Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:38, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Работа содержит 1 файл

тн-руб.docx

— 86.41 Кб (Скачать)

Рекреациялық туризм шеңберінде этникалық, әлеуметтік және уикэнд түрлерін де бөлуге болады.

Көңіл көтеру мен демалу мақсатындағы саяхаттарға әлемдік туризмнің 70% келеді. Оларға сауықтыру, спорттық, танымдық мақсатындағы саяхаттар, шоп-турлар жатады.

Халықтың ең сүйікті демалыс  түрі бұрынғыдай шомылу-жағажай демалысы болып қала береді: бұл адам денсаулығы мен көңіл-күйін қалпына келтірудің ең жақсы әдісі болып саналады. Алайда, мамандардың болжауы бойынша, тәуекел мен шытырман оқиға элементтері  бар саяхаттар бірінші орынға шығуына байланысты, теңіз курорт сапарын жасау «сәні» өтіп кетіп, тауға аттану басталмақ.

Рекреациялық ағымдардың негізгі  бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка, Шығыс  Азия және Тынық мұхит аймағында  қалыптасады. Осы аймақтардың үлесіне  халықаралық шығу туризмінің 90% келеді. Туристерді «жіберуші» елдерге (70% дейін) Еуропа жатады. Негізінен Германия, Улыбритания, Франция, Чехия, Польша, Ресей, Румыния, Словения елдерінен көп  туристер саяхатқа шығады.

Еуропадан кейін екінші орында рекреациялық туристерді жеткізуші аймаққа Солтүстік  Америка жатады, әсіресе АҚШ, оның үлесіне туристік ағымдардың 15% түседі. Үшінші орында Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы, туристік ағымдардың 10% алады. Қазіргі кезде Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы шығу рекреациялық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан нарығы.

Іскерлік туризм – бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға және көрмелерге қатысу. Бұған барған елде лауазымды орны бар тұлғалар кірмейді. О.А.Смирнованың (2006) іскерлік туризмнің анықтамасы мынадай: «Негізгі мақсаты өздерінің күнделікті қоныстауы мен жұмыс орнынан өзге жерлерде өтетін іскерлік кездесулерде қатысу болып табылатын жұмыс уақытындағы орнын ауыстыру кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы». Іскерлік туризм – бұл туризмнің ең болашағы зор саласы.

Іскерлік туризм өзінің ағымдарын  қалыптастырады. Олардың негізгі  бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка  мен Оңтүстік-Шығыс Азияға келеді. Іскерлік туристерді қабылдайтын Еуропа мемлекеттердің алдынғы қатарында  Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария  орналасады. Еуропа Одағының астанасы болып есептелетін Брюссель (Бельгия) ерекше орын алады.

Іскерлік туризм нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті – конгрестік туризм. Конгресс дегеніміз бірнеше  жылда бір рет бірнеше мың  адамға шейін жиналатын пленарлық  отырыс түріндегі жиналыс. Әдеттегідей  осындай форумдарда жаһандық, әлемдік  маңызы бар мәселелер қарастырылады.

Альтернативалық туризм табиғи ортаға ең аз көлемде әсер ететін, және бұқаралық және коммерциялық туризмге қарама-қарсы болатын туризм. Альтернативалық туризмді «сәйкесті», «жұмсақ», «тепе-теңдік», «жауапкершілікті» және «жасыл» деп атайды. Альтернативалық туризмнің басты мақсаты – жергілікті тұрғындар қоғамдарымен қатынасқа кіру. Туризмнің бұл түрі жақсы даярлықты қажет етеді. Жеке және ұйымдастырылған альтернативалық туризм болуы мүмкін.

Экологиялық туризм (экотуризм) жақында ғана «жасыл» революция толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Арнайы әдебиетте экологиялық туризм табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға жергілікті жердің табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алу мақсатында жасалатын саяхаттар деп анықталады, сонымен қатар экологиялық туризм экожүйелердің біртұтастығын бұзбайды және табиғатты қорғау жергілікті тұрғындар үшін пайда әкелетіндей экономикалық шарттарды қалыптастыратын болады.

Экотуризмді кейде бұқаралық туризмге қарама-қарсы мағынада қарастырады, сондықтан әдеттегі туризмге қарағанда  оның негізгі белгілері мынадай:

– экотуризмнің басты нысандары болатын қайталанбас табиғи кереметтерінің бар болуы;

– туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

– басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;

– экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі экологиялық білім беру және экологиялық ойлауды қалыптастыру;

– бүкіл мемлекеттер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау.

Қысқа уақыт мезгілінде табиғатта  уикэнд жасаған кезінде демалудан  бастап табиғи жаратылыс тақырыбында  ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін, экологиялық туристер әртүрлі міндеттерді  орындайды. Соңғы жылдары экотуристер  әртүрлі қиын емес таза ауадағы жұмыстарға қатысады. Олар құстар мен басқа  жануарлар санын есептейді, сирек  кездесетін өсімдіктерді бақылайды, басқа  да осыған ұқсайтын жұмыс жасайды. Экотуристерді  қайталанбайтын өсімдік қоғамдастықтары  мен биоценоздар, мысалы экваторлық ормандар, жазғы тундра немесе көктемдегі шөл, өлі табиғат нысандары (үңгірлер, каньондар, таулар және т.б.), кейбір антропогендік  ландшафтар қызықтырады.

Экологиялық туризмнің диверсификациясымен  бірге оның туризмнің басқа туризм түрлерімен жанасуы байқалуда. Мысалы, іскерлік сапарлар кезінде қатысушылары ұлттық немесе табиғи-этнографиялық  саябақтарға барады, жағажайда шомылып  демалады немесе құры жай таза ауада  серуендеп қыдырады. Сөйтіп, экотуризм  шекараларын табу өте қиын. 

Альтернативалық туризм сияқты емес, экотуризм маркетинг зерттеулерін қажет етеді. Экотуризм шеңберіндегі рекреациялық шаралардың мысалы –  «bird watching», яғни құстарды олардың табиғи ортасында бақылау; «фото-сафари» (жануарларды cуретке түсіру).

Бүгінгі таңда экотуризм дамыған  елдермен бірге дамушы елдерде де сәнге айнала бастады. Экотуризмді  белсене насихаттайтын елдерге  Колумбияны, Соломон аралдарын, Малайзияны, Уганданы жатқызуға болады.

Квалификациялық (спорттық) туризм ең алдымен жақсы шынығуды қажет етеді. Квалификациялық туризмді спортпен теңдестіруге болмайды, себебі оның мақсаты – рекреация, денсаулық пен физикалық форманы сақтап қалу, өлкені жан-жақты білу болып табылады. Сонымен қатар квалифи-кациялық туризм мақсаты ең жоғары жетістіктерге жетіп бәсекелестерді жеңу болып табылады. Квалификациялық туризмнің ең сүйікті түрлері – желкен спорты, байдарка мен каноэ қайықтарында жүзу, виндсерфинг, альпинизм, дайвинг, спелеотуризм, аң аулау және т. б.

Жалпы айтқанда спорттық туризм туризмнің  қымбат түріне жатады. Онда қолданылатын құрал-жабдықтар қаражат қажет  етеді. Және де мұндай туристің белгілі  бір білімдері, дағдылары мен  ептілігі болуы қажет. Осыған орай, бір жағынан спорттық туризмді элита  туризміне жатқызуға болады.

Экстремалды туризм үнемі тәуекелмен, шытырман оқиғалармен байланысты. Қазір туризмнің осы сегменті әлемнің туристік нарығының 10% құрайды және бұл көрсеткіш өте жылдам өсуде. Лион университетінің география профессоры Ж.-М. Девайли «біздің қоғам жүйкені қытықтайтын көңіл көтеруді есірткі сияқты қажет етеді», – деп есептейді. Экстремалды туризм скейтбординг, сноубординг, скайсерфинг, треккинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг сияқты спорт түрлерімен тығыз байланысты.

Ауыл туризмі – бос уақытты ауылды жерде өткізу. Оның ерекшелігі – ауыл пейзажы мен ауылды жерге тән үйлер мен жайлардың болуы. Ауыл туризмінің инфрақұрылымын ауылды жерде орналасқан пансионаттар, паналар, шағын отельдер, жекеменшікті үйлер, қонақ жайлары (бөлмелер), кемпингтер құрады. Ауыл туризм түрлеріне ауыл аумақтарында өткізілетін, жергілікті жағдайларға лайықтанған және жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдаланатын барлық түрлерін жатқызуға болады.

Ауыл туризмінің бір шағын түрі – агротуризм. Агротуризм дегеніміз ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қонақтарды қабылдаумен байланысты іс-әрекет түрі (И. Ендрейчик, 1995). Агротуризм ауыл шаруашылығымен, ауыл шаруашылық кәсіпорны жұмысымен тығыз байланысты. Мұнда туристердің ауылды жерге оларды итермелейтін түрткісі – мал өсіруге, егістікпен айналысуға деген қызығушылығы.

Ауыл туризмінің, оның ішінде агротуризмнің  қасиеттері мынадай:

- таза тамақ;

- бұзылмаған, таза табиғат;

- тыныштық;

- ауыл өмірімен, фольклормен танысу, малмен айналысу,

- ауыл шаруашылық жұмыстарын өз қолымен жасау.

Агротуризмнің тағы бір жақсы жері – жұмыссыздықты азайту, жаңа еңбек  орындарын қалыптастыру. Мұндай әсері  тікелей және жанама болуы мүмкін.

Тікелей жасайтын әсері – агротуристік шаруашылық иесі туристерге қызмет көрсетуге  арналған әрекеттер жасайды, мысалы:

- пәтерін жалға беру және тамақтандыру;

- жол көрсетуші жұмысы (арба, велосипед қолданып немесе жаяу жүру);

- туристерге көлік қызметін көрсету;

- туристік құрал-жабдықтарды жалға беру (қайықтар, велосипел, моторлы қайық және т. б.);

- атқа мініп жүруді, жүзуді үйрету;

- механик қызметтері (өз көлігімен келген туристерге);

- күзет, мүлікті сақтау қызметі;

- балаларын күтіп, қарау және т.с.с.

Жанама түрдегі әсер:

- туристердің келуінен болатын ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсуі;

- туристер үшін азық-түлік, жартылай фабрикаттарды, басқа бұйымдарды алдын ала даярлап қою;

- жалға берілетін пәтерлер мен үйлердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- сауданың дамуы;

- туристер келетін аумақтарда тазалық сақтау мен реттеу жұмыстарының қажеттілігі;

- көркем қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың өсуі;

- ақпараттық, дистрибьюторлық, промоушн сияқты қызметтердің дамуы, мысалы, картосхемалар мен буклеттерді шығару, агротуристік бюролар мен агенттіктердің пайда болуы және т.с.с.

Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінажат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады. Олардың ішінде ең алдымен мінажат ету сапарларын атау керек. Бұл қасиетті діни орталықтарына бару болып табылады. Ең ірі үш монотеистік дін мінажат етушілері үшін қасиетті жер – Иерусалим. Еврейлер мұнда Інжіл жерлерін, жылау қабырғасын, Ғибадатханалық тауын көру үшін келеді. Христиандар Иеруалимді Исаның жердегі баспанасы ретінде мойындайды және Құдай Бейітіне тізе бүгу үшін келеді. Мұсылмандардың осындағы қасиетті орындары – Омар, аль-Акса мешіттері және т. б. Алайда мұсылмандардың ең басты қасиетті «хадж» (қажылық) орталығы – Мұхаммед пайғамбар туған Сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы католиктер Рим папасына Ватиканға барады. Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.

Мәдени туризмі. Мәдениет пен туризм бір-бірімен өте тығыз байланысты. Туризм мәдениет объектілерін қорғайды, байытады және насихаттайды, мәдениет болса туризм дамуына өз септігін тигізеді. Мәдени туризм – бұл ойдағыдай мәдени құндылықтарына ие орындарын: мәдениет, тарих пен сәулет өнері ескерткіштерін; археологиялық ескерткіштер мен қазбаларды; атақты тұлғалармен байланысты орындарды; мұражайларды, көрмелерді және т. б. көріп шығу. Мәдени туризмі ең жақсы дамыған елдер – еуропалық мемлекеттер. Басқа елдер арасынан Израиль, Үндістан, Қытай, Мексика, Жапония сияқты елдерді бөліп атауға болады.

Уикэнд туризмі (мерекелік  туризм). Бұл туризмнің ең сүйікті түрлерінің бірі. Жұмыс орны мен тұратын жерінен тыс, бірақ онша алыс емес жерде демалу қажеттілігінен туындайды. Уикэнд туризмі ұйымдастырылған (топтық) немесе жеке уикэнд туризмі болуы мүмкін. Туристер әртүрлі көлік құралдарын, ең алдымен меншікті автомобильдерін пайдаланады. Туризмнің бұл түрі өте жиі «екінші баспанаға» бару түрінде өтеді.

Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді. Туристік қызметтердің сапасы мен көлеміне қойылатын қосымша  талаптарының және қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен формаларының, сондай-ақ туризмнің жаңа түрлерінің пайда  болуына байланысты туризм классификациясы  жетілдіріледі және толығымен мәреге жетті деп оны есептеуге болмайды.

 


Информация о работе Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері