Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат
Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.
А8. Бұған
қоса, ақшалай қаражаттардың күтілетін
тасқындарының негізіндегі тәсілдеме
ақшалай тасқындарды уақытқа қарай бөлу
шектеусіздікпен сипатталатын кезде дисконтталған
құн бойынша бағалау әдісін қолдануға
мүмкіндік береді. Мысалы, 1,000 мөлшеріндегі
ақшалай қаражаттар тасқыны, тиісінше,
ықтималдығы 10, 60 және 30 пайызбен бір, екі
немесе үш жылдың ішінде алынуы мүмкін.
Төменде келтірілген мысалда осы жағдайда
күтілетін дисконттау құнының есебі көрсетілген.
Дисконтталған құн 1,000 ш.б. 1 жылдан кейін 952.38 ш.б.
5%
ставка бойынша
Ықтималдық 10.00%
95.24 ш.б.
Дисконтталған құн 1,000 ш.б. 2 жылдан кейін 902.73 ш.б.
5,25%
ставка бойынша
Ықтималдық 60.00% 541.64 ш.б.
Дисконтталған құн 1,000 ш.б. 3 жылдан кейін 851.61 ш.б.
5,50%
ставка бойынша
Ықтималдық 30.00%
255.48 ш.б.
Күтілетін 892.36 ш.б.
дисконтталған құн
А9. 892.36
күтілетін дисконтталған құнның 902.73 ш.б.
мөлшердегі ең жақсы баға туралы (60 пайыздық
ықтималдық) дағдылы ұсынудан айырмашылығы
бар. Осы мысалға қолданылатын дисконтталған
құн бойынша дағдылы есептеу ақшалай қаражаттар
тасқындарын уақытына қарай мүмкін болатын
бөлудің қайсысын пайдалану керектігін,
және, тиісінше, қайсысы уақытқа қарай
басқа бөлулер ықтималдығын көрсетпейтінін
шешуді талап етеді. Бұл дисконтталған
құны бойынша дағдылы есептеу контексіндегі
дисконт ставкасы уақытқа қарай бөлудің
шектеусіздігін көрсетуге қабілетсіз
екендігінің салдары болып табылады.
А10. Ықтималдықты
пайдалану ақшалай қаражаттардың күтілетін
тасқындарының негізіндегі тәсілдеменің
ең маңызды элементтерінің бірі болып
табылады. Іс жүзінде, субъективтілік
деңгейі жоғары бағаларға ықтималдық
беру осы бағалардың дәлдігін арттыруға
алып келе ме деген сұраққа әлі түпкілікті
жауап алынбаған. Солай бола тұрса да,
дағдылы тәсілдемені дұрыс қолдану (А6-параграфта
сипатталғандай) ақшалай қаражаттардың
күтілетін тасқындарының негізіндегі
тәсілдемені қолдану сияқты, субъективтілікті
бағалауды да талап етеді, бірақ есептеудің
тап осындай ашық болуын қамтамасыз етпейді.
А11. Осы
заманғы практикада жүргізілетін көптеген
бағаларда ақшалай қаражаттардың күтілетін
тасқындарының элементтері қазірдің өзінде
бейресми түрде бар. Бұған қоса, бухгалтерлер
өз қарамағында ақшалай қаражаттар тасқындарының
ықтималдығы туралы шектеулі ақпараты
бола отырып, активке бағалау жүргізу
қажеттігіне жиі ұшырап отырады. Мысалы,
бухгалтер мынадай жағдайларға кезігуі
мүмкін:
(а) болжанатын сома шамамен
50 мен 250 ш.б. арасында тұр, алайда бұл диапазондағы
бір де бір сома кез келген басқа сомаға
қарағанда неғұрлым ықтимал болып табылмайды.
Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай
қаражаттардың күтілетін тасқынын бағалау
жүргізіледі: 150 ш.б. [(50+250)/2];
(с) болжанатын сома 50
ш.б. (10 пайыздық ықтималдық), 250 ш.б. (30 пайыздық
ықтималдық) немесе 100 ш.б. (60 пайыздық ықтималдық).
Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай
қаражаттардың күтілетін тасқынын бағалау
жүргізіледі: 140 ш.б. [(50х0.10)+(250х0.30) + (100 х 0.60)].
Әрбір
жағдайда ақшалай қаражаттардың
күтілетін тасқыны, бәлкім, жеке алғанда
ең аз, неғұрлым ықтимал немесе ең көп
бағалауға қарағанда пайдалану құндылығын
неғұрлым дәл бағалауды қамтамасыз ететін
болады.
А12. Ақшалай
қаражаттардың күтілетін тасқындарының
негізінде тәсілдемені қолдануға шыққан
шығындар ақталмай қалуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда ұйымның көп деректері болуы
мүмкін, бұл оларға ақшалай қаражаттар
тасқындарын қалыптастырудың бірқатар
көріністерін жасауына мүмкіндік береді.
Бірақ, ұйым олай етпеген жағдайда елеулі
шығынға ұшырауға тәуекел ете отырып,
ақшалай қаражаттар тасқындарының түрленуіне
қатысты жалпы тұжырымдармен ғана шектелуге
мәжбүр болатын жағдайлар да кездеседі.
Ұйымның қосымша ақпарат және ондай ақпарат
ол жүргізетін бағаға қосылуы мүмкін қосымша
шынайылық алуға арналған шығындардың
арасында ымырашылдық табуына тура келеді.
А13. Ақшалай
қаражаттардың күтілетін тасқындарының
негізінде бағалау әдісі жеке-дара объектіні
немесе мүмкін болатын нәтижелерінің
саны шектеулі объектіні бағалауға жарамайды
деген пікір бар. Бұл жағдайда мүмкін болатын
екі нәтижесі бар актив мысалға келтіріледі:
ақшалай тасқынның өлшемі 10 ш.б. болатын
90 пайыздық ықтималдық және ақшалай тасқынның
өлшемі 1,000 ш.б. болатын 10 пайыздық ықтималдық.
Осы ұғымдардың авторлары бұл мысалда
ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарының
өлшемі 109 ш.б. болатынын көрсетеді және
бұл нәтижені ақыр соңында төленуге тиіс
болатын сомалардың бір де бірін білдірмейтін
нәтиже ретінде сынға алады.
А14. Осындай
пікірлер жүргізілетін бағалау мақсатымен
жасырын келіспеушілікті көрсетеді. Егер
мақсат алдағы шығындарды жинақтау болса,
онда ақшалай қаражаттардың күтілетін
тасқындары күтілетін шығындарды көрнекі
түрде анық бағалауды қамтамасыз етпеуі
де мүмкін. Екінші жағынан, осы Стандарт
активтің өтелетін сомасын бағалауға
арналған. Жоғарыда келтірілген мысалда
ақшалай қаражаттардың тап осы тасқындары
неғұрлым ықтимал екендігіне қарамастан,
активтің өтелетін құны 10 ш.б. болуы неғайбіл.
Бұған себеп 10 ш.б. мөлшеріндегі баға осы
активті бағалауда ақшалай қаражаттар
тасқындарының шектеусіз болмауында.
Оның орнына ақшалай қаражаттардың шектеусіз
тасқыны ақшалай қаражаттардың шектеулі
тасқыны ретінде ұсынылған. Ақыл-есі дұрыс
бір де бір ұйым ондай сипаттамасы бар
активті 10 ш.б. сатпайды.
Дисконт
ставкасы
А15.
Активті пайдалану құндылығын бағалау
үшін ұйым қандай тәсілдемені қолданатынына
қарамастан, ақшалай қаражаттар тасқындарын
дисконттау үшін қолданылатын пайыз ставкалары
ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарына
түзету жүргізілген тәуекелдерді көрсетпеуге
тиіс. Олай болмаған күнде кейбір ұйғарындардың
салдарлары екі рет есептелетін брлады.
А16. Активке
тән ставканы тікелей нарықтың өзінде
алу мүмкін болмаған кезде, ұйым дисконт
ставкасын бағалау үшін алмастырғыштарды
пайдаланады. Мақсат, мүмкіндігіне қарай,
мыналардың нарықтық бағасын анықтау:
(а) активтің пайдалы
қызмет мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңдерге
арналған ақшаның уақытша құнын;
және
(b) А1 параграфта сипатталған
(b), (d) және (e) факторларды, ақшалай қаражаттардың
күтілетін тасқындарының өлшемін бағалау
кезінде бұл факторлар түзетуге келтірмейтін
жағдайда.
А17. Осындай
баға жасай отырып, ұйым, бастапқыда, мынадай
көрсеткіштерді назарға алуға тиіс:
(а) ұйым капиталының
күрделі активтерді бағалау үлгісі сияқты
әдістердің көмегімен анықталған орташа
есептелген құнын;
(b) ұйымның қарыздық
капиталына пайыздың өсу ставкасын;
және
(с) қарыздық капиталға
пайыздың басқа да нарықтық ставкаларын.
А18.
Рас, бұл көрсеткіштер:
(а) ақшалай қаражаттардың
күтілетін тасқындарына байланысты нарық
айрықша тәуекелдерді бағалайтын тәсілді
көрсету үшін;
және
(b) активпен байланысты
ақшалай тасқындарға қатысы жоқ немесе
ақшалай қаражаттардың күтілетін тасқындарына
түзету жасалған тәуекелдерді жою үшін
түзетілуге тиіс.
Тәуекелдерге,
оның ішінде елдің тәуекеліне, валюталық
тәуекелге және баға тәуекеліне назар
аударған жөн.
А19. Дисконт
ставкасы ұйым капиталының құрылымына
және соның көмегімен ол актив сатып алуды
қаржыландыратын тәсілге тәуелді емес,
өйткені туындауы активтен күтілетін
ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары
ұйымның актив сатып алуды қаржыландыру
тәсіліне тәуелді емес.
А20. 55-параграфқа
сәйкес, дисконттың қолданылатын ставкасы
салыққа дейінгі ставка болуға тиіс. Тиісінше,
дисконттың ставкасы салық есебінен кейін
алынған деректердің негізінде есептелсе,
онда бұл деректер салық есебіне дейінгі
ставканы көрсету үшін түзетіледі.
А21. Ұйым
әдетте активті пайдалану құндылығын
бағалау үшін дисконттың бір ставкасын
пайдаланады. Алайда, ұйым, егер пайдалану
құндылығы әр түрлі кезеңдерге арналған
тәуекелдердегі айырмаға немесе пайыздық
ставкалардың уақытша құрылымына сезімтал
болса, әр түрлі болашақ кезеңдерге арналған
дисконттың әр түрлі ставкаларын пайдаланады.
___________
Қазақстанда
мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату
құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен
жасалған шарттың негізінде Қазақстан
Республикасының Қаржы