Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа
ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.
1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы
Ел басына түскен ауыртпалықты жеңілдету үшін Түркістан автономиясы басшыларының бірі халқымыздың асыл ері Тұрар Рысқұлов өз тілегімен республикадағы аштықпен күрес комиссариатын басқарды. Комиссариат аштарға арнап, Ташкенттен, Әулиеатадан және уезд орталықтарынан тамақтандыру пункттерін ашты. Қолөнер артельдерін ашып, аштарды жұмысқа тарту шараларын жүргізеді. Ташкентте Т.Рысқұлов жетім балаларға арнап пансионат ашты. Онда 200-дей әр ұлттың балалары тәрбиеленді. Аталған комиссия керек қаржыны байлардан алым-салық алу жолымен жинады.
Жергілікті жердегі кейбір басшылардың ішінде байырғы халықтың жаппай өліміне ризашылық білдіргендер де болды. Мысалы: 1919 жылы Түркістан Орталық Атқару Комитетінің бір мәжілісінде оның белсенді мүшесі И. Тоболин маркстік теория бойынша казақтар экономикалық жағынан әлсіз халық болғандықтан бәрібір жер бетінен жойылып кетуге тиіс, өйткені олар өмір сүруге бейімсіз. Сондықтан да аштықпен күресудің қажеті жоқ, қайта бар қаржыны әскерді нығайтып, жауды жеңуге жұмсау керек деген болатын. Осылайша тұтас бір ұлтты қорлайтын сөздерге мәжілісте отырған Тұрар Рысқұлов шыдай алмай, ашу ыза толы сөз жарысқа түседі. Ол өз сөзінде отаршылдық саясаттың адал құлы болған генерал-губернатор Кауфман көшпенділерді жүздеп, мыңдап қырған, бірақ халық ретінде тып-типыл ете алмағандығын айтты. Патша өкіметінің өзі көшпенді туземдерді жер бетінен түгел жойып жіберуге әрекеттенбегенін алға тартып, егер көшпенді халық бәрібір жойылар болса, сол қиырдан-қиырға дейін шашылған сүйектің орнында орнаған өкімет кімге керек деп айғай салады. Т. Рысқұловтың жан айқайынан кейін ғана Түркістан үкіметінің мүшелері ашаршылыққа ұшырағандардың мәселесіне бет бұрады. Т. Рысқұловтың ұсынысымен мәжілістің соңында Түркістан Орталық Атқару Комитеті арнайы қаулы қабылдады [3]. Осы қаулыда кезек күттірмейтін мәселелер қатарында барлық совдептерде, кеңестік мекемелерде аштарға көмек мәселесі жедел, кезектен тыс талқылануы, аштарға көмек көрсету ісіне бөгет жасаған адамдарды әскери трибуналға тарту, аштарға көмек ретінде республикаға Үкімет қазынасынан 1 млн.сом қаржы бөлу керектігі баса айтылды. Қаулының соңында осы шешімнің мүлтіксіз орындалуына совдеп председательдері тікелей жауап беретін болсын делінген.
1919 жылы Тұрар Рысқұлов Түркістан Автономиясы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Қызметі жоғарылап, уақыттың тапшылығына қарамастан Т. Рысқұлов ашаршылыққа ұшырағандарға қамқорлық ісін бір сәт те естен шығармайды. Жетім, панасыз балалармен күресті Түрккомиссия мүшесі В.В. Куйбышев жалғастырады. Осы комиссияның шешімімен Ташкенттегі барлық мекемелер, балалар үйі, интернаттарға жетім балалар орналастырылып, Түркреспубликасының Орталық Атқару Комитетінің барлық азық-түлік, тауар қоры соларға беріледі. Ал қордың көлемі едәуір еді. Мысалы: “өзбек матасы”, шұға 1 млн.метрдей, 10 тонна күріш, қант, неше түрлі жеміс, тез бұзылатын тамақты айтпағанда [4].
Осы кезде Түркістан комсомол ұйымының жетекшісі Ғани Мұратбаев В.В. Куйбышевпен танысып, панасыз балаларды аман алып қалу ісіне тікелей араласады. Аштық жайлаған Қазақстаннан тоқшылық мекені -Ташкентке зорға жетіп, темір жол вокзалы, базар, көше бойында қаңғыған иесіз тіленші жетімдерді көзімен көрген Ғанидың замандасы Ө. Тұрманжанов былай суреттейді: “Шұбаған балалардың жүрісі іркіс-тіркіс, көбінің кигендері ересектердің иығынан түскен ескі-құсқылар. Біреуінің етегі жерге сүйретіліп, екіншісінің кең бөркі самайына түсіп, көзі зорға жылтырайды. Шоқпытты киімінің алақұлалығы әулиенің басындағы щеңгелге ілінген шүберектерді көзге елестетеді. Бұлар көшеде кездескен адамдарды шошытып, бейне ертегідегі көшкінші жын перідей ызғытып келеді”[5]. Ғани Мұратбаев өзінің жолдастарымен осындай балаларды жинау науқанына қызу кіріседі. Оның басшылығымен 1919-1920 жылдары Ташкент қаласында панасыз балаларға арнап 700 орындық 3 интернат ашылады [6].
Осылайша қазақ халқының біртуар ұлдары Тұрар Рысқұлов пен Ғани Мұратбаевтың ұйымдастырушылық қабілетінің, жанкешті еңбегінің арқасында халықты жаппай қырылудан аман алып қалу мүмкін болды.
1920 жылы бейбіт өмір орнағасын Кеңес үкіметі жасөспірімдердің әлеуметтік құқығын қорғайтын арнайы ұйым (СПОН) құрды. Бұл ұйым азамат соғысы салдарынан әке-шешесінен айрылған балалардың бірінші қамқоршысы бола білді. Баспанасыз көше кезіп жүрген балалардың хал жағдайын сұрап-біліп, оларды есепке алу, көмек түрлері қарастырылды.
1921 жылдың жазында тағы да қуаңшылық болып, егін шықпай қалды. Күзде орылған астықтың мөлшері соғысқа дейінгіден 3 есе төмен болды. Кеңес елін, әсіресе Поволжьені тұтас аштық жайлады. Бүкілроссиялық Орталық Атқару комитетінің (бұдан былай БОАК) декретімен 1921 жылдың 8 шілдесінде ашыққан адамдарға жәрдем беру үшін арнайы комиссия (ЦК Помгол) құрылды [7]. Комиссияны БОАК-тың төрағасы М.И. Калинин басқарды. Комиссияның негізгі міндеттері: аштықтың көлемін анықтау, жеке губерниялар мен уездерден келіп түскен шағымдарды қарастыру, аштықпен күресу болды.
Орталықтың шешімінен кейін іле-шала 1921 жылдың 18 шілдесінде РКП(б)-ның Қазақ облыстық комитеті арнайы пленум шақырып, онда бір-ақ мәселе – Орынбордың азық-түлік жағдайын қарастырады. Пленум Қазақ Орталық Атқару комитеті жанынан жергілікті ашыққан халыққа көмек көрсету үшін комиссия (Компомгол) құру туралы шешім қабылдады [8]. Комиссия құрамына Қазақ ОАК, Ұлттар халкомы, Жер қатынасы халкомы, Әлеуметтік қамсыздандыру халкомы, Бас статбюро өкілдері кірді.
Кеңес үкіметінің аштыққа ұшырағандарды, панасыз, жетім балаларды қамқорлыққа алу жөнінде құрған ұйымдары нақты бір ведомствоның (комиссариаттың) қарамағында болды. Осы мемлекеттік ұйымдардың қабылдаған шешімдері бірінше кезекте балаларды аштықтан аман алып қалу ісіне бағытталды.
1918-1920 жылдары кеңес экономикасында басқарудың әскери-әкімшілік әдістері үстем болғаны тарихтан белгілі. Соғыс жағдайында қабылданған “әскери коммунизм” саясатының негізінде – азық-түлік салғырты болғандықтан, Қызыл армия мен қала пролетариатының мұқтажы үшін ауылшаруашылық өнімдері шаруадан күштеп тартып алынып отырды. Экономиканың табиғи заңдылығын елемеу, шаруаға ұдайы қысым көрсету шаралары ауыл-шаруашылығын ауыр күйзеліске ұшыратты. Соғыстан туындаған ауыр жағдай бейбіт өмірге көшкесін де бірден түзеліп кеткен жоқ. Осындай қиын-қыстау кезде Орталық Сібір мен Қазақстанда азық-түлік салғыртын ұлғайту туралы партияның жаңа қаулысы жарияланды.
1920 жылдың тамыз – 1921 жылдың маусым айы аралығында Үкімет шаруаларға 110 млн. пұт төтенше салық салды, оның 35 млн. Солтүстік Қазақстанға келді. Сібір басшылары Ақмола, Семей облыстары, Қостанай уезі Қазақ автономиясының юрисдикциясына өтетінін алдын ала білгесін, салғырттың негізгі ауыртпалығын осы аймаққа түсірді. 1920 жылға жоспарланған барлығы 66 млн. пұттан бір Семей облысына 26 млн.пұт келсе, ал бір ғана Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық алынды [9]. Артық астық қана емес, тұқымдық, тіпті жейтін астық та тартып алынды. Нан салғырты қазақ мал шаруашылық болыстарына да салынды, егін салмайтын қазақ малын сатып, ақшасына бидай алып, мемлекетке өткізуге мәжбүр болды. Орал губерниясынан 1920 жылғы салғырт бойынша 1,5 млн. пұт астық тартып алынды. Бұл науқанға ет және т.б. қосымша салықтар қосылды. Осындай тонаушылық саясаттың нәтижесінде 1921 жылы Қазақстанның көптеген аудандарын аштық жайлады. Әсіресе бірнеше жыл қатар егін шықпаған республиканың батыс және оңтүстік-батыс аймақтары қатты жұтады. Жем-шөп жоқтығынан мал қырылды. Күні кеше патша заманында жоқшылық көрген кедей қауымы ең алдымен ажал құрығына ілінді. 1,4 млн. адамға аштан өлу қаупі төнді [10]. Көшіп келушілер мен казак станицаларындағы жағдай да жетісіп тұрған жоқ еді.
РКП(б) Орталық комитеті 1921 жылдың 17 шілдесінде барлық партияның мүшелеріне “Барлығың жабылып аштықпен күреске шығыңдар!” деген үндеу тастады [11]. Ашаршылықтың қазақ даласын жайлағанын өз көзімен көрген ҚазОАК президиумының мүшесі Мұқтар Әуезов дабыл қағып, өлкелік партия ұйымының шешімімен барлық қазақ қайраткерлерін аштарға көмек комитетін құруға шақырды. Мұндай хабар алысымен бір топ алаш зиялылары “Ақ жол”, “Қазақ тілі” газеттері арқылы бүкіл қазаққа сауын жариялады.
1921 жылдың 20 қыркүйегінде ҚазОАК-тың жанынан Аштарға көмек көрсету комиссиясы (бұдан былай Компомгол) құрылды. Аталған комиссияның төрағасы болып С. Меңдешев, оның орынбасарлары ретінде А. Байтұрсынов пен М. Әуезов сайланады [12]. Компомголдың бірінші мәжілісінде ашыққан балалардың рационына тамақ суррогатын (өсімдіктердің тамырын) еңгізу, аштық болмаған губернияларда “аштық” көрмесін ұйымдастыру, тамақтандыру пункттерін ашудың екі апталығын, “Қызыл Крест” апталығын өткізу, плакат, үнқағаздар, бюллетендер шығару және т.б. көптеген үгіт-насихаттық шаралар жоспарланды. Осы хаттамадан Компомголдың әуел бастан нақты істерден гөрі қағазбастылыққа әуес болғаны көрінеді.
Комиссия мүшелеріне ашаршылық жайлаған губерниялардан балаларды басқа аудандарға эвакуациялау, аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарға көмек көрсету үшін барлық жерде салауат-сауын ұйымдастыру жүктелді. Комиссияның іс-қимылы өте баяу болғандықтан, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сәдуақасов сынды азаматтар ашаршылыққа қарсы күрестің ресми емес қолбасшылығына білек сыбанып кірісіп кетті. Олар Семей губерниясында айрықша қазақ комитетін құрды, комитет ұйғарымымен атқа қонып, аштарға мал, азық-түлік жию үшін ел аралап кетеді. Тынымсыз қызу еңбектің нәтижесінде 2-3 айдың ішінде 15 мың ірі қара жиналған, аштыққа ұшыраған аудандарға жеткізіліп, халыққа үлестірілген. Жүсіпбек Аймаутовтың тікелей басшылығымен Торғай өңіріне 4000 бас мал таратылды [13]. Аштарға жан аямай болысқандығы үшін он жылдан кейін «халық жауы» атанып өлім жазасына кесілетінін осы азаматтар әрине, сезген жоқ.
Қазақ автономиясының коммунист басшылары халықтың басына түскен қасіретті қанша тырысып баққанымен, Орталықтан жасырып қала алмады. Ақыры бар шындықты мойындап, Помголдың орталық комитеті Мәскеуге мәлімет ретінде “Аштарға көмек көрсету комиссиясының жұмыс қорытындысын”дайындайды. Комиссия жасаған қорытындыда Қазақ автономиялы республикасының бес губерниясында тұратын 1 млн. 559 мың адам аштық тырнағына ілінгендігі туралы айтылған [14]. Әрине, бұл деректің толық емес екендігі түсінікті. “Қорытындыдан” бірнеше мысал келтірейік. Құжат Мәскеудің көңілін аулап, өзін өзі ақтау үшін жазылғандықтан да, жұттың шығу себебін отаршылдық пиғылда түсіндіруге тырысып бақты. Патша өкіметі ашаршылықпен күреспеді, өйткені қазақ даласы мен қазақтар үшін жұт - табиғи құбылыс. Қазақтардың ашаршылыққа еті үйреніп қалған, сондықтан да ең бірінші көмек Ресей мен Украинадан келген келімсектерге көрсетілгендігі баса айтылған. “Аштарға көмек комиссиясының” губерниялық, уездік құрамында бірде-бір қазақ қызметкері болмады. Комиссия көмекті негізінен тек европалық ұлттар қоныстанған мекендерге көрсетуге ұмтылды. Демек, осы “Қорытындыдан” ашаршылыққа ұшыраған қыр қазақтары ешқандай көмек алмай, тағдырдың тәлкегіне ұшырағанын байқаймыз. Ол аздай, 1921 жылдың жазында Орталықтың шешімімен ашаршылыққа ұшыраған Поволжьеден 20 мыңдай славян халқын Түркістанға қоныс аудартқан [15].
1922 жылдың 12-17 ақпанында Орынборда Қазақстандағы Компомголдардың 1 сьезі ашылды. Сьезд ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің жанындағы ЦК Помголдың есебін тыңдады [15, 49-б.]. 1921 жылдың жұты мен егін шықпай қалуының салдарын жою үшін іс-шаралар қарастырылады. Сьезд бірінші кезекте жергілікті жерлерде дайындалған, Орталықтан, шетелден көмек ретінде келген азық-түліктің халыққа ысырапсыз дұрыс бөлінуіне басты назар аударады.
Сол 1922 жылы пролетариат көсемі В.И. Ленин Арал теңізі балықшыларына үндеу жариялап, Поволжьенің аштан қырылып жатқан халқына балық жіберуді өтінгені тарихтан белгілі. Пролетарлық ынтымақтастық идеясын жергілікті халық мүддесінен жоғары қойған басшылық 14000 тонна Арал балығын жұтап отырған қазақ елді мекендеріне жіберудің орнына Поволжьеге жөнелтті. Яғни, Ленин өтініші бұлжытпай орындалды.
3.3. Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы
Жыл өткен сайын бұрынғылар көмескіленіп, тағдыр тәлкегіне ұшырағандар тағдыры да жаңа қырынан көрінуде.Сонау жиырмасыншы жылдарда қылышын көтеріп, қызыл тудың астында кеңес үкіметі жауларына қарсы шабуылдаған қызылдарға да, ақ патшаның абыройын сақтап қалу үшін атойлап алға шапқан ақтарға да қосылмай, өздері тәуелсіз ел болуға талпынған алаш азаматтарының қазіргі шоқтығы биік.
Халел және Жаһанша Досмұханбетовтер жетекшілік еткен Күнбатыс Алаш-орда үкіметі де өз орталығын Жымпиты қаласы деп бекітіп, партияның жоғары органы съездерін өткізуді жоспарлады.
1918 жылы ақпан айында Қаратөбе қаласындағы мешіт үйінде 3-ші Орал қазақ облыстық съезі өткен. Күнбатыс Алашорданың бұл съезіне елге танымал, беделді, билігі жүріп тұрған атқамінерлер мен дін иелері,ауыл-жұртқа сыйлы ақсақалдар шақырылулы.
Осы жиынға делегат болып әкемнің әкесі 1874 жылдың наурыз айының 16 күні туылған Төлеген Иманғазиев те қатысыпты.Жиын барысында салық жинау мәселесі талқыланғанда ол «кедейлерден салық алмау керек. Есесіне оның орнын байлардан жиналар салықпен толықтыру қажет»деген өз ойының басшылар тарапынан қолдау тапппағанын көрген соң, съезден шығып кетулі.
Себебі өзі 1904 жылы Соналы болысына болыс болып сайланғаннан соң жарлы-жақыбайлардан салық жинамаған. Бұл әрекеті жоғарыдағыларға ұнамай, көзқарастары келіспеген соң, бір жылдан соң болыстық мөрін тапсырып, алаңсыз ғұмыр кешіпті.
Қаратөбедегі Жақсыбай орталау мектебінде мұғалім болып жүрген оны 1938 жылдың ақпан айының екісі күні «халық жауы» деп тұтқындапты.Қазірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мұрағат бөлімінде сақталған, мұрағаттық №2368 істегі жауаптау хаттамасында көрсетілгендей, Төлеген Иманғазиевке «болыс болып, патшаға қызмет еттің, Қаратөбеде өткен Алаш съезіне қатыстың, жапон-герман барлауының агенттері Қосдәулетов Қуанай, Нұрмағанбетов Хасан, Құдайбергенов Жайлыбаймен байланысың бар, панисламизмнің көтерілісін ұйымдастырмақшы болған контрреволюциялық ұйымның мүшесімісің, жапон-герман барлауының агенті екеніңді мойындайсың ба? – «деген НКВД тергеушісінің кінә жабар сұрақтарына ол «мойындамаймын, панисламизмнің көтерілісін ұйымдастырмақшы болған ұйымға мүше емеспін, мүше болмаймын да»деп жауап береді.Сосын ол жауабын жалғастырып» 1936 жылдың қараша айының ішінде Жақсыбай мектебінің мұғалімі Жазықбаевтардың үйіне қазырет Хасан Нұрмағанбетов келді, мені қонаққа шақырды.Олар құран жайлы әңгімелесті.Мен олардың әңгімесіне қосылмадым» – дейді. Содан кейін ол «1937 жылдың ақпан айының басында Башқұртстанда тұратын туысқаным Құрманғали Қуанышқалиев пен саудагер Жәрдем Лашынов қонаққа келді.Біздің үйге қонды. Құрманғали кетерінде» өзінің Башқұртстанда әйнек зауытында жұмыс жасайтынын, еңбек ақысының жақсы екендігін, тек Қаратөбеге келгесін өлгендеріне бата оқып, тірілердің қуанышына ортақ болып, тойына шашу беріп жүргенде алып келген қаражатының азайып қалғанын, еліне жетуі үшін қаражат аздығы алаңдататындығы, қарызға ақша сұрағандығын, еліне барғасын ретін тауып жеткіз деді.
Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары