Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:38, реферат

Описание работы

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Работа содержит 1 файл

тн-руб.docx

— 86.41 Кб (Скачать)

Сөйтіп, туризм географиясы потенциалды  саяхатшылардың қолданыстағы немесе жаңадан  қалыптасып жатқан туристік орталықтарына  деген қызығушылығын туғызады.

Туризм географиясының білім беру жүйесіндегі орны маңызды. Туризм географиясы болашақтағы  туризм мамандарына туризмнің аумақтық жүйелері жөніндегі білім беріп, осы білімін өндірісте, ғылымда, аудандық жоспарлауда қолдануына мүмкіндік  туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Қазіргі туризмнің классификациясы

 Дәрістің мақсаты: Студент туризм жіктелуін білу қажет

Негізгі сөздер: Туризм, туризм түрлері, халықаралық туризм, ішкі туризм, экскурсант, ұлттық туризм, рекреауиялық туризм, экскурсиялық туризм.

Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмнің  аумақтық ұйымдастырылуы мен дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні – туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсету.

Қазіргі уақытқа  дейін туризмге нақты классификация  жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің  таза бір түрін, формасын бөліп көрсету  мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымының дамуын зерттеу  үшін, белгілі бір туристік қызметтер  сұранысын анықтау үшін, сонымен  қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет.

Туризмді  әр түрлі белгілеріне қарай: мақсатына, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына, қозғалыс түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т. б. классификациялауға болады. Бірақ, саяхаттың мақсаты негізгі белгі болып табылады.

Туризм формалары  мен кластарына қарағанда оның түрлері  әр алуан болып табылады. Олар бірқатар факторларға:

- бос уақыттың  бар болуына және ұзақтығына;

- туристердің  жас мөлшері мен жынысына, денсаулығы  мен рухани дамуының деңгейіне,  адамның жеке талғамы мен материалдық  молшылығына;

- табиғи  жағдай мен мезгілдің әртүрлілігіне;

- белгілі  қозғалыс құралдарының бар болуына  және т. б.  байланысты.

Сапардың мақсаты, шарты, бағыты мен  масштабы бойынша туризмді формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады.

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойынша туризмнің  үш негізгі формасы бар: емдік, спорттық-сауықтыру  және танымдық формасы. Осылардың барлығы  адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру қажетін қамтамасыз етеді.

Жұрт денсаулығын сақтау, еңбек  қабілетін көтеру қандай да болсын мемлекеттің басты міндеттерінің  бірі болып табылады, ал осындай  міндетті орындауда туризмнің рөлі өте маңызды.

Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау (В. Гаворецкий, 1997). Мұнда осыған байланысты пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жөніндегі сөздер жетіспейтін сияқты. Мысалға, В.А. Набедрик өзінің диссертациясында емдік туризмге мынадай анықтама береді: «... бұл саяхат жасау себебі қаралу, емделу және ағзаның реабилитациясы болған адамдардың саяхат жасау мен бір жерде болғанынан пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы».

Туризмнің бұл формасының ең басты  түрткілері мынадай:

- туристің әбден болдырып кетуі; денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді қажет етуі;

- демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке-дара қабілетіне лайық болуы қажет.

Емдік туризмге курорттық туризмді жатқызуға болады. Туризмнің бұл түрінің басты ерекшелігі – курорттық орындардың  тауларда, қыраттарда, теңіз бен көлдер жағалауларында шоғырлануы. Тағы бір ерекшелігі – курорттық туризмге көбінесе жасы келіп қалған адамдар қатысады, оның ішінде әйелдер саны басым. Емдік туризмнің тағы бір ерекшелігі – туризмнің басқа түрлеріне қарағанда (мысалы, рекреациялық, мәдени-танымдық) маусымға онша тәуелді болмауы және жергілікті сипатқа ие болуы. Мұның себебі – мемлекеттің немесе басқа бір қаржы көзінің қаржымен қолдауы [20].

Қазақстандағы ең атақты курорттар  – Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаңақорған, Бурабай және т. б.

Туризм арқылы сауықтыру – шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күйю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Танымдық туризм туризмнің басты үш формасының бірі. Танымдық туризм туристердің тану қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тану болмаса туризм құры жай бір жерден басқа жерге барып келу болар еді. Туризмнің танымдық формасы көптеген қоғамдық функцияларды орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы – тәрбиелік, білім беру, мәдени, саймандық-техникалық функциялар.

Тәрбие функциясы адамның дамуын қалыптастырады және оны қоғамдық өмірге дайындайды. Білім беру функциясы  айналадағы, туған жердегі болмысты білуге бағытталған. Мәдени функциясы  адамды кең мағынада тәрбиелейді, белгілі  мәдениетке тән ұғымдар мен бейнелерді тануға мүмкіндік береді. Саймандық-техникалық функция ел шаруашылығы жөніндегі  білім береді.

Туристік саяхатта турист әртүрлі  мәдени-тарихи орындарды көріп шығады, өз ой-өрісін кеңейтеді, барған жер  географиясын,

тарихын, мәдениетін, этнографиясын  біле бастайды, жергілікті тұрғындармен қатынас жасайды. Осының бәріне сүйеніп, танымдық туризм туристік қозғалыста жетекші рөл ойнайды деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылған формалар одан әрі  жіктеледі. Осындай жіктелу алуан  түрлі белгілер мен критерийлерге  сүйенеді.

Туристік ағымның бағыты мен  сипаты бойынша, сонымен қатар құқық  статусы бойынша туризм екі үлкен  класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік) туризм. Ішкі туризм – бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм – бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.

Туризмнің осындай жіктелуі халықаралық  туризмнің екі басқа түрімен  – кіру және шығу туризмімен тығыз  байланысты, бұлар туристік ағымның  бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен  шықса – мұндай туризмді шығу туризмі  дейді, ал баратын елінде кіру туризмі  деп аталады.

1993 жылы ЮНВТО-ның Оттавада өткен  конференциясында туризмнің кейбір  ұғымдары анықталды, атап айтсақ  жаңа ұғымдар: ұлттық туризм  және ел ішіндегі туризм түсініктері  қабылданды. Ұлттық туризм ішкі  және шығу туристік ағымдардан  құрылады. Ел ішіндегі туризм  – ішкі және кіру туристік  ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер елдің  шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды. Күнделікті ұлттық ақша айналым  құралы, ал туристің ана тілі қатынас  құралы болып қала береді. Осындай  саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90% құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық  туризмінен 5-10 есе артық (Е. Веллас, 1985).

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік мемлекетке барады. Шет еліне бару үшін туристік формалдылықтардан: шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталық және медициналық бақылаудан өту қажет. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.

Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық  туризм дамуына тікелей әсер етеді. Шығу құжаттарын жасату рәсімінің ұзақ және қиын болуы, орындау мерзімінің бұзылуы немесе заңсыз түрде бас  тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта айырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты қадағалау да туризм көлемін азайтады. Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады.

Халықаралық туризмнің тағы да бір  ерекшелігі – елдің төлем балансына  тигізетін әсері. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің  келуін «белсенді» туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі  ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді  емес» немесе пассивті дейді.

Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен  үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз  халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады. Ол жаңа рекреа-циялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын  құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте  халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық  туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі  осы уақытқа дейін көптеген пікірталас туғызады. Австриялық туризмолог профессор  П. Бернекердің айтуынша, «қаншама авторлар болса, соншама анықтамалары да бар». Көптеген авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс пен көңіл көтеру мақсатымен өткізілетін саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70% келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.

Қандай да болсын туристік саяхатта туристер мәдени-тарихи кереметтерді тамашалайды, мұражайларға, галереяларға, театрларға барады. Басқаша айтқанда, адам барған жердің географиясы мен  онда тұрған халықтың мәдениетіне, тарихына, өнеріне, дініне, этнографиясына қызығушылық  білдіреді. Барған жер халқының өмірі  жөніндегі көзқарастары туризм арқылы қалыптасады, сондықтан көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты  рөлді танымдық туризмге береді.

Соңғы уақытта этникалық туризм де дамуда, яғни туысқандарына, таныстарына  немесе ата-бабаларының туған жеріне баруы; этникалық мақсатпен туристік сапарлар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды.

Туризмнің түрлері әралуан белгілері  бойынша одан әрі классификацияланған. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); ә) әуесқой (өз жоспары бойынша); б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдын ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.

Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы – әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің   ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.с.с. Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін.

Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды. Ұйымдастырылмаған  туризмнің мысалы – автостоп әдісімен саяхат жасау. Ұйымдастырылмаған туризм Батыс елдерінде кең тараған  – туристік сапарлардың үштен  екісі осындай түрде өтеді. Тұрақтар мен түнеу орындарының ұйымдастырылған  жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған  демалыс орындары пайда болады. Осындай  орындар саны жылдан жылға өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс  орындарының көбеюі мен тозуы  туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай елдің бүкіл  аумағында байқалады.

Туризм жеке және топтық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке-дара туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін. Аудандық жоспарлау үшін аудан бірлігіне келетін рекреанттар санымен анықталатын әлеуметтік контакттар тығыздығы маңызды. Мүмкіндікше жалғыздықты іздеуді центрден тепкіш, ал контакттардың максималды санына ұмтылуды центрге тартқыш деп атауға болады. Әрине демалысты ұйымдастырудың центрден тепкіш формалары центрге тартқыш формаларына ұқсамайтын болады. Біріншісінде қызмет көрсету сферасы шашыраңқы, көлік торының тығыздығы төмен болады, рекреациялық ресурстар экстенсивті түрде пайдаланатын болады. Демалыстың центрге тартқыш формаларының микроортасы демалыстың урбанданған формаларына жақын. Курорттарды зоналарға бөлген кезде контакттары минималды тыныш зоналары мен контакттары максималды зоналарды қалыптастыру қажет.

Информация о работе Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері