Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа
ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.
1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы
Қорыта айтқанда, Алаш Орда әскерінің тәжірибесі мен Қазақстанның қазіргі армиясы арасындағы сабақтастығының бір нышанына қазақ халқының отаншылдығы, бір сүйем жер үшін күресе білетін қабілеті, рухының биіктігі жатады.
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы деректер
20ғ. басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы – отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай – шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына Россия алпауыттарымен қатар шетелдік капитал дп қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс – қазақ әскерлерін орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында россиялық отарлаушылар Қазақстанның 45 млн. десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда ең құнарлы 16 проценттей бөлігіне иелік етті.Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.
Ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық – демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу – ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда, бұл істің басы – қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Қазақ интеллигенциясын қалыптастыруда Петербург, Москва, Варшава, Қазан университеттері мен басқа да жоғары оқу орындары айтарлықтай роль атқарды. Зертеушілер Ғ.Ахмедов, Г.Сұлтангалиева, М.Қойгелдиевтің мәліметтеріне сүйенсек, 19 ғасырдың 20-шы жылдарынан 1917 жылға дейінгі мерзімде Қазан университетінде 30 – ға жуық қазақ жастары, ал 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыпты (1), олардың қатарында Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев т.б. болды. Мосва мен Петербургтың басқа жоғарғы оқу орындарын Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев т.б. қазақ жастары бітірген.Қазақтың ұлттық – демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Россияның халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерелеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның клешегіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан-жақты экспансиясын тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы өкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгімен әртүрлі петициялар арқылы талап – тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік Думаның сайлануына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған Мұхтар Ауезов 1923 жылы жазған «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында былай деп баса көрсетті: «1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметіне қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселеңдерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші – қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».(3).
1905 жылы желтоқсанда Оралға кадеттердің Орталық комитеті басшыларына етене таныс Әлихан Бөкейханов, оған бас июші Ж.Сейдалин, жетісулықтар атынан Б.Сыртанов және М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов бас қосты. Қазақ интеллигенциясының аға, орта және жас буынының өкілдері бас қосқан осы мәжілісте Россиялық кадеттер партиясының үлгісімен қазақтың ұлттық саяси ұйымын құру әрекетін жасады. Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бір ауыздан мойындалды. Осы кезден бастап, ғалым – экономист, публицист, әмбебап, әрі терең білім иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың жалпы ұлттық саяси тұлғаға айналу жолы басталды. Бес облыс өкілдерінің Оралда бас қосқандары үшін, Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, Б.Сыртановтардың патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырағаны да белгілі.
2.1.Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
20-ғасырдағы қазақтың ең әйгілі мемлекет қайраткері, ғалым, зерттеуші, публицист, әдебиетші, ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-салтына, қазақ жерлерінің отарлану тағдырына еңбектерін арнаған.
Санкт-Петербургтегі Орман институтының (1890-1894ж) студенті кезінен Әлихан күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа да студенттік үйірмелерінің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысты. Екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық күрес-тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры она қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен, білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды.
Әлихан Бөкейхан қазақ елінің ішкі өмірі, мінез-құлқы, ел билеу дәстүрі, сайлау жүйесі, заман талабына орай жасалмақ өзгерістерге қатысты көптеген
еңбектер жазып, оларды ауылдағы үлкен аға, кіші ініге, оқыған, мұсылманша хат білетін ескі көздерге, орысша білім алған жас буынға арнаған. Көшпелі қазақ халқының әлеуметтік психологиясын терең талдап, әр түрлі топтардың мінез ерекшеліктерін «Қазақ» газетінде (1913, №12,14,15,17) «Сайлау» деп аталатын мақалалар шоғырына жинақтаған Әлихан Бөкейхан «Қазақ сайлауы жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз, малшыдан басқа үйде отырып шаруасын қараған адам болмас» – деп мансапқордың кескінін сатиралық, шыншылдық сипатта көрсеткен. Ескі дәстүрлерді, тұрмыс-салтты өмір қабағын жақсы білетін егде, өкшелі кісілердің орнына, азды-көпті орысша тіл сындырған, патша үкіметіне беріліп кеткен сатымсақ жандардың би, болыс, старшын сайлауын сынайды, бұдан елге келері тек зиян деп біледі. Халыққа қадірсіз, сөзін адам тыңдамайтын, қарақан басын ғана күйіттейтін бұралқылар қашан да елдің соры.
Халықтың рухани байлығының бірі – көркем әдебиетке, Ә.Бөкейхан, көп көңіл бөлген. Халқымыздың сарқылмас қазынасы – ауыз әдебиеті мұраларын жинап, оларды жіктеп, өңдеп бастырған. «Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай туғызу керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек Өз әдебиетін қалыптастыру да табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады», – деп білген Әлихан ұлттық әдебиетімізді өркендетуге жан-тәнімен еңбек етеді. [1,]
Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-санасын оятуда, халықты надандық құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ерте түсінген. Алдыңғы қатарлы зиялылар мен әдебиет өкілдерін халыққа қызмет етуге «масадай» шағып, «оятуға», білім беріп көзін ашуға шақырады. Өзінің маңына Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, т.б. ақын-жазушылар мен көрнекті зиялыларды жинайды.
Жаңа заман үшін «халық пайдасын қуған аға-іні болсаң, ескі тоныңды сілкіп-сілкіп суға сал!» - деп тастап, тіршілік жарасына шақырады. Қазақ қауымының өз ішіндегі жерге иелену, отырықшы болу, бала оқыту, мұсылмандықты сақтау, европалық дәстүрге бет бұру, мектеп ашу, газет шығару, ауызбірлікті сақтау, т.б. көкейкесті мәселелерді саралаған мақалалар жазды. Орыс тіліндегі баспасөз материалдарына сүйене отырып, халықаралық жағдайға, басқа мемлекеттер өміріне, дүниежүзілік соғысқа, Ресейдегі маңызды саяси-әлеуметтік қозғалыстарға көңіл бөліп, саралаған.
Бөкейханов 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысып, қазақ халқының жоғын жоқтап, халықтың тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. Сол жылы «халық бостандығы» (конституциялық демократиялық) партиясының мүшелілігіне,
ал 1906 жылы оның ОК-і құрамына енді. Бөкейханов конституциялық-
демократиялық партияның Қазақстанда бөлімшесін ашуға ынты білдірді. [2,]
Ә.Бөкейхановтың жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы құрылды. 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды.
Алаштың бетке шығар азаматтары қиын-қыстау кезінде сөз қуып, қысыр әңгіме сауып, ақыл-кеңес беріп, жігіттердің жағдайын, тұрмыс-халін, денсаулығын түгел көріп, газетке, үкімет атына жолдап мақала жазды. Әскерде жүрген жігіттерді темекі тарту, арақ ішу, нәпсіқұмарлық секілді дерттерден жирендіру, тамақты күтіп ішу, тазалықты сақтау, ауырып қалмау, бір-біріне көмек беру, шариғат жолынан айнымау, аман-есен елге қайтудан күдер үзбеу сияқты мәселелерді Әлихан және қостаушылары (Міржақып, Мырғазы, Тел, Мұса, Хасен) «Қазақ» газеті беттерінде (1917, №215, 216, 219, 220, 221, 222, 234) көтерген.
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан тұңғыш абайтанушы ғалым болып саналады. «Полное Географическое описания нашего отечества » атты кітаптың 18-томының «Население» атты бөлімінде зерттеуші ғалымдар А.Н.Седельников, Л.П.Осиповалармен бірлесіп жазған мақаласында Ә.Бөкейхан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен қатар, рухани мәдениетіне тоқтала келіп, Абай шығармаларын жаңа заман тынысы, лебі, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп таныды.
Ә.Бөкейхан Абай дүниеден өткен соң бұрын-соңды қазақ үрдісінде болмаған ақынға арналған қазанамасында («Абай (Ибрагимъ) Кунанбаевъ (Некрологъ)») оның өмірбаянына кең тоқталып, туған жер, өскен ортасын, ата-бабасын, оқып білім алуын жазады. Жасынан зерделі болған ақынның өміріне үлкен өзгеріс әкелген саяси жер аударылғандармен танысып, араласуын: «...Къ 20 годамъ своей жизни Абай стяжалъ славу первого оратора (чечен), первого знатока народной жизни, ея юридическихъ обычаевъ, зналъ на память многочисленныя ръшенія разнообразныхъ дълъ знаменитыми біями Киргизской степи, Благодаря своимъ стараниямъ знать и необычайной своей памяти, представлялъ ходячій сборникъ народныхъ преданій, пословицъ, сказокъ и афоризмовъ, созданных мудрецами Киргизской степи...» – дей келе Абай поэзиясына да тоқталып, қалың оқырманға таныстыра кетеді.
Бүкіл саналы өмірін халқына, халқының азаттығына арнаған Әлихан Бөкейханов барлық қажыр-қайратын, білім, дарын-талантын патша үкіметі кезіндегі қыспақ-қанау, отаршылық-зорлық кезінде қалам күшімен жазылған еңбектерінде қалың қазақтың өз ішіндегі алауыздық: жалқаулық, өтірік, ұрлық, шаруаға қырсыздық, тақылеттес кесапаттарды сынай отырып, ел тағдыры үшін ең басты нәрсе, негізгі байлық, тіршілік көзі – жерге иелену екенін терең сезініп, осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп, мақалалар жазды [3]. Ал бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде іргесі шайқалып, 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін патша үкіметі құлаған соң, енді қазақтың өз тізгінін өзі ұстайтын ел болу мүмкіндігі туғанын ұғынып, тұтас
күш болып, ұйымдасып, қимылдау мақсатында анық бағдарламасы бар ұлттық партия құру арманын орындайды. Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-қоғамдық, саяси, рухани көзқарасында революцияны көруге болады. Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқының әлеуметтік көзқарасының демократиялық тұрғыда қалыптасуына қосқан үлесі өте зор.
2.2.Ахмет Байтұрсынұлы - Алаш қайраткері, қазақтың ұлы ағартушысы
Ахмет Байтұрсынұлы ғұлама ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, ақын, аудармашы, қазақ баспасөзінің іргесін қалаған журналист, композитор, қоғам және мемлекет қайраткері болу мен қатар, ол ұлтымыздың Бас баспагері болған.
Патша өкіметінің отарлық саясатын бүкпесіз батыл да ашық түрде әшкерлегені үшін құғын-сүргінге ұшырап, жер аударылған Ахаң 1910 жыдың басынан 1917 жылдың аяғына дейін Орынбор қаласында тұрады. Міне, осы бір шақтаілгеріде айтылғандай ол өзінің “Маса” деп аталатын кітабын, оның аз-ақ алдында Санкт-Петербургте 1909 жылы “Қырық мысал” атты классикалық жинағын шығарып та үлгерген-ді, ал 1913 жылдың наурызынан бастап дана Мұхаң, Мухтар Әуезовтың сөзімен айтсақ, ұлтымызды ширықтырған, етек-жеңін жиғызған “Қазақ” газетін шығарып, содан 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болады.
Газет шығаруда бірегей бай тәжірибе жинақтаған Ахаң қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, тағы да бір игі істің бастаушысы болды.
Осы арада ұзақ жылдар бойы жұрт назарынан тасада қалып келген ардақты Ахаңның кітап баспасы ісінің қайраткері ретіндегі ерлік, көрегендік еңбегі айрықша зор екені туралы шындықтың шет-жағасын болса да сөз етудің орайы келіп тұр.
Қазақ Автономиялы Республикасы Оқу- ағарту халық комиссары, бұдан соң осы комиссариаттың жанындағы ғылыми- әдеби комиссияның төрағасы, әрі Қазақ өлкесі Төңкеріс комитетінің мүшесі, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мемлекеттік кітап баспасының алтын діңгегін көтерумен тікелей өзі айналысқан.
Ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты Қазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі 1919 жылдың жазында баспаханасымен Ордадан Қазақ Автономиялы Республикасының болашақ астанасы Орынборға көшірілді. Сөйтіп, күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын Ашу мәселесі тұрады. Алғашқы қадам ретінде өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып та үлгерді. Бұл мәжіліске Төңкеріс комитетінің мүшелері- Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаммедьяр Тұнғашин, Әлихан Бөкейханов сынды белгілі қазақ қайраткерлері қатысты. Мәжіліс Ахмет Байтұрсынұлының төрағалығымен өтті. Талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылданды. Архивте сақталып қалған бұл құжаттың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған. Онда жаңа газет шығару жөніндегі шешім былай деп тұжырымдалған:
Постановили: По обмене мнениями единогласно постановлено: немедленно выпустить официальный орган Киргизского Рев. Комитета и местного комитета секции киргиз Оренбургского губкома Р.К.П под названием “Ушкун” , т.е “Искры”. При чем для управления газетным делом избирается Ред. Коллегия из следующих 5 лиц:
1. Халила Исенбаева
2. Ишмухаммеда Бегалиева
3. Таминдара Сафиева
4. Амиргалия Менешева
5. Бернияза Кулиева
Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары