Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:38, реферат
Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.
Туристік шаруашылықтың коммуникация базасын көлік пен байланыс желісі құрайды. Көлік болмаса туризм де жоқ.
Қосалқы база келесі қызмет түрлерін: табиғаттың байлығын пайдалану (жағажай мен суға түсетін орындарды абаттандыру және т. б.); спортпен айналысу; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристік жабдықтар мен сувенирлерді өндіру; ақпарат қызметтерін және т. б. ұсынады. О. Рогалевский (1974) қосалқы базасында нысандар мен қондырғылардың төрт түрін:
- туристерге туристік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін;
- туристік саяхаттарды жасауды жеңілдететін;
- көңіл көтеру;
- қызмет көрсету
түрлерін бөліп атайды.
Бірінші түріне жаяу серуендеу орындары; тау, жазық, су маршруттары; спорт алаңдары; стадиондар, теннис корттары, бассейндер, шаңғы мен шана трассалары, айлақтар, көрініс алаңшалары және т.с.с. жатады.
Екінші түріне туристік және экскурсиялық бюролар, саяхат бюролары, туристік ақпарат орталықтары, туристік құрал-жабдықтарын жалдау және сақтау орындары, автотұрақтар және т.с.с. жатады. Мысалға, саяхат бюролары сапарға шығуды ұйымдастырады, түнеу орындарын, көлік билеттерін сату мен резервілеуде делдал болады. Сол сияқты, басқа ұйымдар туристерге гид, экскурсия жүргізуші, топ жетекші қызметтерін ұсынады. Туристік ақпарат орталықтарында туристерге брошюралар, буклеттер, карталар, саяхат ауданы жөніндегі мәліметтер беріледі.
Қызмет көрсету қондырғылары мен нысандары:
- сауда нысандары (туристік құрал-жабдықтарды, сувенирлерді, прессаны, туристік басылымдарды, туристік киім, санитария мен гигиена тауарларын және т. б. сататын дүкендер);
- шеберханалар (фотоқызмет, шаштараз, тұрмыс қызметтері және т. б.);
- инфрақұрылымдық (банк, сақтандыру агенттіктері, пошта, телеграф, телефон, дәріханалар, тау және судағы құтқару станциялары және т. б.) объектілер.
Туристік инфрақұрылым нысандарының қажеттілігі уақыт өте және талғам мен сән талаптарына сәйкес өзгеріп тұрады. Туристердің талаптарына сай көпфункционалды орталықтардың саны өсуде. Олар туристерге көптеген мәдени-көңіл көтеру, спорттық және басқа да шараларын ұсынады. Туристердің сұранысын өтеу үшін осыған сәйкес базаның құрылуы кең көлемдегі қаржыны қажет етеді.
Бұқаралық туризм
дамуының теріс салдарларының
Туристік
кеңдік ресурстардың азып кетпейтіндей
адамның физикалық және психоэмоционалды
күштерін қалпына келтіруге жеткілікті
көлемде пайдалану
А. Костровицкий (1997) бойынша аумақтың туристік сыйымдылығы – бұл түнеу (түнеу орындарының саны), тамақтандыру (отыру орындары, тағам саны), қосалқы базалардың (орын саны немесе ауданы) сыйымдылығы. Сыйымдылық дегеніміз туристік база нысандарының туристік қызмет көрсету сапасын төмендетпей қабылдай алатын туристердің максималды саны болып табылады.
Туризм географиясының тағы бір негізгі ұғымы – жергілікті жердің немесе нысанның «туристік аттрактивтілігі» (тартымдылығы). Бұл күрделі ұғым. Объективті табиғи жағдай мен ресурстармен (табиғи және әлеуметтік-экономикалық) бірге туристік аттрактивтілікті бағалаған кезде субъективті психоло-гиялық фактор маңызды рөл ойнайды. Сөйтіп, бұл аумақ немесе объектінің интегралдық сипаттамасы; ол нысанның объективті табиғи және әлеуметтік-экономикалық құндылығы мен олардың сезімге жасайтын әсерін, яғни олардың субъективті эстетикалық құндылығын ескереді, және мұнда эмоциялық аспект басты рөл ойнайды. Туристік тартымдылық ұғымының туристік сұраныс ұғымымен біршама ұқсастығы бар.
Рекреацияның шаруашылық әулеті аумақты
рекреациялық мақсатта игеру үрдісі
кезінде қалыптасады. Осыған орай рекреациялық
игеру мен рекреациялық игеру
деңгейі ұғымдарын енгізу қажет
болды. Рекреациялық игеру – кез
келген рекреациялық шараларды өткізу
үшін территорияны дайындау үрдісі. Аумақтың
рекреациялық игерілу деңгейі – аумақтық еңбек бөлісі
үрдісіндегі рекреацияның шаруашылық
әулетінің деңгейі болып табылады. Бұл
жағдайда белгілі аумақтың игерілу деңгейі
рекреациялық ресурстар мен рекреациялық
жүктемелердің физиологиялық-психологиялық-
Аумақты туристік қозғалыс қажеттіліктеріне лайықты қылу әрекетінде үш негізгі тенденция байқалады: 1) келушілердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін аумақты қорғау мен бейімдеу; 2) көлікпен қол жетерлікті қамтамасыз ету; 3) туристерге арнайы қызмет көрсететін мекемелер арқылы қолайлы жағдай жасау. Осының барлығы «туристік шаруашылық» немесе «туристік инфрақұрылым» ұғымдарына жатады.
5. Туризм географиясы ғылым ретінде.
Туризм географиясының зерттеу облысы
Табиғи ортамен, қоғаммен және оның әлеуметтік-шаруашылық іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандығынан туризм географ-зерттеушілерді ертеден-ақ қызықтыра бастаған.
Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, әр түрлі географиялық пәндердің, әсіресе халық және көлік географиясы шеңберіне кірген еді. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жүмыстарын едәуір жылдамдатып, олардың теориялық және әдістемелік негіздерін құрай бастады. Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пәні – туризм география-сының бөлініп шығуына әсерін тигізді.
Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм географиясын қоғамдық-географиялық пән ретінде қарастыру қажет, оның оқу объектісі – туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мәселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пәндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында – 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор В.С. Преображенский болды. Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына және соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пәнін құрайды. Туризм, халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорттық, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты. Бұрынғы КСРО-да басқару шағын салаларға – курорттарды басқару бойынша орталық кеңес, туризм және экскурсия бойынша орталық кеңес, «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы, «Интурист» бүкілодақтық акционерліқ қоғамы және басқалары жатты. Осындай шағын салалардың әрқайсысы өзінің мекемелерімен, басқару органымен, жоспарлау бөлімімен, материалдық-техникалық базасымен біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп тұрды. Бірақ, олардың мекемелері ортақ табиғи ресурстарын, бірыңғай технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын қолданды, сонымен қатар халық шаруашылығының өзге салаларына бірдей әсер етті. Сондықтан жоғарыда айтылған шағын салаларды тұтынушылар бір-бірін толықтыратын жүйе ретінде қарастырды. Сондықтан жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап тұру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым болып табылады.
Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты – туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілерін ескере отырып, туризмді басқарудың теориялық негіздерін құрастыру. Туристік-географиялық зерттеулер туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаған жерлерді де қамтиды.
Сонымен, туризм географиясы туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа және оның шаруашылық кешенінің қалыптасуына туризмнің әсерін; туризмнің дамуынан туындайтын және қоғамның шаруашылық іс-әрекетіне әсер ететін аумақта болатын құбылыстар мен үрдістерді қарастырады. Міне, осыған байланысты, туризм географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттер қойылады. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971 ж. Б.Б. Родоман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты – басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, аумақты үнемдеп пайдалану, табиғатты қорғау және ландшафтардың рекреация үшін сұлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандардың типтік моделдерін жасау, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу». Рекреациялық және туристік ресурстар ұғымдары тектес, бірақ біріншісі екіншісінен кеңдеу және туристік ресурстар рекреациялық ресурстарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризм ресурстарына керемет көп нысандар: сулар, таулар мен ормандардан бастап сәулет өнері мен өндірістік-шаруашылық нысандарына дейін – кіреді.
Табиғи ресурстарының жарамдылығы, демалыс пен туризм мақсатында аумақтарды таңдау және қорғау ел аумағын пайдалану аудандарына дұрыс бөлінуімен, яғни халық шаруашылығының ұтымды құрылысын анықтаумен тығыз байла-нысты. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің ұлғаюына және осыған байланысты табиғи ортаның өзгерістеріне, урбандану үрдісі салдарынан халықтың рекреациялық белсенділігінің өсуіне байланысты, бұл мәселе ерекше маңызға ие болып тұр.
Рекреациялық
баға тек қана табиғи ресурстарына
емес, сонымен қатар әлеуметтік-
Әртүрлі дәрежедегі ТРЖ-ді олардың мамандандырылуы мен шоғырлануын негіздеу, құрамындағы жүйелер арасындағы өзара тәуелділіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерінің де маңызы жоғары.
Жоспарлап реттеудің тәжірибесі жағынан туризм географиясының маңызды мәселелерінің біреуіне оның болжам жасау функциясы жатады. Туризмді дамыту облысында түрлі моделдерді қолданып туристік қозғалысқа болжам жасау қажет. Халық табысы деңгейінің өсуі, көліктің дамуы, урбандану үрдісі, бос уақыттың көбеюі туристік қозғалыстың құрылымына қатты әсерін тигізеді.
Туристік
қозғалысты басқарудың факторы –
туристік шаруашылықты дамыту саясаты
болып табылады. Осындай саясат туризмнің
экономикалық және әлеуметтік аспектілерін,
табиғат қорғау шараларын ескеруі
қажет. Бұл саясаттың мағынасы –
рекреация мен туризмдегі тұтыну
категориясы ретіндегі
Табиғи ортаның қасиеттері мен туристік қозғалыс, оның ішінде халықаралық туризм жасайтын экономикалық эффект арасындағы ұтымды пропорцияларын анықтап орындау өте маңызды мәселе екені түсінікті. Осындай тәуелділікті анықтау үшін қызмет көрсету аясындағы еңбекпен қамтылу, халықтың туризмнен түсетін табысы, туризм дамуынан болатын шаруа-шылық құрылымындағы өзгерістер, материалдық игіліктің өсуі, туризмнің халық шаруашылығындағы орны сияқты мәселелерін зерттеу қажет.
Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне көп орын бөлінген.
Сонымен, туризм
географиясының алдында бірқатар міндет
қойылады, олардың ішіндегі ең бастылары
– гносеологиялық (танымдық) және конструктивтік
(өзгерістер енгізуші). Аумақтың туризммен
айналысуға жарамдылығын, оның формалары
мен маусымдық сипатын, туризмнің
аумаққа тигізетін әсерін ескере
тура географиялық зерттеу, туристік өнімдердің
кеңістікте топтастырылған туристік сұраныс
пен ұсынысты зерттеу үлкен маңызға
ие. Туристік аумақтардың тұрақты
және қауіпсіз дамуы стратегияларын
негіздеуде, туризмнің кешенді
Туризм географиясының тағы да бір
міндеті туризмнің аумақты
Әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның
бөлігі ретінде туризм географиясы
мәдени-ағартушылық, тәрбие, білім беру
міндеттерін орындайды. Сонымен
қатар, туризм географиясының ерекше маңызды
функциясы халықты аумақтардың
туристік-әлеуметтік жөнінде хабардар
қылу болып табылады. Туризм географиясы
туризмнің түрлері мен форма-