Активтердің құнсыздану

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат

Описание работы

Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.

Работа содержит 1 файл

36-ХБЕС Активтердің құнсыздануы.doc

— 308.00 Кб (Скачать)

          135. Егер іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің баланстық құны қозғалысқа келтіретін бірнеше бірлікке (бірліктер тобына) ішінара немесе толық бөлінсе, және осылайша әрбір бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген сома ұйымда бар іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық өлшемімен салыстырғанда елеулі болмаса, онда бұл факт осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық баланстық құнымен қатар ашып көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, егер осы бірліктердің (бірліктер тобының) кез келгенінің өтелетін сомасы тап сол негізгі ұйғарынға (ұйғарындарға) негізделген болса, ал оларға бөлінген іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық баланстық құны ұйымда бар іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық өлшемімен салыстырғанда елеулі болмаса, онда ұйым бұл фактіні мыналармен қатар ашып көрсетуге міндетті:

            (а) осы бірліктерге (бірліктер тобына) бөлінген іскерлік беделдің жиынтық баланстық құнымен;

            (b) осы бірліктерге (бірліктер тобына) бөлінген пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтердің жиынтық баланстық құнымен;

            (с) негізгі ұйғарынды (ұйғарындарды) сипаттаумен;

            (d) ұйым басшылығы әрбір негізгі ұйғарын үшін белгілеген мәнді (мәндерді) анықтауға қолданған тәсілдемені сипаттаумен, яғни ондай мән (мәндер) бұрынғы тәжірибені, немесе, ол орынды болған жерді көрсете ме, ол/олар сыртқы ақпарат көздерімен келісіле ме, және, егер келісілмесе, олар бұрынғы тәжірибеден немесе сыртқы ақпарат көздерінен қалай және неліктен өзгешеленетіні туралы ақпаратты ашып көрсетумен.

            (е) негізгі ұйғарындағы (ұйғарындардағы) мүмкін болатын өзгерістің жеткілікті деңгейде бірліктердің (бірліктер тобының) жиынтық баланстық құны олардың жиынтық өтелетін сомасынан асуына алып келуімен:

            (і) бірліктердің (бірліктер топтарының) жиынтық өтелетін сомасы олардың жиынтық баланстық құнынан асатын өлшемді;

            (іі) негізгі ұйғарын (ұйғарындар) үшін белгіленген мәнді (мәндерді);

            (ііі) бірліктердің (бірліктер топтарының) жиынтық өтелетін сомасы олардың жиынтық баланстық құнына теңелуі үшін өтелетін соманы анықтауға пайдаланылатын басқа ауыспалылар тарапынан осындай өзгертуге кез келген жанама ықпалдарды қосқаннан кейін, негізгі ұйғарын (ұйғарындар) үшін белгіленген мән (мәндер) өзгеруге тиіс болатын өлшемді.

          136. Қозғалысқа келтіретін бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасын ең соңғы есептеу нәтижесі, 24 немесе 99-параграфқа сәйкес, алға қарай ауыстырылып, осы бірлікті (бірліктер тобын) ағымдағы кезеңде құнсыздану мәніне сынақтаған кезде, аталған өлшемдер қанағаттандырылатын жағдайда, пайдаланылуы мүмкін. Ондай жағдайда осындай бірлік (бірліктер тобы) бойынша 134 және 135-параграфтарда талап етілетін ашып көрсетуге енгізілген және өтелетін соманың алға қарай ауыстырылған есептеулеріне жататын ақпарат ұсынылады.

          137. Көрнекі 9-Мысал 134 және 135-параграфтар талап ететін ашып көрсетулерді сипаттайды.

      ӨТПЕЛІ  ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КҮН

          138. Егер, 3-“Бизнес бірлестіктері” IFRS Халықаралық стандартының 85-параграфына сәйкес ұйым 3 IFRS Халықаралық стандартының 78-84-параграфтарында анықталған күшіне енгізу күнінің алдындағы кез келген күннен бастап 3 IFRS қолдануды ұйғарса, ол сондай-ақ осы Стандартты да болашақ негізде, осы күннен бастап бір мезгілде қолдануға міндетті.

      139. Қалған жағдайларда ұйым осы Стандартты қолдануға міндетті:

            (а) 2004 жылғы 31 наурызда немесе осы күннен кейін келісім жасалған, кәсіпорындарды біріктірген кезде сатып алынған іскерлік беделге және материалдық емес активтерге қатысты;

            және

            (b) 2004 жылғы 31 наурыздан немесе осы күннен кейін басталатын бірінші жылдық кезеңнің басынан бастап болашақ негізде басқа да активтерге қатысты.

          140. Осы Стандарттың талаптарын 139-параграфқа қатысы бар ұйымдардың 139-параграфта белгіленген күшіне енгізілетін күнге дейін қолдануы мақұлданады. Алайда, егер ұйым осы Стандартты бұл күндер басталғанға дейін қолданса, ол сондай-ақ 3 IFRS және 38-”Материалдық емес активтер” IAS Халықаралық стандарттарын (2004 жылғы редакциядағы) бір мезгілде қолдануға міндетті.

      36 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ (1998 ЖЫЛЫ  ШЫҚҚАН) КҮШІН ЖОЮ

          141. Осы Стандарт 36-“Активтердің құнсыздануы” IAS Халықаралық стандартын (1998 жылы шығарылған) ауыстырады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                    А ҚОСЫМШАСЫ: Дисконтталған  құнның негізінде  пайдалану құндылығын есептеу

      Аталған Қосымша осы Стандарттың  ажырамас бөлігін құрайды. Онда дисконтталған құнның негізінде пайдалану құндылығын есептеуге қатысты ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстарда “актив” термині пайдаланылатынына қармасатан, олардың бірдей дәрежеде ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті құрайтын активтер топтарына да қатысы бар.

          Дисконттау  құнының негізінде  есептеудің құрамдас бөліктері

          А1. Мына элементтер, бірге алғанда, активтер арасындағы айырмашылықтарды білдіреді:

            (а) ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау, не, неғұрлым күрделі жағдайларда, ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының сериялары;

            (b) ақшалай қаражаттардың осы тасқындарының түсу мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрленуге қатысты күтулер;

            (с) ағымдағы нарықтық тәуекелсіз пайыз ставкасы ұсынған ақшаның уақытша құны;

            (d) осы активке тән шектеусіздік үшін үстемақы;

            және

            (е) ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының өлшемін белгілеген кезде нарыққа қатысушылар көрсететін кезде бірегейленбейтін басқа да факторлар (өтемсіздік сияқты).

          А2. Осы Қосымшада дисконтталған құнды есептеуге әр түрлі екі тәсілдеме салыстырылады, бұл жағдайда олардың әрқайсысы қосалқы мән-жайларға байланысты активті пайдалану құндылығын есептеген кезде қолданылуы мүмкін. “Әдеттегі” тәсілдемеге сәйкес, А1-параграфта сипатталған (d)-(е) түзетулер дисконт ставкасына қойылады. “Ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарының негізінде” тәсілдемесіне сәйкес, (b), (d) және (e) факторлары ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын есептеген кезде тәуекелге түзетумен қоса түзету қажеттілігін белгілейді. Ұйым ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары түсімінің мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрленулерге қатысты осы екі тәсілдеменің қайсысын қабылдаса да, нәтиже осы болашақ тасқындардың дисконтталған құнды көрсету, яғни мүмкін болатын барлық нәтижелердің ішіндегі орташа өлшенген нәтиже болуға тиіс.

      Жалпы принциптер

          А3. Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын және пайыз ставкаларын бағалау сөз болып отырған активтің маңайында қалыптасқан мән-жайларға байланысты, әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Солай бола тұрса да, активтер дисконтталған құн бойынша бағаланған кезде, мынадай жалпы принциптер қолданылады:

            (а) ақшалай қаражаттар тасқындарын дисконттау үшін қолданылатын пайыз ставкалары ақшалай қаражаттардың бағаланатын ұйғарындарына тән ұйғарындармен келісілетін ұйғарындарды көрсетуге тиіс. Олай болмаған күнде кейбір ұйғарындардың әсері екі рет ескеріледі немесе ескерілмей тасталады. Мысалы, 12 пайызға тең дисконт ставкасы берілген кредиттер бойынша шартта көзделген ақшалай қаражаттар тасқындарына қатысты қолданылуы мүмкін. Бұл ставка нақты сипаттамалары бар кредиттер бойынша болашақ төленбеген төлемдерге қатысты күтуді көрсетеді. Тап сол 12 пайыздық ставка ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарын дисконттау үшін қолданылмауға тиіс, өйткені ондай тасқындар болашақ төленбеген төлемдерге қатысты ұйғарындарды көрсетеді;

            (b) ақшалай қаражаттардың бағаланатын тасқындары және дисконт ставкалары субъективтіліктен және бұл жағдайда сөз болып отырған активке қатысы жоқ факторлардан бос болуға тиіс. Мысалы, активтің жалған болашақ табыстылығын арттыру мақсатымен ақшалай қаражаттардың бағаланатын таза тасқындарын қасақана кеміту бағаға субъективтілік элементін әкеледі;

            (с) ақшалай қаражаттардың бағаланатын тасқындары және дисконт ставкалары бірден-бір ықтимал ең аз немесе ең көп өлшемді емес, мүмкін болатын нәтижелер диапазонын көрсетуге тиіс.

      Дисконтталған құнға тәсілдемелер: дағдылы және ақшалай  қаражаттардың күтілетін  тасқындары негізінде

      Дағдылы тәсілдеме 

          А4. Дисконтталған құнды қолдануға байланысты есеп тәжірибесінде ақшалай қаражаттардың бағаланатын тасқындарының бірыңғай қатары және “тәуекелмен өлшенетін ставка” ретінде жиі сипатталатын дисконттың бірыңғай ставкасы дағдылы түрде көрсетіледі. Іс жүзінде, дағдылы тәсілдеме дисконттың бірыңғай принципі ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарына қатысты барлық күтулерді және тәуекел үшін тиісті үстемақыны өзінде қамтуға қабілетті. Тиісінше, дағдылы тәсілдеме кезінде дисконт ставкасын таңдауға ерекше көңіл бөлінеді.  

          А5. Кейбір жағдайларда, мысалы, нарықта салыстырмалы активтер айналыста болған кезде, дағдылы тәсілдеме оңайырақ қолданылуы мүмкін. Ақшалай қаражаттардың шартта көзделген тасқындары бар активтерге қатысты, ол нарыққа қатысушылар активті қалай сипайттайтынына қарай, мысалы, “12 пайыздық облигациядағы” сияқты, келісіледі. 

          А6. Алайда, кейбір неғұрлым күрделі бағалау проблемаларын шешу, мысалы, қаржылық емес активтерді олардың өздері үшін және олармен салыстырылатын активтер үшін бағалауды шешу үшін дағдылы тәсілдеме әрдайым жарай бермейді. “Тәуекелмен өлшенетін ставкаларды” іздестірудің дұрыс жолы, ең болмағанда, екі активті – нарықта бар және қолданылатын пайыз ставкасы бар активті және бағалау мәні болып табылатын активті талдау арқылы жасалады. Ақшалай қаражаттардың бағаланатын тасқындары үшін тиісті дисконт ставкасы осы басқа активтің қолданыстағы пайыз ставкасынан шығарылуға тиіс. Осы өлшемді шығару үшін осы басқа активтің ақшалай қаражаттары тасқындарының сипаттамасы бағаланатын активтің сипаттамасымен ұқсас болуға тиіс. Сөйтіп, бағалау субъектісі мыналарды жасауға тиіс: 

            (а) дисконтталатын ақшалай қаражаттар тасқындарының қатарын бірегейлендіруге;

            (b) нарықта, көрініп отырғанындай, ақшалай тасқындарының сипаттамалары ұқсас басқа активті бірегейлендіруге;

            (с) осы екі объект бойынша ақшалай қаражаттар тасқындарының қатарын салыстыруға және олардың ұқсастығына көз жеткізуге (мысалы, олар шартта көзделген ақшалай қаражаттар тасқындары болып табыла ма, немесе олардың бірі шартта көзделген, ал екіншісі болжамды ақшалай тасқындар ма деген сұраққа жауап қайтару);

            (d) объектілердің бірінде басқа объектіде жоқ қандай да бір элемент бар-жоғын анықтау (мысалы, олардың бірі екіншісіне қарағанда неғұрлым өтемді ме); 

            және 

            (е) экономикалық жағдайлар өзгерген кезде ақшалай тасқындардың екі қатарының да ұқсас болу (яғни түрлену) ықтималдығын анықтау. 

      Ақшалай қаражаттардың күтілетін  тасқындарының негізіндегі  тәсілдеме 

          А7. Кейбір жағдайларда ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарының негізіндегі тәсілдеме дағдылы әдіспен салыстырғанда тиісті бағалау құралын білдіреді. Ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарын бағалау процесінде неғұрлым ықтимал бір тасқынның орнына ақшалай қаражаттардың мүмкін болатын барлық тасқындарына қатысты күту пайдаланылады. Мысалы, ақшалай қаражаттардың тасқындары ықтималдығы тиісінше 10, 60 және 30 пайызбен 100 ш.б., 200 ш.б. немесе 300 ш.б. құрауы мүмкін. Ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындары 220 ш.б. құрайды. Сөйтіп, ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарының негізіндегі тәсілдеменің дағдылы тәсілдемеден айырмашылығы - ол қаралып отырған тасқындарды тікелей талдаудан және бағалау барысында пайдаланылатын неғұрлым егжей-тегжейлі ұйғарындардан шоғырландырылады. 

Информация о работе Активтердің құнсыздану