Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)

Алайда, 1917 жылы большевиктер партиясының VІ съезі Уақытша үкіметті құлатып, оның орнына пролетариат диктатурасын орнату үшін қарулы көтеріліс дайындау жөнінде шешім шығарған еді.(6) Осы шешімнен кейін большевиктер партиясының Орталық комитеті жұмысшыларға, кедей шаруаларға үндеу жолдап, оларды қарулы көтеріліске әзірленуге шақырды.

Осының нәтижесінде өңірде қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты жергілікті құрылған Кеңестерді жаппай большевиктендіру процесі жүріп жатқан болатын. Осы уақыттарда Семей, Өскемен Кеңестерінің құрамындағы большевиктерінің саны да өскен еді.

Сонымен қатар бірнеше жыл эммиграцияда болған В.И.Ленин сәуір айында Петроградтқа келісімен:« Ақпан төңкерісі Ресей пролетариатының негізгі мәселелерін шешіп бере алған жоқ. Ресейдің жұмысшы табы солдаттармен күш біріктіре отырып, буржуазиялық-демократиялық төңкерісті пролетарлық социалистік төңкеріске айналдыру тиіс»,- деп мәлімдеп елді тағы бір мәрте қарулы көтеріліс жасауға шақырды.(7) В.И.Лениннің бұл ұсынысы 1917 жылдың көктем айларынан бері қалыптаса бастаған қоғамдағы азаматтық келісімнің негізін шайқалтқан еді. Сонымен қатар буржуазияшыл-демократя арасында ергесі жаңадан қалыптасып келе жатқан өзара түсінушілікке қарама-қайшы келді.

Осы жылдың қыркүйек айынан баста өлкедегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Өңірдегі заводтар мен фабрикаларда жұмысшы бақылауы орнатылып, ереуілдер жиіледі. Риддер кен орынындағы жұмысшылар өздерінің экономикалық және саяси құқықтарының қорғалуын талап етіп, наразылық білдіріп жатты.(8)

Күз айларында Семей қаласына большевик-үгітшілердің келуімен өндіріс орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстары жандана түсті. С.А.Яковлев, К.А.Щугаев, И.Ф.Сидоренко сынды большевиктер халықты төңкеріске шақырып, барлық биліктің Кеңстердің қолына көшуін қамтамаыз ету үшін түрлі насихат шараларын жасап бақты. (9)

Нәтижесінде жұмысшылар, кедей шаруалар өкіметті Кеңстердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды талап етті. 1917 жылдың қазанның 4 күні Семей облыстық шаруалар съезі өтіп, бұл жиылыста биліктің Кеңестерге берілуі жөнінде шешім шығарылған болатын.(10) 

Алайда бұндай шешімге Семей облыстық Қырғыз (Қазақ) комитеті наразылық білдіріп:«…бұндай шешім өлкедегі барлық саяси топтардың ортақ мүддесін білдіріп отырмағандықтан олар бұлайша өңірдегі барша халықтың атынан сөйлей алмайды, осындай әрекетпен Кеңестер облыстың саяси хал-ахуалын қиындата түспек»,-деп аймақтағы большевиктердің жергілікті билікке қауіп төндіріп отырғандықтарына алаңдаушылық білдіреді. (11)

Қазан төңкерісінен кейін туындаған Ресейдің орталығындағы саяси жағдай Ертіс өңіріндегі әртүрлі ағымдағы саяси-қоғамдық ұйымдарды да алаңдатты. Осыған байланысты қазанның 28 күні Семейде жергілікті революциялық-демократиялық ұйымдардың жиылысы өткен болатын. Бұл жиынға 200-дей адам қатынасып, олар бльшевиктердің билікті тартып алуын заңсыз әрекет деп тауып, бұндай әрекет ел үшін қауіпті екендігін айтып, халықтың еркінен тыс болған әрекет деп айыптады.(12)

Біз осыдан Петроградтағы большевиктердің қарулы көтерілісі осы өңірдегі әртүрлі саяси ұстанымда болған ұйымдардың да қолдауын таппағанын көруімізге болады. Және де халықтың көпшілігін құрайтын, шексіз далада шашылып жатқан және қатал отаршылдық езіп-жаншудан басылып қалған қазақ шаруалары, 1917 жылғы оқиғалардан шет қалды. Олардың көңіл-күйінде саяси құлдырау мен енжарлық басым болды, көпшілігі үшін қаладағы большевиктердің үндеген қазан революциясының мақсаттары мен міндетттері түсініксіз болды.

Сонымен қатар А.Байтұрсыновтың:«Қазақтарға Ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші революцияны қуанышпен қарсы алса, екінші революцияны соншама үреймен қарсы алуға тура келді.»,-деуі де осының айғағы еді.(13)

Осылайша Қазан төңкерісінен кейін орын алған большевик дауылы қазақ қоғамына сырттан таңылып, бейбіт халықтың азамат соғысына еріксіз тартылуына мәжбүр еткен тарихи құбылыс болды. Бұл кезеңде алашшыл зиялылардың тарапынан ұлттық мүдде үшін большевизм режиміне қарсы азаматтық қарсы тұру қозғалысы кең етек ала бастаған болатын.

Алаш басшылары аймақтардағы қалыптасқан жағдайларды сарапқа сала отырып, ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, аяси тұрақсыздық белең алған тұста тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ жұртын апаттан құтқарады, бостандық жолына алып шыға алады деп түсінді.

Алайда жер-жерлерде орнай бастаған кеңес билігі Алаш автономиясының кең қанат жаюына, әрі Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесінің жергілікті жердегі бөлімдерінің құрылу процесіне тежеу болды. Сонымен қатар өлкедегі жұмысшы-шаруа Кеңестерінің өкімет билігін тартып алуы осы жердегі саяси топтардың үлкен қарсылығын туғызған еді.

Анығырақ айтар болсақ, 1918 жылдың қаңтар айында Семейде жергілікті Кеңестердің І-нші отырысы өткен болатын. Бұл жиылыста жергілікті билікті Кеңестер өз қолына алу керектігі және уақытша облыстық комиссариат құру жөнінде шешім шығарады. Осы жиында М.Шабановқа облыстағы және қаладағы басқару орындарына қатаң бақылау жасауды бұйырса, ал И.Морозовқа жергіліктті земстваға тиесілі баспахананы басып алу жөнінде нақты тапсырма беріледі. (14)

Бұндай шешімдерге қарсылық білдірген Семей облыстық Уақытша кеңестің төрағасы Самарин:«Осы жердегі Сов.деп өкілдері облыстық билікті күшпен тартып алуға көшті. Олар құрамымызда Қырғыз (Қазақ) және Шаруалар комитетінің өкілдері бар деп жалған аппарат беруде. Ал Қырғыз (Қазақ) және Шаруалар комитетінің өкілдері өңірдегі билікті күшпен тартып алу әрекетіне еш қатыспағандықтарын ресми түрде мәлімдеді. Большевиктер баспахананы басып алып, “Дело” газетінің жұмысын тоқтатқандықтан, жалпыға бірдей мәлімет берілмей отыр. Большевиктердің өлкедегі билікті заңсыз тартып алуына байланысты бұған тұрғындардың қарсылық білдіруін ұсынамыз.»,- деп мәлімет жасайды.(15)

1917 жылғы күз айындағы Құрылтай жиылысына сайлау өткен мезгілде барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркеліп, осы ұйымның атынан делегат болып сайланды. Сонымен қатар қазақ қауымы саяси күштер арасында Алаш партиясына көп дауыс берген еді. Мысалы, Семей уезінде Алаш партиясына сайлаушылардың 85,6 пайызы дауыс берді.(16)

Осыдан біз қазақ зиялыларының көбіне дерлігі Алаш туы астына бірігіп, жергілікті халықтың үлкен қолдауына ие болғанын көреміз. Сонымен қатар өлкедегі қарапайым тұрғындарға, әсіресе қазақтарға, большевиктер партиясының таптық жіктелу принциптеріне негізделген бағдарламасынан гөрі, ұлттық бірлік саясатын таңдап алған Алаш париясының ұстанымдары жалпыға бірдей түсінікті, әрі көкейге қонымды болғандығы ақиқат еді.

Сонымен, өңірдегі билікті өз қолдарына алу үшін қарулы көтерілісті, күштеу, мәжбүрлеуді өздерінің басты тактикасы етіп ұстанған большевиктер баршадан бірдей қолдау таппағаны белгілі. Және де Алаш зиялыларының Кеңес өкіметін мойындамау себебін А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: « Россияның орталық аудандарында, большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерлерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізіледі. …Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді … большевиктер-коммунистердің тобы жүргізіп отыр.» (17)

Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин 1917 жылғы 6 қарашадағы жолдауында: «Советы- отныне орган государственный власти… Установите строжайший революционный порядок, беспощадно подавляйте попытки анархии со стороны пьяниц, хулиганов, контрреволюционных юнкеров, корниловцев и тому подобное»,- деп төңкеріске қарсыларға әміршіл-әкімшіл жаза қолданудың төте жолын большевиктер көсемінің өзі нұсқаған болатын.(18)

Осылайша  1918 жылы ақпанның 16-нан 17-іне қараған түні Семейдегі өкімет жергілікті Кеңестредің қолына көшті. Ал 18 қаңтарда Өскеменде, 19 қаңтарда Павлодарда солдаттар мен жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, осы жерлерде Кеңес өкіметін орнатқан болатын. (19)

Осы кездерде азамат соғысының жалынына еріксіз тартылған Қазақстанның барлық өлкесінде саяси күштер арасында билік үшін күрес жүріп жатқан болатын. 1918 жылы 18 қаңтарда қызылдар Орынбор қаласын басып алғандықтан, қазақ жерлерін біртұтас қазақ автономиясына біріктіре алмаған Алашорда үкіметі мүшелернің біразы Семей қаласының маңындағы Алаш қаласы атанған елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялайды.

Кеңес өкіметі қаншама қарулы көтеріліске сүйенгенімен Семей облысы сияқты қазақтар көп қоныстанған аймақта Алашорданың шығыс бөлімінің орталығы өкілдерімен саяси мәмілеге келуге мәжбүр болды. Азамат соғысы барысында бірінншіден, орын алған демографиялық фактор, екншіден экономикалық ахуал, үшіншіден Кеңес өкіметі Алашорданың қарсы саяси күштер жағына өтуге жол бермеуге тырысты. Ал өлкедегі қазақ зиялылары жергілікті жердегі большевиктік өкімет органдарымен ымыраға келе отырып, ұлт мүддесінің жолында әкімшілік қызметтерінде белсенді іс-әрекеттер жүргізді. Мәселен, осындай келісімге келудің нәтижесінде жергілікті Алаш ұйымының мүшесі Халел Ғаббасов Семей облыстық советі атқару комитетінің мүшелігіне өтсе, Алашорданың белсенді мүшелері Ахметжан Қозыбағаров, Биахмет Сәрсенов, Имам Әлімбеков уездік советке мүше болып сайланған еді.(20)

Ал осы кездерде өңірдегі большевиктер де саяси тұрғыдағы  жиылыстарды жиі-жиі өткізіп, халықты ақтармен күреске шақырған үндеу, жолдаулар таратып жатқан болатын. Сонымен қатар 1918 жылғы Халық Комиссарлар Кеңесінің декретіне сәйкес Семей облыстық атқару комитетіне жедел түрде осы аймақта Қызыл армияны жасақтау тапсырылады.(21)

Ал 15 наурызда Семей облыстық жұмысшы және солдат депутатттар Кеңесі мен облытық Қазақ комитетінің өкілдері бар съезд өткен болатын. Бұл жиында азамат соғысының өршіп, Сібірге үлкен қауіп төніп тұрғандығы айтылып, осыған орай партизан жасақтарын ұйымдастыру мәселсі қаралған еді. Және отырыста Сібірге Семей облысынан азық-түлік, ет, астық жөнелтілу мәселесі де қаралғанды. (22)

Сәуір айынан бастап Ертіс өңірінде де жергілікті жерде Кеңестер жүйесін құру ісі жандана бастаған еді. Мысалы, Павлодар уезіне қарасты Ертіс ауданындағы жұмысшы-шаруа Кеңесі бұндағы билікті өз қолдарына алғандықтарын жариялап, Орталық комитеттің шешімдерін орындау үшін олар шығарған барлық қаулыны жіберуді сұрап, облыстағы өкілдікке жеделхат жібереді.(23)

Жер-жерлерде осылайша құрылып жатқанымен Кеңес өкіметін нығайту барысындағы жұмыстар қиындықтарға толы болды. Өлкеде Кеңестердің билікке келуі құлатылған топтардың өршеленген қарсылығын туғызды. Осыған орай большевиктер осы өңірдің бірнеше аудандарындағы бас көтерген контрреволюциялық бүліктерді басуға тырысып баққан еді. Мәскеуден арнайы құпия түрде Семейге жіберілген жеделхатта:« Всеми средствами врагам затруднять движение вперед. Устраивть засады, действовать огнестрельным и холодным оружием. Обеспечивать себе тыл и для этого поголовно истреблять шпионов, провокаторов, белогвардейцев, контрреволюционных предателей, которые оказывает прямое и косвенные содействие врагу»-, деп ақтармен қалай күресу керектігі айтылып, осы мәселелер бойынша арнайы нұсқаулар берілді.(24)

Кеңес өкіметінің онауы өлкеде жаңа мемлекеттік аппарат құру, жаңа өндірістік қатынастар жасау, ескі экономиканы қайта құру негізінде жаңа шаруашылық құрылыс саласындағы шараларды қолға алу мүмкіндіктерін қойды. Осы кезеңдерде Семей жұмысшы- шаруа және солдат депутаттар кеңесі қалалық думаны, басқарманы таратып оның орнына қалалық шаруашылық Кеңесін құрды.

В.И.Ленин фабрикаларға жұмысшылардың бақылауын орнатуды, банктерді национализациялауды, халық шаруашылығын жөнге келтіру үшін жоғары экономикалық кеңес құру керектігін айтқан еді.(25)

Алайда Семей облысында 1918 жылдың маусым айының бас кезінде Кеңес өкіметінің құлатылуы елеулі саяси оқиға қатарында бағаланды. 1918 жылғы маусым айында Алаш автономиясының Уақытша ұлттық кеңесі “Алашорда” үкіметінің өз қызметін ресми түрде бастауы осы жылдың қаңтар-мамыр айлары арасында большевиктер тарапынан тоқтатылған қызметінің заңды түрде жалғасы болып табылды. Және де Алашорданың облыстық комитеті Алаш қаласында өз жұмысын 1919 жылдың соңына дейін жүргізгені белгілі.

Осы уақыттарда Кеңес өкіметі Қазақстанның славян халқы басым қалалары мен ірі елді мекендерінде орнады, ал сол кезде ауылдар мен селолардың негізгі бөлігі саяси жағынан бейтарап болып қала берген болатын. Бұл кеңес өкіметінің революциялық террор арқылы орныққанын көрсетеді. Бұдан әрі өлке екі қарама-қарсы күштер арасындағы шиеленіскен күрестің сахнасына айналды. Сөйтіп жергілікті халық қызыл мен ақтардың қанды қақтығысының екі ортасында қалды. Ауыл тонау мен зорлықтың нысаны болды: қызылдар болсын, ақтар болсын олардың малдарын тартып алып, азық-түліктерін алып кетті.

Сонымен, азамат соғысы жылдары Ертіс өңірінде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал күрделі де, қиындыққа толы жағдайлармен өрбіген болатын.. Қарсыласу барысында билікке келген большевиктер өлкедегі саяси жағдайды тұрақтандыру үшін алғашқы іс-шараларын жүзеге асыра бастады.

3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде

Қазақстанда Кеңес өкіметі құрылған алғашқы жылдары азамат соғысы, құрғақшылық ауыл шаруашылығын мейлінше күйзелтіп, халық тұрмысын қансыратқаны тарихтан мәлім. Осындай аумалы-төкпелі заман панасыз жетім балалар санын күрт көбейтіп, әлеуметтік жағдайды ушықтырып жіберді.

Алаштың қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың “Туркестан под властью Советов” деген кітабында Түркістан автономиясының алғашқы күндері-ақ ашаршылықпен басталғанын, Түркістанда Кеңес үкіметі түркістандық кедейлердің, олардың әйелдері мен балаларының сүйегінің үстіне орнаған деп ашына жазуында бұлтартпас шындық жатыр [1].

Орта Азияда құрылған тұңғыш кеңестік республика – Түркістан автономиясы алғашқы күннен бастап соғыс жағдайына көшуге мәжбүр болды. Бір жағынан шетел интервенциясы, екінші жағынан аштық қысты. Себебі, 1918-1919 жылдары қатарынан болған қуаңшылықтан егін шықпай қалды. Мал қырылды. Республикада 1,5 млн. адам ашаршылық құрбаны болды [2]. Жергілікті, әсіресе көшпенді қазақ халқы адам айтқысыз ашаршылыққа ұшырады. Жер бетінен жойылып кету қаупі төнді. Ажал құрығына ең алдымен бейшара балалар ілікті. Халықтың аштыққа ұшырауының экономикалық, шаруашылық, соғыс, ауа райына қатысты себептерін қаншалықты жан-жақты қарастырсақ та, ең негізгі себеп кеңестік-империялық саясатта, большевиктік билікте жатқандығы баршаға аян.

Қазақстанда қалыптасқан жағдай туралы Мәскеудегі орталық органдар білмеді емес, жақсы білді. Оған дәлел ретінде Мұстафа Шоқайдың “Туркестан под властью Советов” деген еңбегінен үзінді келтіруге болады. Онда қазақтардың Ленинге хат жазғанын, онда азық-түлік органдары тек қазақтардан өнімді жинап алуды ғана біледі, еш нәрсені кері қайтармайды деген жолдар бар. Хатта тағы да мынадай деректер келтіріледі: тірі қойдың 1 пұтына 80 сом беріп, 1 қорап сіріңкені дүкенде 150 сомнан сатады. Ал лауға алынған мал, кейде құрал-жабдықтар, киімдер ақысына түкке тұрмайтын қолхатсымақтар ғана берілетіні жөнінде де мәліметтер жеткілікті [1,33 б.].

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары