Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)

Торлаған тұманнан жол таппай тұрған халқын өрге сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, кәсіби даярлығы заманының  сұранысына сай, адамгершілік-имандық қасиеттері ұлы даланың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен суғарылған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақпаев, С.Лапин, Б.Қаратаев сынды дүлдүлдер бастапқыда осынау қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, іле-шала Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, тағы басқалар әрлендірді. Қ.Кемеңгерұлының 20-шы жылдар басында Ә.Бөкейханды білімімен Еуропаның  таңдамалы оқымыстыларына тең түсіп құрдас болған деуінде тарихи шындық бар. Әлекеңдер мен Ахаңдардың сарқытын ішкен М.Әуезов, көзін көрген С.Сейфуллин кейінде бірі әлем әдебиеті классиктері қатарынан орын алса, екіншісі қазақ әдебиетіндегі социалистік реализм тәсілінің негізін қалаушы ретінде тарихқа енді. Біз бұл жерде саяси және таптық ұстанымдары әр қилы азаматтарды бір қауымға бекер топтастырып отырған жоқпыз. Әңгіме олардың бәрі ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты үшін білімі мен білігін, күш-қуатын жұмсағанында, тіпті құрбандыққа барғанында.

Бұдан, әрине, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары шетінен періште болды деген ой – түйін шықпауы керек. М.Дулатов жазғандай, «ұлтшыл болуға жарамай, өз басының қамын ойлап, жылтыр түйме таққанына мәз болып,  переводчик болып пара алып, пристав болып халықтың қанын сорып, болыс болып ел бүлдіріп, тыңшы болып шағым жүргізіп жүрген соғылғандар» қай аймақтан да табылатын. Мұндайлар тарихи прогрестің өзегінде тұрған жоқ.

Алаш қозғалысына мұрындық болған оқығандар мен зиялылар саны көп емес еді. Патшалық құрылыстың соңғы 30-40 жылы ішінде 5 млн. қазақтан 100-ден астам ғана жоғары дәрежелі білім иесі шығыпты. «Алаш» партиясы қатарына кіргендер 300 мүшеге жетер-жетпес. Бірақ бұлар жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шыққандар ғой. «Бөліп ал да билей бер» саясатына сүйенген отарлаушылар сайын даланың серкелерін уысынан шығармау үшін небір құйтырқы саясат жүргізіп, араларына от тастау, арандату, жанжалға итермелеу амал-шарғыларын іске қосса да, Алаш зиялылары қарақан басының қамын күйттемей, ұлт азаттығын ұлы мақсатқа айналдырды. Сөз жоқ, түсінбестіктер болды. Бірақ қандай жағдай басқа түспесін, бірін-бірі өкпеге қиғанмен өлімге қимағаны тарихи факт. Ал олар қайраткерлік танытқан уақыт, орта мен кеңістік қай жағынан алып қарағанда да бүгінгіден әлдеқайда күрделі әрі қауіп-қатерге толы екенін ескерсек, ХХІ ғасырда, Алаш қайраткерлері армандаған  азаттық тұсында ел үміт артқан оқығандар мен үлкенді – кішілі әкімқаралар парақорлығы, жемқорлығы, қылмыстық істері үшін құрықталып жатуын отаншылдық ой- санадағы олқылық әрі  Алаш тағылымы мен аманатынан мүлде мақұрым қалғанына айғақ деп мойындауымыз керек.

Ұлт мүддесін ту етіп көтерген Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздегенде пікіралуандығын жоққа шығармады.

«Оян, қазақтан!» өзгеше жаңа ұлттық идеяны дәйектеу 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісімен шешімін тапты. Монархияның құлауы ішкі Ресейдегі тәрізді Атырау мен Алтайдың, Жетісу мен Омбының арасын теңіздей толқытқан еді. Осының өзі «Оян, қазақ!» идеясының пәрменділігін және бір  айғақтағаны  өз алдына, жаңа саяси күштердің күрес сахнасына шығуына түрткі болды. Кемел ұлттық идеяны табу жолындағы доданың алдыңғы шебінде Уақытша үкімет жақтастары, Кеңестерді қолдаушылар, панисламистер, пантүрікшілер, әрине, Алаш қозғалысы белсенділері жүрді. Әрқайсысы өз нұсқасын дәйектеп ұсынды. Дегенмен интеллектуалдық ізденістердің шырқау биігі бірінші жалпықазақ съезі екені сөзсіз.

Осылайша, ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспандатты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш зиялылары мен оқығандары қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Жинақтаған тәжірибесі, ұйымдық қалыптасуы, интеллектулдық әлеуеті бойынша қазан төңкерісіне дейінгі өлкеде бірде - бір саяси күш немесе ағым бұлармен иық тірестіре алмайды. Коммунистік билік орнағаннан төрт жылдай уақыт өте келе өткенге шолу жасаған М.Дулатовтың: «Қазақ оқығандарының ең әуелі тобы ұлтшылдар емес пе? Февраль төңкерісіне шейін Еуропаның саяси партиясына кірген қазақ болса, қане, айтсыншы? «Мен әлімсақтан бері коммунист едім... мен 1905 жылдан бері партияда едім...» деушілердің ертегісі біздің құлағымызға кіріп те шықпайды. Ат сыры иесіне мәлім. Біз білмейтін қазақтың сыры жоқ!» деген ызалы сөздерінде толық ақиқат бар. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік өремен ағымдағы, кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы міндеттерді айқындай білу - бүгінге жеткен Алаш  тағылымының ең құндылары.

Иә, кемел ұлттық идеяларды төбесіне көтерген Алаш қалың бұқараны оятты. Оянған қазақты соңына ертіп, саяси азаттыққа жетуді мақсат тұтты. Мақсат биігіне көтерілген жұлдызды сәт те туды. Бірақ Еуразиялық кеңістіктегі күштердің арасалмағы тең емес еді. Метрополияның экономикалық, әскери-соғыс әлеуеті өлкедегіден әлдеқайда жоғары тұрғаны өз алдына, Қазақстанға қоныс аударған келімсектер ұлтаралық қатынастарға жағымды сипат бере қойған жоқ. 40 млн. десятинадан астам шұрайлы жердің қазақтан тартып алынуы халықтың әл-ауқатын ауырлатып жіберді, қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін асқындырды. Ұлттық буржуазияның қауқарсыздығы да Алаш Орда үкіметінің көсіле қимылдауына жағдай туғызбады. Тіпті тұңғыш саяси партияның кешеуілдеп дүниеге келуінің бір себебі осында жатыр.

1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Қайшылықтың мейлінше асқынған тұсы - большевиктік билік орнаған жылдар. Мұның өзінде де қайшылықтарды ушықтырып, реті келсе қолдан ұйымдастырып, оған саяси рең бергендер қулығына құрық бойламайтын  мәскеулік ресми биліктегілер еді. Діттеген мақсатына жетті де.

Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті. Өлкенің экономикалық мешелдігі, шикізат көзіне айналғаны, сан жағынан басым кедейлердің социалистік популизмге көзсіз сенгені өз рөлін ойнады. Большевиктердің қолдауымен саясат сахнасына көтерілген радикалды зиялылар шоғырының ұлт мүддесі үдесінен шығуға мүмкіндік алдық деген қуаныштары да ұзаққа бармады. Үздіксіз қуғын-сүргін, кәмпеске мен күштеп ұжымдастыру, 1931-1933 жылдарғы аштық кімнің кім екеніне көздерін жеткізсе, 1937 жылғы «үлкен террор» Алаш зиялысымен қоса радикалды ұстанымдағылардың өздерін баудай түсірді. Халқына қызмет етудің коммунистік нұсқасын таңдағандар – ұлтымыздың аяулы перзенттері неліктен және қалайша қателескенін қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдарымыз егжей-тегжейлі зерделегені абзал.

Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның үшімен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейхан, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз  етуге шақырды. «Есік  алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – і түрі жағынан  ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ  мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.

Үлкенді – кішілі үздіксіз террор арқасында толық салтанат құрған сталинизм ұлт зиялысын қаусатып салғанмен Алаш мұратын – дербес мемлекет құру идеясын өлтіре алмады. Ол хрущевтік «жылымық», брежневтік тоқырау тұсында да қазақ даласын елес болып шарлады. Әйткенмен түбегейлі өзгерген қоғамдық қатынастар жаңа ұлттық идеяға сұранысты күн тәртібіне қойғанмен оның «Оян, қазақ!», «Қазақ автономиясы» тәрізді кешенді нұсқасы түзілмеді, түзуге қылышынан қан тамған КОКП диктатурасы зередей мүмкіндік туғызбады. Осындайда Ә.Бөкейханның айтқанын қапысыз ұққан тұлға шықпады. Әйтпесе сталиндік – голощекиндік зұлмат жылдары ұлттық идеяға «Сақтан, қазақ!» айналар ма еді, қайтер еді. Демографиялық апатқа ұрынбағанда тың игерумен жеткен мәдени – тілдік қысымға қарсы тұру әлдеқайда жеңілге түсер еді. Қосақ арасында босқа кете жаздадық. Ең бастысы – қоғамдық дамудың бұрын-соңды беймәлім жолына түскен ел ұлттық идеясыз тығырыққа тірелетіні анықталды.Социалистік  экономикадағы, халықтың өмір салты мен мәдени – тілдік жағдайындағы кереғарлықтар ұлттық идеясыздықтан туындаған деп есептейміз. Түптеп келгенде, бұл  жағдаят социалистік идеяның, біріншіден, утопиялық болмысын әшкерелесе, екіншіден, тоталитарлық тәртіп орнаған сәттен сол идеяның дағдарысқа түскеніне бұлтартпас айғақ болып табылады.

Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, «қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаттық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес».

 

1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы

Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана.

Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік.

Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш – қуат және сенім берген – ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін  бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті.

Осыдан  тура тоқсан жыл бұрын Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейханов бастаған қазақ саяси тобы Уақытша үкімет ұстанымын қолдап большевиктермен ымырасыз егеске түсті. Сондай – ақ бұл алып империяның саяси өміріндегі кезекті бір кикілжіңнің көрінісі емес-тін. Қазақ саяси тобы еуропалық деңгейдегі саяси партиялармен тең дәреже – деңгейде саяси ұйым құрып империя өмірін, оның құрамындағы қазақ ұлтының өмірін реформалау арқылы түбегейлі өзгертуді жақтайтын бағдарламалық негізі бар жол ұсынады. Бұл қазақ тарихында бұрын болмаған орасан зор маңызы бар жаңа құбылыс еді. 

Жалпы алғанда 1917 жылы қазақ халқының өмірін дүр сілкіндірген, оған динамика берген бірнеше ірі оқиғалар болып өтті. Олар: ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – ұлттық- демократиялық платформадағы Алаш

партиясының өмірге келуі (шілде); Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстың жария етілуі; Алаш автономиясының Ұлттық Кеңесі - Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің құрылуы еді. (5 желтоқсан).

Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 1917 жылғы 28 қараша күні Қоқан қаласында жұмысын бастаған ІҮ – ші Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы жариялап оның 12 орыннан тұрған Уақытша үкіметін бекітті. Оның тұңғыш төрағасы М. Тынышпаев, кейін оны Мұстафа Шоқай ауыстырды.

Ал осы саяси және мемлекеттік құрылымдардың өмірге келуі  негізсіз кездейсоқ оқиға ма еді? Әрине күтпеген кездейсоқ оқиға емес – тін. Менің бір аспирантым (К. Ілиясова) «Қазақ съездері» аталатын диссертациялық зерттеу жұмысын жазды. (ол жақында кітап болып жарық көрмек). Сонда айтылады: 1917 -1918 жылдары қазақ даласында өткізілген қазақ съездерінің ұзын саны 68 – ге жеткен. Осы аталған мезгілде ұлт азаттығын, оның ең өзекті деген өмірлік мәселелерін талқыға салып, белгілі бір шешімдер қабылдаған қазақ съездері дерлік барлық облыс және уез орталықтарында болып өтті.

Сол қазақ съездерінде қабылданған шешімдердің ең негізгісі, әрине, барлық елді орталықтарда Қазақ комитеттерін құру туралы шешім болатын. Ал Қазақ комиеттері болса болашақ ұлттық мемлекеттіктің негізі, бастау көздері еді.

Міне осы өткізілген Қазақ съездері мен құрылған Қазақ комитеттері Қазақ қоғамының саяси белсенділігінің жоғары  болғандығын айғақтап қана қоймайды, сонымен бірге сол белсенділікті дұрыс бағыттай алған ұлттық басқарушы топтың да саяси деңгейінің заман талабына лайық болғандығын анық байқатады.

Алаштық басқарушы топтың алдына қойған мақсат – мүддесін, осы тұрғыдан оның интеллектуалдық – саяси деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін негізгі құжат, әрине, бұл Алаш партиясының бағдарламасы.

Бағдарлама не айтады? Бағдарлама қазақ қоғамының алдында тұрған негізгі екі қоғамдық мәселені шешуді көздеді. Олар біріншіден, қазақ елін отарлық тәуелділіктен азат ету, екіншіден, тегеурінді реформалық шараларды іске асыру арқылы қазақ өмірін жаңа сапаға көтеру еді.

Әлихан Бөкейханов пен оның серіктерінің ұстанымы бойынша 1917 жылғы аласапыран  өзгерістер жағдайында қазақ қоғамы біржола мемлекеттік дербестік алып, бөлініп шығуға даяр емес – тін. Ә. Бөкейханов ол жөнінде мемлекет ісін «жүргізіп әкетерлік кісіміз тіпті жеткіліксіз, қазақтың жалпысын тарих даярлаған жоқ», сондықтан да қазақ жұрты «жері біргелік автономияны қабылдап» Ресей империясы құрамында бола тұрады, ал қай күні өзін - өзі басқаруға жараса, сол күні бөлініп дербес мемлекеттік

құруға күш салады деп жобалады. Бұл тұрғыдан алғанда біз кеңестік жүйе жағдайында мемлекетті басқару мектебінен өттік. Тарихи шындық сондай.

Алаш бағдарламасында Ресей мемлекеті «демократиялық, федеративтік республика» ретінде құрылып, ал шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына енуге тиіс еді.

Сөз орайына қарай айта кетейік, кеңестік және посткеңестік кезеңдерде жарық көрген қайсыбір еңбектерде кеңестік билік пен коммунистік партияны қазақ еліне оның жерін жинап, мемлекеттігін құрып беруші күштер ретінде көрсету етек алды.

Ия, рас, бұл тұжырыммен белгілі дәрежеде ғана келісуге болады, дегенмен оны толық күйінде қабылдау қиын. Өйткені қазақ жерінің тұтастығы мен оның мемлекеттігі жөніндегі идея сондай-ақ оны іске асыру әрекеті кеңестік заманда ғана емес, одан да ерте кезеңдерде, тіптен Ресей империясы құрамына енген уақыттан бұрын да анық көрініс тапқан болатын.

Осы тұрғыдан алғанда ұлттық мемлекеттік дербестікке байланысты Алаш идеясы Абылай хан, оның немересі Кенесары хан, қазақ қоғамындағы басқа да азаттық үшін қозғалыстар мен қызметің кезекті табиғи көрінісі және тікелей жалғасы ретінде қарастырылуы толық негізді.

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары