Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Сәбиттің «Жаратылыста ақын болып тумайды. Барлық адам бірдей жаратылады» дегені де білім жолына қайшы. Тегіне тартудың шындығын, сүйекке соқыр сезім, серпілісі (реакция) дегендердің барлығын бүгінгі «ілім», «биогенетический законмен» бекітіп отыр. (Аймауытов Ж. Шығ. 5-том‚ 255-бет).

Қазіргі қазақ тіл білімінде  жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері деп жіктеліп жүрген есімдіктердің мағыналық топтары А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде мүлде басқаша сипатта берілген. А.Байтұрсынұлы есімдіктерді жіктеу, сілтеу, сұрау, шектеу, танықтау деп 5 түрге жіктейді де өздік, жалпылау, есімдіктерін шектеу (анықтау) есімдігінің ішінде сөз етеді. Шектеу (анықтау)   есімдігіне танықтау есімдігін қарсы қойып, анықтау есімдігі – жеке адамды немесе топты, танықтау есімдігі – нәрсенің жоқтығын (ешкім, ештеңе, ешбір), белгілі еместігін (әлдекім, әлдене),  түгел еместігін (кейбір, қайсыбір) көрсететінін айтады. А.Байтұрсынұлы әркім, әрқайсысы, бәрі, барша т.б. есімдіктерін де анықтау есімдіктері қатарында атайды. Осы орайда ғалым есімдіктердің атауы ретінде “анықтау есімдігі” дегенді ұсынады да, оған “танықтау есімдігін” қарсы қояды. Яғни “анықтау есімдігі” – жеке адамды немесе топты көрсетсе, “танықтау есімдігі” – нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел еместігін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып, “анықтау есімдігі” деп атайды да, белгісіздік есімдігін “танықтау есімдігі” дейді. Бұл орайда ғалымның белгілілік және белгісіздік категориясының өзіндік ерекшеліктерін терең түсінгені, оларды ортақ мағынаны, яғни белгілілік пен білгісіздікті білдіруіне қарай топтастырғаны байқалады. Тіпті Қ.Кемеңгерұлы определенное местоимение, неопределенное местоимение деген атауларды қолданады /***/. Бұл А.Байтұрсынұлының терминдерімен атағанда, анықтау, танықтау терминдеріне сәйкес келеді.  Осы орайда жұмысымызға негіз болып отырған белгілілік және белгісіздік категориясы (категория определенности и неопределенности) деген атаудың орнына балама ретінде анықтылық және танықтылық категориясы деген атаудың тура келетінін ескертіп өткіміз келеді.  Алайда бұл атаулар кейін тұрақталмай, оның орнына Ы.Маманов еңбектерінде, осы категорияны арнайы зерттеген Н.Сәрсембаева еңбектерінде белгілілік және белгісіздік категориясы ретінде аталып, солай қалыптасып кетуіне байланысты бастапқыда бірнеше мақаламызда анықтылық/танықтылық категориясы деп алғанымызбен, кейін белгілілік және белгісіздік категориясы деген атауға тоқтадық. 

Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын білдіретін сөздер – болымсыздық есімдігі, анық еместігін білдірсе – белгісіздік есімдігі, түгел еместігін білдірсе – алалау есімдігі деп атанып, танықтау есімдігі өз ішінен бірнеше топтарға жіктелгенін, бұлайша жіктеу кейінгі оқулықтарда да («Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілінің грамматикасы» /109/, А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»,  «Қазақ грамматикасы» /110/ орын алғандығын айта келіп, О.Жұбаева: «Кейбір, қайсыбір, әлдекім, әлдене т.с. есімдіктермен салыстырғанда, әр есімдігімен бірігу арқылы жасалған әркім, әрбір, әрқайсысы сияқты есімдіктерде белгісіздік мәннен гөрі нақтылық басымдау сияқты. Бұл ерекшелік әр сөзінің зат есіммен тіркесуінен айқын көрінеді: әр адам, әр оқушы, әр ай, әр зат т.б. Ендеше, әр сөзінің қатысуымен жасалған есімдіктерді белгісіздік есімдіктердің қатарына қосуға болмайды. Болымсыздық есімдігі ретінде танылып жүрген ешкім, ешбір, ештеңе т.б. еш сөзінің ұйытқы болуы арқылы жасалған есімдіктердің орнына белгісіздік есімдіктер де қолданыла алады: ешкім келмеді – біреуі де келмеді, ешқайсысы да айтпады – бірі де айтпады, ештеңе қалмады – бірдеңе қалмады т.б. «Мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерге» /102, 229/ белгісіздік есімдіктерін де, болымсыздық есімдіктерін де жатқызуға болады. Ендеше, өзара мәндес мұндай есімдіктерді жіктемей-ақ, топтастырып беруге де болатын сияқты.

Есімдіктердің жеке бір түрі ретінде танылып жүрген өздік есімдігінің жекеше түрі әркім, әрқайсысы т.с.с. есімдіктермен, көпше түрі бәрі, барлығы, барша т.б. жалпылау есімдіктермен мәні жағынан да, түрленуі жағынан да сәйкес келеді. Өздік есімдіктеріне: «сөйлеушіні не сөйлемдегі  субъектіні өзге субстанциялармен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» деп берілген анықтамаға /110, 117/ жіктеу есімдіктері де, әркім, әрқайсысы, әрбір т.б. есімдіктер де толық жауап бере алады. Ендеше, сыртқы тұлғасына байланысты өздік есімдіктерін жеке топ ретінде қарастырмай, өзара мағыналас есімдіктер қатарына қосқан жөн тәрізді», – деген тұжырым жасайды. Өз тарамыздан зерттеушінің пікіріне қосыла отырып, есімдіктің мағыналық ерекшеліктерін әлі де нақтылай түсу керектігін ескертеміз. 

 

  • 2.1.3. Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі
  •  

  • Жалқы есімдер, әсіресе  жер-су атаулары белгілілік мәнде жұмсалады.  Себебі олар жеке-дара заттың атауы  болып табылады.  Мысалы: 

    Ойлап тұрса, он бес жыл мекен жай  болған Талдыөзектің бойынан зәредей өзгеріс таппаған екен. Сол есіліп-есіліп қалған бұйра құм, сол ербиген сексеуіл, албастыдай алба-жұлба түзген, жер тағандап өсер жыңғыл; сол аспан – бірде бұлтты, бірде ашық, бірде қар, бірде жаңбыр; сол күн – өз орнына шығады, өз орнына асықпай, аяңдап барып батады; сол бір мал – маңыраған қой – ол да өмір бақи кісіней алмайды; сол көрші Сейітқұл – күні кеше жап-жас елгезек жігіт еді, бүгінде құм санайтын қу болды (О.Бөкей Құм мінезі Таңдамалы. 19-бет).

    Қалтай аса пысық, сөзге ұста, қалжыңқой, әсiресе Ақанның түндегi  жүрiсiне өте ыңғайлы, әрi жылпос, әрi тiлдi ер жiгiт едi. Ақан күнi бойы жолда көп сөйлемей, бiр нәрсенi қадалып ойлағандай болып отырды. бiрақ түпсiз терең ойдың түйiнiн шеше алмай отырған кiсiнiң пiшiнiне түскенмен, Ақанның ойы қай жерде жүретiнi белгiлi едi. Ол көбiнесе осындай қадалып ойлағанда, қиялында бiр сұлу әйелдiң суретiн тауып алып, соған пәлендей деп сөйлесiп әзiлдессем, сондай қылып құшақтасам, сүйсем  деп, соны ермек қылушы едi.  Қалтай мырзасының не ойлайтынын бiлсе де, ерте күннен жалтаң болып өскендiктен, ашуланып қала ма деп қорғалақтап, жанын ауыртатын сөздердi бұндай күйде айтпайтын. сондықтан Ақан үндемегенде, о да үндемей отырады (М.Әуезов, Шығ.).

    Аќберген  Бекболаттан гµрі ќажырлыраќ, шыдамдыраќ, айлакерлірек, ќисыѓыраќ, кекшілірек еді. Бекболат одан гµрі аянкесірек, ќиялшыраќ, жасыѓыраќ, маќтаншаѓыраќ, єуесќойыраќ еді. Бекболат ќысылѓан, сасќан, кейіген жерде Аќберген аќыл тауып, тоќтау айтып, демесін болушы еді, жазаласа, Бекболат оныњ тілін кµбірек алушы еді (Ж.Аймауытұлы, Шығ., І том 231-б).

    Жалқы есім ретінде кісі аттары жиі қолданылады.  Мысалы:

    Ол  белеске шыѓып еді, ар жаѓы одан да биіктеу адырсымаќ екен. Аќбілек жан-жаѓына барлап, жер болжады. Алѓы беті ашыќ, арты – кенере тау. Аќбілектіњ ауылы осынау кенере таудыњ т‰бінде. Шыѓыста емес, ќ±была жаќта. ¤йткені артындаѓы таулар µз тауларына ±ќсамайды, сонау бір кµлденењ таулармен т±тасып кетіпті. (Ж.Аймауытұлы, Шығ., І том 179б).

    Күшiкпай батыр жиырма бiр жасында дүние салған екен. Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында бұғанасы қатпағандығына  қарамай, талай  қиын-қыстауда ақыл тауып, қажымай қайрат, ерлiк көрсеткен. Осындай өнерiнiң арқасында ерте күннен батыр атын алған екен. соңғы жылдарда көздеген мақсаты қолбасылық болып, аяғында, оған да жетiп, егескен елiнен кегiн алып егер қылып үргенде, шешек шығыпты. шешек ауыр болып, төсекте қозғала алмай көп уақыт жатып қалған (М.Әуезов, Шығ.).

    Еңсеп сонау жетім көкірек бала кезіндегі жүрегіне қона қалған осы бір ыстық ықылас пен жылы мейірімді ойлағанда әлі күнге ет бауыры елжіреп, жидіп кеткендей болады (Ә.Кекілбайұлы. Шыңырау,  231-б.).

    Кейде жалқы есімдер өзінен бұрын нақтылау мәнді атрибутивті  есімдермен тіркесіп келуі де мүмкін.  Мұндай жағдайда белгілілік мәні күшейе түсетінін, нақтылана түсетінін көруге болады. Мысалы: 

    Оның қасында  мына зират нағыз пейіш сияқты. «Е, бәсе, жер түбіндегіні көретін Себепбаев бірдеңені білген екен ғой»,— деп ойлады да, мұнысының күпірлік екені есіне түскендей, не істерін білмей абыржып редикулінен орамал алып, аузын сүртті (Ә.Кекілбайұлы. бір шоқ жиде, 371-б.).

    Сонымен қатар жер-су атаулары да мекеннің нақты атауын білдіріп, белгілілік мәнінде қолданылады.  Мысалы:

    Алыстан қарағанда  да Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңiлсiз. Жыл сайын қыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтiрiп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын. Сондықтан бауырын мекен қылған ел көбiнесе кедей болатын.  Бұл жердi мекен қылған ел, ерте күннен аталарының қонысы болғандықтан және басқа iрге аударарлық жайлы жерi жоқтықтан, "Құдайына жылап " отыра беретiн. Бұлардың жалғыз-ақ медеу қылатыны Арқалықтың егiндiгi едi  (М.Әуезов, Шығ.).

    Бауыр сыртының шымы тұтас көделi жер болғандықтан, үй басының салған бiрлi-жарымды  бөлтек егiнi тәуiр болып шығып, ұзақ қысқа қорек қылатыны сол болушы едi. Арқалықтың бұл жайлары оңтүстiгiн жайлаған уақпен көршiлес үш-төрт болыс елге белгiлi  болатын.  Бұған себеп - Арқалықтың сырт елдер қалаға қатынасатын қара жолдың үстiнде болғандығы. Өткен-кеткен керуен ұзақ жолда не көлiгi талып шалдығып, не өзi шаршап қажып келе жатқанда қадаулы қоналқалық, не  түстiктiк жерi Арқалық болады (М.Әуезов, Шығ.).

    Баян – жердің шұрайы. Тау, тас, орман, жеміс, көл, бұлақ, былқылдақ, егін, шабын – бәрі Баянда. Баян тауының күнгей қойнауында, оқар-шоқар тастың ішінде, солында тау, оңында Сабындыкөл. Казак-орыс қаласы тұрады. Екі жүзге тарта үйі бар. Казак-орыстың станциясы шығыс жағында. Кіре беріс қара жолдың аузында, дөң басында кішкене ағаш мешіт, қаланың көл жақ шетінде тапалтақ ақ шіркеу көрінеді. Шіркеудің қасында казак-орыстың үшкөлі болады. Екі жүздей казак-орыстан басқа, Баянның жатағы да бар. Жатақ үй бір құнды халық. Өзі де аз болған соң, ұмыт қала жаздапты. Баянның жері, суы, ағашы, көгі казак-орыстікі. Бір кезде казак-орыстың қала салған жері Баян аулының қыстауы болса да, бұл кезде Баян казак-орысқа ата мұра тәрізді... (Ж.Аймауытов, Шығ. 106 б.)

    Марќакµлдіњ суы балдай. Марќакµлдіњ суын ішіп, отын жеген сары ќарын, т±там емшек жануардыњ бауырынан с‰т сорѓалап с‰т емес-ау ќ±т сорѓалап кµнек-кµнек лаќылдайды... (Аймауытов Ж. Шыѓ. І том 325 б).

    Сонымен қатар кітап, газет-журнал сияқты басылым атаулары т.б. белгілілік мәнде жұмсалады:

    Дәрмен домбыраны күйлеп, келтіріп алды да, «Жаймашуақты» айтты. Әдепбай тәрізді көрінбейді, домбыраны да баурап, бармағы сартылдап әннің ырғағына келгенде, мойнын да бұлғаңдатып, көмейі бүлкілдеп кетті. Бірақ онша қатты айғайлаған жоқ, басын тежеген жүйріктей, салмақты дауыспен салды. Одан кейін жігіттер Дәрменге тағы да айт деп сұрады. Ол өзі де айтқалы отыр екен, бөгелген жоқ. Иманжүсіпті, Бүркітбайдың «Мұстапасын»,  Жарылғап қажының «Алтыбасарын», тағы бірнеше әндерді түйдегімен тастап жіберді. Мұң мен назы аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тайпалып, құйындай екпіндеген Жарылғаптың «Алтыбасары» Дәрменді де қыздырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты. Саңғырады, күңгірледі, айғайлаған сайын Дәрменнің алқымы кеуіп, күреулері білеудей болып, тер бұршақтай домалады. Омырауды ашып тастап, әнмен баурын жазып алған ақын әрберден соң қара өлеңге басты. Дәрменді ақын емес деп кім ойласын? Кім сынасын? Аузына құдай не салса, соны жүндей төпей берді  (Ж.Аймауытов, Шығ. 68 б.).

    Хат танитындарын бірыңғай, нырайларын бірыңғай отырғызып, екі  класқа қолайлап алды. «Баяншыдан» хабары бар, шу дегеннен «шақшадан», «тұтқадан», «құс тұмсықтан», «шәйнектен» бастады.  Сауаттыларға кітап жоқ болған себепті «Сарыарқа» газетінің бір нөмірінен бастауға тура келді (Ж.Аймауытов, Шығ. 115 б.).

    Мұнда әннің авторлары мен аттары жалқы есім ретінде қолданылып, белгілілік мәнде жұмсалып, қай ән екенін нақтылап, айқындап тұрғанын байқаймыз. Бұл орайда жалқы есімдердің барлық топтарын санамалауды мақсат етпедік. Себебі олардың барлығына ортақ ерекшелік – олар белгілілік мәнді заттарды атауда қолданылады.  Яғни адамды не затты тікелей атап, нақты, дара тұлғада атауына байланысты олар әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады.  Ескерте кететін жайт – жалқы есімдер сөйлеушіге де, тыңдаушыға да таныс болуы мүмкін. Сол сияқты сөйлеушіге таныс болғанмен, тыңдаушыға таныс болмауы мүмкін. Осыған байланысты Чейф У. «Данное, контрастивность, определенность, подлежащее, топики и точка зрения» атты мақаласында белгілілік/белгісіздік категориясының субъективті сипатын сөз ете келіп: «Конкретное имя в предложении, или, более строго, представление, выраженное данным именем, наряду с некоторым падежным статусом может иметь различные упаковочные статусы, которые выражаются говорящим в зависимости от его оценки текущего состояния сознания слушателя… Некоторая единица может быть либо данной, либо новой в зависимости от того, считает ли говорящий, что она содержится в сознании слушающего в момент произнесения предложения», – дейді /52, 314/.

    Кейде жалқы есімдердің дейктикалық  құралдармен тіркесіп келеді. Мұнда  белгілілік мәннің нақтылана түсетінін  байқаймыз. Мысалы:

    Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қошқыл қара түк басып, қырарқасы тарақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы! Жарықтық, қандай салауатты! Қандай айбатты! Міне, Ашының бойы! Әне, Бөрілікөл, Быламбай, Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой, шіркіндердің көзі жаудырап, самаладай болып жарасып тұрғанын-ай! (Ж.Аймауытов, Шығ. 102 б.).

    Алтай, Күршім – не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі – Алтай жазы тау еркесі – киік болып, өзге елдерден биік болып Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны  (Ж.Аймауытов, Шығ. 141-142 б.)

    Сөйлеуші жалқы  есімдерді жаңадан контекске  енгізіп, деген, дейтін сияқты белгісіздік мән үшін жиі қолданылатын лексемаларды қолдана отырып, таныстырады.  Мысалы: 

    Жұман – аз, нашар атаның тұқымы. Жұман дегенім: әлгі Қартқожаның әкесі. Жұман момын адам: кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды, бес уақыт намазын оқып: «А құдай, бергеніңе шүкір» деп, барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз. Жазы-қысы төртті-бесті қарасын өзі айналдырып, қаласына да өзі шығады, қорасының жыртық-тесігін өзі бүтіндейді. Ол сұғанақтық етіп, біреудің дүниесін пайда қылған жан емес, ол екі ұдай партия болғанда да байлардан ат мініп, ақша алған жан емес. Ауыл-аймағы қай жаққа кетсе, жұман да солармен бірге. Үзіп-жұлып шығатын артық білімі де жоқ, әйткенмен бір қазақтан ақылсыз да емес, желікпен, бұзықтықпен ісі жоқ. Ол бұзылған адамдарға сенеді, жабықса, тарықса, «Құдай жеткізер» деп, жұбаныш қылады. Қысқасы, ол тірі пендеге зәбірі жоқ, «Құдай» деген қоңыр адам (Ж.Аймауытов, Шығ. 24-25 б.)

    С. қаласының  оңтүстiгiн жайлаған елдiң қалаға қатынасатын қара жолының үстiнде Арқалық деген тау бар. Даланың көңiлсiз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрiнiп, дәмелендiрiп тұрады. Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсiз кереге сықылды, жалғыз тау.  Не бауыры,  не сыртында ықтыртын жоқ ысқаяқ. Арқалық жадағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнiнде жел терiсiнен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ: азынап тұрады. қыстың басынан екi жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегiстеп тастайды. Сондықтан өзге жер ашық болып тұрғанда, Арқалықтың бауыры көбiнесе бораннан босамайтын (М.Әуезов, Шығ.).

    Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің