Өзенмұнайгаз қаржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:16, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қызметінің қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі мен талдауын, пайданы бөлуді есептеу және оқып зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер қойылады:
ұйымның қаржылық нәтижелер есебінің мәні мен маңызын ашу;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында қаржылық нәтижелерінің бақылауын ұйымдастыру;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп жұмысының ұйымдастырылуын оқып зерттеу;
ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау;
қаржылық нәтижелерге басқарушылық талдау;
пайданы бөлудің тәртібін зерттеу;
қаржылық нәтижелер есебін ХҚЕС-на көшуге байланысты жетілдіру;
шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізу.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3

І Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
1.1. Қаржылық нәтижелердің мәні, қалыптасуының тәртібі мен құрылымы...........................................................................................................5
1.2. Ұйымның қаржылық нәтижелері элементтерінің есебі........................10
1.3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы және кәсіпорынның есеп саясаты..............................................................................21
1.4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржы есеп жұмысын ұйымдастыру..................28

ІІ «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерін талдау және аудиті
Ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау..........................................38
Қаржылық қорытынды элементтерін аудиттеу......................................48
Пайданы бөлу және қолданылу тәртібі...................................................57


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

dip_2003.doc

— 608.50 Кб (Скачать)

6230 «Мемлекеттік субсидиялардан  алынатын табыстар» шоты үкімет  органдарынан алынған субсидиялардың  сомалары туралы ақпараттың есебін  есепке алады. Субсидия дегеніміз  – үкімет органдарының заңды тұлғаларға беретін, әдетте, ақшалай жәрдемақысы.

Мемлекеттік органнан алынатын субсидиялардың түрлеріне байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай  жазбалар туындайды: 2730 «Материалдық емес активтер», 2410 «Негізгі құралдар»; 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» шоттары дебеттеледі, ал 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын табыстар» шоты кредитінде болады.

Жыл аяғында 6230 шоты бойынша  қалдық қалмауы керек және 5610 шотымен  жабылуы тиіс. Алайда, кәсіпорын  субсидиялары қандай да бір мақсатты шараларға жүзеге асыратын болса (мысалы, жергілікті бюджеттен жергілікті жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге алса), онда ол жылдан жылға ауысуы мүмкін, бірақ дегенмен де 6230 шотының жабылуын қамтамасыз ету қажет.

6280 «Өзге де табыстар» шоты кәсіпорынның негізгі емес қызметінен түскен табыстарды есепке алуға арналған. Атап айтқанда, бұл шотта табыстардың мынадай түрлері көрініс табады:

- негізгі құралдарды  түгендеу кезінде анықталған  негізгі құралдардың есепке алынғандары (2410 шот дебеті, 6280 шотының кредиті);

- түгендеу кезінде  анықталған материалдардың, дайын  өнімнің және алынған тауарлардың  есепке алынғандары (1310-1315, 1320, 1330 шоттарының дебеті, 6280 шот кредиті);

- түгендеу кезінде  анықталған ақша қаражатының есепке алынғандары (1010, 1030 шоттарының дебеті мен 6280 шот кредиті);

Төмендегі жазбалардан  кейін 6280 шот жабылуға тиіс. Оған сәйкес проводка құрылады: 6280 «Өзге де табыстар»  шоты дебет, ал 5610 «Жиынтық кіріс (зиян)»  шоты кредит болып табылады (1-қосымша).

Кәсіпорынның ұйымдық  қызметі оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кәсіпорынның бүкіл қызмет етуін  қамтамасыз ететін қажеті процесс болып  табылады.Кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі мақсаты – өнімді өндіру, оларды өткізу және пайда табу.

Өндіріске кеткен шығындардың басқарушылық есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бағытталған, сәйкес белгілі бір басқару моделінде, өткен, қазіргі және болашақ, алдағы өндірістік қызмет нәтижелері мен шығындарын бақылау және талдаудан тұрады.

Өндіріске кеткен шығындар есебінің негізгі маңызы, міндеті – өндіріс қызметі бақылау және оны жүзеге асыруға шығындарды басқару. Шығындар есебінің мақсаттық бағытына байланысты шығындар жіктелуінің әртүрлі нұсқалары қолданылады.

Шығыстар да табыстар сияқты екі топқа бөлінеді:

-  негізгі қызмет  бойынша шығыстар;

       - негізгі емес қызмет бойынша шығыстар.

Негізгі қызмет бойынша  шығыстарға тек қана сатылған өнімнің  және көрсетілген қызметтің  өзіндік  құны кіреді.  Сатылған дайын өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны нақты шығындарды, яғни өнімді немесе қызметтті  өндірумен тікелей байланысты шығыстарды қосады, олар экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтері бойынша топталады: материалдық шығыстар, еңбекақы төлеу шығыстары, сақтандыруға, негізгі құралдардың тозуына  аударымдар, т.б.

Сатылған өнімнің  және көрсетілген қызметтердің өзіндік  құны  бухгалтерлік есеп шоттарының 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген  қызметтердің өзіндік құны» активті  шотында ескеріледі.

Басқа субъектіге өзіндік  құнымен материалдар босатылғанда 7010 шоты дебеттеліп, 1310 «Шикізаттар мен материалдар» кредиттеледі. Сатылған материалдардың өзіндік құны есептен шығарылғанда да осы бухгалтерлік жазба құрылады. Осы шот бойынша жиынтық сомасы қорытындыланады: 5610 «Жиынтық кіріс (жиынтық зиян)» шоты дебеттеледі де, 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шоты кредиттеледі.

Негізгі емес қызмет бойынша  шығыстарға мыналар жатады: жалпы  және әкімшілік шығыстар; өнімдерді  сату және қызметтерді көрсету бойынша  шығыстар; сыйақылар бойынша шығыстар.

Жалпы және әкімшілік  шығыстар – бұл  жалпы жетекшілік пен сауда процесін ұйымдастырумен байланысты  және ұйым әкімшілік-басқарушылық аппаратын ұстаумен байланысты шығыстар.  Оларға әкімшілік-басқарушылық аппараттың қызметкерлеріне еңбекақысын төлеу шығыстары, еңбекақыдан аударымдар,  материалды-техникалық және транспорттық қызмет шығыстары, жалпы және әкімшілік бағыттағы негізгі құралдарды ұстау шығыстары кіреді. Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарында 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты қарастырылған.

Әкімшілік-басқарушы  қызметкерлеріне еңбекақы есептелінді, бұл бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай  жазбамен беріледі: дебеті –  7210 шоты, кредиті – 3350 «Еңбекақы  төлеу  бойынша  қысқа мерзімді  берешек».

Кәсіпорын басқарушы қызметкерлер еңбекақы қорынан әлеуметтік салық есептелінді, яғни  7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі, ал 3150 «Әлеуметтік салық» шоты кредиттеледі.

Ұйым басқару ғимаратын  ұстауға коммуналдық шығындарға шот есепке алынған кезде, былай  жазылады: дебетінде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты, кредитінде 3310 шоты болады.

Есепті тұлғалардың  әкімшілік мақсаттағы іс-сапарға  жұмсаған сомасы бастапқы құжаттар мен  аванстық есепке сәйкес бухгалтерлік жазба жасалады:  дебетінде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты, кредитінде 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты көрініс табады.

Өнімдерді сату және қызметтерді  көрсету бойыша шығыстар – бұл  сатып алумен, транспортировкамен, сақтаумен, өнімдерді ормалау және өткізумен байланысты шығыстар. Осы  шығыстарды есепке алу үшін 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»   активті шоты арналған. 

Сатып алушыға тауарды  жеткізу үшін транспорттық қызмет құны ҚҚС-сыз жеткізушімен барлық шығындар сомасына қосылған, ол былай бейнеленеді: дебетінде 7110  шоты және кредитінде 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» болады.

Және осы транспорттық шығындар есеп айырысу формасына  байланысты мына бухгалтерлік проводка тіркеледі:  7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, ал 1010 мен 1030 шоттары кредиттеледі.

Саудамен айналысатын  қызметкерлердің еңбекақысы есептелгенде бухгалтерлік жазбада    7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша  шығыстар» шоты дебеттеліп, 3350 шоты кредиті көрініс табады.

Осы бөлімдегі қызметкерлердің  еңбекақысынан әлеуметтік салық  ұсталды, бұл кезде келесі корреспонденция  құрылады: 7110  шот дебеті, кредиті  – 3150 «Әлеуметтік салық» шоты.

Ұйым сауда мақсатында жалға алған негізгі құралдар үшін төлемдерді жүргізеді, яғни  7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі де, ұзақ мерзімді жал кезінде – 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек» шоыт мен ағымдағы жалдау – 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі екен.

Сыйақылар бойынша шығыстар – бұл сатып алынған материалдық  қорлар үшін, сондай-ақ активтерді жалдау үшін, алынған депозиттер мен бағалы қағаздар үшін банк пен жеткізушілер займдары бойынша сыйақылар төлеу  шығыстары.  Бухгалтерлік есеп шоттарында осы шығыстарды бейнелеуге 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шоты арналған.

Алынған займдар, жалдау бойынша шарттар  және шығарылған бағалы қағаздар бойынша  төленуге есептелген сыйақылар жыл  бойына бухгалтерлік есепте оларға сәйкес құжаттар негізінде келесі жазба түрінде көрініс табады: дебеті – 7310 шоты, кредитінде 3380 «Төлеуге тиіс қысқа мерзімді сыйақылар», 4160 «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттары кездеседі.

Есептелген сыйақыларды төлеу  келесі проводкамен беріледі:  3380 «Төлеуге тиіс қысқа мерзімді сыйақылар», 4160 «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттары дебеттелсе, 1030 шоты кредиттеледі екен.

Есепті жыл соңында жоғарыда келтірілген негізгі емес қызмет бойынша шығыстар қаржылық нәтижелерге  аударылып, жабылады, яғни 5610 «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты дебетінде,   7210 «Әкімшілік шығыстар», 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»,  7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шоттары кредиттеледі (2-қосымша).   

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

    1. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы

және   кәсіпорын  есеп саясаты

 

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында  мекен-жайы бойынша орналасқан, «ҚазМұнайГаз» АҚ өндірістік филиалы болып табылады . Мекен жайы: а) почталық Қ. Жана озен индекс 130201, в) электрондық PRIEM UOS 1 @ umq.kmqep.kz.  Телефон: 69-841, 69-836

Қысқаша атауы – ӨФ «ӨзенМұнайГаз».  ӨФ «ӨзенМұнайГаз» заңды тұлға және Қазақстан Республикасы заңдарының негізі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі болып саналады. Серіктестік заңды тұлға құқықтарын және міндеттерін 19 ақпанда 2002 жылы Қазақстан Республикасының

ӨФ өзінде мөрі, дербес балансы, банкілерде есеп шоттары, өз атауымен бланкілері бар. ӨФ өзінде бар мүліктің меншік иесі болып табылады.

Қызметінің мақсатына  жетуі үшін серіктекстік өзінің атынан мәмілелер жасауға, мұліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелікке алуға, жауапты болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

Серіктестік қызметінің мақсаты заңды тұлғалар мен азаматтарды өнімдер, тауарлар және басқа да қызмет түрлерімен толықтай қамтамасыз ету, құрылтайшылар мен еңбек ұжымының әлеуметтік және экономикалық мүдделерін жүзеге асыру арқылы табысқа жету болып табылады.

Әрекет заты болып  келесілер табылады:

Серіктестік заңдармен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерімен айналысуға құқылы. Арнайы рұқсат (лицензия) талап етілетін жекелеген қызмет түрлерімен Серіктестік заңдармен белгіленген тәртіпте берілген рұқсаттың негізінде айналысады.

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасын кестелерде ұсынылған берілген арқылы аша аламыз, олар бойынша талдау жасаймыз.

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ толық сипаттау үшін өндірістік-қаржылық қызметінің  негізгі көрсеткіштерін қарастырамыз. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру  кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті оперативті басқару үшін қажет және кейін болжау мен жоспарлау үшін алғашқы негіз болады.

Кәсіпорындарының мөлшерлерін  сипаттайтын ең көп таралған көрсеткіштер болып жиынтық және тауарлық өнім, жұмысшылардың орташа саны және кезең шығындары, еңбекақы қоры, сонымен қатар таза табыс табылады.

1 - кестедегі көрсеткіштерге  төмендегідей талдау беруге болады: тауарлар (жұмыс, қызмет) өткізуден  түскен табысы 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 38 970 мың теңгеге төментеп кетті, бұл 13%-ды құрады. Оның басты себебі, тауарлық өнімге сұраныстың азайып кетуі болды. Бірақ, сауда орындарын жалға беруден түскен табыс 2008 жылмен салыстыра отырғанда 21%-ға жал төлемінің жоғарлауына байланысты көбейді.

Информация о работе Өзенмұнайгаз қаржылық талдау