Активтердің құнсыздану

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат

Описание работы

Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.

Работа содержит 1 файл

36-ХБЕС Активтердің құнсыздануы.doc

— 308.00 Кб (Скачать)

      Қозғалысқа  келтіретін бірліктердің құнсыздануынан болған залал

          104. Құнсызданудан болған залал ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты (іскерлік бедел немесе корпорациялық актив бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобы), егер де осы бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы осы бірліктің (бірліктер тобының) баланстық құнынан аз болса ғана, танылуға тиіс. Бірлік (бірлік топтары) активтерінің баланстық құнын азайту үшін құнсызданудан болған залал былайша бөлінуге тиіс:

          (а) алдымен ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген кез келген іскерлік беделдің баланстық құнын азайту үшін;

                және

          (b) одан кейін бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы әрбір активтің баланстық құнына тепе-тең етіп бірліктің (бірліктер тобының) басқа да активтеріне.

          Баланстық құнды осы азайтулар  жекелеген активтер бойынша құнсызданудан  болған залалдар ретінде  ескерілуге және 60-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.

          105. 104-параграфқа сәйкес құнсызданудан болған залалды бөлу кезінде, ұйым активтің баланстық құнын мыналардың:

          (а) сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнының (егер ол анықтауға келсе);

          (b) оның пайдалану құндылығының (егер ол анықтауға келсе);

                және

          (с) нөлдің ең көп мәнінен төмен азайтуға құқылы емес.

          Олай  болмаған жағдайда активке  жатқызылатын құнсызданудан болған залалдың өлшемі бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы басқа активтерге тепе-тең негізде бөлінуге тиіс.

          106. Егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің әрбір жеке активінің өтелетін сомасын бағалау мүмкін болмаса, онда, осы Стандартқа сәйкес, қозғалысқа келтіретін бірліктің барлық активтері бірге жұмыс істейтіндіктен, осы бірліктің іскерлік беделден өзгеше активтерінің арасында құнсызданудан болған залалды еркін бөлу қажет.

          107. Егер жеке активтің өтелетін сомасын анықтау мүмкін болмаса (67-параграфты қараңыз):

          (а) актив үшін, егер оның баланстық құны сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құны және 104 және 105-параграфтарда сипатталған бөлу рәсімдері нәтижелері мәндерінің ең көбінен асатын болса, құнсызданудан болған залал танылады;

                және

          (b) актив үшін, егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін тиісті бірліктің құны азаймаса, құнсызданудан болған ешқандай залал танылмайды. Бұл ереже, тіпті егер сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің әділ құны оның баланстық құнынан аз болған кезде де қолданылады.

          Мысал

          Станок  табиғи тұрғыдан бұзылып қалды, бірақ  бұрынғыдай болмаса да, әлі жұмыс  істейді. Сатуға шыққан шығындар шегерілген станоктың әділ құны оның баланстық  құнынан аз. Осы станок ақшалай  қаражаттардың тәуелсіз түсімдерін қозғалысқа келтірмейді. Осы станок қамтитын және басқа активтер өндіретін ақшалай қаражаттар түсімдеріне елеулі деңгейде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың бірліктерін қозғалысқа келтіретін активтердің ең аз бірігейлендірілетін тобы станок кіретін өндірістік желі болып табылады. Өндірістік желінің өтелетін сомасы тұтас алғанда өндірістік желінің құны азаймағанын көрсетеді.

          1-жорамал:  басшылық бекіткен сметалар/болжамдар  басшылықтың станокты ауыстыру  жөніндегі ешқандай міндеттемелерін  көрсетпейді.

          Осы станоктың өтелетін сомасы өз-өзінен, оның пайдалану құны:

            (а)  сатуға шыққан  шығындар шегерілген  оның әділ құнынан  айырмашылығы болғандықтан;

                  және

            (b)  ақша қаражатын  қозғалысқа келтіретін, станок тиесілі  болатын (өндірістік  желінің) бірлік  үшін ғана анықталуы мүмкін болатындықтан, бағаланбайды.

          Өндірістік  желі құнсызданған жоқ. Тиісінше, станокқа қатысты да қандай да болсын құнсыздану танылмайды. Солай бола тұрса да, ұйым осы станок үшін амортизациялау кезеңін немесе амортизация әдісін қайта бағалау қажеттілігінен бас тарта алады. Мүмкін, станоктың пайдалы қызметінің болжамды қалған мерзімін немесе экономикалық пайдаларды компания тұтыну күтіліп отырған сұлбаны көрсету үшін амортизациялаудың неғұрлым қысқа кезеңі немесе амортизацияның неғұрылым жылдам әдісі талап етіледі.

          2-жорамал: басшылық бекіткен сметалар/болжамдар басшылықтың станокты ауыстыру және оны таяу болашақта сату міндеттемесін көрсетеді. Станокты өткізілгенге дейін пайдалануды жалғастырудан түсетін ақша тасқындары елеусіз нәрсе ретінде бағаланады.

          Станокты  пайдалану құндылығы  сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнына жақын мән  ретінде бағалануы  мүмкін. Сөйтіп, станоктың  өтелетін сомасы анықталуы  мүмкін, бұл жағдайда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, станок (яғни өндірістік желі) тиесілі болатын бірлік қаралмайды. Сатуға шыққан шығындар шегерілген станоктың әділ құны оның баланстық құнынан аз болғандықтан, оған қатысты құнсызданудан болған залал танылады.

          108. Құнсызданудан болған залалдың кез келген қалған сомасы үшін 104 және 105-параграфтардың талаптарына қолданғаннан кейін қозғалысқа келтіретін бірлік үшін, егер де мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары талап етсе ғана, міндеттеме танылуға тиіс.

      ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛҒАН ЗАЛАЛДЫ ҚАЙТА ТОПТАСТЫРУ

          109. 110-116-параграфтарда алдыңғы кезеңдерде активке немесе қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты танылған құнсызданудан болған залалды қайта топтастыруға қойылатын талаптар белгіленеді. Осы талаптарда "актив" термині пайдаланылады, бірақ олар жеке активке де, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дәрежеде қолданылады. 117-121- параграфтарда - жеке активке, 122 және 123-параграфтарда - ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке, ал 124 және 125-параграфтарда іскерлік беделге қосымша талаптар үшін белгіленген.

          110. Әрбір есепті күнге ұйым алдыңғы кезеңдерде, іскерлік беделді қоспағанда, активке қатысты танылған құнсызданудан болған залалдың, бәлкім, бұдан әрі болмауының немесе кемуінің қандай да болсын белгілерінің бар немесе жоқ екендігін анықтауға міндетті. Осындай белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, ұйым осы активтің өтелетін сомасын бағалауға міндетті.

          111. Алдыңғы кезеңдерде, іскерлік беделді қоспағанда, активке қатысты танылған құнсызданудан болған залалдың бұдан былай болмауы немесе азаюы мүмкін екендігінің белгілерін анықтай отырып, ұйым, ең болмағанда, мынадай факторларды ескеруге міндетті:

      Сыртқы  ақпарат көздері:

            (а) активтің нарықтық құны кезең ішінде біршама ұлғайған;

            (b) ұйым үшін қолайлы оң әсері бар елеулі өзгерістер ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда, немесе ұйым үшін актив арналған нарықта кезең ішінде болды немесе таяу болашақта болады;

            (с) инвестицияларға пайданың нарықтық пайыздық ставкалары немесе басқа нарықтық нормалары кезең ішінде азайған және осы азаюлар активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконт ставкасына әсер етуі және оның өтелетін сомасын елеулі түрде ұлғайтуы мүмкін;

      Ішкі  ақпарат көздері:

            (d) ұйым үшін оң әсері бар елеулі өзгерістер активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану деңгейі немесе тәсілі кезең ішінде жасалған немесе таяу болашақта күтілуде. Осы өзгерістер активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру не осы актив жататын қызмет түрін қайта құрылымдау мақсатымен кезең ішінде келтірілген залалды қамтиды;

            (е) ішкі есептілік активтің өнімділігі болжанғаннан жоғары екендігін, немесе жоғары болатындығын көрсетеді.

          112. 111-параграфта сөз болып отырған құнсызданудан болатын залалдың әлуетті азаю белгілері 12-параграфта келтірілген құнсыздану болған әлуетті залалдардың белгілерін айнытпай көрсетеді.

          113. Егер, іскерлік беделді қоспағанда, активке қатысты құнсызданудан болған залал бұдан әрі болмауы немесе азаюы мүмкін екендігінің белгісі бар болса, онда бұл қалған пайдалы қызмет мерзімі, амортизациялау әдісі немесе жойылу құны осы активке қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес, тіпті осы актив бойынша залал қайта топтастырылмаса да, қайта қаралуға және түзетілуге тиіс екендігін білдіреді.

          114. Іскерлік беделді қоспағанда, активке қатысты алдыңғы кезеңдерде танылған құнсызданудан болған залал, егер де құнсызданудан болған соңғы залал танылған кезден бастап осы активтің өтелетін сомасын анықтау кезінде пайдаланылған бағаларда өзгеріс болса ғана, қайта топтастырылуға тиіс. Ондай жағдайда активтің баланстық құны, 117-параграфта көзделген жағдайды қоспағанда, оның өтелетін сомасына дейін ұлғаюға тиіс. Бұл ұлғаю құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру болып табылады.

          115. Құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру активтің болжамды қызмет әлуетінің не оны пайдалану, не ұйым осы активтің құнсыздану залалын соңғы рет таныған күннен бастап сату есебінен ұлғаюын көрсетеді. 130-параграфтың талабына сәйкес, ұйым болжамды қызмет әлуетінің ұлғаюын туғызған бағалардағы өзгерістерді бірегейлендіруге тиіс. Бағалаудағы өзгерістердің мысалына мыналар жатады:

          (а) өтелетін сома негізіндегі өзгеріс (яғни, өтелетін соманың негізінде не жатқанына: сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құн ба, әлде пайдалану құндылығы ма);

          (b) егер өтелетін сома пайдалану құндылығына негізделсе, ақшалай қаражаттардың болжамды болашақ тасқындарының өлшеміндегі немесе уақытына қарай бөлудегі өзгеріс;

                немесе

          (с) егер өтелетін сома сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құнға негізделсе, сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құнды құрайтын бағадағы өзгеріс.

          116. Активті пайдалану құндылығы ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының дисконтталған құны олардың келіп түсу мерзімдерінің жақындауына қарай ұлғаятындықтан ғана, оның баланстық құнынан асуы мүмкін. Алайда активтің қызмет әлуеті ұлғайған жоқ. Сөйтіп, құнсызданудан болған залал, тіпті егер активтің өтелетін сомасы оның баланстық құнынан асып кетсе де, уақыттың өтіп кетуіне байланысты қайта топтастырылмайды (бұл кейде дисконтты "жабу" деп аталады).

      Жеке  активтің құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру

          117. Құнсызданудан болған қайта топтастырылған залалдың есебінен ұлғайған активтің баланстық құны, егер алдыңғы жылдары актив үшін құнсызданудан болған залал танылмаған болса, анықталуы мүмкін (амортизацияны шегеріп) баланстық құннан аспауға тиіс.

          118. Егер алдыңғы жылдары актив үшін құнсызданудан болған залал танылмаған болса, анықталуы мүмкін болатын баланстық құннан тыс (амортизацияны шегеріп), іскерлік беделден басқа, активтің баланстық құнының кез келген ұлғаюы қайта бағалау болып табылады. Ондай қайта бағалауды есепте көрсету үшін ұйым активке тиісті Халықаралық қаржы есептілігі стандартын қолданады.

          119. Іскерлік беделді қоспағанда, активтің құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру, егер осы актив басқа Стандартқа сәйкес (мысалы, 16-"Негізгі құралдар" IAS Халықаралық стандартына сәйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағаланған өлшем бойынша есепте көрсетілмесе ғана, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде танылуға тиіс. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған залалды қайта топтастырудың кез келгенін осындай басқа Стандартқа сәйкес қайта бағалаудан ұлғаюы ретінде ескеру керек.

          120. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған залалды қайта топтастыруға меншікті капиталдың шотына "Қосымша бағалау сомасы" деген тақырыппен тікелей кредит беріледі. Алайда, егер қайта бағаланған тап сол актив бойынша құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру бұрын пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған болса, онда мұндай залалды қайта топтастыру да пайдалар және залалдар туралы есепте танылады.

          121. Құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру танылғаннан кейін актив үшін амортизациялық аударым активтің өзгертілген баланстық құнын, оның тарату құнын (егер ондайлар бар болса) шегере отырып, оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ кезеңдер үшін түзетілуге тиіс.

      Қозғалысқа  келтіретін бірлестіктің құнсыздануынан болған залалды қайта  топтастыру

          122. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру сомасы, іскерлік беделден басқа, осы бірліктің активтеріне осы активтің баланстық құнының мәндеріне тепе-тең бөлінуге тиіс. Баланстық құн мәндерінің осы ұлғаюлары қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру ретінде есепке алынуға және 119-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.

Информация о работе Активтердің құнсыздану