Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:38, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Работа содержит 1 файл

тн-руб.docx

— 86.41 Кб (Скачать)

Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұратын туризм түрі. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм тенденциясы күшейетін сияқты.

Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл  деңгейінің өзгеруі нәтижесінде  туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге ұшырауда. Қимыл  сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдас-тырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді. Туризмнің  материалдық-техникалық базасы бірте-бірте  жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланысты туристердің бірнеше жерде болу уақыты ұзарып, есесіне бір жерде  болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың  кеңістіктегі кеңеюі және аумақтық еңбек  бөлісінің тереңдеуі байқалады.

Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу  әдістемесіне, оның ішінде рекреациялық ресурстарға баға бергенде әсер етеді. Мысалы, автомобиль жолының айналасындағы  пейзаждардың әртүрлілігін бағалау  оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда  көріністер жиірек ауысып тұрғаны жөн.

Маршруттық туризмді жалпы туризммен жұрт жиі теңестіреді. Маршруттық туризм спорттық (квалификациялық) немесе әуесқойлық, яғни жай ғана сауықтыру мақсатындағы туризм болуы мүмкін. Өтетін кедергілер сипатына қарай әдетте ол жазықтағы туризм және тау туризмі болып бөлінеді. Рекреацияның осындай түрі адамның кедергілерден өту, табиғатпен күресу, оған жақын болу ынтасына негізделеді. Маршруттық туризм танымдық өлкетану туризмімен, жастардың патриоттық қозғалысымен тығыз байланысты. Пайдаланатын қозғалыс әдістері бойынша маршруттық туризм жаяу, мототуризм және т. б. болады. Қамтитын ауқымы бойынша жергілікті (елді мекен айналасындағы), аймақтық, жалпымемлекеттік маршруттық туризм болады.

Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дамып келе жатыр. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғы спорты, каноэда ескекпен жүзу, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған.

Су астындағы жануарлар мен өсімдікті суретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі (дайвинг) әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Мысалы, жерортатеңіз елдерінде жақсы дамыған су астындағы археологиялық туризмнің танымалдық сипаты айқын. Мұнда туристер су астындағы антикалық порттардың қалдықтарын тамашалайды. Тропик елдеріндегі коралл рифтеріндегі су астындағы туризмнің де болашағы бар.

Балық аулау туризмнің сүйікті түрлерінің бірі болып табылады. Мысалы, АҚШ халқының рекреациялық тауарларына жұмсайтын шығындарының ішінде балық және аң аулау саймандарына жұмсайтын қаражатының үлесі 26% құрады.

Аң аулау туризмі ең алдымен табиғат ортасындағы демалыс мақсатында іске асырылады. Фото-кино-аң аулау туризмі оның танымдық түріне жатады. Аңшылық қазіргі кезде жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне орай қатал ережелерге бағынуы қажет. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрінің бірі – аң аулау туризмі. Африкадағы сафари әсіресе қымбат тұрады. Қалтасы қалың шетелдіктер Африка, Азия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Аустралия елдеріндегі аңшылық зонала-рына қызығушылық көрсетуде. Аңшы туристердің үлкен жігі осы елдерге өздерінің аңшылық жерлері азып кеткен, халқы тығыз елдерден: Франциядан, Италиядан, Бельгиядан, Швеция-дан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан келеді. Аңшылық туризм шетел валютасы көзі ретінде кейбір бұрынғы социалистік елдерде дамып келе жатыр.

Соңғы жылдары тау шаңғы туризмі жылдам дамуда. Жақсы дамыған қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған арнайы тау шаңғы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда. Рекреациялық-спорттық туризм түрлері табиғи-аумақтық кешендерге жоғары деңгейдегі талаптарды: өтуге арналған кедергілердің саны мен қиындығы, тау шаңғы трассаларына қойылатын талаптар және т.с.с. қояды.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз.

Туристік ағындардың ритмі бойынша  туризм жылдық және мезгілдік болып  бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады.

Мезгілдері мен ырғағына қарай  туризм жыл бойындағы (үнемі) және маусымдық болып бөлінеді. Біріншісі – туристік аудандарға немесе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп тұрса маусымдық туризм деп айта аламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы және маусымаралық туризм болып бөлінеді.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; ә) жастар туризмі; б) ересектер туризмі. Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризміне бөлуге болады.

Әлеуметтік құрылымы бойынша а) қала тұрғындарының туризмі;ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі болады.

Туристердің сапар желісінде орналасуы  бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типтес және ә) қонақ үй типті емес туризм.

Туристік саяхат мақсатына қарай  туризм келесідей: а) рекреациялық, ә) экскурсиялық және б) мамандандырылған немесе арнайы туризм болып бөлінеді. Рекреациялық туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық және балшықпен емдеуден тұратын курорттық емдеу туризмі мен демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық туризміне бөлінеді. Экскурсиялық туризм – табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм – арнайы бағдарлама және маршрут бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын адамдар қатысады.

Қозғалыс әдісі мен көлік  құралдарын қолдану бойынша туризмнің  үш тобы бөлінеді: а) белсенді (көлік құралдарынсыз); ә) пассивті (моторлы көлік құралдарын пайдалануымен, бұл топтың бір бөлігі көлік туризмі деп аталады); б) моторсыз көлік құралдарын қолданатын туризм түрі.

Осындай белгілер бойынша жасалған жіктелу, әрине, шартты түрдегі жіктелу  екені түсінікті. Мұнда ең басты  белгіні тауып анықтау маңызды.

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен (жеке), автобуспен, авиациялық (рейс немесе чартер), темір жолмен, теплоходпен (теңіз, өзен, көл кемелері) саяхат жасау болып бөлінеді.

Дүние жүзіндегі жолаушылар тасымалының  бір ширегі автомобиль көлігінің  үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70% өз көліктерімен саяхаттайды (50-ші жылдары  бұл көрсеткіш 25% болған), АҚШ-та бұл  көрсеткіш 90% құрайды. Алыс емес жерлерге туристерді көбінесе автобус көлігі тасымалдайды, алыс және өте алыс жерге  – авиация көлігі. Мысалы, атлантикалық желілерінде авиациялық тасымалдың дамуы нәтижесінде теңіз жолаушылар тасымалы күрт азайды.

Чартерлік авиациялық тасымал қазір  кең қолданылады. Чартерлік ұшақ дегеніміз бір немесе бірнеше  тасымалға жалданған ұшақ. Чартерлік  ұшақтармен инклюзив-турлар, яғни алдын ала келісілген маршрут бойынша көлік шығындары күні бұрын төленген топтық туристік саяхаттар іске асырылады.

Туристік темір жол тасымалының  маңызы төмен, әсіресе аумағы кішкентай  елдерінде. Дегенмен темір жол көлігі жайлылығын жоғарылату мен жылдамдығын 200-250 км/сағатқа шейін жеткізу  арқылы бәсекелестікте жеңу әрекеттерін  жасауда. Темір жол көлігіне инклюзив-турлары  да енгізілуде. Рекреа-цияның туристік пойыз сияқты формасы кең тараған. Сонымен қатар, темір жол тасымалының  арзан бағасы да маңызды рөл ойнайды.

Теңіз көлігінің паромдық тасымалдағы, оның ішінде туристердің автомобильдерін  тасымалдауындағы рөлі жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде круиз туризмі де шапшаң дамуда. Круиз дегеніміз – бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау.

Круиз маршруттары көбінесе жылы теңіздерге қарай бағытталады. Жерорта теңізі бойынша, оның ішінде Грекия аралдарына жасалатын круиздер ең жақсы дамыған. Екінші орында Кариб ауданы орналасады, онда алдынғы қатарда Багам аралдарындағы  круиздер. Скандинавия елдерінің  порттары да артта қалмайды. Тынық  мұхит алқабында да круиздер саны өсуде. Круиздік кемелерін шығару бойынша  бірінші орында Нью-Йорк порты орналасады. Круиздік туризммен айналысатын алдағы қатардағы елдер – Англия, Норвегия, Грекия, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашқыда барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, одан түсетін  кіріс туристік мекемелердің жұмысының  басты нәтижесі болды. Табыстарын көбейту  үшін туристік фирмалар мен агенттіктер  өз шығындары мен туристік өнім арасындағы оңтайлы баланс іздестіреді, сондықтан  олар ұсынатын тауарлар мен қызметтер  табыстары жоғары немесе орташа тұлғаларға арналған.

Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы мағынадағы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Оның негізгі қағидалары мынадай: қоғам мүшелерінің барлығын табыстары шамалы таптарды туризм аясына тарту арқылы қамтамасыз ету; табысы аз адамдар туризмін қолдау мен үкіметтік, қоғамдық, муниципалдық және коммерциялық құрылымдардың оның дамуына белсене қатысу. Сонымен, әлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

Әлеуметтік туризмнің дамуында зейнеткерлер кассаларының арнайы қорлары, кәсіподақтар, зауыт комитеттері, орталықтандырылған қаржы көздері беретін төлемақыларының  маңызы жоғары.

Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға  ғана емес, туристік мекемелері үшін де өте тиімді. Демалыс чектерінің енгізілуімен бірге олар өз нарығын кеңейтеді  және көрсеткен қызметінің өтілу  кепілдігіне ие болады. Бұл бағытта  мемлекеттің қаржылық, жеңілдетілген  салық және несиелік саясаты жүргізіледі.

Осындай жүйе табысы төмен тұлғалардың  көптеген топтарын қамтиды. Басынан  бастап бұл жүйе қол еңбегімен  айналысқан біліксіз жұмысшылар үшін құрылған, сондықтан оны жұмысшылар туризмімен теңестірген. Бірақ уақыт  өте бере оның әлеуметтік базасы кеңейді, енді бұл жүйе қызметін әртүрлі қоғам  мен жас мөлшер сатыларына жататын  топтар пайдаланады.

Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық органдардың  табысы төмен халық топтарының демалысын  ұйымдастыруында қатысуы нәтижесінде  әлеуметтік туризм қоғам өмірінің коммерциялық туризммен салыстыруға келетін  құбылысқа айналды.

Қазіргі кезде бұқаралық туризм ұғымы туристік қозғалыстың демократиялануы мен кеңеюін көрсетеді. Жақсы дамыған Батыс индустриалды елдерінде халқының жартысынан көбі туристік өнімнің, яғни туристік тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары болып табылады. Бұқаралық туризм ұғымы ХІХ ғасырдағы ақсүйектер туризміне қарама-қарсы түсінік ретінде енгізілді. Ақсүйектер немесе аристократиялық туризм тұтынушылардың өте жұқа таптарына арналған, ал дамушы елдерінде өмір деңгейі өте төмен болғандықтан бұл жергілікті тұрғындардың қолы жетпейтін туризм түрі.

Бұқаралық туризмге тағы бір қарама-қарсы  мағынасы бар түсінік – қалтасы  өте қалың клиенттерге арналған элиталық туризм. Бұлар үшін туристік нарықтағы бағалар маңызды емес, бірақ ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету сапасына олардың қоятын талаптары өте жоғары. Элиталық туризмнің дамуы бүкіл туристік бизнеске ықпал жасайды, қызмет көрсетудің жаңа жоғары стандарттарын бекітіп таратады және нәтижесінде қалай да болса халық өмірі деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Элиталық туризм сондықтан «туристік локомотив» деп құры жай аталмаған.

Рекреациялық туризм. Туристік сапар жасау түрткілерінің ең бастысы – демалу. Әрине, бұл ең алдымен әдемі жерлерде, яғни туристік аттрактивтілігі жоғары жерлердегі (теңіз жағалауы, таулар, көлдер мен өзендер сияқты) жүйелі демалыс, уикэнд кезінде жанұясымен бірге демалу.

Рекреациялық туризмге демалыс  пен уикэнд өткізу, спорт пен рекреация, мәдени шаралар, туған-туысқандарға барып  шығу сияқты мақсаттарда жасалатын  саяхаттар жатады.

Ең жиі кездесетін рекреациялық шаралар мынадай: пассивті демалыс, жағажайда болып шомылу, су спорты, серуендеу, теннис, волейбол ойнау, велосипед  тебу сияқты демалыс.

Информация о работе Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері