Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат
Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.
(а) шығып қалудан пайданы немесе залалды анықтаған кезде осы қызмет түрінің баланстық құнына енгізілуге;
және
МысалҰйым іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамындағы қызмет түрін 100 ш.б.-ке сатады. Осы бірлікке бөлінген іскерлік беделді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе бұл бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен байланыстыруға болмайды. Сатушы-ұйымның қозғалысқа келтіретін бірліктің бөлігінде сақталған өтелетін сомасы 300 ш.б. құрайды. Қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген іскерлік беделді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе бұл бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен байланыстыруға болмайтындықтан, шығып қалған қызмет түрімен ұқсастырған іскерлік бедел шығып қалған қызмет түрі құнының және қозғалысқа келтіретін бірліктің сақталған бөлігінің салыстырмалы мәндері негізінде анықталады. Тиісінше, осы қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген іскерлік беделдің 25 пайызы сатылған қызмет түрінің баланстық құнына қосылады. |
87. Егер
ұйым өз есептілігін
ол іскерлік бедел бөлінген
бір немесе бірнеше
қозғалысқа келтіретін
бірліктердің құрамын
ауыстыратындай етіп
бөлсе, онда бұл іскерлік
бедел осы өзгерістерге
қатысты бірліктерге
бөлінуге тиіс. Ондай
қайта бөлуді ұйым қозғалысқа
келтіретін бірліктің
құрамындағы қызмет
түрін сатқан кезде
пайдаланылатын тәсілдеме
сияқты салыстырмалы
мәннің негізіндегі
тәсілдемені пайдалана
отырып жүргізу керек,
бұған осы ұйым қайта
құрылымдалған бірліктермен
ұқсастырған іскерлік
беделді жақсырақ көрсететін
басқа әдіс бар екендігін
көрсете алатын жағдай
кірмейді.
МысалІскерлік бедел бұрын А қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген болатын. А бірлікке бөлінген іскерлік беделді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе А бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен ұқсастыруға болмайды. А бірлік басқа үш қозғалысқа келтіретін: B, C және D бірліктерге бөлінуге және кіріктірілуге тиіс. А бірлікке бөлінген іскерлік беделді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе А бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен ұқсастыруға болмайтындықтан, ол осы бөліктер B, C және D бірліктерге кіріктірілгенге дейін А бірлігінің осы үш бөлігінің салыстырмалы мәндерінің негізінде B, C және D бірліктеріне қайта бөлінеді. |
Іскерлік беделі бар қозғалысқа келтіретін бірліктерді құнсыздану мәніне сынақтау
88. 81-параграфта айтылғандай, іскерлік бедел қозғалысқа келтіретін бірлікке жатқызылған, бірақ оған бөлінбеген кезде, бұл бірлік оның мүмкін болатын құнсыздануының кез келген белгісі болған жағдайда, іскерлік бедел есепке алынбай, оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздануға сынақталуға тиіс. Құнсызданудан болған кез келген залал 104-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.
89. Егер 88-параграфта сипатталған қозғалысқа келтіретін бірліктің баланстық құны шектеусіз пайдалы қызмет мерзімі бар немесе әлі пайдалануға келмейтін материалдық емес активті қамтитын болса, және мұндай актив құнсыздануға қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамында ғана сынақтала алатын болса, онда 10-параграфтың талабына сәйкес, ондай бірлік жыл сайынғы негізде сынақталуға жатқызылады.
90. Іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлік құнсыздануға жыл сайын сынақталуға тиіс, ал бұл бірліктің құнсыздану белгісі пайда болған кезде іскерлік бедел есепке алынбай, оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздануға сынақталуға тиіс. Егер бірліктің өтелетін сомасы оның баланстық құнынан асатын болса, онда ол бірлікті, оған бөлінген іскерлік бедел сияқты құнсызданбаған деп есептеу керек. Ал егер бірліктің баланстық құны оның өтелетін сомасынан асатын болса, онда ұйым құнсызданудан болған залалды 104-параграфқа сәйкес тануға міндетті.
Азшылық үлесі
91. 3 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес кәсіпорындар біріккен кезде танылған іскерлік бедел, кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде бас үйым бақылайтын іскерлік беделді емес, өзінің қатысу үлесіне сүйеніп бас ұйым сатып алған іскерлік беделді білдіреді. Сөйтіп, азшылық үлесіне жатқызылатын іскерлік бедел бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігінде танылуға тиіс емес. Тиісінше, егер іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікте азшылық үлесі бар болса, ондай бірліктің баланстық құнына:
(а) бас компанияның үлесі де, бірліктің бірегейлендірілетін таза активтеріндегі азшылық үлесі де;
және
(b) бас ұйымның іскерлік беделдегі үдесі де кіреді.
Алайда, осы Стандартқа сәйкес анықталған қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасының бір бөлігі іскерлік беделдегі азшылық үлесіне жатқызылады.
92. Тиісінше, іскерлік беделі бар қозғалысқа келтіретін бірліктің толық емес меншігіндегі құнсыздану мәніне сынақтау мақсаттарында, бұл бірліктің баланстық құны ол өтелетін сомамен салыстырылғанға дейін шартты түзетуден өтеді. Ол азшылық үлесіне жатқызылатын іскерлік беделді қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген іскерлік беделдің баланстық құнының жалпы сомасына енгізу жолымен жасалады. Шартты түзетілген бұл баланстық құн одан кейін қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану фактісін анықтау үшін бірліктің өтелетін сомасымен салыстырылады. Егер құнсыздану орын алатын болса, онда ұйым, 104-параграфқа сәйкес, қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген іскерлік беделдің баланстық құнын кеміту мақсатымен, алдымен осы құнсызданудан болған залалды бөледі.
93. Бірақ, іскерлік бедел бас ұйымның қатысу үлесінің шеңберінде ғана танылатын болғандықтан, осы іскерлік беделге жататын құнсызданудан болған кез келген залал бас үйымның үлесі мен азшылық үлесінің арасында таратып жазылады, бұл жағдайда бас ұйымның залалдың үлесіне жатқызылған бөлігі ғана іскерлік беделдің құнсыздануынан болған залал ретінде танылуға тиіс.
94. Егер іскерлік беделге жатқызылған құнсызданудан болған жиынтық залал қозғалысқа келтіретін бірліктің шартты түзетілген баланстық құн оның өтелетін сомасынан асатын сомадан кем болса, онда, 104-параграфқа сәйкес, бұл асып түсу осы қозғалысқа келтіретін бірліктің басқа активтері оның құрамындағы әрбір активтің баланстық құнының мәніне тепе-тең бөлінуге тиіс.
95. Көрнекі 7-Мысал толық емес меншіктегі іскерлік беделі бар қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану әрекетіне сынақтама жасауды сипаттайды.
Құнсыздану мәніне сынақтама жасау үшін уақыт таңдау
96. Іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану әрекетін жыл сайынғы сынақтауды, ондай жыл сайынғы сынақтау алдағы уақытта ылғи бір мезгілде жүргізілетін жағдайда, жылдық кезеңнің ішінде кез келген уақытта жүргізуге болады. Қозғалысқа келтіретін әр түрлі бірліктер құнсыздануға әр түрлі уақытта сынақталуы мүмкін. Бірақ, егер қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген іскерлік бедел ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде кәсіпорындар біріктірілген кезде ішінара немесе толық сатып алынған болса, ондай қозғалысқа келтіретін бірлік осы ағымдағы жылдық кезең аяқталғанға дейін құнсыздануға сынақталуға тиіс.
97. Егер іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікті құрайтын активтер өзінде іскерлік бедел жасалған бірлік сияқты тап сол уақытта құнсыздануға сынақталатын болса, онда олар өзінде іскерлік бедел жасалған бірліктен бұрын құнсыздануға сынақталуға тиіс. Сол сияқты, егер іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктер тобын құрайтын қозғалысқа келтіретін бірліктер өзінде іскерлік бедел жасалған бірліктер тобы сияқты тап сол уақытта құнсыздануға сынақталатын болса, онда жекелеген бірліктер өзінде іскерлік бедел жасалған бірліктер тобынан бұрын құнсыздануға сынақталуға тиіс.
98. Іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікті сынақтау кезінде өзінде іскерлік бедел жасалған бірліктің құрамындағы сол немесе басқа активтің құнсыздану белгісі пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайларда ұйым бұл активті бірінші кезекте сынақтайды және өзінде іскерлік бедел жасалған қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсыздануға сынақтау өткізілгенге дейін ол бойынша құнсызданудан болған кез келген залалды таниды. Сол сияқты, өзінде іскерлік бедел жасалған бірліктер тобының құрамындағы қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану белгісі пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайларда ұйым тап осы қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануға бірінші кезекте сынақтайды және өзінде іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктер тобына қатысты құнсыздануға сынақтау өткізілгенге дейін осы бірлік бойынша құнсызданудан болған кез келген залалды таниды.
99. Іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасына қатысты алдыңғы кезеңде жүргізілген ең соңғы егжей-тегжейлі есептеулердің нәтижесі мынадай өлшемдер қанағаттандырылатын жағдайда осы бірлікті құнсыздануға сынақтаған кезде пайдаланылуы мүмкін:
(а) осы бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаған;
(b) өтелетін соманы ең соңғы есептеу нәтижесінде осы бірліктің баланстық құнынан едәуір асатын сома алынған;
және
(с) өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап болған оқиғаларды және өзгерген мән-жайларды талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың қозғалысқа келтіретін бірліктің баланстық құнынан аз болуы неғайбіл екендігін дәлелдейді.
100. Корпорациялық активтер штаб-пәтер үйі немесе компанияның бөлімшелері, электронды- есептеу техникасы немесе зерттеу орталығы сияқты топтардың немесе бөлімшелердің активтерін қамтиды. Компанияның құрылымы активтің ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін нақты бірлікке қатысты осы Стандартта корпорациялық активтерге берілген анықтаманы қанағаттандыратынын не қанағаттандырмайтынын анықтайды. Корпорациялық активтердің басты сипаттамалары олардың, басқа активтерге немесе активтер топтарына қарамастан, ақшалай қаражаттар тасқындарын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі және олардың баланстық құны қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке толық жатқызылуы мүмкін еместігі болып табылады.
101. Корпорациялық активтер ақшалай қаражаттардың жекелеген түсімдерін қамтамасыз етпейтіндіктен, егер ұйымның басшылығы осы активті пайдаланудан шығару туралы шешім қабылдамаса ғана, жеке корпорациялық активтің өтелетін сомасы анықтала алмайды. Тиісінше, егер корпорациялық активтің мүмкін болатын құнсыздану белгісі анықталса, онда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік немесе осы актив тиесілі қозғалысқа келтіретін бірліктер тобы үшін өтелетін сома анықталады, одан кейін ол қозғалысқа келтіретін осы бірліктің немесе қозғалысқа келтіретін бірлік тобының баланстық құнымен салыстырылады. Құнсызданудан болған кез келген залал 104-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.
102. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануына сынақтау кезінде ұйым қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке жататын корпорациялық активтердің барлығын бірегейлендіруге міндетті. Егер корпорациялық активтің баланстық құнының бір бөлігі:
(а) негізді және жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болса, онда ұйым корпорациялық активтің баланстық құнының осы бірлікке бөлінген бөлігін қоса, осы бірліктің баланстық құнын, оның өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті. Құнсызданудан болған кез келген залал 104-параграфқа сәйкес танылуға тиіс;
(b) негізді және жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болмаса, ұйым:
(і) осы бірліктің баланстық құнын, корпорациялық активті есепке алмай, оның өтелетін сомасымен салыстыруға және құнсызданудан болған кез келген залалды 104-параграфқа сәйкес тануға;
(іі) қаралып отырған бірлік құрамына кіретін және корпорациялық активтің баланстық құнының бір бөлігі негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобын бірегейлендіруге;
және
(ііі) корпорациялық активтің баланстық құнының бірліктің осы тобына бөлінген бөлігін қоса, қозғалысқа келтіретін бірліктің осы тобының баланстық құнын осы топтың өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті. Құнсызданудан болған кез келген залалды 104-параграфқа сәйкес танылуға тиіс.
103. Көрнекі 8-Мысал осы талаптарды корпорациялық активтерге қалай қолданған жөн екендігін көрсетеді.