Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Андрей  дейтін орыс. Қазақшаға судай. Сібірге айдалып жүріп жер ауған қазақтың ұрысымен бірге қашып, қазақ ішіне келіп, сіңіп 5 жыл тұрған екен. Қазақтан көрген жақсылығын ұмытпайды екен. Сол орыс қолы тигенде Қартқожаны аздап оқытып тұрды. Оқытқанынан бұрын, Қартқожаның көзі ашылғандай көп сөз айтты. Қазақты мақтады (Ж.Аймауытов, Шығ. 99 б.).

Сол жылы Сұлтанмахмұт деген жас ақын Семейден ауырып, еліне келген. Қартқожа Махмұтты білетін. Ол ақ жүрек, кедейшіл, жалынды жас ақын болатын. Елдегі байлардың, жуан атаның нашарға істеген қиянатын, зорлығын газетке жазып, күштілермен ұстасып жүретін. Сұлтанмахмұт жуандардан қорықпайтын, бетің-жүзің бар демей, көңілдегісін айтып салатын. Семейдегі жастар Сұлтанмахмұтты қолдайтын,  үлкендері адамгершілігін, турашылдығын, тазалығын, ақындығын бағалап, сыйлайтын. Сұлтанмахмұт елге келгеннен бері көңілін сұрап, көріп, әңгімелесіп қайтуға Қартқожа құмар болса да ел жанымен қайғы болып, күн туған соң, Қартқожаның да мұршасы келмеген. Семей жақтың хабарын анық біліп тұрған кісі Сұлтанмахмұт. Газет алып тұрады, жолдастары хат жазып тұрады. Қартқожа ай-жай болған соң. әдейі іздеп Торайғыр ауылына келді. Махмұт үйде екен. Қартқожаның келгеніне қуанып қалды (Ж.Аймауытов, Шығ. 121 б.).

Кейде жалпы  зат есімдердің жалқылық мәнде жұмсалатын тұстары да кездеседі. Мысалы: 

Алдымен Әзірет Сұлтанның мешітін сөз қылайық. Тапалтақ тамдардың ортасында Әзірет мешіті алыстан таудай бір заңғар боп көрінеді. Төбесінде ерейген-сорайған еш нәрсе жоқ, үш керттеш: 1) маңдайы, 2) ұлы күмбезі, 3) кіші күмбезі. Таянып келсек, күйген кірпіштен қаланған, биік шомбал болады да кетеді (Аймауытов Ж. Шығ. 5-том‚ 269-бет).

Келтірілген мысалда Әзірет Сұлтанның мешіті тіркесі тұтастай жалқы есім ретіңде қолданылып тұр. Бұл жерде мешіт жалпы есім болғанмен, бұл контексте жалқы есімдермен тіркесіп, тұтас атау ретінде, тұтастай алғанда ғана жалқы есім ретінде ұғынылады.  Сол себепті бұл орайда А.М.Щербактың: «Значение определенности заключено в самом имени (имя собственное, местоимение, прилагательное, числительное) или создается своеобразием контекста, наличием определений, а также присоединением к имени аффиксов принадлежности», – деген ойын құптаймыз /63, 6/.

Жалқы есімдер жалпы  есімдермен салыстырғанда, белгілілік мәні күшті болып келеді.  Себебі олар бір ғана референтті білдіреді.

Кейде керісінше, сөйлеуші референтпен таныс болмауы, ол тыңдаушыға ғана таныс болуы мүмкін. Сөйлеуші тыңдаушыдан алған мәліметтеріне сүйене отырып қана оның кім екенін білуі мүмкін.  Мысалы, қыр соңыңнан қалмай жүрген пациентің, ана Жүсіповың не болды? деген сөйлемде сөйлеушінің жалқы есімдегі референтпен таныс еместігін білдіреді. Бұл белгіліліктің толық еместігін, нақтыланбағанын білдіреді. Бұл орайда жалқы есімдер сілтеу есімдігімен тіркесуі мүмкін. Бірақ ол белгілілік мән үстей алмайды.  

Сонымен қатар референт сөйлеуші тарапынан емес, басқа адамның бағалауы бойынша сипатталып, соған сәйкес жалпы есім немесе референтің қандай да бір белгісі негізге алынып, метономиялық тәсіл бойынша жалқы есім мәнінде қолданылады. Мысалы:

Бір күні қас  қарайған кезде орыстар бір жаққа  баратындай қару-жарақтарын қамдап, мылтықтарын сытырлатып, оқтап, ер-тоқымдарын салдырлатып, балдырлап сөйлеп, арттарын ерттеп, әбігерлене бастады. Қара мұртпен екеуі тоғай аралап келгені жаңа еді. Ақбілек қосқа кіріп солдат көрпесінің үстіне шынтақтап, уһлеп, аулы есіне түсіп, босаға жақтағы қара астауға көзі түсіп жатыр еді. Даладағы олай-бұлай жүгірісіп, ат ерттесіп, әр жерде күбірлескен көп орыстарға қара мұрт барып, бірталай сөйлесті. Қабағы түсіп, түсі сұрланып, қайтып келді де, о да мылтықтарын сүртіп, оқшантайларына оқ толтырып, киім, ер-тоқымдарын жинап, қамдануға кірісті. Ақбілек басын көтеріп алып, «қайда барасың?» дегендей қара мұртқа таңдана, үрейлене қарады. Қара мұрт өзінің қырымен қарап қалса да, көрмеген кісі тәрізденіп, төмен қарап, күйбеңдей берді. Бір мезгілде тысқа шығып кетіп, тілмәшін алып келді.

Сол сөзді  бітірген кезде тағы үш орыс келді. Олардың басын сілкуінен, қол  сермесінен Ақбілек: «Бір жаққа барайық, жабылып масқаралайық, атып өлтірейік» деп тұр ғой деп түсінді. Қара мұрт оларға ашуланып, көзін тікірейтіп тістене ежірейіп сөйлеп еді, беттері қайтқандай алақандарын жайып, мойындарын қылқың еткізді.

«Сендердің  талқыңа бермеймін» деп тұр екен деп, Ақбілек қара мұртқа жаутаңдап қарай берді. Әрі-бері сөйлесті де, олар кетіп қалды. Қара мұрт отырды, «жүре бер» дегендей тілмәшқа бас изеді (Ж.Аймауытов, Шығ. 176-177 б.)

Келтірілген сөйлемде қара мұрт – адам аты емес, бірақ жалқы есім ретінде қолданылып, басқалардан ерекшеленіп тұр. Ол жазушының өз баяндауы арқылы емес, оны қалай бағалауы тұрғысынан сипатталған. Яғни қара мұрт тіркесі жалпы есім болғанмен, жалқы есімге тән белгілердің бәрін бойына жинақтағанын көреміз.

Кейде жалқы есімдердің жалпылау мәнінде жұмсалатын тұстары  да байқалады. Мысалы:

Қарға бір  батып, бір шығып, шолақ борбай тырбаңдап, омырауы ашық, көзінен, мұрнынан сорасы ағып, сақал-мұртына сүңгі тұрып, қалтақтап келе жатқан қазақ көрсеңіз, ол – Жұман. Ондай Жұмандар ел ішінде толып жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ. 36 б.).

Келтірілген мысалда ондай Жұмандар тіркесі бір адамды емес, бірнеше адамды меңзеп тұр. Яғни жалпылау мәні бар. Бұл мағына көптік жалғауы мен ондай лексемасының негізінде пайда болған. 

Сол сияқты көпшілікке таныс, сөйлеушіге де, тыңдаушыға да түсінікті  болатын жалқы есімдер кейде  көптік тұлғада келіп, жинақтау мәніне ие болады. Мысалы: 

Қос қабат  тас болат үйдің үстіңгі бөлмесінде электр нұрына шомылып, қара шолақ бешпетін жамылып, Архимед, Торилел, Пифагор, Ньютон, Богданов, Каутский, Уйпперлермен айналысып, терең ойға бойлап отырған қошқыл жігіт кім? (Ж.Аймауытов, Шығ. 36 б.).

Келтірілген сөйлемдегі жалқы есімдер сол атақты адамдардың еңбектерімен таныс, яғни ғылым-білімнен хабары бар, жан-жақты жетілген адамды (Қартқожаны) көрсету үшін қолданылып тұр.  Бұл орайда жалқы есімнің қызметі – жаралау, нақтылау емес, жалпылау, жинақтау болып тұр.

Сонымен, жалқы есімдер  белгілілік мәнді білдіретін тілдік құралдар қатарына жатады дегенмен, бұл  орайда жағдаят міндетті түрде ескерілуі  керек.  Контекс арқылы ғана белгілілік/белгісіздік  категориясы нақтылана, айқындала  түседі. 

 

  • 2.2. Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар
  •  

    Қазақ тіліндегі  зат есімдердің белгілілілігі бірнеше  тәсілмен беріледі. Мәселен, Абайда:

    Ғалым болмай немене,

    Балалықты қисаңыз.

    Болмасаң  да ұқсап бақ,

    Бір ғалымды көрсеңіз,

    деген  шумақтың алғашқы жолындағы ғалым сөзі нақты ғалымды емес, кез келген ғалымды, ғалымдар тобын білдіріп, белгісіздік мәнде жұмсалып тұр. Сол сияқты бір ғалымды көрсеңіз деген жолдағы ғалым сөзі әйтеуір, бір ғалымды көрсетіп, жекелік мәнде қолданылып тұр. Ал «ғалымның тіл білімінің қалыптасып, дамуына қосқан үлесі өте зор» деген сөйлемді алсақ, мұнда кез келген ғалым емес, нақты бір ғалым туралы сөз болып тұр, мұндағы ғалым сөзі белгілілік мәнде жұмсалған.

    Табыс септігі мен  ілік септігінің бұлайша түсіп қалуын профессор А.Омарова ауыспалы нөлдік морфемаға жатқызып, табыс септігі мен ілік септіктерінің түсіп қалуын атау септікке қарсы қояды.  Ғалым табыс септігі мен ілік септік қосымшаларының уақытша түсіп қалуының өзіндік себептері бар екенін айта келіп, оны атау септік тұлғасымен шатастыруға болмайтынын айтады: «Атау септіктің нөлдік морфемасы тұрақты, ал ілік пен табыс септіктің нөлдік морфемасы ауыспалы. Демек атау септік –тұрақты нөлдік морфемалы, тұрақты нөлдік тұлғалы септік. Ал ілік, табыс септіктері – ауыспалы нөлдік морфемалы, ауыспалы нөлдік тұлғалы септіктер.

    Атау септіктің өзіне  тән белгілі мағынасы бар, ол мағынаны септік парадигманың ешбір мүшесі білдіре  алмайды, атау септіктің белгілі  тұрақты қызметі бар, оны қалған септіктегі сөздердің ешқайсысы  атқара алмайды, өйткені атау септік шартты түрде алынған, сөздің басқа септіктерге түрленбей тұрғандағы қалпы ғана емес.Ол септік парадигмасының бір мүшесі, септік жүйесіндегі сөз формаларының бірі, ол сөйлемдегі сөздермен белгілі қатысқа түседі, синтаксистік қызмет атқарады, тұрақты мағынасы бар. Атау септікте танылып жүрген түрлі мағыналардың біреуі ғана оған қатысты. Ол – атау септік сөйлемде кім және не туралы айтылатынын білдіреді. Бұл – атау септіктің бірден-бір мағынасы» /**, 102/.

    Табыс септік тұлғалы  сөздер мен ілік септік тұлғалы сөздердегі септік тұлғаларының ашық/жасырын келуінің өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқаймыз. Мысалы:

    Баяғы қи жағып, қимай түтеткеннен басқаны көрмеген ауылдас әйелдердің айтқандары ып-рас: бір шүмегін бұрасаң — суы келіп тұр; бір шүмегін бұрасаң — оты жанып    тұр    (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 14-б.). 

    ¤з  д‰бірімізге µзіміз ќыздыќ; єрќайсымыз ќыз алып ќашып келе жатќандай, жау т‰сіріп ќайтќандай желігіп, ќарањѓыда орды, жарды тањдамай, ќос µкпеге тепкілеп, андаѓайлатып айдап келеміз (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 116-бет.).

    ¤зенде  ау ќ±ратын таѓы бір ањтайлы жер барды. Соѓан біз де ау салайыќ деп, єкем екеуміз ‰лкен ау тоќып едік, µзіміз соѓып берген ‰лкен сабан ‰йден Иттіс бізге жасаќ жіберді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 232-бет.).

    Тіс ќаќпаѓан бала ќойшыны ана ќойшылар “ќолды аяќты бала” кµріп, оѓан-б±ѓан ж±мсай беруші еді. Ќойтеке де жасынан кµп ж±мсалѓан, кежір бала ѓой. Єйтсе де, тіл алмаса, ‰лкен ќойшылар тоќымаш сыйлап ќоятынын білген соњ, жазѓан Ќойтеке тепењдеп т‰йеге тартты. (Аймауытов Ж. Шығ. І том 267-б.).

    Жалғыз-жарым мал кµздеген ќоњылтаќ кедей шалдар, б±зау кµздеген, ±ршыќ иірген кемпірлер, немесе тізе ќап байлаѓан, бір балаѓы салпылдаѓан бишілер болмаса, µзгеніњ бєрі ќымызѓа ќанып, к‰р-к‰р кекіріп, ќарнын сипап, итќара-шањыраќ салма, ж‰к к‰рке, арба к‰ркелерініњ ас тына кіріп, манаурады  (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 23-бет.).

    Келтірілген сөйлемдерде асты сызылған сөздердің (қи, қимай, қыз, жау, ау, мал) белгісіздік мәнде жұмсалып тұрғанын көреміз. Мұнда нақты зат көрсетілмеген. Қи жағып, қимай түтету дегенде сондай қиналған, азаптанған күнделікті тіршілік туралы айтылып тұр да, мұнда нақты қандай да бір қи немесе қимай туралы сөз болып тұрған жоқ. Сол сияқты ќыз алып ќашып келе жатќандай, жау т‰сіріп ќайтќандай желігіп деген тіркесте де табыс септігінің жасырын келуі жалпы мағына беру үшін, атап айтқанда, дегбірсіздену, шарқ ұру мәнінде ұғынылады да бұл сөйлемде де нақты қай қызды алып қашқаны, қандай жауды жеңіп келе жатқаны көрсетілмейді. Яғни контекст тұрақты тіркес ретінде тұтастай алғанда, мүлде басқа мәнде жұмсалған. Кейінгі сөйлемдерде де белгісіздік, жалпылық мәнде ұғынылады.

    Септік жалғауларының  бұлайша түсіріліп қалуын профессор  А.Омарова «нөлдік морфема – басқа тілдік бірліктер атқаратын қызметтердің бәрін қолданыста бірдей атқаратын, өмірдің барлық  саласындағы әр түрлі жағдайда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасына басқа бірліктермен бірдей дәрежеде қызмет ететін, жанр таңдамайтын, ауысша сөйлеу тілінде де, жазбаша тілде де, жоғары стильдегі поэзия мен көркем шығармада да басқа тілдік бірліктермен тең дәрежеде қызмет ететін, от басынан бастап,жоғары трибунадан сөйленетін пікір алмасуда да, тыңдаушыға да, сөйлесушіге де түсінікті қолданыстағы дағдылы тілдік бірлік» екенін айта келіп: «Ілік, табыс септіктерінің қосымшалы және нөлдік формасындағы сөздер көркем шығарманың барлық түрінде, поэзияда, мақал-мәтелдерде, белсенді сөзформалар болғандықтан, оларды ғалымдар ілік, табыс септіктерінің ашық, жасырын қолданылуы деп атауға мәжбүр болған. Бұл ілік, табыс септіктерінің нөлдік морфемасының қолданыстан өте үлкен орын алатын, осы септіктердің жалғауларымен тең дәрежеде тілде қызмет атқаратын тілдік бірлік яғни морфема екенін дәлелдейді», – дейді /**, 151/. 

    Ал табыс  септік пен ілік септік жалғауларының  түсірілмей,  ашық келуі заттың, денотаттың белгілілігінен хабардар етеді. Мысалы: 

    Әдетте ашық аспанды жамылып, айдаланы төсеніп, емін-еркін түнеп, емін-еркін өріп жүрген тағы үйірдің көсемі мұндай киелі істі аяқ асты құла дүзге қор қылмайтын-ды. Олар да белгілі бір жерде күйт басып, белгілі бір жерде төл өргізетін. Бұл үйір де бір кезде сонау күнгей жақтағы сеңгір-сеңгір қара қошқыл таудың теріскейіндегі көк тасты көп аңғар, көп қолтықтың біреуінде матау алып, жылмиып жатқан сары барқын жазықтың салқын беліне кеп құралай өргізетін (Ә.Кекілбайұлы. Ор теке, 92-б.).

    К‰нікей т‰йені тіркеп, таќиясын т‰зеп киіп, оњ жаѓына ќараѓанда Ордабай айналасыныњ барлыќ шањыраѓынан да ‰лкен, к‰лімдеген ќызыл жаќ±т к‰н кµктіњ бір µњірін сары алтынѓа малып, екі т‰йеніњ арасынан абажадай боп адырдан суырылып, келе жатыр екен (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 18-бет.).

    ¤лењніњ ішіне балыќ жеушілер - Қ±дайдыњ с‰йген ќ±лы, олардан алапатты адамды Қ±дай жаратќан жоќ - деп ќыстырды (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 235-бет.).

    Бұл мысалдарда үйір, түйе, тақия, өлең сөздері кез келген нәрсені емес, нақты бір үйірге, нақты түйеге т.с.с. қатысты болып отыр.  Күнікейдің кез келген түйені тіркегені емес, өзінің түйесін тіркегені, басындағы тақиясын түзегені көрінеді. 

    Мещанинов И.И. түркі тілдері мен үндіеуропа тілдеріндегі тура толықтауыштың қызметі мен өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала келіп, оны белгілілік/белгісіздік категориясымен байланыстырады: «Различное положение прямого объекта отмечается в тюркских языках его грамматической формой. Когда имеется в виду неопределенный предмет, соответствующее ему слово лишается падежного окончания и примыкает к сказуемому, образуя при нем объектную группу. Когда речь идет об определенном предмете, он получает падежную форму и становится в предложении на самостоятельное место. При нем, в этой его позиции, может образовываться атрибутивная группа. Глагол сохраняет одну и ту же грамматическую форму в обеих конструкциях. В них подлежащее ставится в одном и том же падеже. Изменения ограничиваются падежами прямого дополнения, которое, сохраняя свои отношения к сказуемому, меняя грамматическую форму  в зависимости от занимаемого положения в строении предложения, ср. в башкирском: һин китапты укыйһың «ты книгу читаешь». Примыкающее к глаголу имя существительное предает в этом предложении не уточненный объект. Слово китап «книга» не получает падежного окончания. В нем даже не выражено число предмета («читаешь книгу||книги»). Такое примыкание объекта к глаголу нарушается, когда предмет направленности действия становится определенным. В этом случае выступает самостоятельный член предложения – прямое дополнение, оформленное винительным падежом: һин ктапты укыйһың «ты (определенную) книгу читаешь». Уточняемый объект, занимая в предложении самостоятельную позицию, может сопровождаться определением, образуя атрибутивную группу при прямом дополнении: тап ошо китапты уйкыһың «именно эту книгу читаешь». Подобное атрибутивное построение, как общее правило, не может в тюрксих языках иметь место при дополнении, примыкающим к сказуемому, так как, получая определение, объект уже становится определенным. Тем самым нарушается построение объектной группы. Примыкание к сказуемому неопределенного объекта и постановка определенного па самостоятельное место наблюдается так же и в предложениях, использующих косвенные дополнения, ср. мин  иптәшемэ китап бирзем  «я своему товарищу (какую-то) книгу дал». Косвенное дополнение сдесь предшествует объектной группе сказуемого; . мин был китапты иптәшемэ  бирзем «я эту книгу своему товарищу дал». Косвенное дополнение иптәш-нм-ә «товарищ мой» (в дательном падеже иптәшем-ә) отделяет от сказуемого отрибутивную группу прямого дополнения был китап-ты «эту книгу ( в винительном падеже)» /**,/.

    Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің