Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат
Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.
Бұған қоса, қандай да болсын құнсыздану белгісінің бар-жоғына қарамастан, ұйым:
(а) пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті немесе пайдалану үшін әлі қол жетпейтін материалдық емес активті оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздану мәніне жыл сайын сынақтауға міндетті. Құнсыздануға ондай сынақтама жылдық кезең ішінде кез келген уақытта, ол жыл сайын тап сондай уақытта қайталанып отырған жағдайда, орындалуы мүмкін. Әр түрлі материалдық емес активтер әр түрлі уақытта құнсыздануға сынақталуы мүмкін. Алайда, егер мұндай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде танылған болса, ол осы ағымдағы жылдық кезеңнің соңына дейін құнсыздануға сынақталуға тиіс.
(b) 80-99-параграфтарға сәйкес кәсіпорындар біріккен кезде сатып алынған іскерлік беделді құнсыздануға сынақтауға міндетті.
Материалдық емес активтің өз баланстық құнын өтеу үшін жеткілікті болашақ экономикалық пайдалар іздестіру қабілеті, әдетте, актив пайдалануға қол жеткізілгеннен кейінге қарағанда, ол пайдалануға қол жеткізілгенге дейін неғұрлым жоғары шектеусіздік дәрежесімен сипатталады. Сондықтан осы Стандарт ұйымнан, ең болмағанда, пайдалану үшін әлі қол жеткізілмеген материалдық активтің баланстық құнын құнсыздануға жыл сайын сынақтауды талап етеді.
Активтердің мүмкін болатын құнсыздану белгілерін анықтау барысында ұйым, ең кем дегенде, мынадай факторларды қарастыруға міндетті:
(а) кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өткеннен кейін немесе қалыпты пайдаланылғаннан кейін күтуге болатынға қарағанда айтарлықтай елеулі өлшемге азайған;
(b) ұйым үшін теріс әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болған немесе таяу болашақта ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив арналған нарықта күтіледі;
(с) кезең ішінде инвестициялар кірістілігінің нарықтық пайыздық ставкалары немесе басқа нарықтық көрсеткіштері ұлғайған және осы ұлғаюлар, бәлкім, активті пайдалану құнын есептеген кезде дисконттау ставкасына әсер етуі және оның өтелетін сомасын елеулі түрде азайтуы мүмкін;
(d) ұйымның таза активтерінің баланстық құны оның нарықтық капиталдандыруынан асып түседі.
Ішкі ақпарат көздері:
(е) активтің тозуының немесе табиғи бүлінуінің дәлелдері бар;
(f) ұйым үшін теріс ықпал ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде жасалды немесе активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану дәрежесінде немесе тәсілінде таяу болашақта күтіледі. Ондай өзгерістердің қатарына: қарапайым актив, актив пайдаланылатын қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспарлары, бұрын болжанған шығу күні басталғанға дейін активті өткізу жоспарлары, сондай-ақ активтің қызмет мерзімін – шектеусіз мерзімнен уақыты жағынан шектеулі мерзімге қайта қарау жатады.(*)
(g) ішкі есептілік активті пайдаланудың ағымдағы немесе болашақ нәтижелерінің болжанғаннан нашар екенін көрсетеді.
12-параграфта келтірілген тізбе түпкілікті болып табылмайды. Ұйым активтің мүмкін болатын құнсыздануының басқа белгілерін де анықтауы мүмкін, ол да ұйымнан осы активтің өтелетін сомасын немесе іскерлік беделге қатысты анықтауды, 80-99-параграфтарға сәйкес құнсыздануға сынақтаманың орындалуын талап етеді.
Мыналардың болуы активтің мүмкін болатын құнсыздануының ішкі есептіліктен алынған дәлелі болып табылады:
(а) актив сатып алуға арналған ақшалай қаражаттар тасқындарының немесе оны пайдалану және қызмет көрсету үшін бюджетте бұрын көзделгеннен едәуір жоғары ақшалай қаражаттарға деген келесі қажеттіліктердің;
(b) ақшалай қаражаттардың нақты таза тасқындарының немесе осы активке байланысты, бюджетке салынғаннан едәуір төмен операциялық пайданың немесе залалдың;
(с) ақшалай қаражаттардың бюджетте көзделген таза тасқындарының немесе операциялық пайданың едәуір төмендеуінің, немесе осы активтен шығатын бюджетте көзделген залалдардың едәуір ұлғаюының;
немесе
(d) операциялық залалдардың немесе актив бойынша ақшалай қаражаттардың ағымдағы кезеңнің көрсеткіштерін болашақ кезеңдерге арналған бюджеттік көрсеткіштермен біріктіру кезінде туындайтын таза жылыстаулардың болуы.
. 10-параграфта көрсетілгендей, осы Стандарт пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз, немесе пайдалану үшін әлі қол жетпейтін материалдық емес актив, сондай-ақ іскерлік бедел, кем дегенде, құнсыздану мәніне жыл сайын сынақталуын талап етеді. 10-параграфтың талаптарын қолдану уақытына қарамастан, активтің өтелетін мөлшерін бағалау қажеттілігін анықтау кезінде маңыздылық принципі қолданылады. Мысалы, егер бұрын жүргізілген есептеулер активтің өтелетін сомасы оның баланстық құнынан елеулі түрде көп екенін көрсетсе, онда, егер осы айырманы жоятын ешқандай оқиғалар болмаса, активтің өтелетін сомасын ұйымның қайта бағалауының қажеті жоқ. Осылайша, алдыңғы талдау активтің өтелетін сомасының 12-параграфта аталған көрсеткіштердің біріне (немесе көбіне) әсер етпейтінін көрсете алады.
15-параграфтың
ережелерін көрнекілендіретін
(а) егер активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау ставкасы осы нарықтық көрсеткіштердің ұлғаюына тәуелді болатыны күмәнді болса. Мысалы, қысқа мерзімді пайыздық ставкалардың ұлғаюы пайдалы қызметтің қалған ұзақ мерзімді активке қолданылатын дисконттау ставкасына елеулі түрде әсер етпеуі мүмкін;
(b) егер активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау ставкасы осы нарықтық ставкалар ұлғаюының әсеріне ұшырауы ықтимал екендігі, бірақ өтелетін соманың әсерлілігін алдыңғы талдау мынаны дәлелдесе:
(і) өтелетін соманың елеулі түрде біршама азаятыны ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары да ұлғаюы мүмкін болғандықтан, күмәнді (мысалы, кейбір жағдайларда ұйым өз кірістерін нарықтық ставкалардың кез келген ұлғаюына түзете алатынын көрсетеді;
немесе
(іі) өтелетін өлшемнің азаюы құнсызданудан болатын елеулі залалға алып келетіні екіталай.
Егер активтің құнсыздануы мүмкін болатын белгілер бар болса, онда бұл пайдалы қызметтің қалған мерзімін, амортизациялау әдісін немесе активтің жойылу құнын осы активке қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес, тіпті егер ол жөнінде қандай да болсын құнсызданудан болатын залал танылмаса да, қайта қарау және түзету керек екендігін дәлелдейді.
ӨТЕЛЕТІН СОМАНЫ БАҒАЛАУ
Осы Стандарт өтелетін соманы активтің әділ құнының немесе сатуға және оны пайдалану құндылығына шыққан шығындарды шегере отырып, қозғалысқа келтіретін бірліктің ең үлкен өлшемі ретінде анықтайды. 19-57-параграфтарда өтелетін сомаға талаптар белгіленеді. Осы талаптарда "актив" термині пайдаланылады, бірақ олар жеке активке де, және ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дәрежеде қолданылады.
Сатуға шыққан шығындарды шегеріп активтің әділ құнын да, және оның пайдалану құндылығын да барлық жағдайларда анықтау міндетті емес. Егер осы сомалардың кез келгені активтің баланстық құнынан асатын болса, онда бұл актив құнының азаймағандығын және басқа соманы бағалау қажет еместігін білдіреді.
. Егер актив тіпті белсенді нарықта айналыста болмаған ретте де, сатуға шыққан шығын шегеріліп әділ құн анықталуы мүмкін. Алайда, сатуға шыққан шығын шегерілген әділ құнды кейде жақсы хабардар, осындай операцияны жасағысы келетін тараптардың арасында мәміле жасалған кезде активті сатудан алынуы мүмкін соманы сенімді бағалау үшін негіздің болмауына байланысты анықтау мүмкін болмайды. Бұл жағдайда ұйым активті пайдалану құндылығын оның өтелетін сомасы үшін қабылдауға құқылы.
Активті пайдалану құндылығы сату құнына шыққан шығындарды шегергендегі оның әділ құнынан елеулі түрде асады деп есептеуге негіз болмаса, онда бұл соңғы өлшемді оның өтелетін сомасы үшін қабылдауға болады. Көп жағдайларда шығып қалуға арналған активтерге қатысты тап осындай жағдай орын алады. Бұл шығып қалуға арналған активті пайдалану құндылығының негізінен оны шығарудан таза түсімнен тұратынына негізделген, себебі актив өткізілгенге дейін оны пайдалануды жалғастырудан ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары елеулі бола қоймас.
Өтелетін сома жеке актив үшін анықталады, бұған басқа активтерге немесе активтер тобына байланысты туындайтындардан тәуелсіз ақшалай қаражаттардың тасқындарын қамтамасыз етпейтін жағдайлар кірмейді. Бұл жағдайда өтелетін сома құрамына актив кіретін ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлік үшін анықталады (65-103-параграфтарды қараңыз), оған мынадай жағдайлар кірмейді, не:
(а) сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің әділ құны оның баланстық құнынан асатын болса;
не
(b) активтің пайдалану құндылығы сатуға шыққан шығындарды шегергендегі оның әділ құнына жақын болса, және сатуға шыққан шығындар шегерілген бұл әділ құн анықталуы мүмкін болса.
23. Кейбір жағдайларда бағалар, орташа көрсеткіштер және қысқартылған есептеулер сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнға немесе пайдалану құндылығына қатысты осы Стандартта келтірілген егжей-тегжейлі есептеулер нәтижелеріне жақындастырылған жеткілікті түрдегі сенімді деректерді қамтамасыз етеді.
Пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің өтелетін сомасын бағалау
10-параграфқа
(а) егер материалдық емес актив басқа активтер немесе активтер тобы қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардан әдәуір дәрежеде тәуелсіз болатын пайдалануды жалғастырудан ақшалай қаражаттардың тасқындарын қозғалысқа келтірмесе, және сондықтан да өзі жатқызылған қозғалысқа келтіретін бірліктің бір бөлігі ретінде құнсыздануға сынақталса, және, егер мұндай бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаса;
және
(с) өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап болған оқиғалар мен өзгерген міндеттемелерді талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың активтің баланстық құнынан аз болатыны неғайбіл екендігін дәлелдейді.
Сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құн
Жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін тараптардың арасында жасалған мәміледе сату туралы міндетті күші бар шарт бойынша, осы активті шығаруға тікелей жатқызылған қосымша шығындар ескеріліп түзетілген баға активті сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнының ең жақсы