАТ – арабтың «мүнажат» деген сөзінен шыққан. Парсы әдебиетінде бес мағынасы бар: 1. Біреумен сырласу, сыбырласу; 2. Алламен сырласу; 3. Біреудің ішкі ойын ұғыну; 4.Сырласу; 5. Алладан тілеу [38,4368].
Еуропалық әдебиетте мінәжаттың баламасы «һуmm» деп аталады. «Һуmm» негізінде діни рәсімдерде оқылатын көп тәңірлікті мадақтайтын өлеңдер.
Парсы әдебиетінде тұңғыш мінәжатты Абдолла Әнсари (1006-1089) алып келді. Оның мінәжаттары сопылық идеяларды баяндайтын. Зәрдөштің рухани дұғаларына жақын болған бұл шығарма исламға дейінгі әдеби шығармаларда дәстүрлі жанр екені анықталды. Кейінірек, бұл форма әдебиетте кең қолданылды. Низами Гәнжәвидің «Хәмсесінде» мінәжаттың классикалық, мазмұн және формасындағы ең кемелденген түрін көре аламыз. Мінәжат түркі жазба әдебиетіне Қожа Ахмет Йасауимен келді. Мысалы:
Мінәжат еттім, міскін Қожа Ахмет,
Иа, Алла, бар пендеңе қыл рақмет.
Құдайым несіп етсе маған жаннат,
Оқығандарға қылғаймын шапағат.
Тілекті, не тілесең, тәңірім бергей,
Махаббат қызығын көкірекке салғай.
Жүзін беріп пәруәрдігәрым,
Өзін жолға салсын Бір және Барым.
Үнемі дұғада болса әр мұсылман,
Өлер кезде беріледі нұр иман [39, 427 б.].
Қожа Ахмет Йасауи мінәжатты адам баласының Аллаға шынайы иманын, жан тазалығын, ахлақ пәктігін, кішіпейіл болуын, тәкаппарлықтан қарапайымдылыққа ұмтылуын, дүние құмарлықтан арылып, қызғану пәлекетінен арылуға әрекеттенуін, шариғатты негізге алып өзін-өзі тәрбиелеп, түркілеріне өнеге бола білу керектігін сезінгені үшін жырлағанын өмір жолы мен шығармасындағы ой-тұжырымдарынан ұға аламыз. Яғни, Алла - жаратушы, мен - пенде оның жаратылыстағы бір ұшқыны екенімді есте сақтайын. Қысқа өмірімде сонша көп адами міндеттерімнен өзіме қатысты халқыма атқаратын жұмыстарымды ұмыт қалдырмайын деп мінәжат еткен. Ол пенделік нәпсінің етегінде кетіп, өз «менінен» аса алмай, «наданстанның қараңғылығында өмір қалай өтті?» деп ах ұрып қалғысы келмегендіктен «мінәжат» арқылы «иллаһи нәпсі» мен «дүнияуи нәпсінің» ара-жігін жадында сақтауды мақсат етті.
Мырза Хайдар
мінәжатының нақышы мүлдем бөлек. Себебі,
Мырза Хайдар - сопы емес. Ол шариғаттан
ауыспаған сопыларды қатты
Қожа Ахмет Йасауидың хикметтері діни-ағартушылық мақсатында жазылған. Мінәжат түркі әдебиетінің де құрамдас бөлшегіне айналды.
Көптеген тағылымдық, танымдық, философиялық, діни өлеңдерімен бірге айтыстары, арнау-толғаулары және басқа да көптеген дастандары бар. Сыр сүлейі Ерімбет Көлдейбекұлы (1850-1911) шығармашылығынан да мінәжат үлгісіндегі өлеңді кездестіре аламыз.
Мінәжат Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) «Ләйлі-Мәжнүн» ғашықнамасында да көрініс тапқан.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Діни дәуір мұңды-зарлы сөздеріне мінәжат деп ат қойған. Әуелде «мінәжат» деп ғұламалардың Құдайға айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінәжат деп аталатын болған» [40, 150 б.] деген пікірінің орны ерекше. Зерттеуші нағыз діни мінәжаттан мысал келтіреді. Ол: «Кәпір патшасы Жүсіпбектің сөзіне ашуланып, дарға асуға бұйырғанда, Жүсіпбектің медет тілеп айтқан мінәжаты мынау дейді:
Он сегіз мың ғаламның,
Падишасы, Құдайым!
Құдая, саған жылаймын.
Кешіргейсің күнәйім!
Кәпірлер аспақ таладар,
Дар үстінде еттім зар,
Дін шырағы Мұхамбет,
Сенен басқа кімім бар? [40, 151 б.].
Бірақ,
Ахмет Байтұрсынұлы сөз басын
Құдайға қаратып айтып, ар
А.Байтұрсынов «мінәжәтті» илаһи деңгейінде биік армандарға арналғанын көргісі келді. Алайда, «мінәжат» орта ғасырлық жазба әдебиетінен қазақтың ауыз әдебиетіне сарындас түрде «тілек», «бата» жанры болып жалғасқанын ескерсек, А.Байтұрсынұлы мінәжатты қазақ ұлтының ұлы мақсаттарына орай өз өлеңіне арқау еткенін академик С.Қирабаевтың Ахмет шығармалары жайында жасаған тұжырымынан көре аламыз. Ол: «күрес жолында кездескен қиындықтар, жазықсыз қамау, түрме жағдайындағы қапас геройды өмір мен оның мәні, күрестің мазмұны мен мақсаты жөнінде ойландырмай қоймайды. Бір мезгіл ол жазықсыз жанды ұстатқан қара ниетті адамдарды есіне түсіреді. Бірақ олардың ісін кек тұтпайды, надандықтан көреді. «Тілек-батам» өлеңінде:
Я құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян – мен нақақ.
Аққа деген жолымның,
Абыройын ашпай – жап!
– деп өз тілегін білдіреді [2, 114 б.]. Демек, А.Байтұрсынұлы Аллаға тілеген тілегіміз, жалбарына сұрайтынымыз адами өрісінде болғанын қалайды. Қазақтың Аллаға жалбарынып, пенделік жалыныштан аулақ болғанын қалайды.
Бірақ, уақыт өте, қазақ тұрмысының түрлі саяси-қоғамдық ахуалына байланысты мінәжат қазақтың той-мерекелерінде бата-тілектің бір түріне айналғанын «Наурыз тілегі» жырында көре аламыз.
М.Әбді «Аллаға жалбарыну мотивін» діни сарындар қатарына жатқызады. Онда: «бұл халық ауыз әдебиетіндегі ең кең тараған мотивтің бірі» [41, 131 б.] деп, мінәжаттың қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарының бірі екенін қуаттайды.
Бүгінгі қазақ поэзиясында «мінәжат» шарықтап алға шығып тұрмаса да,
«Тәубемен кешсін тірлігім, қасірет түбін қайыр ет! Мың жылға татыр бір күні, мінәжатыңа лайық ет» [42] деп адамзат бойындағы пенделік нәпсімен илаһи нәпсінің арпалысын суреттейді Айнұр ақын.
Бесінші бөлім «Мырза Хайдар еңбегінде есімі аталған ортағасырлық поэзия өкілдері» деп аталады.
Мырза Хайдар Дулат шығармасында моғолдардың саяси өмірімен қатар, мәдени–рухани өмірге де ерекше көңіл бөлінген. Оның еңбегінде орталық Азия халықтарына ислам дінін, мәдениетін, әдебиетін насихаттаған және түрік халықтарының діни бірлігіне қомақты үлес қосқан: Қожа Ахмет Йасауи, Нәжмеддин Кобра, Нәқшбәнд, Нәсір Хұсрау, Парса, Атаи, Сәккаки, Лүтпі, Қожа Әhрар, Жәми, Науаи сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайында тың деректер кездеседі. «Тарих-и Рашидидің» поэзия жанрына қатысы туралы сөз болғанда бұл ақындарды айтпай кету мүмкін емес.
Ғазал жырлаған ақындар. Түрік халықтарының Орта ғасырда ғұмыр кешкен көптеген ғұлама-ғалымдары, ақындар мен шешендер ортақ рухани тұлғамыз бола тұра бірнеше ұлт-ұлысқа бөлінген түріктердің жеке меншігіне айналды. Соның бірі қасида жанрының майталманы – Сәккаки.
Сәккаки – ақынның лақап есімі, оның шын аты мәлім емес. «Саккак» (пышақ жасаушы) сөзінен шыққан. Демек, шайыр қол шебері отбасында туған деген ой туады. Сәккаки ХІV ғасырдың екінші жартысында немесе ХІV ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келгенін 810 хижри (1407-08) жылы Әмір Темірдің немересі Хәлил Сұлтанға арнаған қасидасында:
Тарихқа сегіз жүз дағы он жеткен Қадір түні,
Бір ай туылды дүниеде мемлекетке хан болар.
Жырлаған бәйіттің дерегінен білуге болады. Өйткені, шайыр бұл қасиданы шамамен 30 жасында жазған.
Сәккакидің ХV ғасыр орта шендерінде дүние салғанын Науаидың Самарқанда болған (1456-1469) жылдарда Сәккакимен кездеспегенінен-ақ білуге болады. Өйткені, Сәккаки сол жылдары тірі болғанда Науаи онымен кездесіп, сұхбаттас болар еді [33, 92 б.].