Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:38, реферат
Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.
ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталығы Франция (П. Дефер, Ж. Вейре-Вернье, Дж. Шабо, П. Жорж, Б. Барбье, Ф. Крибер, Р. Баретье) және АҚШ (К.С. Мак-Мерри, М. Клаусон, Л. Митчел, Дж. Стансфелд) болды, 1970-ші жылдардан бастап, сондай-ақ, КСРО (В.С. Преображенский, Ю.А. Веденин), Канада (Р. Вольф, Р.В. Батлер), Австрия (К. Синнхубер), Ұлыбритания (Дж. А. Пэтмор, М. Пасион, С. Смит, Дж. Т. Соррок), Аустралия (Д. Меркер, Д. Пирс), Жапония (Э. Ширасака, Т. Исикава, С. Яматото), Чехословакия (С. Шпринцова, М. Хаврлант, В. Гардавски, П. Мариот), Югославия (З. Пепеоник, З. Джовичич, М. Джершич, А. Госар), Болгария (Л. Динев, М. Бачваров), ГФР (К. Рупперт, И. Майер, И. Матцнеттер), ГДР (Б. Бентхим), Польша (М.И. Милеска, К. Либера, А. Вжосек, А. Марш, О. Рогалевский, Я. Варшиньска, А. Яцковски) солардың қатарына енді.
Кейбір географтардың
пікірінше, туризм зерттеулерінің көлемі
әдеттегі туризм географиясы шеңберінен
асып түсе бастады. Осының нәтижесінде
әдебиетте бұрынғыға қарағанда
кең мағынада түсінілетін ұғымдар
пайда болды. Осыған орай бұл пәнді
рекреация географиясы ретінде
қабылдай бастаған. Еуропа географтары
осы атауды американ әдебиетінен
алып пайдаланады («рекреация географиясы»,
«рекреациялық география»). 1945-1960 жылдардың
арасында жаңа ұғым – «демалыс географиясы»
пайда болып, ол туризм географиясы
және рекреация географиясымен қатар
қолданыла бастады. Ал енді тағы бір
топ зерттеушілер туризм географиясы
атауын «туризмнің экономикалық географиясы»
атауына ауыстыруды ұсынған. Олар өз
пікірін осындай атау географиясының
тиесілі саласының зерттеу
1950 жылдардың
соңында Америка
Жалпы айтқанда,
«рекреация географиясы» ұғымының әдеттегі
«туризм географиясынан»
Туризм географиясы бойынша зерттеулер өткізілген елдердің барлығында дерлік туристік қозғалыстың ең көп шоғырлануы аймақтарына ең үлкен көңіл бөлінген, алайда болашақта туристік ресурстарына ие аймақтары да ұмытылған жоқ.
Туристік шаруашылық дамуы мен туристік ағымдардың өсуіне байланысты 60-шы жылдарынан бері демалыстың ең жайлы аудандарынан жайлылығы төмен аудандарының игерілуіне көшуі басталды. Жаңа рекреациялық аумақтарын игеру қажетіне байланысты туризм географиясының екінші бағыты – табиғи-рекреациялық ресурстарды бағалау жұмыстары көбейе бастады. Осы жылдарда КСРО-да демалыс пен туризм орында-рының аудандық жоспарлау жұмыстары өріс алды. Географтар табиғи кешендерінің рекреациялық баға беру кезеңдерін бекітті (Л.И. Мухина, 1973), олардың рекреациялық сыйымдылығы, рекреациялық жүктемелерге деген төзімділігін анықтау бойынша зерттеулерді өткізді (И.С. Казанская, 1972; Е.Г. Шеффер, 1973). М.В. Ломоносов атындағы ММУ ландшафттанушы-географтары (Е.Д. Смирнова, В.Б. Нефедова, Л.Г. Швидченко және т. б.) елдің ірі курорттық аудандарының қолданбалы зерттеулерін орындады, рекреациялық аумақтары қорын жасау бойынша ұсыныстар енгізді.
Табиғи рекреациялық ресурстарын бағалау және пайдалану формаларын зерттеу жұмыстарын американ (Богарт, 1968; Девис, 1971), канадалық (Р. Вольф, 1966; Д. Хеллайнер, 1972) географтары жүргізді. Табиғи ландшафтарына түсетін оңтайлы рекреациялық жүктемені анықтау сұрақтарымен поляк географтары (А. Костровицки, 1970; Я. Варшиньска, 1973), туризмнің табиғи және мәдени-тарихи ресурстарын бағалау және картографиялауымен чехословак ғалымдары (П. Мариот, 1971; Т. Шулавикова, 1973) айналысқан.
Рекреациялық
ресурстарының жаратылыс
Туристік қозғалыстың одан әрі дамуы оның жоспарлық реттелуі мен басқару міндеттерін қажет етті. Осыған орай әртүрлі аудандардың туристік мамандандырылуын анықтау мен рекреациялық аудандастыру қажеті пайда болды. Осының нәтижесінде туристік шаруашылығының аумақтық құрылымын реттеу бойынша зерттеулерді жүргізетін ғылыми бағыты қалыптасты. Рекреациялық аудандастыру қағидалары мен әдістерін, рекреациялық аудандарының мағынасын анықтау бойынша (И.В. Зорин, 1969; Н.С. Мироненко, 1972; Б.Б. Родоман, 1971; М. Бачваров, 1970), олардың экономикалық-географиялық сипаттамаларын жасау бойынша зерттеулер орындалды. Бұл тақырыпта маңызды жұмыстар ПХР, СФЮР және туристік аудандастыру тұжырымдамасы бүкіл ел ауқымында жасалған ЧССР-да өткізілді. Шетел капиталистік елдерінің географтары одан ауқымы тар мәселелерімен: рекреациялық жерлерді сатып алу, ауыл мен орман шаруашылық жерлерімен салыстырғанда олардың тиімділігі, ұйымдастырылмаған нарық жағдайындағы туризмнің бәсекеге қабілеттілігі (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, ГФР) проблемаларымен айналысқан.
Зерттеу мен жобалау жұмыстары ауқымының кеңеюіне, урбандану жағдайындағы қала маңындағы демалыстың жылдам дамуына орай әлеуметтік-географиялық зерттеулерінің көлемі тез өседі. 60-шы жылдардың екінші жартысынан бастап КСРО географтары (В.С. Преображенский, И.В. Зорин, Ю.А. Веденин, 1972) демалыс пен туризмнің әлеуметтік сипаттарымен тығыз айналысады (демалыс жайы мен орындарын таңдап алу сипаты, рекреациялық шаралар циклдары, алдын ала талап еткен қасиеттеріне ие рекреациялық жүйелерді моделдеу, демалыс тиімділігі мен қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі). Американ және канадалық мамандары жұмыстарының әлеуметтік-географиялық бағыты басым болған, олар қоныстану жерінен арақашықтыққа байланысты демалыс аудандары сұранысының қисық сызығын жасау мен гравитациялық моделдерді орындауға негізделген (И. Кнетш, 1963; М. Клаусон, И. Кнетш, 1966; Р. Вольф, 1972).
ГФР-да қала
маңы рекреациялық ағымдары, қала ішіндегі
демалыс орталықтары кең
Туристік
қозғалыс зерттеулерінің (оның ішінде
туризм географиясы) дамуында сол кездегі
халықаралық туристік ұйымдар маңызды
рөл ойнаған. 1930 жылы пайда болған
Туризмді насихаттау ресми ұйымдарының
Халықаралық Одағы 1947 жылы резиденциясы
Женевада орналасқан Ресми туристік
ұйымдарының Халықаралық
Барлық елдерде туризмнің қарқынды дамуы бұл құбылыста географиялық талдау қажеттілігінің артуына себеп болды. Сонымен қатар, туризмге байланысты терминологияны біркелкі қылу қажеті, біржолата осы саланың нысаны мен пәнін анықтап бекіту қажеттілігі пайда болды.
Қазақстандағы
демалыс пен туризм географиясы
аясындағы зерттеулер ХХ ғасырдың 70-ші
жылдарында басталды деп те айтсақ
болады. Ғылыми-зерттеу және жобалау
жұмыстарын алғашқы болып Мемлекеттік
жобалау институты – «
4. Туризм географиясында қолданылатын негізгі
түсініктері мен атау сөздері
Дәрістің мақсаты: Студент туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздерді білу қажет
Негізгі сөздер: Туризм географиясы, туризм, турист, экскурсант, туристік аудан, туристік орталық, түнеу базасы, тамақтандыру базасы.
«Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour – саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын атау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.
1811 жылы «Sporting
Magazine» журналында туризм
Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archіv für Fremdenverkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.
Туризм өте
кең түсінік, әдебиет беттерінде
туризмнің әртүрлі
Туризмге
қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен
Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм
– бос уақыттағы адамның
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтырып, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» – деп анықтама берді. Осындай анықтама толық болып табылады, және қазір де жиі қолданылады.
Туризм географиясы аясына еңбегі сіңіп, атағы шыққан В.С. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:
а) демография мен халық географиясы және заң ғылымы зерттейтін халық қозғалысының ерекше түрі;
ә) экономика саласы, экономика мен экономикалық география айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттерін өтейтін салалардың біреуі;
б) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.
Сөйтіп, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс бола тұра, туризм халық шаруашылығының әртүрлі салалары мамандарын қызықтырады, олардың әрқайсысы туризмді өз қажеттілігіне байланысты және өз пікірінше қарастырады.
Халықаралық туристік академиясының (Монте-Карло) баспаларында «туризм» ұғымы «рахаттану, демалыс немесе емделу үшін жаяу түрде немесе көлік қолданып жасалатын саяхаттар» деп түсіндіріледі, және де аталған саяхатты туризм деп атаудың негізгі шарты – оның мақсатын еркін түрде таңдау және табыс іздеу мен туристік аумақта отырып қалу мақсаттары болмау керек. Көптеген энциклопедиялық басылымдарда туризм көңіл көтеру (ойын-сауық), танымдық (өлкетану, ғылы-ми, т.с.с.), демалыс, емделу, діни мақсаттарында жасалатын саяхат деп түсіндіріледі, және де ол табыс табу немесе мекендеу орнын ауыстыруымен байланысты болмауы керек.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында (2001) «туризм» ұғымының қате анықтамасы берілген: «жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхаттары». Қарап отырсақ, бұл «туризм» анықтамасы емес, «туристік сапар немесе саяхат» анықтамасы.
Қазіргі ғылыми
әдебиетте туризм деп «адамдардың
табыс табу мақсатынсыз күнделікті
тұратын орнынан тыс жерде
саяхат пен қысқа мерзімде болуы
нәтижесінде пайда болатын
Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.