Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)

Алаш қайраткерлері мен Кеңес үкіметі арақатынасын қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани саласы, іс-әрекет аясын бойынша кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:

-    Алаш қайраткерлерінің ұстанған «Алаш» идеясының түпкі саяси мәнін ашу; 

-   Алашорда үкіметінің құрылу тарихы және оның өлкедегі ықпалын анықтау;

-    Алашорданың жетекші қайраткерлерінің тікелей қызметтеріне талдау жасау;

-    Алашорданың Кеңес өкіметімен ара қатынасы және нәтижесін көрсету;

-    Азамат соғысы кезінде   Алаш қайраткерлерінің антисоветтік күшермен бірлесіп Кеңес өкіметіне қарсы күресін жаңа тұрғыда көрсету;

-      Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметтерінен жан-жақты, толық мағлұмат беру.

   

Диплом жұмысының практикалық маңызы.

Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес Ол ұлтпен бірге өмір сүретін,  ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.

Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық.  Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда  Қазақ Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды.

Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамда халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Бүгінде нарықтық экономикаға бойлап енген халыққа Елбасы айтқандай, әлеуметшіл қазақтың, қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарының жағдайын бірдей ойлайтын билік керек.

Екіншіден, кез-келген мемлекеттің тірегі белгілі бір ұлт, барлық мемлекет осы жолмен қалыптасқан. Біз де сондай. Бүгінде халықаралық деңгейде кең таныла бастаған Қазақстан аталатын мемлекетке де өз атын берген де, сондай-ақ оның халқының басым көпшілігін құрап отырған да қазақ, яғни Алаш халқы.

Мұндай шындықты айту ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылданған заман да болды. Енді міне жаңа заманда қазақтың жоғын айтуды ұлтшылдықтың, солшыл радикализмнің көрінісі ретінде түсіндірудің қисыны жоқ.

Мемлекет халқының басым көпшілігі болғандықтан қазақтың қорланып қалған мәселелері де  аз емес. Ал оларды атап айту, оларға билік орындарының назарын аудару – бұл бұл жергілікті жұртқа артықшылықтар талап ету емес. Ортақ мемлекеттік жүйеде қазақ халқының түрлі талап-тілектері өз уағында және заман талабына сай деңгейде шешілсе болғаны. Алаш зиялыларынан бізге жеткен аманат та осы бола керек.

Ахмет Байтұрсынов кеңестік кезеңде жазған мақалаларының бірінде: «Көбінесе мәдениеті төмен жұрт ақкөңіл,  анайы, аңқау келеді. Сондықтан да мәдениеті жоғары жұртпен араласқан жерде  алдауына, арбауына түсіп жем болады.....Ол жем болудан мәдениеті жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады.»

Ел басының  басшылығымен осы бағытта атқарылып жатқан істердің өз нәтижесін беретіндігі ешқандай күмән тудырмайды. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған мүрағат және қүжаттық деректер негізінде кейбір теориялық түжырымдар мен толықтыруларын, үлттық жаңғыртуға бастаған, үлттық егемендік дәрежесін көтерген Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлеріне арналған мәселелер бойынша жүмыстың нәтижесін мектеп мүғалімдері мен оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері пайдалануға болады.

Диплом жұмысының методологиялық негізі.

Алаш қайраткерлері мен Кеңес үкіметінің арақатынасына қатысты нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы историзм, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жүмысында салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысында біз кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің негізінде объективтілік, бірізділік және даму принциптеріне сүйеніп, ғалымның ғылыми мұрасы жаңа тарихи- өркениеттік көзқарас тұрғысынан қарастырылады.

Диплом жұмысының хронологиялық және географиялық шеңбері.

1917 жылғы ақпан айы мен 1930 жылдың алғашқы жартысына дейінгі мерзімді қамтиды.

Диплом жұмысының құрылымы.

Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

I.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай

ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамының, қоғамдық ой-сананың жаңғыру кезеңі болды. Осы кезеңде ойшыл ғалымдар, талантты ақындар, қоғам қайраткерлері шоғыры тарих сахнасына шықты. Оларды толғандырған, негізінен, отаршылдық бұғауынан құтылу, өз алдында жеке тәуелсіз ел болу, шиеленіскен жер мәселесін шешу, халықты қараңғылық қыспағынан азат ету сияқты өмірлік маңызды мәселелер еді. Олар тек қана ағартушылықпен айналысып қоймай, қоғамдық қызметпен де шұғылданды.

Қазақ зиялылары халықтың қалың бұқарасын туған өлкені қайта құрып, түрлендіру ісіне жұмылдыруда ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялықжинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша жинақ шығарудың маңызын жақсы түсінді. Қазақ зиялылары алғашқы саяси күреске бірінші орыс революциясы жылдарында ұлттық басылым болмағандықтан орыс және татар тіліндегі әр түрлі газеттер мен журналдарда өз мақалаларымен көріне бастады.

Оны 1905 жылы орыс революциясы қазақтың мұң-мұқтаждығын ұйымдастыру, саяси партия құру әрекеті, Мемлекеттік Дума жұмысына ат салысу, ұлтық басылымдар шығару істерінен айқын көруге болады.

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде ұлт зиялылары жалпы ұлттық мәселелерді талқыға салып, өздерінің саяси көз қарастары арқылы орталық езгіге қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыруға үлес қосты.

Орталық езгіге қарсы қоғамдық-саясиой-пікірдің қалыптасуына жоғарыда айтылған газет-журналдардың тигізген ықпалы өте жоғары болды. Біріншіден, бұл басылымдар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан келе жатқан ағартушылық идеяны жалғастырды. Екіншіден, патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы шығып, саяси-экономикалық астарын ашық көрсетіп отырды. Үшіншіден, бұл басылымдар қоғамды таптарға бөлмей, өз пікірлерін жалпы қазақ халқының атынан айтуға ұмтылды.

Қазақ зиялылары идеологиясының жаршысы ХХ ғасырдың ұлттық баспасөзі болды деп толық сеніммен айта аламыз.

Ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасып, даму арнасында өмірге келген басылымдар, ең алдымен, бостандық үшін күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы ұлт зиялылары жүргізген азапты күрестің негізгі идеялық бағыттары мен кезеңдерін «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы жадығаттарынсыз түсіну, әрине, мүмкін емес.

Ауыр отарлық езгі, жер үшін күрестің шиеленісе түсуі, шаруашылық дағдарыстың тереңдеуі, саяси-әлеуметтік құқықтың жоқтығы, міне, осындай жағдай «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы бар мүмкіншілігін ағартушылық мақсатта кең пайдалана отырып, қазақ демократиялық зиялылар сонымен бірге ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының негізін жасады.

Ол идеологиялық принциптер отаршыл әкімшіліктің өктем саясатына қарсы демократиялық бағытты ұлт зиялыларының күнделікті әрекеті нәтижесінде өмірге келіп, біртіндеп өмір талқысынан өтіп, қоғамдық қозғалыстың бағыт-бағдарын айқындаушы негізге айналды.

Оқу-ағарту саласында немесе переселен және басқа мемлекеттік басқару жүйесінде қызметте жүрген ұлт зиялылары бүкіл отарлау процесін көз алдынан өткізді, ұлттық теңсіздіктің, қанаудың не екендігін жақсы білді. Соның нәтижесінде ол отарлау жүйесінде қызмет етуші зиялылардан ұлттық өркендеу мен ұлт-азаттық қозғалысты бастаушы күшке айналды.

Сондықтан да оның дүниетанымында ұлттық мүдде, бостандық идеясы басым түсіп жатты. Туған халқы, оның мүддесі үшін күресе білу оларға өз елінің кемшілігіне сын көзбен қарауға кедергі болған емес. Олардың қазақ қоғамы мерездерін ымрасыз сынға алу тарихы туралы ғылыми түсінікке негізделді. Өз халқының жүріп өткен жолын, жиған тәжірибесін сарапқа алу олар үшін қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарына көз жеткізу үшін керек еді.

Ә. Бөкейханов «Екі жол» деп атаған мақаласында бұрын біз жылаумен, өзіміздің жағдаймызға налумен келдік, енді міне жаңа заман келді, оның белгісі «Тұрмыс жүзінде құлдық иісі мүңкіп тұрса да, жазылған закон жүзінде адам баласы құрдас», «әр заманның өз рәсімі, өз салты бар», ал «біздің замандағы салт: әркім өз құқына таласу, құқына тартысу», «жылау салты артта қалды. Ендігі рәсім құқы үшін жылау емес, құқын талас-тартыспен қорғау» деп жазды. Ол қазақ жұртының жаңа тарихи кезеңдегі міндетті осылай анықтаған еді.

Осы кезеңдегі қазақ қоғамындағы қалыртасқан қоғамдық саяси көзқарастар мен идеяларды талдай отырып, мынандай қорытындыға келдік: Сол кездегі азаматтар қоғамдық өзгертуге революциялық жол ешқандай жеңіске жеткізбеді, ең алдымен, адамның өзін, оның сана – сезімін өзгерту керек деп есептеген. Сонымен бірге жалпы демократиялық, жалпы елдік мәселелерді реформалық жолмен шешуге тырысқан.

1916 жылы бүкіл қазақ даласын дүр сілкіндіріп, атқа қонғызған 25 маусым жарлығы ұлт зиялыларының белсенділігін арттырып, саяси аренаға батыл шығуына әсер етті. Ұлт зиялылары халықты қанды қырғаннан аман алып қалуға қолдан келген әрекеттерін жасап бақты.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылғы ақпанда жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық төңкеріске ұшырасты, Енді ұлт зиялыларының алдында патша тағынан түскеннен кейінгі саяси жағдайда елді қандай бағытта дамыту қажет деген мәселе тұрды.

Олар Ресейдегі осы аласапыранды пайдаланып, қазақ елінің тәуелсіздігін іске асыруды көздеген заңды құбылыс еді. Елдің көшбасшысы болған азаматтар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, саяси  күрес жолына шықты.

Аталған тарихи кезеңнен ең маңызды ерекшелігі-қазақ қоғамында идеялық бірлікке, саяси тұтастыққа негіз қаланды.

Заман өзгерісі, уақыт талабы алға тосқан жаңа міндеттердің толқынымен ұлттық қоғамдық ұйым Қазақ комиттері еркіндікке жету жолында қажырлы жұмыстар атқарылды. Күш біріктіру, халыққа болып жатқан өзгерістерді уақытында жеткізу, күнделікті туып отырған түрлі бағыттағы мәселелерді шешу комитеттің басты міндеттері болды.  

Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршыл саясатының менмендік дертіне шалдыққан қоныстанған орыс жұртымен үзеңгілес ұйым құрғанда қазақ зиялылары жалпы ұлттық мүддені қорғауды мақсат етті. Әр халық, әр қауым, әр ұйымнан өкілдер кіретін қоғамдық ұйымдардың атқару комитеті шет қалу-қазақтың жергілікті басқару құқынан айырылуы деген сөз еді. Қазақ комитетінің құрылуын тездетудің шұғылдығы да осы жайлардан туындаған болатын. Осы мақсаттта Семей облысында және басқа жерлерінде құрылып жұмыс жасаған комитеттер қазақ зиялыларының жұмыстарының шектеулілігіне қарамастан орал қазаққа байланысты істерге тікелей араласты.

Бүгінгі тәуелсіз ел болған кезімізде коммуннистік жүйені алмастыратын жаңа ұлттық немесе мемлекеттік идеологияны қалыптастыру ісі жанданбай тұрып, осындай күрделі жағдайда Қазақстанға өмір сүру жолдарын көрсететін өркениетті елдерге тән өмір сүру принциптеріне жетелейтін рухани тірек табудың мәні жоғары.

Қазақ зиялыларының дүниетанымын, айқын саяси бағыт алған әлеуметтік ізгі ойларын ғылыми зерттеу объектісіне айналдыру-алда тұрған келелі де жауапты міндеттердің бірі.

Егеменді Қазақстан Республикасы жаңа үлгідегі мемлекеттіліктің қалыптасу процсеі жүріп жатыр. «Біздің тәуелсіздігіміз қоғамдық ойдың қалыптасуымен, халықтың жан-жүрегінің жылуымен орныққан қазақ ұлтының өзін-өзі билеуге сан ғасырлар бойы ұмтылыстың жемісі болып табылады»- деген еді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы үмітінен күдігі басым өзгерістер мен қайшылықтарға толы еді. Ұлтты ұйыстыратын мемлекеттіліктің орнын отарлау миссиясын көздеген әкімшілік басқару органдары басты, қазақ халқының иелігінен алынып, мемлекеттік меншік деп жарияланған жер әкімшілік-аумақтық бөліске түсті, дәстүрлі шаруашылық-мәдени типі капиталистік қатынастарға азды-көпті бейімделгенмен империялық өктемдікке құрылған бәсекеге төтеп бере алмайтыны белгілі болды. Жат қолына түсу ел мен жердің тағдырын тәлкек қылатынын ХҮІІІ ғасырда-ақ көрегендікпен болжай алған Абылай, Бұқар сынды тұлғалардың айтқандары, Шоқан мен Абайдың, Шортанбай мен Дулаттың ХІХ ғасырдағы ескерту – зарлары  айнымай  алдан шықты.

Қазақстанды осыншама тоқырау мен күйзеліске түсірген Ресейдің басқалардан озып, бәйге алғандай артықшылығы жоқ еді. Халқының негізгі дені сауатсыз шаруалардан тұратын, билік жүйесін парақорлық пен жемқорлық жайлап кеткен осынау елдің жүнін қампитқан аш бөрідей қауқарсыздығы 1904-1905 жылдары Жапониямен соғыста оңбай жеңілуімен әшкереленді.

Бұл барша әлемнің қайта бөліске кірісіп кеткен дәуірі еді. Кешегі кеңестік тарихнамада ол капитализмнің жоғарғы сатысы - империализм ретінде түсіндірілетін. Империализмнің іріп-шіріген, демі таусылуға бет түзеген капитализм екендігі, социалистік революцияның қарсаңы және артта қалған Азияға тағылым болуы керектігі Ленин шығармаларымен алға тартылатын. Сөйтсек еуропоцентристік пайымның осал тұстары бар екен. Біріншіден, Ленин өзіне пір санаған Маркстің азиялық өндіріс тәсілі, Шығыстағы қоғамдық-экономикалық формацияның Батыстағыдан өзгеше табиғаты туралы айтқандарын мүлде ескермеген көрінеді. Екіншіден,  әлділер әлсізді бөрідей талаған, қазақтың халық ретінде сақталып қалатын-қалмайтыны беймәлім ғасырлар тоғысында әлеуметтік ілгерілеу атаулыны қоғамдық-экономикалық формациямен, пролетариаттың тап күресімен, социалистік революциямен байланыстырушы ілім – тарихқа материалистік көзқарас Шығыстық өмір заңдылықтары мен ақиқатынан алшақ жатқанын әшкерелеген құбылыс қазақ даласында дүниеге келді. Қоғамдық-экономикалық формациясының – егер оның бары шын болса - дамуы тежелген, пролетариаты халықтың бір пайызын да  құрамайтын, социалистік революциядан ауылы алыс қазақ елінің көшбасшысы міндетін марксшілер айтқандай қаналушы тап емес, ұлт зиялылары мен оқығандар өз мойнына алды.

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары