Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:38, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Работа содержит 1 файл

тн-руб.docx

— 86.41 Кб (Скачать)

Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет  етеді.

Ең алғашқы  «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының  статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске  ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық  туристік ұйымдар одағының (РТҰХО) жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халық-аралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм бойынша парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория және тәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.

Халықаралық туризм мен саяхаттар бойынша  БҰҰ конференциясында (Рим, 1963) «туристер» ұғымына ел жерінде бір тәуліктен  ұзақ уақыт болатын тұлғаларды жатқызды, және де олардың түрткілері (мотивтері) демалыс, емделу, танымдық мақсаттағы саяхаттар немесе іскерлік не жанұялық кездесулер болып түсінілген.

1937 жылы «халықаралық  туризм» ұғымы, ал 1953 жылы «халықаралық  келуші» ұғымы енгізілді. Қазіргі  кезде 1991 жылы Оттавада өткен  туристік статистика бойынша  халықара-лық конференциясында қабылданған  анықтамалар қолданылады.

«Турист»  ұғымы XVIII ғасырдың соңынан бері, Польшада – 1847 жылдан бері белгілі (Варшиньска, Яцковский, 1978). «Турист» анықтамасының  қандай үлкен өзгерістерге ұшыра-ғанын  көрсету үшін, сол кездегі анықтамасын  тағы да келтірейік: «Туризм – континент (Еуропа) ЖОО-на (Франция, Италия, Германия) баратын ең жоғары қоғамға жататын  ағылшын жастарының саяхаттары...».

Қазіргі кездегі  анықтама бойынша турист ең болмағанда бір рет түнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақыт пен  демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа  туристік мақсаттарға жатқызуға  болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын және мақсаты барған жерінде ақылы жұмыс істеу болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады.

«Уақытша  келушінің» нақтылы анықтамасын  С. Медлик береді (1995). Осы автордың пікірінше, уақытша келуші деп  өзінің тұрақты елінен басқа елге келетін, өзінің күнделікті белсенділік аумағынан тыс шығатын немесе өзінің тұрақты қызметі аумағынан тыс 12 айдан аспайтын мерзім бойы саяхат жасайтын, ал басты мақсаты болған аумақ қаражатынан өтелетін қандай да болмасын жұмысты орындау болып табылмайтын кез келген тұлғаны айтамыз.

Туристер  де, экскурсанттар да ішкі және шетелдік (халықаралық) туристер (экскурсанттар) болып бөлінеді. Мұнда ішкі немесе халықаралық келуші деп атала  алмайтын тұлғаларды белгілеу қажет. Ішкі келушілерге:

- өз елінде басқа жерге көшіп кету үшін келгендер;

- табыс табу үшін келгендер;

- жұмыс немесе оқу орны болып табылатын көршілес жерге өте жиі баратындар;

- ел аумағында уақытша жұмыс істейтіндер немесе әскери маневрларда қатысатындар;

- көшпелілер және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғалар.

Халықаралық келушілерге жатпайтындар:

- иммигранттар немесе эмигранттар;

- шекаралық қызметкерлер;

- дипломаттар, консулдық қызметкерлер, әскери қызметшілер;

- қашқындар мен көшпелілер;

- транзиттік жолаушылар

жатпайды.

ЮНВТО қабылдаған саяхатшылар жіктелуі суретте көрсетілген. Жіктелу қағидасы мен саяхатшылардың арасында туристерді бөліп көрсету  критериі – шетелде болу мақсаты (түрткісі). Сапар мақсатына қарай  саяхатшыар екі үлкен топқа бөлінеді.

Бірінші топқа  туристік мақсатпен сапар шекпейтін  адамдар жатқызылады. Бұлар шет  елдерге ақша табу мақсатында кәсіби әрекетпен айналысып жүретін  адамдар, яғни шет елдерге барып  жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс  істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көршілес шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенде қалушылар. Екінші топқа жататындар – уақытша  келушілер, яғни туристік мақсатпен  саяхат жасаушылар. ДТҰ-ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: көңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау және басқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит және т. б.).

Осындай жіктелу  саяхатшылардың екі тобының экономикалық сипатын көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан шетел мемлекетінің шаруашылығында істейтін және бірінші топқа жататын  тұлғалар тауарлар мен қызметтерді  яғни сол елдің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) өндіреді. Өз еңбегін өтейтін  ақшасын өз еліне әкеледі. Сондықтан  шетел азаматарының елде жұмыс істеуі елден валютаның кетуімен және де өз еліне ақшалай табыстың келуімен байланысты.

Екінші топқа  жататын саяхатшылардың біркелкі болмауына, саяхаттың әртүрлі ұзақтығына, сапар  географиясына, қозғалыс әдісіне қарамастан осылардың барлығы «уақытша келушілер» деп аталады. Бірінші топ өкілдерінен  бұлардың айырмашылығы – олар уақытша  болған елдің ұлттық өнім тұтынушылары болып табылады. Уақытша келушілердің туристік сапар ұйымдас-тыруға және саяхат кезіндегі жұмсайтын ақшасы қабылдаушы ел мен оның салаларының  экономикасында маңызды орын алады.

Туристік  саяхат жасаушылар қандай мақсатпен  шетелдік сапарға аттанса да, өз елінен қабылдаушы елге ақшасын әкеліп оның бюджетін толықтырады. Сондықтан  оларды бір топқа біріктіру, бірінші  топ тұлғалары сияқты, экономикалық көзқарастан өте дұрыс болып  көрінеді.

Дегенмен, уақытша  келушілердің барлығын турист деп атай алмаймыз: мұнда – тұратын жерінен  тыс болу уақыты маңызды. Саяхаттың  ұзақтығына қарай уақытша келушілер  «таза» туристер және экскурсанттар  болып бөлінеді. Турист – бұл  бір тәуліктен артық және бір  жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап  жүрген адам. Туристік мақсатпен келген, бірақ белгіленген уақыттан ұзақ мезгілге қала беретін адам (одан ұзақ уақыт болуға рұқсат берілмесе немесе жылдық рұқсаты жаңадан ұзартылмаса) қазіргі стандарт бойынша тұрақты  тұрғындарға жатады.

Экскурсант  – түнеуге қалмай белгілі бір  жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Саяхатшылар классификациясында олар бөлек категорияға бөлінеді, бірақ арнайы әдебиетте олар кейде  туризмнің бір бөлігі ретінде  қарастырылады, ал экскурсанттар туризм статистикасында есептеледі.

Айтып кететін  жағдай, туристік атау сөздер толығымен  өңделіп бітпеген. Сондықтан рекреациялық география мен туризм географиясындағы кейбір анықтамалар, ұғымдар мен  қағидалар екіталай. Дегенмен алдымыздағы  басылымда авторлар зерттеушілердің  көпшілігі ұстанатын көзқарастарға  сүйенеді.

Демалыс пен туризм дамуының басты  шарты – әлем, мемлекет, аудан  ауқымында қарастырылатын рекреациялық потенциалдың болуы. Рекреациялық потенциал  дегеніміз белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға  және дамытуға арналған табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа  да жағдайлардың жиынтығы. «Рекреациялық  потенциал» түсінігі «рекреациялық  іс-әрекет дамуының факторлары мен  шарттары» түсінігіне сәйкес келеді.

Туристік-рекреациялық ресурстар рекреациялық потенциал-дың  құрамының маңызды бөлігі. Туристік-рекреациялық ресурстар – демалыс пен туризмді дамытуға арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.

Туризм географиясының өте маңызды ұғымы – туристік аттрактивтілік (тартымдылық). Мұнда  объективті факторлармен бірге субъективті  психологиялық фактор маңызды рөл  ойнайды, басқаша айтқанда бұл интегралдық  сипаттама. Туристік қозғалыс дамуының элементтерін осы қозғалыс қажеттіліктерін  қанағаттандыратын туристік инфрақұрылымымен біріктіретін ұғым. Туристік аттрактивтілік ұғымының туристік ұсыныс ұғымымен ұқсастығы  бар (бұл жөнінде кейін айтылады).

Халықтың  рекреациялық қозғалысының қалыптасуы белгілі бір жердің туристік құндылығына  байланысты. Туристік құндылықтар дегеніміз  – табиғи және табиғи емес ортаның элементтерінің жиынтығы. Туризмді дамытуға арналған табиғи және әлеуметтік-экономикалық шарттары бар қолайлы аумақтар өз бетімен туристік-рекреациялық ресурс бола алмайды. Туристік-рекреациялық ресурс болу үшін оларды техноло-гиялық дәрежеге жеткізу қажет.

Туристік  құндылықтар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Табиғи ортаның жағдайына тікелей байланысты демалуға арналған түрлері.

2. Табиғи ортаның ерекшеліктеріне байланысты арнайы түрлері. Олар туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, минералды су мен климат жағдайы жайлы болғанда туризмнің емдік және сауықтыру түрлерін дамытуға болады.

3. Табиғаттың ерекшеліктерімен қатар (қорық, табиғат ескерткіштері және т. б.), материалдық және рухани мәдениет элементтері (ескерткіштер, фольклор, мәдениет объектілері), сонымен қатар қоғамның қазіргі жетістіктерін қамтитын туристік құндылықтың танымдық түрлері.

Жергілікті  жердің тартылымдығы мен туристік қасиеттерінің  деңгейі белгілі бір сандық көрсеткіштерімен анықталуы өте қиын. Бұл мақсатта интегралдық (біріктірілген) көрсеткіштер – баллдар, категориялар, дәрежелер  және т. б. қолданылады.

Туризм географиясының теориялық және тәжірибелік мәселелерін  шешуде географиялық орта кеңістігінің таксономиясы маңызды рөл ойнайды. Негізгі таксономиялық категорияларды (бірліктерді) қарастырайық.

Туристік  жергілікті жер – бұл қоныстану бірлігі (қала, кент, ауыл), ол туристік құндылығына, туристік инфрақұрылымы мен көлік ыңғайлылығына орай туристік қозғалыс мақсаты немесе кезеңі болатын белгілі бір елді мекен. Таулы немесе жағажайлы туристік жерлер болады. Туристік жерлердің олардың туристік қасиеті мен орындалатын функцияларына байланысты бірнеше түрі бар: а) демалуға арналған орындар; б) курорттар; в) танымдық туризм жерлері; г) транзиттік туризмнің орындары (мысалы, шекаралас жерлер).

Туристік орталық (туризм орталығы) – бұл елді мекен, белгілі бір  жердің учаскесі, табиғи объект және т. б. Мұнда туристік-рекреациялық ресурстардың негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін кешен құрылады. Кешеннің құрамына туристерді орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін мекемелер кіреді. Туристік орталық бірнеше көрсеткіштер бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, маңыздылығы бойынша – халықаралық, мемлекеттік, ауданаралық, жергілікті; функционалдық бағыты бойынша – емдік, сауықтыру, танымдық орталықтар болып бөлінеді.

Туристік аудан – туризмнің  дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдай-лары бар салалық экономикалық аудан. Осыларға байланысты ауданда  туристік іс-әрекеттер басым болып  келеді. Әртүрлі дәрежедегі – жергілікті туристік, облыстық, республикалық, халықаралық  дәрежедегі туристік аудандар болады. Рекреация-лық география мен туризм географиясының тағы бір маңызды  ұғымы – «рекреацияның шаруашылық әулеті» немесе «демалыс пен туризмнің  материалдық-техникалық базасы» болып  табылады (кейбіреулер оны «туристік  инфрақұрылым» деп атайды). Бұл  ең алдымен демалушыларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің негізгі  қорлары және бұл үрдіске тікелей  қатыспаса да, рекреация жағдайын өңдейтін қосымша еңбек құралдары.

Туристік  инфрақұрылым (туризмнің материалдық  базасы) ресурстар мен көлікпен қол  жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын  және туристердің қажеттіліктерін  қанағаттандыратын нысандар мен  құрылғылардың жиынтығы. Туристік инфрақұрылымына  бір күннен астам уақытта болуына  мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы; коммуникациялық  база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я. Варшиньска, А. Яц-ковский, 1978).

ЮНВТО бойынша, түнеу базасы – жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект.

Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі  бөлігі, туристердің түнеуі үшін бұл  жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу базасы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер, қонақ пәтерлері) және лагерлерге (кемпингтер, шатыр қала-шығы) бөлінеді. Пайдалану  мезгілі бойынша үнемі пайдалану (жыл он екі ай) және маусымдық  базалары болады; қызмет көрету мүмкіншілігі бойынша ашық (жұрттың барлығы  үшін) немесе жабық – тұтынушылардың белгілі топтары үшін – базалары болады.

Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады.

Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге және дестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді. Сонымен  қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиалайнер) өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.

Демалушылар мен туристердің азық-түлік  пен сусындарға деген сұранысын  тамақтандыру базасы қанағаттандырады. Оның құрамына мейрамхана, кафе, бар, бистро, буфет, асхана және т. б. кіреді. Түнеу базалары сияқты, олар да үнемі істейтін немесе маусымдық; ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, меншікті немесе меншіктің басқа формаларындағы тамақтандыру орындары болуы мүмкін.

Информация о работе Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері