Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Тарих және құқық кафедрасы

 

 

 

Бітіру жұмысы

 

 

   Тақырыбы: Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

 

 

 

    Орындаған: Токенов.Р

    Топ: ГИС-43

    Ғылыми жетекші: аға оқытушы Ахметова Р.Д

 

 

    Қорғауға жіберілді:

    «____»________ 2009 ж.

 

    Кафедра меңгерушісі:

 

е

Семей - 2009

 

 

                                           Жоспар:

 

Кіріспе

 

  1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай

1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары

1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы

1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер

2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер

2.1. Әлихан Бөкейханов    –  көрнекті   қоғам  және  мемлекет   қайраткері, ғұлама  ғалым,  ұлт - азаттық  қозғалысының   теориялық  негізін  салушы

2.2. Ахмет Байтұрсынұлы  - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері

2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша

2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары

3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері

3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы

3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде

3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі.

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті. Өлкенің экономикалық мешелдігі, шикізат көзіне айналғаны, сан жағынан басым кедейлердің социалистік популизмге көзсіз сенгені өз рөлін ойнады. Большевиктердің қолдауымен саясат сахнасына көтерілген радикалды зиялылар шоғырының ұлт мүддесі үдесінен шығуға мүмкіндік алдық деген қуаныштары да ұзаққа бармады. Үздіксіз қуғын-сүргін, кәмпеске мен күштеп ұжымдастыру, 1931-1933 жылдарғы аштық кімнің кім екеніне көздерін жеткізсе, 1937 жылғы «үлкен террор» Алаш зиялысымен қоса радикалды ұстанымдағылардың өздерін баудай түсірді. Халқына қызмет етудің коммунистік нұсқасын таңдағандар – ұлтымыздың аяулы перзенттері неліктен және қалайша қателескенін қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдарымыз егжей-тегжейлі зерделегені абзал.

Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның үшімен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейхан, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз  етуге шақырды. «Есік  алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – і түрі жағынан  ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ  мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.

 

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихи-партиялық тарихнамада бұл мәселелерге байланысты еңбектер партия қандай идеологиялық және саяси қағидаларды басшылыкқа алды, соған икемделініп жазылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" деген кітабында:

"Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды — ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады" деп, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында ұлттық тарихтың бұрмалай жазылып, санамызды коммунистік идеологиямен уландырғанын атап өткен еді.ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде елеулі рөл атқарған Алаш қозғалысы тарихын зерттеу ісін сол кездегі қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Қазақстан тарихында орын алған ұлттық және мұсылмандық қозғалыстар жайлы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай және т.б. өздерінің жан-жақты талдау жасалынған еңбектерінде кеңінен көрсетті. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А.Байтұрсыновтың атақты "Революция және қазақтар" деген мақаласында айтылды. Бұл мақала А.Байтұрсыновтың кеңестер өкіметі жағына торғайлық топты бастап өткеннен кейін РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органы "Жизнь национальностей" газетінің 3 тамыздағы санында 1919 жылы жарық көрген.

А.Байтұрсынов аталған еңбегінде Алашорданың нағыз халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар Кеңестік Қазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесі және Орталықтағы биліктің (Кеңес үкіметі) өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен.

Арнайы  дайындалған  еңбек 1929 жылы жарық көрген Алашорда тарихына арналған қүжаттар жинағы болды. Оны баспаға дайындаған сол кезде ВКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко болды. Кітаптың алғысөзінде жәңе оған енген құжаттарға берілген құрастырушының түсініктемелерінде коммунистік идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысына теріс баға берілгендігіне қарамастан, онда жарияланған деректер арқылы оқырман Алашорда тарихының жекелеген кезеңдері мен оның қызметі туралы нақтылы мәліметтерден хабардар болды.

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздікке ие болу, егемен ел тарихына деген қызығушылықты арттыра түскені сөзсіз. Зерттеуші М.Қозыбаев Алаштану салаларын зерттеуді Алаш ұғымының тарихи негіздерінен бастауды көрсетті. Алаш ұлт-азаттық қозғалысының тарихын зерттеу ісіңдегі ең құңды еңбектердің авторлары: жаңа да батыл тұжырымдарымен Алаш қозғалысының табиғатына объективті талдау жасаған М.Қойгелдиев пен сонау 1960-жылдардан бері Қос төңқеріс пен Азамат соғысы, Кеңес билігінің орнауы және Алаш қозғалысының мәселесімен 30 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан, Алаш партиясы мен Алашорда тарихының ең өткір де зәру мәселелері бойынша бүкіл қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени даму контексінде салмақты да салиқалы тұжырымдар жасаған К.Нұрпейісов  болды. М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" атты көлемді еңбегіңде біздің зерттеу жұмысымызға қатысты қазақ зиялыларының Ақпан төңқерісіне дейіңгі және кейінгі қоғамдық-саяси қызметі, Құрылтай Жиылысының сайлауы мәселелері бойынша, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жергілікті жерлердегі органдары туралы, Алашорда мен Кеңес үкіметінің арақатынасы туралы құңды мәліметтер мен маңызды теориялық тұжырымдары беріледі. Автор Алаш қозғалысының тарихнамасына жан-жақты сын-талдау жасай келе, сол кезеңдегі ұлттық басылымдар мен Қазақстан, Ресей және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің архив деректері негізінде Алаш қозғалысының тарихи қорытындылары мен сабақтарын түйіндейді. Ал, К.Нұрпейісовтің зерттеу жұмысыңда Қос теңкеріс пен азамат соғысы кезіңдегі Алашорда үкіметінің сан-түрлі қызметінің - саяси, дипломатиялық, экономикалық, ел қорғау және тағы басқа мәселелерінің шешімін тапқызу жолыңдағы іс-әрекетіне, атқарған шараларына жан-жақты талдау жасалады. Сонымен бірге, Алаштану мәселесін зерттеу ісіңдегі бір ізділікті сақтау үшін жас зерттеушілерге бағыт-бағдарын айқындап береді.

Біз қарастырып отырған мәселеде қызмет атқарған жеке тұлғалардың өмірбаянынан, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасу және даму эволюциясы, қоғамдық-саяси жене шығармашылық қызметінің негізінде жазылған тарих, сол тұлғаның өмір сүрген заманының ерекшеліктерінен, қоғамының құндылықтарынан көп мағлұматгар береді. Ұлт-азаттық күрестің көрнекті өкілдерінің бірі - Жақып Ақбаевтың тұлғасын сомдап, ғылыми зерттеу негізінде оның көзқарас эволюциясы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты жазылған Мұхтар Құл-Мұхамедтің  еңбектерін айтуға болады. Ж.Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі арқылы Ақпан төңкерісіне дейінгі жөне одан кейінгі кезендегі қазақ зиялыларының отарлық жүйеге қарсы күресінен және автономияға жету жолындағы іс-әрекеттерінен мол мағлұмат аламыз.

М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегінде  пайымдауы бойынша, Алаш қозғалысының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты — қазақ елін отарлық езгідсн азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллигенцияны "ұлттық-демократиялық интеллигенция" деп, ал Алаш партиясын "ұлттық-демократиялык партия" деп атау шындыққа сай  келеді.

Алаш зиялыларының атқарған қоғамдық саяси қызметі және тағдыр— талайы туралы жүргізілген құнды зерттеулер қалың оқырманның ықыласына бөлеңді. Қазақстандағы Ақпан-Қазан төңкерістері жөне азамат соғысы жылдарындағы Алаш партиясы мен Алашорданың жекеленген мөселелері бойынша да зерттеулер пайда болды. Бүл зерттеулер отандық тарихнамамызға қосылған айтарлықтай үлес болып есептеледі.

Зерттеуші ғалым Н. Шаяхметовтың «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген еңбегінде қазақ зиялыларының азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі кеңінен зерттеліп қарастырылады. Және де бұл еңбекте ұлттық-демократиялық топ өкілдерінің қызметінің негізгі бағыттары анықталады. 

Алаш қайраткерлерін саяси қуғын-сүргінге ұшырату мәселесімен, әсіресе Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл жүйе негізінде Алаш қайраткерлерінің тарихын зерттеуте тарихшы Д. Махаттың қосқан үлесі зор болды. Д. Махаттың  еңбегінің құндылығы деректерінің молдығында. Зерттеуші Д. Махат ғылыми айналысқа Ресей архивтеріндегі Алаш қозғалысына қатысты құжаттарды қосуымен көрінді. Зерттеуші  саяси қудалау мәселесін жан-жақты қарастыруға зор серпіліс әкелді.

Қос төңкеріс жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық өзгерістер, түрлі деңгейдегі съездер жұмысы, қазақ комиттерінің қызметтеріне, мұсылмандық қозғалыс, Кеңес үкіметі мен Алашорда арақатынастары  т.б. мәселелер бойынша Сайлаубай Е , Мыңжасов Н, Слямов А, Мұсағалиева А, М. Ескендіровтің диссертациялық еңбектерінде жаңа, бүгінгі күн талабы тұрғысында бағалар беруге тырысуышлық байқалды, ғылыми әдістемелік сипатымен мәселелерді орынды көтеруімен ерекшеленеді.

       

Диплом жұмысының мақсаты:

Біріншіден, Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес Ол ұлтпен бірге өмір сүретін,  ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.

Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық.  Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда  Қазақ Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды.

Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамда халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Бүгінде нарықтық экономикаға бойлап енген халыққа Елбасы айтқандай, әлеуметшіл қазақтың, қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарының жағдайын бірдей ойлайтын билік керек.

Екіншіден, кез-келген мемлекеттің тірегі белгілі бір ұлт, барлық мемлекет осы жолмен қалыптасқан. Біз де сондай. Бүгінде халықаралық деңгейде кең таныла бастаған Қазақстан аталатын мемлекетке де өз атын берген де, сондай-ақ оның халқының басым көпшілігін құрап отырған да қазақ, яғни Алаш халқы.

Мұндай шындықты айту ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылданған заман да болды. Енді міне жаңа заманда қазақтың жоғын айтуды ұлтшылдықтың, солшыл радикализмнің көрінісі ретінде түсіндірудің қисыны жоқ.

Мемлекет халқының басым көпшілігі болғандықтан қазақтың қорланып қалған мәселелері де  аз емес. Ал оларды атап айту, оларға билік орындарының назарын аудару – бұл бұл жергілікті жұртқа артықшылықтар талап ету емес. Ортақ мемлекеттік жүйеде қазақ халқының түрлі талап-тілектері өз уағында және заман талабына сай деңгейде шешілсе болғаны. Алаш зиялыларынан бізге жеткен аманат та осы .

   

        Диплом жұмысының міндеттері:

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Қайшылықтың мейлінше асқынған тұсы - большевиктік билік орнаған жылдар. Мұның өзінде де қайшылықтарды ушықтырып, реті келсе қолдан ұйымдастырып, оған саяси рең бергендер қулығына құрық бойламайтын  мәскеулік ресми биліктегілер еді. Діттеген мақсатына жетті де.

Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Халқына қызмет етудің коммунистік нұсқасын таңдағандар – ұлтымыздың аяулы перзенттері неліктен және қалайша қателескенін қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдарымыз егжей-тегжейлі зерделегені абзал.

Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның үшімен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейхан, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз  етуге шақырды. «Есік  алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – і түрі жағынан  ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ  мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары