Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа
ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.
1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы
Тұңғыш ресми “Ұшқын” газеті бір жылдай шығып тұрған соң, оның аты “Еңбек туы”, “Еңбекші қазақ”, “Социалистік Қазақстан” болып өзгеріп, қазіргі “Егемен Қазақстанға” дейін ұласқаны оқырманадар қауымына жақсы мәлім.
Төңкеріс комитетінің қаулысын толық көлеиінде қалтқысыз жүзеге асыру ниетімен Орынборда газетпен қоса, қазақ тілінде кітаптар басып шығару ісін қызу қолға алған А.Байтұрсынұлына жұмыс барысында түйіні қиын көп мәселелерді тікелей өзінің шешуіне тура келді. Басқасын айтпағанда, Орынбор баспаханаларындағы бір кезде өзі тірнектеп жинаған қазақша қарыптер зым-зия жоғалып кеткені қатты қинады. Қысқасы, жаңа баспаның полиграфиялық базасын қалаудың, тақырыптық жоспар жасаудың, барлық істің түйінін түпкілікті шешудің бүкіл ауыртпалығы Ахаңның мойнына түсті. Әрқашанда бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп дағдыланған Ахаң бұл жолы да тыңғылықтылық, білгірлік танытты. Ұзамай бір кезде өзі алты жыл бойы шығарған “Қазақ” газеті басылып келген баспахананың құрал- жабдықтарын I армияның штабы иемденіп кеткенін білді. А. Байтұрсынұлының табандылық көрсетіп, талап етуімен заматында бұл құрал- жабдықтар Төңкеріс комитетінің қарауына қайтарып берілді
1920 жылы тамыз айында Қазақ Автономиялы Республикасы құрылуына байланысты мемлекеттік баспаны Ашу ісі жеделдетіле түсті. Бүкілресейлік мемлекеттік баспа мандатымен Мәскеуден Орынборға баспа ұйымдастыруға көмектесу үшін Валид-хан Таначев деген өкіл де келді. Тұңғыш баспаны баспаханамен және қарып құю машиналарымен, қағазбен, т.б қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар толассыз жүзеге асырылумен болды, әрі осының бәрі А. Байтұрсынұлының қолма-қол іскерлік басшылығымен жүргізілді. Ал 1920 жылғы қарашада Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы Қазақ Автономиялы Республикасының мемлекеттік баспасы туралы Ережені де бекітті. Ережеде баспаның құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ Автономиялы Республикасының Орынбордағы тұңғыш мемлекеттік баспасы, қазіргі “Қазақстан” баспасы дүниеге осылай келген еді. Жаңа баспаның қаз тұрып, тез қалыптасып кетуі де А. Байтұрсынұлының есімімен нық байланысты. Баспа қызметін тез арада жолға қою міндетін, соның ішінде бірінші кезекте мектептерді қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті Қазақ Республикасының үкіметі баспа жанындағы редакциялық алқаға жүктеді. 1920 жылғы желтоқсаннан бастапоның құрамына А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы, С. Садуақасов, Х. Болғанбаев, Ж. Аймауытұлы кірді. Редакция алқасы Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен А. Байтұрсынұлының мысалдар жинақтарын жедел түрде бастырып шығаруды ұсынды, бұл жинақтарды он бес мың дана тиражбен Қазанда теру үшін тапсырыс та берілді.
“Белгілі әзірлік жұмысынан кейін редакция алқасы қазақ мектептері үшін кітап тапшылығын жою мақсатымен жұмыс жоспарын белгілеу үшін, - деп жазады зерттеуші В.С. Познанский. - Осы уақытқа дейін мұқият жабық болып келген құжаттармен танысу кейін оңалмас буржуазияшыл ұлтшылдар деп жарияланған адамдар. Дұшпандық идиологияны тықпалап, зиянкестік жасамағаның, қайда пайдалы іспен- туысқан халқын оқыту, ағарту ісімен шұғылданғанын мейлінше айқын көрсетеді.
Архивте А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде оқулықтар жазу және аудару мәселесі жөнінде 1921 жылғы 31 қаңтарда өткізген кеңестің Біріккен кеңестің мәжілісі екінші қаттамасының көшірмесі сақталған. Мәжіліске Илдес Омаров, Хайреддин Болғанбаев, Смағул Садуақасов, Файзолла Ғалымжанов, Бияхмет Сәрсенов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сакен Сейфуллин, Әлихан Бөкейханұлы, Сабыр Айтхожин және басқалары қатысқаны осы хаттамада атап айтылған. Біріккен кеңестің төрағасы А.Байтұрсынұлы және хатшысы Б. Сәрсенов болған. Кеңес он екі тармақтан тұратын өте маңызды шешім қабылдаған. Онда қазақ тілінде оқулықтар дайындау және шығару жөнінде шұғыл шаралар белгіленген, атап айтқанда, арифметика, геометрия, физика, қазақ тарихы, жалпы тарих, педагогика, дидактика, қазақ тілінің синтаксисі, шешендік теорисы және басқа пәндер жөнінде оқулықтардың қолжазбаларын әзірлеудің кімге тапсырылғанына дейін жазып көрсеткен. Бұл құжатта белгіленген шараларды “Маңызды мемлекеттік іс” деп есептелген.
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
Қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ бір топ зиялы азаматтар Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан болатын. Олар патша үкіметінің құлауын қуана құптан, ақпан революциясына үлкен үмітпен қарады. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтармен бірге Алашорданың батыс бөлігін құруға белсене атсалысқан Жаһанша, Халел Досмұхамедовтардың есімін құрметпен атай аламыз.
Алаш үкіметі екі жылға жуық өмір сүрсе де қазақ елінің тәуелсіздігін орнату бағытында өлшеусіз үлес қосты.
Алашорданың батыс бөлігін 1910 жылы Мәскеудің императорлық университетінің заң факультетін бітіріп, Ресейдің Томск губерниясында әртүрлі дәрежедегі сот мекемелерінде басшылық жұмыстарда жасап, ысылған жерлесіміз Жаһанша Досмұхамедов басқарды.
1917 жылғы Ресейдегі революциялық дүмпулер қазақ елінің зиялы азаматтарына үлкен ой салды. Еркіндікке жетудің, бодандық бұғаудан арылудың бірден-бір жолы осы бір дүрбелең кезенді тиімді пайдаланып, қазақ мемлекеттігін құру деп түсінді олар.
Осы кезде елге келген Жаһанша Досмұхамедов өзінің жолдастарымен бірге ауыр да құрметті жұмысты ұйымдастыруды мойнына алды.
Жаһанша басқарған Алашорда үкіметі Жайықтың қазақтар қоныстанған беті мен Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облысының Торғай бетінің көлшілік жерін қамтыды. Бұл үкіметтің мемлекеттік деңгейдегі барлық құрылымдары болған қазір мақтанышпен еске аламыз. Юнкерлік мектебі бар әскери құрылымы, өзінің төл теңгесін шығаруға дайындық жасаған банк, салық жүйелері, байланыс-телеграф құрылымдары жақсы жұмыс жасап тұрды.
Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтардың телеграф арқылы Семейдегі орталық Алашорда үкіметінің басшылары Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсыновтармен жиі-жиі байланысқа шығып, ақылдасып отырғанын тарихи деректерден біліп отырмыз. Жан-жақты білімді, алғыр Жаһанша Досмұхамедов бүкіл ресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайлануы оның беделінің қаншалықты зор болғанын көреміз.
Алашорда үкіметі шын мәнінде тәуелсіз Қазақстанның бастамашысы болды. Алашорда қайраткерлерінің автономия құру жолындағы жанқиярлық еңбектері қалай айтуға да тұрады.
Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтардың Мәскеуге барып В.И.Ленин және И.В.Сталинмен келіссөз жүргізуі ұлттық мемлекетті құрудағы өздерінің ізденістері болатын. Алайда, Кеңес Үкіметі ұлттық республикаларды бодандық құрсаудан шығарғысы келмеді. Соңынан Алашорда қайраткерлері түгелге жуық саяси куғын-сүргіннің құрбаны болып жазықсыз жазаланды.
Жаһанша Досмұхамедовтың ел тәуелсіздігі жолындағы жеке тұлға ретіндегі еңбегі әлі күнге дейін өзінің лайықты бағасын ала-алмай келеді.
2007 жылы ұлт күрескері Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 120 жыл толды. Осы айтулы датаға байланысты қор құрылып, жұмыс жасай бастады. Қордың жұмыс жоспарында арнайы деректі кино шығару, республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізу, Жаһанша өміріне байланысты кітап шығару жоспарланып отыр. Осы бір игілікті іске республиканың белгілі қайраткерлері Салық Зиманов, Кенес Нұрпейісов және басқа да азаматтар атсалысып мүдделілік танытып отрығаны қуаныш.
Бүгін біз Қазақстан тәуелсіздігінің 17 жылында Алашорданың батыс бөлігін басқарған шын мәніндегі ұлт көсемі болған, Жаһанша Досмұхамедовты еске алып, оның еңбегін қалың оқырманға танытуды жөн көріп отырмыз.“Түптеп келгенде тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі” деп ел Президенті орынды атап көрсеткендей, Ойыл Уәлаятының 90 жылдығына байланысты Күнбатыс Алашордасының тарихын кеңірек зерттеп-зерделегеніміз қазақ тарихынан осы бір шытырманды қиын мезгілдердің ақтаңдақтарын анықтауға септігін тигізетіні сөзсіз.
1905 жылы қазақтың ұлтық интеллигенциясы байлар мен діндарлардың және ірі саудагерлердің іс-әрекеттерін қызу қолдай отырып, түрліше шаралар ұйымдастыра бастады. Осы жылдың соңында Орал қаласында бес облыс делегаттарының съезі болып, онда “Қырғыз конституциялық-демократиялық партиясы” құрылды. Бұл келешек “Алаш” партиясының алғы шарты еді. Бұл съезде кадеттер партиясының платформасын түгел қолдап, соның бағдарламасын алған болатын.
Бұдан кейін қазақ интеллегенциясының жетекшілірі бүкіл рессейлік кадеттер пратиясының сьезіне қазақстандық кадеттер партия ұиымының өкілі ретінде қатысады. Ал, 1917 жылы қазақ ұлтық ингеллегенциясы “Алаш” партиясын құрып соның төнірегіне топтасады. Кейін Ұлттық “АЛАШОРДА” үкіметі жұмыс жасай бастады.
Бүгінде 90 жылдығын атап өтейін деп отырған Алаш қозғалысы сол кезеңнің өзгерістеріне сай өзінен-өзі туындаған логикалық күрес болатын.
1917 жылдың соңына қарай Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдайда уақытша үкіметтің ресми қоластындағы басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең алдымен өзінің ұлттық мәселелерді шеше алмаған тұрақсыз саяси билікке айналды, соңынан бүкіл империяның зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.
Алашорда үкіметі алғашқы күндерде-ақ ұлттық мүддені бірінші кезекке қойды. Ол жер мәселесінде переселендердің жаңа толқынға шек қою, қазақтардың егіншілікке, жалпы шаруашылыққа қолайлы жерлермен қамтамасыз ету, саяси билікті қолға алу, білім ісін жолға қоюды мұрат тұтқандығын батыл, әрі ең бір дұрыс тарихи шешімі болатын.
Алашорданың батыс бөлімі туралы айтсақ, 1918 жылдың 11 қыркүйегінде Уфа қаласында Әлихан Бокейхановтың төрағалық етуімен Алашорда үкіметінің мәжілісі болды. Онда соғыс кезінің жағдайы ескеріліп, жол қатынасының нашар дамығандығы себепті, Алаш автономиясының басты бөлігі басқаруға қиын екені қатерге алынып, Алашорданың Батыс бөлігі құрылды. Батыс Алашордадағы Бөкей ордасы, Ойыл Уәлияты, Маңғыстау уезі, Закаспий облысы, Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз уездері енді.
Төтенше жағдай туа қалғанда Алашорданың Күнбатыс бөлігі бүкіл алаш атынан барлық құқықтарды пайдалануға рұхсат етілді.
Алашорданың Күнбатыс бөлігінің жұмысы жөнінде көптеген деректер қолымызға түспей отыр. Ал, бар деректердің өзі кеңес Үкіметінің көзқарасымен Алашорданы даттау, оны жою мақсатын көздеген материалдар. Біз жақында Алматы қаласында архивтерде болып, осы бағытта зерттеушілік жұмыстар жүргізгенімізде көп деректердің жоқ болғандығына қынжылып қайттық. Ұлтық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық және Алматы қалалық департаментінде Жаһанаша Досмұхамбетов жөніндегі 1930-1932 жылдардағы құжаттармен танысуға кедергі көп болды.
Негізінен республикалық архивте Қазақстан орталық атқару комитетінің және қазақ революцялық комитеттерінің Алашордаға байланысты қаулы-қарарлары, әр түрлі шешім, нұсқаулары бар. Ал, Президенттік архивте Қазақстан өлкелік партия комитетінің түрлі қаулылары мен жергілікті жерлерге жіберілген нұсқаулары және белгілі партия, үкімет-қайраткерлерінің жеке істерін, сонымен бірге белгілі большевиктердің естеліктері жинақталған. Кеңес үкіметінің басшы қайраткерлері Сейтқали Меңдешов, Бақытжан Қаратаевтың Алашорда қозғалысына байланысты қөзқарастарын құжаттар арқылы айқындай түсеміз.
Күнбатыс Алашордасын тарату жөніндегі комиссия да бірге болғанымен, екеуінің Алашордаға деген пікірлері екіге жарылады. Мысалы, әскери революциялық комитетінің төрағасы Пестковский мүшелері Байтұрсынов, Әйтиев, Қаратаев қол қойып, 1920 жылғы 24 қаңтарда Сейтқали Меңдешовке берілген куәлікте былай деп атап көрсетілген: «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитет Жолдас С.Меңдешовтың Күнбатыс Алашордасын тарату жөніндегі комиссиясының мүшесі екенін куәлік етеді.»
С.Мендешов комиссияның басқару да мүшелерімен бірге мындай мәселелерді шеше алады:
Батыс Алашорданың бөліктерін бір жерден екінші жерге ауыстыруға, оларды таратуға және қарусыздандыруға, командалық құрамды өзгертуге, осы бөлімдерге саяси комиссарлар тағайындауға құқылы. Сонымен қатар С.Меңдешов комиссияның басқа мүшелерімен қатар Алашорданың «Әскери және азаматтық дүние-мүліктеріне, оның ішінде ақ казактардан алынған мүліктерге ие болуға құқылы.»
С.Мендешов кеңес үкіметінің белсенді қайраткерлерінің бірі болғандықтан Алашорда үкіметін жоюға белсене қатысып, оның басшыларын қазақ жерінен қоныс аударуға мәжбүр етеді: себебі ол кезде Досмұхамбетовтердің ел арасындағы беделі өте күшті болатын.
Ал Казревком мүшесі Бақытжан Қаратаев Алашорда үкіметін оның басшылары Жаһанаша, Халел Досмұхамбетовтердің оқыған, білімді азаматтар екенін, кеңес үкіметіне көп пайда келтіретінін сезініп, оларды кеңес үкіметі жағынан тартуға тырысады. Ол осы бағытта көп жұмыстар жасайды. Б.Қаратаев большевиктер қатарына 1917 жылдың 4 наурызында өтеді. Бұрын социал-демократтар жағында болған Қаратаев «Қазақстанның тағдыры Ресей құрамында автономия болғанда дұрыс болады» деп біледі. Ол осы жолда үлкен күрес жүргізеді. Б.Қаратаев өз естелігінде былай деп жазды: «Күнбатыс Алашордасының жетекшісі Ж.Досмұхамбетов пен эсер партиясының өкілі Попов 1917 жылғы наурыз айының аяғында Москваға сапар шегіп, В.И.Ленинмен келіссөз жүргізеді. Алашорда үкіметі кеңес үкіметін мойындап, соның құрамында автономия ретінде жұмыс жасайды деп сендірді.
Ж.Досмұхамбетов Ленинмен жақсы қарым-қатынаста болады. Жаншаның әйелі Олга (Янга) ұлты орыс, семьялық қарым-қатынаста араласып тұрған.
Ж.Досмұхамбетов Халық комиссарлар кеңесінен «кеңес үкіметіне көмектесу үшін» деген пайымдаумен 12 миллион сом ақша алды. Ал, олардың сұрағына 40 милион сом (рубль) болатын», – дейді Б.Қаратаев.
Жаншаның Москваға барып Ленинмен келіссөз жүргізуі оралдық большевиктер тарапынан теріс бағаланып, оған «ақ казактармен жақын қарым-қатынаста болып, өз халқына қарсы күрес жүргізді» деп айып тақты.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық және Алматы қаласы бойынша департаментінің архивіндегі Күнбатыс Алашордасының жетекшісі аяулы азамат Жанша Досмұхамбетов жөніндегі дерек тым жұтаң. Онда былай делінген:
“Жанша Досмұхамбетов 1887 жылы, Орал округі, Жымпиты ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ, тұтқындалғанға дейін Москвада тұрған. “Скотовод” орталық басқармасында аға экономист болып жұмыс жасаған. 1930 жылдың 10 қарашасында қаулысымен 1932 жылдың 10 қарашасында тұтқынға алынып, Қазақстандағы ПП ОГПУ-дің үштігінің каулысымен 1932 жылдың 20 көкегінде РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-3, 7,10,11, статьяларымен бес жылға жер аударуға үкім шығарылған”.
Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары