Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа
ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.
1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы
Мен Қаратөбеге барып, аудандық оқу бөлімінен келесі айдың жалақысын жаздырып берейін дедім» депті жауабында.
Осы жағдайды сырттай білген тыңшы Қаратөбеге» Жақсыбайға түріктің шпионы келді. Төлеген екеуі исламның жасыл туының астына бірігіп, көтеріліс ұйымдастырмаққа қаражат жинап жатыр» деп жасырын хабар жіберулі.
Құрманғали Төлеген ұсталмас бұрын қашып құтылулы. Елге келіп, ағайындарға қыдырып жүрген туысқанына қаражатпен көмектеспекші болған ол, 64 жастағы мұғалім «халық жауы» атанып, Орал түрмесіне айдалды.
Әртүрлі жауаптардан соң, 1938 жылдың ақпан айының 14 күні Батыс Қазақстан облыстық УНКВД Үштігінің қаулысымен ату жазасына кесілді. Осы үкімге байланысты 15 ақпан күні Төлеген Иманғазиев – 23 сағат 15 минутта, Лашынов Жәрдем – 22 сағат 05 минутта, Отарғазиев Ермек – 22 сағат 05 минутта, Қаналиев Ізтелеу – 23 сағат 55 минутта Орал түрмесінде атылған. Үкімнің орындалғаны жөнінде Үштіктің хатшысы Торицкии деген қол қойған. Осы төрт азаматтың атылғаны жөніндегі дәл мәлімет арнаулы қызыл қағазға бөлек-бөлек толтырылған.
«Халық жауы» атанып, зобалаң жылдың запыранын жұтқан Төлеген Иманғазиев, Хасан Нұрмағанбетов, Қуанай Қосдәулетов дегендер кімдер? Осыларға жеке-жеке тоқталып, жауап берейін.
Төлеген Иманғазұлы Иманғазиев 1874 жылдың наурыз айының 16 күні Орал облысы, Лбищенск уезі, Қалдығайты болысының №2 ауылында туған.
Тегі – руы ысық, Жәдікбай тайпасы, Андабай бөлімінен. Әкесі Қарабеков Иманғазы 1845 жылы дүниеге келіп, 1931 жылдың көктемінде 86 жасында қайтыс болған. Зираты Шым бойындағы жәдікбайлар қауымында. Шешесі Бозша үй шаруасындағы әйел.
Әкесі орта шаруалы адам болса да, сол кездің өзінде асты-үсті тақтайлы екі қатарлы үйі болып, Бесоба ауылының күншығыс бетінде ылау үй ұстаған. Қазір Қаратөбеден Оралға қарап шыққанда Қарамола атанған жердің арғы жағында Иманғазы шағылы атанған шағыл, Иманғазының жұрты сақталған.
Төлеген Иманғазиевтің өз қолымен толтырған анкетасының дерегіне сүйеніп айтар болсақ, ол 1887 жылы Гурьев уезіне қарасты Есбол (Индер) екі кластық болыстық мектебін бітіріп, ауыл молдасынан алған білімін толықтырған. 1888 жылдың мамыр айының 14 күні он төрт жасар ол Оралдың екі кластық орыс-қырғыз училищесіне оқуға түсіп, оны 1890 жылы бітіреді. 1890 жылдың маусым айының 10 күні Орск (Орынбор) мұғалімдер семинариясына қазына есебінен оқуға түсіп, оны 1894 жылдың мамыр айының 13 күні» бірінші дәрежелі наградалы халық мұғалімі дипломымен бітіріп шығады.
Торғай облысындағы Әуликөл болыстық мектебіне мұғалімдікке жіберіліп, 1895 жылдың тамыз айының біріне дейін жұмыс жасайды. 1895 жылдың тамыз айының бірі күні Орал облысы Қарашығанақ болыстық орыс-қырғыз мектебіне екінші мұғалім болып тағайындалады. 1896 жылдың тамыз айының бірінен бастап Торғай облыстық Алшынбай ауылдық мектебіне мұғалімдікке ауыстырылады. Орынбор оқу округінің 1896 жылғы қараша айының 18 күнгі №4676 билігімен 11 қарашадан бастап Орынбор Қырғыздар мұғалімдер семинариясына бастауыш училище мұғалімі және қырғыз (қазақ) тілін оқыту қызметіне тағайындалады. Ол бұл жұмысты 1904 жылдың қазан айының екісіне дейін атқарып, өз арызымен босап, туған ата қонысына келеді. 1904 жылы Соналы болысына управитель болып сайланады. 1918 жылы ақпан айында Қаратөбеде өткен Алаш съезінің делегаты болады. Республикамыздың Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы 95 қор, 1 тізбе, 212 істе Иманғазиев Төлеген құжаттары сақтаулы. Тек оларда болыс болғаны, Алаш съезіне делегат болғаны жайлы ол кісі айтпаса да, басқа құжаттарда деректер беріледі.
Төлегеннің бірінші әйелі Мырзагерейқызы Жамалдан (1923 жылы қайтыс болған) менің әкем Хасан туған. Екінші рет үйленген әйелі Жанат Болғанбайқызынан (1881-1963) Құспан, Әсет, Қали туған. Сонда Төлеген Иманғазиев – менің туған атам. Мен журналистік бүркеншік фамилияны да осы қартымыздың фамилиясы бойынша «Иманғазиев» болып алдым.
Жалпы алашордашы біздің қарттың ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мұрағаттық қорында сақтаулы мұрағаттық қылмыстық ісімен Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясының оқытушысы, жаһаншатанушы ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменова жете танысқан. Ол «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы» деген тақырыпта диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды.
Х.Досмұханбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы-ғалымы Ғинаятолла Нығымет (1933 ж.т.) Алашорда тақырыбына орай 300-дің үстінде ғылыми мақала жазған. Ол «Мұхтасиб Хасан қазыреттің ғибратты өркениеті» деген көлемді мақаласында 1937 жылы Хасан қазырет Ойылға кетіп бара жатып, Мақат елді мекеніндегі танысы Қаражан Сарбөпиевтің үйіне түстеніп кеткен, сол жылы Текеге кетіп бара жатып Қаратөбеде Төлеген Иманғазиевтің үйіне қонған, кейін осы азаматтар Хасанның пікірлесі ретінде «халық жауы» атанып, атылған», – деп жазған. Кейін Төлеген Хасан қазыретті шетелге шығарып салулы.
Хасанның 1937жылғы 19 қыркүйекте Орал қаласындағы абақтыда берген жауабында: «...Мен Гурьев қаласы мен Доссор және Мақат кеңшарында, Қаратөбе мен Жылыой аудандарында панисламизм ұйымына мүшелер қабылдадым деп, «мойындауға» болғаны... жазылған». Кеңес заманында дейді одан әрі ғалым ағамыз Ғиаятолла Нығымет ағамыз жаппай саяси қуғындау діни зиялыларға өте ауыр тигені мәлім. Соның ішінде Хасан қазыретті Батыс Қазақстан аумағындағы панисламдық ұйымның «басшысы», «көсемі» ретінде жазалады. Тек Атырау облысында 45 молда, 13 священник Хасан қазыреттің «құйыршықтары» деп атылып кетті, – дейді. Сонда Хасан қазырет кім?
Хасан Нұрмұхамбетов 1871 жылы Қызылқоға жеріндегі Кестен-Мақан ауылында Шектібай әулетінде өмірге келген. Руы-шеркеш, қылыш-кестен тармағы. Шектібай қазыреттің өзі Бекет Ата мектебінде тәрбиеленген екен. Ал, Хасан болса 1901 жылы Бұқар қаласындағы жоғары діни оқу орнын бітіріп, араб философиясын жете меңгерген зиялы діни ағартушы, қайраткер. 1917 жылдан бастап Гурьев округі бойынша Мұхтасиб болып тағайындалады.
Күнбатыс Алашорда жеті адамнан тұратын жаңа үкімет құрумен қатар, халық арасында беделді оқыған он адамнан ақсақалдар кеңесін құрғанда, құрамында Қуанай қазырет, Хасан қазырет, Мәулімберді ишан т.б. кірген.
Хасан Нұрмұханбетов 1930 жылы аудандық соттың шешімімен мезгілінде Мемлекеттік салықты төлемегендігі және жекеменшік малын жан-жаққа үлестіргені үшін жалған жазамен екі жылға бас бостандығынан, үш жылға жер аударуға үкім шыққан. Мерзімін өтеп келгенен кейін 1937 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің 58 бабымен іс жасақталып, Орал абақтысына жабылады. 1919 жылы Лениннің «Алаш қозғалысына» қатысқандарға берген кешірімі іс жүзінде осылай жойылды. Хасан қазырет те Төлеген Иманғазиев сияқты Үштіктің үкімімен 1937 жылғы 7 желтоқсанда атылған. Төлеген Иманғазиев Батыс Қазақстан облыстық соты Президиумының 1961 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен ақталса, Хасан қазырет Түркістан Әскери округі Әскери трибуналының 1959 жылғы 26 ақпандағы ұйғарымымен ақталған.
Алаштың бұл азаматтарының есімі 2001 жылы Орал қаласынан шыққан «Азалы кітапқа» енгізілді. Қаратөбеде өткен Алаш съезінде дауласқан екі жақтың дауын басып, бітімшілікке шақырған Қосдәулетов Қуанай қазыреттің де тағдырын абақты торында жатқанда Үштіктің үкімімен атылуы шешкен еді.
Қорытынды
Қазақ халқы Кеңес үкіметі құрамында болғанда бастарынан талай қиыншылықтарды өткерді. Осы қиыншылықтар мен кертартпалықтан құтылудың алғаш жолын іздегендер қазақтың көзі ашық,,көңілі ояу зиялылар болды. Бұлардың көбі, Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан уневерситеттерінде оқыған қазақ жастарының қаймағы еді. Алашордашылар тарихын зерттеу мәселесіне келсек Қазан төңкерісіне дейін оны зерттеуді қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Оған дәлел Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Е.Омаров және басқалардың жарық көрген еңбектері. Ал “Алаш”сөзінің төркініне келсек, қазақтар оны ертеден қолданып келді.
Қазақтар елге қамқоршы болған қадірменді адамдарын «Алаштың азаматы » атады, қысқасы, бұл сөз ел ауызында жақсы орыңда жұмсалған. Бірақ та Кеңес үкіметі кезінде осы сөзді айтудан халықты бездіріп жіберді.Оладың осындай тағылығы мен идеологиясының орнауы қазақтың кейбір азаматтарын қарсы қоюға мәжбүр етті. Мәселен, Сәкен Сейфуллин 1920 жылы «Қазақ интеллегенциясы» туралы мақаласында «Ұлы төңкерістен кейін Алаш қозғалысы реакцияшыл сипат ала бастады» десе, 1927 жылы жарияланған «Тар жол тайғақ кешу» романында «большевиктер партиясының дұшпандарының бірі-осы Алаштар болды» деген тұжырымын айтты. Бірақ ол кейін өз көзқарасын өзгертті. Мұнан басқа Алаш қозғалысын сынаған партиялық тапсырыспен жазылған еңбектер де шықты. Алаш партиясының құрылуына келсек, Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда қазақтардың тұңғыш құрылтайы өткізіліп, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана обылыстарынан және Бөкей ордасынан өкілдер қатынасып, 14 мәселені қарап, талқылайды.Соның ішінде мемлекетті билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ обылыстарындағы жер мәселесі, әскер құру, әйел теңдігі және земство туралы т.б қаралады. Соның ішінде қазақ жері туралы алынған қаулыда «қазақ халқы өзіне еншілі жерін ешкімге бермесін» деп осы жер мәселесін тиісті дәрежеде қою арқылы жалпыұлттық дәрежеге көтеріп, өзінің тарихи міндетін орындаған болатын. Мұнан басқа құрылтайдың жасаған үлкен бір қызметі - Алаш партиясын құру жөніндегі ұсыныстары. Жалпықазақ құрылтайынан кейін Орынборда Ресей үкіметінің ұйымдастыруымен Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайы шақырылып, әр обылыстан бір-бірден депутаттар барды. Осы құрылтайда «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқаратын алаш партиясы болу керек» деген қағида алды. 1917 жылы 2 қарашада «Қазақ» газетінің 251-санында Алаш партияснының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның мазмұнына қарап, біз Алаш зиялыларының бірінші кезекте ұлттық-саяси дербестік және экономикалық-әлеуметтік даму жолына түсу мақсатын қойғанын көреміз.Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, оны құрушы ұлт демократиялық интелегенциясы партиясы деп атауы да орынды. Ал қазақ мемлекеттігі туралы мәселе 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынборда Жалпықазақ құрылтайында қарылып, онда «Қазақ -Қырғыз автономиясы» «Алаш»деп аталсын деген шешім алады. Сондай-ақ Алаш обылыстарын қазіргі тығырықтан қорғап қалу мақсатында оның аты «Алашорда» болсын және Алашорданың уақытша тұратын жері Семей қаласы болсын деген қаулы алды, жаңа үкімет құрамын бекітіп, оған Бөкейден Уәлихан Танашев, Оралдан Халел Досмұхамбедов, Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Торғайдан Ахмет Бірімжанов, Семейден Халел Ғаббасов, Жетісудан Салық Аманжолов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай енді. Алашорданың ұлт-кеңесі қүрылып, оның төрағасына үш адам-Ә.Бөкейханов, Б.Құлманов, А.Тұрлыбаев ұсынылып, көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейханов
сайланды. Бір айта кетерлік жайт, алаш ордашылар большевиктер партиясы ұстанған саясатты қолдамады, әсіресе, азамат соғыс жылдарында анық көрінді. Олар ақ гвардияшылар қатарында болды. Сонымен қатар алашордашылардың өз арасында бірлік түсінушілік болмады.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің біразы Алаш партиясы мен Алашордағы қатысты. Алаш қозғалысы тарихы 80 жылдан астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған тарих беттері болғаны аян. Дегенмен де «Алаш» немесе «Алашорда қозғалысы»- бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. 20-30 жылдары бұл тақырып ресми түрде жабылды. Осының салдарынан ғылыми-саяси әдебиеттерде шындыққа сай келмейтін қозғалыс және қайраткерлері: А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, А.Байтұрсынов т.б. «буржуазияшыл ұлтшылдар» «халық жаулары» деген пікірлер жазылып, әр түрлі мінбелерден жалған сөздер айтылып келген еді.
Соңғы жылдары алаштың интеллигенцияға жақсы көзқарас қалыптастыруы ашық та батыл пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасалды. Ондағы дәлелдер М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтің пайымдауынша «Алаш» қозғалысының көш бастаушыларын негізінен екі мақсатты: бірі-қазақ елін отырлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығару міндеттерін көздеді, снодықтан да «алаштың интеллигенция» деп, ал Алаш партиясын «ұлттық-демократиялық партия» деп атау шындыққа сай келеді деп көрсетті ғылыми зерттеулерінде.
Сондықтан Алашордашы алып тұлғаларды дәріптеу бүгінгі зиялылардың үлесінде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Алаш Орда: Сборник документов / Сост. Н. Мартыненко. – Алматы: Айқап, 1992. – 192 с.
2.Әбуев К. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 144 б.
3.Бес Арыс. (Құраст, Д. Әшімханов). –Алматы: Жалын, 1992. – 544 б.
4.Бөкейханов Ә. Таңдамалы (избранное) / Гл. ред. Р. Нургалиев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 478 с.
5.Байтұрсынов А. Революция и киргизы // Азат. 1991. наурыз.
6.Ескендиров М.Г. Восточный Казахстан в годы силовой модернизации (1926-1939 гг.). Автореферат диссератции на соискание ученой степени кандидата исторических наук. – 30 с.
7.Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХІХ – ХХ веков. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. – 352 с.
8.Козыбаев М.И. Историография Казахстана: уроки истории – Алма-Ата: Рауан, 1990. – 134 с.
9.Кәкішев Т. Санадағы жаралар. –Алматы: Қазақстан, 1992. – 264 б.
10.Кул-Мұхаммед М. Колониальный режим в Казахстане (1868-1917гг) – Алматы: Атамұра, 2000. – 48 с.
11.Кәрібжанова Г. Нәзипа Құлжанова – ағартушы қайраткер. –Алматы: Информ-Арна, 2004. – 200 б.
12.Қозыбаев М. Ақтандақтар ақиқаты. — Алматы: Қазақ университеті, 1992. — 272 б.
13.Қызыл Қырғын 37-де опат болғандар. Құраст, Қ. Қасенов., Ә. Төреханов. –Алматы: Қазақстан, 1994. 80 б.
14.Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? — Алматы: Ана тілі, 1993. — 208 б.
15.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. — Алматы: Санат, 1995. - 368 б.
16.Қасымбаев Ж. История города Семипалатинска (1718-1917 гг.). - Алматы: Өлке, 1998. - 276 с.
17.Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. – Алматы: Атамұра, 1998. – 360 б.
18.«Қазақ» газеті. Құраст: Субханбердина Ү, Дәуітов С. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 560 б.
19.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.
20.Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. – 304 б.
21.Мұсағалиева А.С. Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттары республика зиялыларының қызметі мен көзқарасы жөніндегі дерек көзі (1920-1936 жж.). Тар. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссерт. – 30 б.
22.Мыңжасов Н.К. Қазақстанның территориялық тұтастығының қалыптасуы (1860-1930 жж.). Тар. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссерт. – 30 б.
23.Малышева М.П. Казахи в Сибири в период демографических кризисов (1919-1934 гг.). Автореферат диссератции на соискание ученой степени доктора исторических наук. – 50 с.
24.Назарбаев Н. Жүз жылға татитын он жыл//Егемен Қазақстан, 2001, 17 желтоқсан.
25.Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. — Алматы: Ататек, 1995. - 256 б.
26.Сайлаубай Е.Е. Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімі.Тар. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссерт. – 30 б.
27.Слямов А.С. Солтүстік-Шығыс Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық кезеңінде (1917-1920 жж.). Тар. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссерт. – 32 б.
28.Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917гг) Москва: Наука, 1966. – 376 с.
29.Сапаргалиев М.С. Возникновение казахской советской государственности (1917-1920гг) Алма-Ата: АНКАЗ, 1948. – 178 с.
30.Сулейменов Б.С, Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1977. – 165 с.
31.Седельников Т. Борьба за землю в Киргизской степи. – Алма-Ата, 1991 – 127 с.
32.Шаяхметов Н.У. «Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін», Алматы, 2001 – 149 б.
33.Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. – Алматы: Санат, 1995.
34.Айқап / Құрастырғандар: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов. – Алматы: Қазақ университеті, 1995. – 368 б.
35. «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы:
тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, Семей 2008ж
3
Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары