Тарихи аспект

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:25, реферат

Описание работы

Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.

Работа содержит 1 файл

тарих.docx

— 131.73 Кб (Скачать)

Шығармада Тараз, Ақсу, Иасы, Баласағұн, Сайрам, Байкөл, Алмалық, Іле, Отырар, Алматы сынды қазақ  жерінің қала атаулары мен Афрасиаб сынды түркі халқының тарихи тұлғаларының есімдері кездеседі.         

  «Тарих-и Рашидидегі» түркі тіліндегі өлеңдер» атты тарауда еңбектегі түркі ақындарының шығармалары сөз болады.

Мырза Хайдар шығармасында оқиғалардың алуандығына  орай түрлі парсы, араб және түркі  бәйіттерін келтіріп отырған. Кітапта ұшырайтын түркі өлендерін негізінен, үш тұрғыда  қарастыруға көңіл бөлдік. Біріншіден – түркі бәйіттерінің пайдаланылу себептерін іздеу, екіншіден – өлеңдердегі сөздік қорының этимологиясын айқындау, үшіншіден – қазақ тіліне аудару.

Мырза Хайдар «Сұлтан Саид ханның мақтан етерлік  қасиеті және ерекше ханның өнер мен шығармашылық дарыны жайында: «білімдарлығына келгенде мен оған тең келер кісі көрмедім. Тіпті, егер де оның қолына сауатсыз, сөздері түсініксіз хат түсетін болса, мейлі өлең, қара сөз болсын бәрі бір кідіріссіз оқи алатыны соншалық оны (көрген) біреу, бәлкім, мәтінін жаттан білетін шығар деп күмәнданатын да болар. Ол нәстәлиқ жазу үлгісімен көрнекі жазатын. Парсыша, түрікше өте сауатты, дұрыс, мінсіз жазатын. Мен сондай жиындардың бірінде хан суырып-салып айтқан өлеңдерін есімде сақтап қалған едім. Солардың ішінен бірнеше бәйітті осы жерде келтіре кетейін» [15, 173 б.] дейді де мына бәйітті келтіреді:

- Қәйси гошәннинг юзунг дик  бир гол рәһнаси бар

Қәйси голниниг бир минг дик бол бол шейдаси бар

 

- Һур  бир ле жәннәт алмани кунглум  нейласун

Ярнинг  куиде юз минг жәннәт алмауы бар

 

- Юзи  узре какол у золфин пәришан куркали

Ай саид ашофте кунглумнинг әжәб соудасы бар [15, 175 б.]

Бұл шумақ үш бәйіттен тұрады.

Өлеңнің қазақша  тәржімасы былай:

Бақшада өскен гүлдердің қайсысы саған тең келер

Мыңға жуық ғашықтық  гүлден шырайлы саған сый келер.

 

Неге  керек жаннат жайы, көңілде хұр жүргенде

Жаннат  жайы, жар ауылы нұр ойнаған жүзімде.

 

Ғажап кекіл  шашыңның төгілгенін көргенде

Арманым бар, әй Саид, абыржыған көңілде.

Бәйітші  Саид ханның жоғарыдағы түркі өлеңдері думан-тойдың көңіл ашар бәйіттері екенін ұғыну қиын емес.

Екінші  дәптердің «Әкем Мұхаммед Хұсейін  Гургеннің «Алла оны жарылғасын»  Шаһибек ханнан Хорасанға қашып  баруы және оған қатысты бірнеше  әңгіме» атты тарауында Шаһибек  хан Хорасанды жаулап алғанда, белгілі  ақындар қатарында болған Сұлтан Ахмет Мырза әмірзадаларының  бірі Әмір Моғолдың түркіше өлеңі берілген:

Алма  аләмени ке аләмда бәси ғамлар бар

Ал кунгл  мемлекетин. Кур ке ни аләмлар бар [15, 303 б.]

Бұл бәйітте  қазақ оқырманына  түсініксіз бірде-бір сөз жоқ. Өйткені, арабтан аләм (әлем, ғалам) мемлекет сөздері және парсының ғәм (қам, құса, мұң) сөзі қазақтың төл сөзіне айналып кеткен. Тек парсының «бәси» (қазақшасы көп, мол, толы) сөзі қазақ тіліне енген жоқ. Бәйіттің қазақша тәржімасы:

Жаулап алып қайтесіз мұңға толы әлемді

Көңіл жұртын жаулап алғын, көресің кең әлемді.

Ақын  Әмір Моғол аталған бір бәйіттің арқасында Шаһибектен алпыс мың шахрухи сыйлық алды. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі түрікше өлеңдердің қатары жоғарыда аталған тарауда толығады. Әлішер Науаимен бірге Банаи есімді замандас ақын болған. Екеуінің арасында ылғи қатты қалжың болып тұратын. Әрине, кез келген шығарманы бастау қиын шаруа, ал ақындар үшін бір басталып кетсе, оны жалғастыру оңай болар еді. Әлішер Науаи өмір сүрген кезде «мәтлә бәйіт» (бастауыш бәйіт) сатып алу дәстүрі болған. Сол себепті Әлішер Науаи түрікше жырланған бір «мәтлә» бәйітті Маулана Саһибиден,  екінші рет тағы бір түрікше бастауыш бәйітті Маулана Лүтпіден сатып алғандығы айтылады.

Маулана Саһибиден:

Кукраким  дүр Собһининг Піраһәнидин чакрак,

Кирпиким  шәбнам тугулкан сәбзедин нәмнакрак [15, 312 б.].

 

Көкірегім ашық менің таң сәрінің арайындай

Кірпіктегі  тұнық мөлдір, таңғы шықтың шапағындай.

 

Маулана Лүтпіден:

Башимиздин  сайейе сәрву қәдинг кәм булмасун,

Зат-е  пакинг булмаса аләмда адам булмасин [15, 313 б.].

Аудармасы:

Көлеңкесі сұңғақ бойдың сақталса екен басымызда,

Бұл әлемде пәк жарсыз болмаса екен бір адам да

Бұл екі  бәйіттің сөз құрамында парсы тілінің ықпалы айқын көрініс тапқан. Әлішер Науаимен Банаи арасындағы қалжыңдарға аталмыш екі түрікше бастауыш бәйіттер арқау болған.

Мырза Хайдар еңбегінің «Негізгі әңгімеге қайта  оралу» тарауындағы Саид ханның ішімдікке  салынып жүрген кезін мына түрікше бәйітпен сипаттаған:

Алчекуге  жам әжәл кунглум да ол сақи дүрәр

Тулғунже  пейманым ол сақи биле бақи дүрәр [15, 530 б.].

Аудармасы:

Құй, даяшы, кесеме ішейін ажал жеткенше,

Көңілім толып, кесеммен даяшы мәңгі кеткенше.

«Хан  сонша шарапқа берілген  болса да, ішкіштігінен толықтай арылып кетер  деп кім  ойлаған» деп автор таң қалады.

Гүлге ұқсап  тұрғайсың, таң сәріде ашылған,

Гүл де емессің, сен күнсің, нұрын шашып тасыған.

Шабыттанып  келгенде  гүлдер ашсын қақпасын,

Сәлем айтып, тез жеткін, пәледен құдай сақтасын [15, 530 б.].

Мырза Хайдар Саид хан өлгенше оның қызметінде болды. Бірақ, хан қайтыс болғаннан  кейін оның ұлы Рашид хан әмірліктегі  дулат әулеттеріне қысым жасап, оларды қудалай бастаған-ды. Автор  Саид ханмен  болған сол бір тамаша кезеңді еске алып,  Рашид ханның жауыздық істеріне түңіліп жүретін. Оңашада  парсыша яки түркіше бәйіттер жырлап мұң шағатын. Тағдырдың қыңыр мінезіне шағым айтып, түрікше рубаи да жырлады.

Қорытып айтқанда, «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі  түркі тіліндегі бәйіттердің  басым бөлігін Саид хан жырлаған. Мырза Хайдар кітабында Саид ханның ақындық дарыны жайында: «Өлең шығарғанда оның күш-қуаты мен дарынына тең келер адам өте сирек кездесетін. Ол ешқашан өлеңді ойланып отырып жазбайтын, ылғи шабыттанып отырып айтатын. Бас қосуларда алдындағы өлең жинақтарды ашып, қандай мақам, қандай ырғақ демей, соған сәйкес өлеңді суырып салып айта беретін. Әрі оны бір-екі рет оқитын, естіген жан жадына сақтап қалатын, олай болмаған жағдайда жазып алуға келіспейтін»[18, 77б] деп жазды. Міне, Мырза Хайдар өзі айтқандай, Саид ханның түркі өлеңдерінің «суырып-салма» өлең түріне жатады. Оны парсы әдебиетіне «Фи Бәдайе» деп атайды. Мұның өзі тілдік және дүниетанымдық тұрғыдан саяси-мәдени кеңістігімізді Орта ғасырлар аясында зерттеуге айтарлықтай нақты да сенімді дереккөз бола алады.        

  «Шығармадағы ежелгі Тараз қаласы туралы өлеңдер» атты тарауда Мырза Хайдардың аталған түркі шаһары туралы деректері талданады.

Мырза Хайдар Дулат Орталық Азия және шығыс  Түркістанның көптеген қалалары Шыңғыс ханның шабуылдарынан кейінгі кезеңде  жойылып кеткенін немесе әйгілі қалалардың қалдықтары қалғанын жазды.

Диссертацияның  осы тарауында Тараз туралы өлеңдер  жазып, шаһардың атын ардақтап, жалпақ әлемге жайған – Рудаки, Фирдауси, Туси, Систани, Горгани, Шервани т.б. шайырлардың  шығармаларына талдау жүргізілді.

Қорытындыда  «Тарих-и Рашиди» – көркемдігі жөнінен Орта ғасырда жазылған кез-келген парсы, түркі қаламгерлерінің ең әйгілі деген туындысымен таласа алатындай асқақ та ажарлы, күрделі де кесек шығарма. Оның өн бойынан айшықты ауыстырулар мен айқындуларды, керемет теңеулер мен кестелі портреттерді, ғажайып суреттер мен табиғат пейзаждарды, қанатты тіл орамдары мен ислами даналық мәйектерін, сондай- ақ келісті кейіптеулер мен өзге де көріктеуіш әдіс-тәсілдердің қайталанбас үлгілерін көптеп кездестіруге болады.

Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» ғұмырнамалақ тарихи баяны - өз дәуірінің озық туындысы ғана емес, ғасырларды көктей өтіп бүгінге  жеткен, қазіргі қазақ оқырманы мен  болашақ ұрпақтарға берер тарихи тағылымы мол, эстетикалық деңгейі  биік, маңызы зор ұлттық қазыналарымыздың бірі. Ол – тарихи шығарма ғана емес, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған баға жетпес рухани байлығымыз. «Тарих-и Рашиди» кітабы – адамзат  тарихы мен дүниежүзілік әдебиеттің інжу-маржандары қатарына қосылатын  іргелі шығарма ретінде әлі де талай-талай ғылыми зерттеулерге өзек болары  анық.

Диссертацияның  ғылыми нәтижелері тұжырымдалып берілді. Заман өзгерген сайын көзқарас өзгереді. Әйтсе де, әдебиет адамзат баласы үшін басты рухани құндылықтардың бірі болып қалары сөзсіз. Тарих пен  әдебиет егіздің сыңарындай жақын  пәндер. Сондықтан Тәуелсіздік кезеңіндегі  Қазақстан мәдениеті үшін өткен  замандардан мұра болып қалған ұлы  оқымыстыларымыздың шығармаларын зерттеп, олардың шынайы мазмұны мен маңызын  келер ұрпақтың санасына жеткізу  – кезек күттірмейтін шара. Бұл орайдан әдебиеттану ғылымының атқарар жүгі ауыр десек, «Тарих-и Рашиди» мен оның авторы М.Х.Дулат туралы бұл зерттеу еңбегі осы бағыттағы соны қадамдардың бірі деп ойлаймыз.

 

 

 

Мұхаммед  Хайдар Дулати

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес  елдердің тарихы жөнінде аса құнды  деректер беретін «Тарихи Рашиди»  кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат  тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының  ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мұхаммед  Хайдардың ата-бабалары кезінде  Моғолстан мемлекетінің құрамына енген  қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан  жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін  тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері  – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті  билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс  ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт  осы Бабырдың қолында тұрады. Содан  кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында  тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына  қатысады. Жан-жақты білімді, сарай  қызметін жетік білетін адам ретінде  ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид  сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған  Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы  – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы  Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп  тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

       Күншығыс әдебиетінің іргелі  салаларын ақтарып отырсаңыз,  Мұхаммед-Хайдардың  кім болғаны,  оның адамшылық тұлғасы көз  алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде  сол кездегі Мір Әлішер Науаи,  Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен  шыққан атақты данышпан, ғалым  жазушылардың бірі екенін көресіз.  Бұл кісінің сәулетті даңқын  дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде  жазылған “Тарихи Рашиди” деген  кітабы болды. Бұл кітап бүгінде  барлық мәдениетті елдердің тіліне  аударылып, мәңгі өшпейтін дүние  жүзілік әдебиет мұрасының бірі  болып отыр.

           Мұхаммед-Хайдар туысы жағынан  ұлы жүз дулаттардан тарайды.  Академик В.В. Вельяминов-Зерновтың  анықтауынша: Мұхаммед-Хайдар дулат  руынан, текті атадан. Дулаттар тарихи  заманнан келе жатқан түрік  нәсілдес көп тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ қауымына  қосылып, Алтын Емел тауынан  Шымкентке дейін қоныстанып отыр  дейді. Шоқан Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед-Хайдар – дулат руы  Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы  ол кезде атақты рулардан болып,  Қашқар хандары әйелді осы  рудан алатын болған. Мұхаммед-Хайдардың  өз әкесі – Мұхаммед Хұсайын  Жетісу, Шу өзені, Талас бойын  мекен еткен дулаттар ортасында  туып-өсіп, оның ел билеген атақты  адамдарынан саналған.

Қазақтың  Қасым ханы мен өзбектің Шайбани  ханы Алтын Ордадан қалған мұра –  Сырдария бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде, Хайдардың әкесі  – Хұсайын, оның ағасы – Мұхаммед Қайсар, дулат биі – Сұлтан Ахмет  – барлығы дулат руының тума бектері  аталған қолбасылар. Олар бір жағынан  Ферғанадағы Бабырға күш берсе, екінші жағынан Қасым ханды қолдап, өзбек Шайбани ханға қарсы  тұрады. Хайдардың әкесі Хұсайын  көрген ол кезде өзінің қайын атаса  Моғұлстан ханы Жүніс ханның мезгіл-мезгіл Ташкент пен Ұратөбе қаласын  басқарады. Осы кезде келешектегі  жазушы Мұхаммед Хадар келеді.  Тегінде  ұлы жүз үйсін, дулаттардың не шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға  қатынасуы тарихта аз болмаған. XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі бұл қалада аса зор болған, ең соңғысы Төле бидің өзі көп өмірін осы қалада өткізіп, бірталай естелік қалдырған, өзі өлгеннен кейін денесі де сол  қалада жерленген.

Жетісудың ол кездегі саяси аты Моғұлстан  болса, оны мекендеген тайпаларды ресми  тілде Моғұл деп атады. Бірақ  бұл Моғұл деп отырған көшпелі  тайпалар-моңғол да,  ұйғыр да, өзбек  те емес, түрік тілінде сөйлейтін  сол жердің тарихи заманнан бері келе жатқан тұрғын халқы болатын. Екінші түрде айтқанда моғұл деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін мен дулаттар, қаңлы  мен шанышқылы, жалайырлар. Бұларды  біріктіріп, саяси тіршілік ретінде  не моғұл, не дуғлат деп атағандығы байқалады.

Информация о работе Тарихи аспект