Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)

Ұлт мүддесін ту етіп көтерген Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздегенде пікіралуандығын жоққа шығармады. Мәселен, бірінші буржуазиялық-демократиялық революция тұсында-ақ панисламдық, батысшылдық саяси ағымдар бейбіт қатар өмір сүрді. Кезінде Б.Қаратаевтың отарлық әкімшіліктен жер үлесін алып, қала салуға талпынысын Ә.Бөкейхан бастаған топ қатал сынады. Түрлі пікірталастар «Айқап» пен «Қазақ» арасында, «Тіршілік» пен «Бірлік туы» беттерінде жүріп жатты. Бірақ бұдан ұлт зиялыларының алауыздығын, бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара алмағанын көргеннен гөрі, олардың интеллектуалдық ізденісте әрекет еткенін ұғынғанымыз жөн шығар. Алашшылар, А.Байтұрсыновтың 1912 жылы «Айқап» бетінде жарияланған сөзімен айтсақ, «Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырменен отырып, ойласып іс істелік... Жүк қасындағы «аққу, шортан, шаян» үшеуіне ұқсамалық!» ұстанымын қуаттады.

Ғасыр басындағы қазақ зиялыларын ұлы істерге  жұмылдырған, қоғамдық-саяси, шығармашылық ізденістеріне негіз қалаған ұлттық идеяның бастау-бұлағы, біріншіден, туған халқының бұлыңғыр болашағы, жан төзгісіз ауыр халы, екіншіден, қайшылыққа белшесінен батқан Ресейде либерализмнің күшеюі, үшіншіден, әлемде ұлт-азаттық қозғалысының жандануы болса, мәні мен міндеттері 1905-1907 жылдарғы бірінші орыс революциясы тұсында жүйеленді. Ішкі Ресейдегі партиялар мен ағымдар шарпысы, самодержавиенің іргесін шайқап, беделін түсірген ереуілдер мен көтерілістер ұлт зиялылары мен оқығандарына да, қалың бұқараға да ой салды, іс-әрекетке шақырды, есею мектебіне айналды. Отарлық езгіге қарсы күрестің жаңа түрлері дүниеге келді. Сол бір кезеңді Ә.Бөкейхан былайша сипаттаған екен: «Вся степь была вовлечена в сферу политики и захвачена потоком освободительного движения. Началась оживленная переписка о нуждах киргизского народа. Указ 17 апреля о веротерпимости еще более приподнял настроение. Весной 1905 года, с наступлением привольной жизни, в степи на летних стоянках начались съезды, на которых обсуждались местные нужды и нужды всей киргизской народности. Все больше степные ярмарки этого года стали ареной киргизских политических съездов, где киргизы обсуждали и подписывали, поданные потом на  Высочайшее имя, петиции. На этих же съездах были избраны делегаты, уполномоченные лично подать эти петиции. Религиозные и земельные вопросы стояли у киргиз впереди вопросов политической свободы». 1905 жылдың қазақ қоғамы үшін саяси –интеллектуалдық белес екенін С.Сейфуллин де айтқан болатын.              

Әрине, Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары басқарған ілгерідегі ұлт-азаттық қозғалыстары зая кетпегені, тарихи жадыдан өшпегені  рас. Бірақ оларда діттеген мақсатқа жеткізуі неғайбыл практикалық, аймақтық шектелу басым түсіп жататын. Енді бұрынғыдан өзгеше  іс-әрекет -ағартушылық, либералды – демократиялық ұстаным, эволюциялық дамуға басымдық беру кең қанат жайып, ол аз да болса саз, тегеурінді оқығандар мен зиялылырдың әрекеті арқасында бүкіл сайын даланы қамтыған саяси-теориялық ой-сананың сапалы жаңа биікке көтерілуімен, ұйымдасумен, дәуірінің үдесінен шыққан партияны құруға талпыныспен толықты. Бұл орайда 1905 жылғы маусым айында қабылданған Қарқаралы петициясы мен желтоқсан айында бес облыс зиялыларының басын қосқан Орал сьезінің маңызы ерекше. Өйткені биік мұраттан көз жазып қалған қоғамдық санаға ұлттық идеяны орнықтырудың ең қажетті әрі нәтижелі жолы саяси мәдениетті қалыптастыру еді. Академик К.Нұрпейісовтің пікірінше, Оралдағы басқосуда «Алаш» партиясының бастау көзінде тұрған қайраткерлер кадеттердің қазақстандық филиалын құруды мақсат еткен жоқ, олар кадеттер үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған дейін әлі де 12 жылдай өмір жолынан өту керек болды. Ал Қарқаралы петициясына келсек, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев дайындаған бұл құжатта Ресей үкіметінің алдына экономикалық, мәдени-рухани, әлеуметтік  талаптармен қоса алғашқы саяси талаптар да (земство беру, орыстандыру саясатын айыптау) қойылды. Кейінде М.Әуезов айтқандай, «ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп  шыққан, көпшіліктің  оянуына себепші болған».

Ұлттық идеяның тоқ етер түйінін табуға І және ІІ Мемлекеттік думаға қазақтан депутат сайлау септігін тигізсе, реакциялық күштердің шабуылы да тосқауыл қоя алмады. Ақыры өлкенің саяси мәдениетіндегі ілгерілеу танымдық, интеллектуалдық бәсі жоғары да қымбат шепке жеткізді. Біріншіден, қазақ халқы үшін өзекжарды ұлттық идея, екіншіден, сол тұстағы барша отарланған Шығыста кәдеге жарайтын әмбебап прогрессивті идея туды.

Қоғам – тағдыры тоқсан мың тарау адамдар қауымдастығы. Осылардың ортақ мұратын дөп басып анықтау, болмыс-бітімін сақтайтын өзіндік жолы мен болашағына дұрыс жөн сілтеу ойшылдардың әлденеше буынын толғантқан. Ұлттық идеяның да арқалап тұрған жүгі жеңіл емес. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялылары бұл міндетті шеше алды. Егер ұлттық идеяның мәні – ұлттың тағдыр анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға жұмылдырушы фактор, күн тәртібіндегі басты мәселені шешуге бағышталған мазмұнды әрі кесек ой десек, осылардың жиынтық формуласы М.Дулатов дәйектеген «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Бұл ұран емес. Халық қасіретін, замана келбетін дәлме-дәл айқындаған сәуегейлік. Шынында да екі ғасырға жуық созылған отарлау, қорлық пен зорлық халықтың дүниетанымына, мінезіне, өмірсалтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіріп, еңсесін түсірген еді, алды-артын бағамдау қасиеттерінен айыра бастағантын.

Оянған халық жақсы мен жаманды, өз көсемдері мен жандайшаптарды көрмей тұрмайды. Көрген соң көкірегінде көзі бары таңдауын жасайды. М.Дулатовтың шығармашылық тағдырынан хабарсыз Лениннің өзі Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстарына ден қойып, революциялық қайта өрлеу жылдарында Азияның оянуына үлкен үміт артқан жоқ па. М.Дулатовтың бас шығармасы исі қазаққа қанша олжа салса, патшалық әкімшіліктің сонша дегбірін қашырды. Автор қамауға алынды, кітап тәркіленді. Кеңестер елін билеген коммунистер де ол кітапты, авторды өлердей жек көрді. Осының өзі-ақ 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі билікті ұстаған Мәскеудің пиғылын көрсетіп тұр.

«Оян, қазақ!» ұлттық идеясы еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін, отарланған өлке үшін түсінікті де пәрменді формула болып шықты. Ол – табиғи–ырғақты даму мүмкіндігінен айрылған қазақ қоғамына және оның халқына зорлықпен таңылған кеселдерді айыптап қана қоймай, әркімнің және баршаның намысын жаныған, ел мен жер алдындағы жауапкершілігін тиянақтаған әрісі – Күлтегін жазуының, берісі - «Жеті жарғының» нағыз өзі.

Алаш қозғалысының серкелері «Оян, қазақ!» формуласымен түйінделген ұлттық идеяның мазмұны мен пішінін, көздеген нәтижелерін, нақты іс-қимыл бағыттары мен идеологиясын қасаң қағидаға айналдырмаған. Қайта шығармашылықпен жетілдірген, толықтырған. А.Байтұрсыновтың осы рухта жазған «Маса», «Қырық мысал» кітаптары, Ә.Бөкейхан шығармалары зор беделге ие болды.  «Айқап», «Қазақ» сынды газет – журналдар, қазақ кітаптары бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, ұлттық тұтастықты сақтауға баға жетпес үлес қосты. Алашшылар империядағы және өлкедегі, тіпті әлемдегі өзгерістерге сай ұйымдастырған іс- әрекетпен,  қайраткерлікпен халқының жүрегі мен санасын билеп алды. Оқу, білім, жер, келімсектер, ұлт, дін, әйел теңдігі, билік, әділдік мәселелері алғашқыда қазақты ояту мақсатында көтерілсе, империядағы дағдарыстың асқынуымен дербес мемлекет құру мүмкіндігімен шендестірілді. Қысқасы, қоғамдық сана мен саяси мәдениеттегі бетбұрыс ұлттық идеяны тапқызды, соңғысы өз кезегінде миллиондардың тағдырына ықпал етті. Осынысы үшін–ақ қапысыз анықталған ұлттық идеяны ұлы идея ретінде ұлықтауға негіз бар.

«Оян, қазақ!» ұлттық идеясының қорытынды басты нәтижесі - 1916 жылғы оқиғалар. Олар ұлы даланың түпкілікті оянғанының бұлтартпас дәлелі еді. Қарулы көтеріліс либералды – демократиялық ұстанымды басшылыққа алған  Алаш қозғалысының да, орыс – герман соғысының ақырын күткен қазақ халқының да таңдауы еместігін айта кеуіміз керек. Оның түп негізінде отарлық езгінің күшеюі жатқанымен бұрқ ете қалуына империялық астамшылықпен қабылданған 25–ші маусым жарлығы себеп болды. Арада 70 жыл өткенде тарих тағы қайталанды. Метрополияның 1916 жылғы менмендігі самодержавиенің құлауын тездетсе, Қазақстанда 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қозғау салған Мәскеу билеушілерінің көрсоқырлығы КСРО деген империяның  біржолата ыдырауына әкелді.

Сонымен, 1916 жылдың жаз – күз айларында қалыптасқан  жаңа ахуалға  лайық жаңа ұлттық идеяға қажеттілік  күн тәртібіне шықты. 1917 жылдың басындағы аласапыран үдерісті тездетті.

«Оян, қазақтан!» өзгеше жаңа ұлттық идеяны дәйектеу 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісімен шешімін тапты. Монархияның құлауы ішкі Ресейдегі тәрізді Атырау мен Алтайдың, Жетісу мен Омбының арасын теңіздей толқытқан еді. Осының өзі «Оян, қазақ!» идеясының пәрменділігін және бір  айғақтағаны  өз алдына, жаңа саяси күштердің күрес сахнасына шығуына түрткі болды. Кемел ұлттық идеяны табу жолындағы доданың алдыңғы шебінде Уақытша үкімет жақтастары, Кеңестерді қолдаушылар, панисламистер, пантүрікшілер, әрине, Алаш қозғалысы белсенділері жүрді. Әрқайсысы өз нұсқасын дәйектеп ұсынды. Дегенмен интеллектуалдық ізденістердің шырқау биігі бірінші жалпықазақ съезі екені сөзсіз.

Жастарды азаттық рухында, еркін мінезге тәрбиелеу, ұлт мүддесіне адалдыққа баулу бүгінгі күннің өзекті міндеті. Ендігі жастар қорқатын ештеңе жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұл-қыздары «соңы не болар екен?» деп тайсақтамай, Алаш аманатын соңына дейін жеткізуге  кірісетін күн туды.

3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы

Ақпан төңкерісінің ықпалы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне де үлкен өзгеріс әкелгені белгілі. Әсіресе, бұл өзгерісті қазақ зиялылары үлкен құлшыныспен қарсы алып, қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған ұлттық теңдігіне қол жеткізетін сәт туды деп түсінді. Бұл тарихи кезеңнің ең маңызды ерекшелігі - қазақ қоғамындағы саяси тұтастыққа, идеялық бірлікке негіз қаланды. Оның басты себебі - қазақ халқы үшін барлық азаптың, рухани қысымшылықтың, зорлық-зомбылық атаулының ұйтқысы болған патшалық биліктің құлауы және мұраты бір, сол мұратқа жеткізу жолдарына байланысты саяси идеялық пікір-таластарға орын берілсе де, ұлт зиялыларының асыл арманы- халқына азаттық алып беру болатын. Міне, сол азаттыққа деген үміт сәулесінің берілуі зиялы қауымның бірлік-берекеде болуына қоғам алдында тұрған жаңа міндеттері мәжбүр етті. Патшаның тақтан құлағанын оң өзгеріске жорыған акын Шәкәрім Құдайбердіұлы:

« Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады.

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер»,-

деп(1) келекшектен үлкен үміт күтіп, қазақ халқын бірлікке, елдікке, білімге шақырған болатын.

Патшаның құлатылуы жайлы мәлімет Ертіс өңіріне наурыз айының басында жеткен еді. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасында «…елде де, қалада да патша түскен соң топ-топ жиналыс.Гу-гу сөздер. Күн сайын жиналыс, күн сайын митингі. Екі күндк бір комитет сайлау… Жиналыс сайын… сөйлейтін шешендер, «көсемдер» шыққан… патша түскен, халыққа саяси ерик тиген соң, бұқара халық не қыларын  білмеді… Тәжірибе жоқ, жоба жоқ… Жұрттың бәрі бостандықты енді өз еркімен, өзінше түсіне бастады. Біреуге-біреу басынып, бір лайықсыз іс істесе, «бұл қалай?» десең: - Е, бұл слаубода (свобода) дейтін болатын»,-деп (2) сипаттаған осындай жағдайлар Ертіс өңірінде де өз көрінісін тапқан болатын.

1917 жылдың 5 наурызында Семей қаласында құрамында қалалық думаның және биржалық комитеттің өкілдері, офицерлер бар «Қоғамдық ұйымдар мен армияның бірлескен облыстық атқару комитеті» құрылады. Бұл комитет өзін бүкіл өңірдегі бірден-бір жоғарғы билік органы деп жариялады. Уақытша үкіметтің жергілікті органы болып табылатын атқару комитеттің құрамына облыстағы негізгі әлеуметтік топтар мен олардың мүддесін білдіретін барлық саяси күштердің өкілдері енді. Бұлардың ішінде жұмысшылар да, солдаттар да, қазақ қауымының өкілдері де бар еді. Осыншама әлеуметтік топтарды біріктірген атқару комитеті іс жүзінде жергілікті буржуазия мен төңкерісшіл демократияның біріккен органы болып табылды. Осы уақыттарда бұған қоса Семей, Павлодар, Өскемен қалаларында жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі пайда болған еді. Сонымен қатар қалалық өндіріс орындарында және әскери бөлімдерінде жиылыстар мен митингілер өтіп, бұл жерлерде Кеңеске депутаттар сайланды. Және 10 наурыз күні Семейдегі жұмысшы депутаттар Кеңесінің І-нші отырысы өтіп, онда Кеңестің атқару комитеті тағайындалды. Петроградтағы орталық Кеңестер органымен байланыс орнату көзделді. (3)

Сонымен қатар бұл кезеңдерде көбінесе қазақ оқығандарынан құрылған ұлттық қоғамдық-саяси ұйым “Қазақ” комитеттері өмірге келген еді. Сәуір айында Семейде облыстық Қырғыз (қазақ) комитеті құрылды. Қазақ комитеттері ақпан төңкерісінен кейінгі ұлт-азаттық қозғалыстың даму нәтижесінде қалыптасып, мемлекеттік еркінділікке, ұлттық мемлекет болуға ұмтылған халықтың алғашқы қадамдарының бірі еді. Қазақ жұртының күшін біріктіріп жолға салу, жаңа биліктің ел басқарудағы ісін нығайту, халықта болып жатқан өзгерістерді уағында жеткізу мәселелерін шешуді  бұл комитет өз қолына алған болатын.. 

Семей қаласында сәуірдің 27-сі мен мамыр айының 7-сі аралығында Қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Семей облыстық қазақ съезі өтті. Ұйымдастыру төрағасы Р.Марсеков болып, бұл съезге облыстың 5 уезінен 200-ге жуық қатынасты. Бұл жиылысқа Алтай өңірінен де қазақ өкілдері келді. (4)

Талқыланған мәселелердің маңыздылығы тұрғысынан бұл съезде ақпан төңкерісінен кейін өңірде қалыптасқан өзгерістерге баға беруге және әлеуметтік-мәдени мәселелердің ауқымын анықтауға деген талпыныс айқын көрінді. Сонымен қатар жиын патшалық тәртіп құлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет және басқару органдарын құру, жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съезд шақыру, мәдени, шаруашылық және дін ісі, уақытша үкіметке көзқарас, жаңа сот пен байланыс жүйелерін қалыптастыру сияқты маңызды мәселелерді күн тәртібіне енгізді. Соеымен қатар бұл съездің бір ерекшелігі онда мемлекеттік басқару мен қазақ халқының автономиясы туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылданған еді.

Бұл кезеңде Қазақ комитеттері өңірдегі Кеңестермен де байланыс жасаған болатын. Мәселен,шілде айында Семей облыстық қазақ комитеті жергілікті жұмысшы және солдат депутаттар Кеңесімен және облыстық атқару комитетімен делегаттық Кеңес құру жөнінде келісімге келеді. Бұл келісім бойынша барлық басқару құқықтары облыстық билікке берілуі тиіс еді. (5)

Осы уақыттарда Уақытша үкімет Қазақ комитетімен де, Кеңестермен де екі жақты саясат ұстанған еді. Сондықтан да қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімсіздігі күшейе түскен болатын. Өйткені олар қазақтардың жерлерін тартып алуды тоқтатуды және де қазақтардың жерді пайдалану құқығын кеңейтуді Уақытша үкіметтен талап етті. Ал іс жүзінде бұл үкімет әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды.

1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында І-нші жалпы қазақ съезі өткені белгілі. Алаш басшылары аймақтардағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық белең алған тұста тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ жұртын апаттан құтқарады, бостандық жолына алып шығады деп түсінді. Бұл съезд халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпы ұлттық мәселелерді күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолын қарастырып бақты. Әсіресе, партияның болашақ бағдарламасының жобасын жасаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құруға ұмтылуларынан, қазақ қауымынан Құрылтай жиылысына депутаттар ұсынуға талпынуларынан олардың саяси ұйым құрудағы белсенділіктерінің жоғары болғандығын байқаймыз. Сонымен қатар съезд өзінің басты назарын Қазақстанның саяси жағдайы мен өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне аударды.

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары