Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат
Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.
123. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсызданудан болған залалдың қайта топтастыру сомасын 122-параграфқа сәйкес бөлу кезінде активтің баланстық құны мыналардың ең азынан аспауға тиіс:
(а) оның өтелетін сомасынан (егер ол анықтауға келсе);
және
(b) егер алдыңғы кезеңдерде активке қатысты құнсызданудан болған залал танылмаса, анықталатын (амортизацияны шегеріп) баланстық құннан.
Олай болмаған күнде активке жатқызылуға тиісті құнсызданудан болған залалдың өлшемі, іскерлік беделді қоспағанда, осы бірліктің құрамындағы басқа активтерге тепе-тең негізде бөлінуге тиіс.
124. Іскерлік беделге қатысты танылған құнсызданудан болған залалды келесі кезеңде қайта топтастыруға тиым салынады.
125. 38-"Материалдық емес активтер" IAS Халықаралық стандарты ұйым ішінде жасалған іскерлік беделді тануға тиым салады. Іскерлік беделдің өтелетін сомасының осы іскерлік беделге қатысты құнсызданудан болған залал танылғаннан кейінгі кезеңдердегі кез келген ұлғаюы сатып алынған іскерлік ақпаратқа қатысты танылған құнсызданудан болған залалды қайта топтастыруға қарағанда, ұйымның ішінде жасалған іскерлік беделдің ұлғаюын білдіреді.
АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ
126. Активтердің әрбір жіктелімі үшін ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:
(а) кезең ішінде пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған құнсызданудан болған залалдар сомасын және осы есептің сол залалдар көрсетілетін желілік бабын (баптарын);
(b) кезең ішінде пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған құнсызданудан болған залалдардың қайтару сомасын және осы есептің сол залалдар қайтарылатын желілік бабын (баптарын);
(с) кезең ішінде меншікті капиталдың шотында тікелей танылған қайта бағаланған активтер бойынша құнсызданудан болған залалдар сомасын;
(d) кезең ішінде меншікті капиталдың шотында тікелей танылған активтер бойынша құнсызданудан болған залалдардың қайтару сомасын.
127. Активтер сыныптамасы – бұл сипаты және ұйым қызметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас активтер тобы.
128. 126-параграфта талап етілетін ақпарат активтердің осы сыныптамасы үшін ашып көрсетілетін басқа ақпаратпен бірге ұсынылуы мүмкін. Мысалы, осы ақпарат 16-"Негізгі құралдар" IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың баланстық құнын кезең басында және соңында салыстыруға кіруі мүмкін.
129. 14-"Сараланымдық есептілік" IAS Халықаралық стандартына сәйкес сараланымдық ақпаратты ұсынатын ұйым әрбір есептік сараланым бойынша ұйым есептілігінің бастапқы пішімі негізінде мынадай мәліметтерді ұсынуға міндетті:
(а) кезең ішінде пайдалар мен залалдар туралы есепте және тікелей меншікті капиталдың шотында танылған құнсызданудан болған залалдар сомасын;
(b) кезең ішінде пайдалар мен залалдар туралы есепте және тікелей меншікті капиталдың шотында танылған құнсызданудан болған залалдардың қайта топтастыру сомасын.
130. Ұйым кезең ішінде, іскерлік беделді қоса, жекелеген активтерге немесе ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты танылған немесе қайта топтастырылған құнсызданудан болған әрбір елеулі залал туралы мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) құнсызданудан болған залалды тануға немесе қайта топтастыруға алып келген оқиғалар мен мән-жайларды;
(b) танылған немесе қайта топтастырылған құнсызданудан болған залал сомасын;
(с) жекелеген активтерге қатысты:
(і) активтің сипатын;
және
(іі) егер ұйым 14 IAS Халықаралық стандартына сәйкес сараланымдық ақпаратты ұсынса, ұйым ұсынған есептіліктің бастапқы пішімі негізінде актив жататын есепті сараланым туралы ақпарат ашып көрсетілуге тиіс;
(d) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты:
(і) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің атауын (мысалы, ол 14 IAS Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес немесе басқаларға сәйкес өндірістік желі, станок, іскерлік операция, географиялық аймақ, есептік сараланымы болып табыла ма, жоқ па);
(іі) ұйым ұсынған есептіліктің бастапқы пішімі негізінде активтер жіктелімдері және 14 IAS Халықаралық стандартына сәйкес есептік сараланымдар бойынша ұйым есептілік ұсынған жағдайда танылған немесе қайта топтастырылған құнсызданудан болған залал сомасы;
және
(ііі) егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті анықтау үшін активтерді біріктіру ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы алдыңғы бағаланған кезден бастап өзгерсе (егер ондайлар бар болса), ұйым активтерді біріктірудің ағымдағы және алдыңғы тәсілдерінің сипаттамасын ұсынуға, сондай-ақ ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті анықтау тәсілінің өзгеруіне арналған себептерді көрсетуге тиіс;
(е) активтің (ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің) өтелетін сомасы сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнына немесе оның пайдалану құнына тең екендігін көрсету керек;
(f) егер өтелетін сома сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құнға тең болса, онда сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құнды анықтауға арналған негізді көрсету қажет (мысалы, әділ құн белсенді нарық көрсеткіштеріне айналдыру арқылы анықталған ба, жоқ па);
(g) егер өтелетін сома пайдалану құндылығына тең болса, пайдалану құндылығын ағымдағы және алдыңғы бағалауда пайдаланылған (егер ондайлар бар болса) дисконт ставкасы (лары) ашып көрсетілуге тиіс.
131. Ұйым 130-параграфқа сәйкес қандай да болсын ақпарат ұсынылмайтын кезеңнің ішінде танылған залалдар сомаларының құнсыздануынан және жиынтық қайтарылуынан болған жиынтық залалдарға қатысты мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) құнсызданудан болған залалдармен келтірілген активтердің негізгі жіктелімдері, және олар бойынша құнсызданудан болған залалдарды қайтару орын алған активтердің негізгі жіктелімдері;
(b) құнсызданудан болған осы залалдарды тануға және құнсызданудан болған залалдарды қайта топтастыруға алып келген негізгі оқиғалар мен мән-жайлар.
132. Ұйымың кезең ішінде активтердің (ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктердің) өтелетін сомасын анықтау кезінде пайдаланылған ұйғарындарды ашып көрсетуі мақұлданады. Екінші жағынан, 134-параграфқа сәйкес, ұйым іскерлік беделді және пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті осы бірліктің баланстық құнына енгізген кезде қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау үшін пайдаланылған бағалар туралы ақпаратты ашып көрсетуге тиіс.
134. Ұйым өзіне қатысты іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтердің осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген баланстық құны ұйымда бар іскерлік беделдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық баланстық құнымен салыстырғанда елеулі өлшемін білдіретін қозғалысқа келтіретін әрбір бірлік (бірліктер тобы) үшін (а)-(f) сәйкес талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген іскерлік беделдің баланстық құнын;
(с) бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы анықталған негізге, яғни пайдалану құндылығына немесе сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құнға;
(d) егер бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін құнын анықтауға пайдалану құндылығы негіз болса:
(і) ұйым басшылығы ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезеңге ақшалай қаражаттар тасқындарын болжаған әрбір негізгі ұйғарынды сипаттау. Бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы неғұрлым сезімтал болатындар негізгі ұйғарындар болып табылады;
(іі) ұйым басшылығы әрбір негізгі ұйғарын үшін белгілеген мәнді (мәндерді) анықтауға қолданған тәсілдемені сипаттау, яғни ондай мән (мәндер) бұрынғы тәжірибені, немесе, ол орынды болған жерді көрсете ме, ол/олар сыртқы ақпарат көздерімен келісіле ме, және, егер келісілмесе, олар бұрынғы тәжірибеден немесе сыртқы ақпарат көздерінен қалай және неліктен өзгешеленетіні туралы ақпаратты ашып көрсету;
(ііі) ұйым басшылығы өздері бекіткен қаржы сметаларының/болжамды бағалардың негізінде ақшалай қаражаттар тасқындарын болжаған, және қозғалысқа келтіретін бірлікке (бірліктер тобына) қатысты бес жылдан асатын кезең, осы кезеңді ұзартуға негіз болған себептерді түсіндіру;
(v) ақшалай қаражаттар тасқындарының болжамдарына қатысты дисконттау ставкасы (ставкалары);
(ііі) бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы оның баланстық құнына теңелуі үшін өтелетін соманы анықтауға пайдаланылатын басқа ауыспалылар тарапынан осындай өзгертуге кез келген жанама ықпалдарды қосқаннан кейін, негізгі ұйғарын үшін белгіленген мән өзгеруге тиіс болатын өлшемді.