Өзенмұнайгаз қаржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:16, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қызметінің қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі мен талдауын, пайданы бөлуді есептеу және оқып зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер қойылады:
ұйымның қаржылық нәтижелер есебінің мәні мен маңызын ашу;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында қаржылық нәтижелерінің бақылауын ұйымдастыру;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп жұмысының ұйымдастырылуын оқып зерттеу;
ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау;
қаржылық нәтижелерге басқарушылық талдау;
пайданы бөлудің тәртібін зерттеу;
қаржылық нәтижелер есебін ХҚЕС-на көшуге байланысты жетілдіру;
шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізу.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3

І Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
1.1. Қаржылық нәтижелердің мәні, қалыптасуының тәртібі мен құрылымы...........................................................................................................5
1.2. Ұйымның қаржылық нәтижелері элементтерінің есебі........................10
1.3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы және кәсіпорынның есеп саясаты..............................................................................21
1.4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржы есеп жұмысын ұйымдастыру..................28

ІІ «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерін талдау және аудиті
Ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау..........................................38
Қаржылық қорытынды элементтерін аудиттеу......................................48
Пайданы бөлу және қолданылу тәртібі...................................................57


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

dip_2003.doc

— 608.50 Кб (Скачать)

 Нарықтық қатынастар  жағдайында кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың маңызы өте  зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке  ие болуымен, сондай-ақ олардың  меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Ұйымның  қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтар қарастырмас  бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз  немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор  А.Д.Шеремет 6 «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы тарту, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

 Кәсіпорынның қаржылық  жағдайы қарсы ресурстарын жасау,  тарату және пайдаланумен сипатталады.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлеті үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуіне және оларды мақсатқа сай тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық өқарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

 Шаруашылық субъектісінің  қаржылық жағдайы – бұл оның  қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің  сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі,  несие сипаттамасын) қаржы ресурстары  мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай  анықтауды ұсынамыз.

Қаржылық жағдайдың  мәні және талдаудың мақсаты, қаржылық талдаудың мазмұнын айталық.

Кәсіпорынның қаржы  жағдайы осы ксіпорының белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтелуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның тұрақты  қаржылық жағдайында қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен өзара қарым-қатынас үлкен әсер етедщі. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидедтерді ұқыпты төлейтін қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондықтан да бұл жыл  сайын өз облигацияларсы белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысады. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты, банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып, оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын тексереді.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін  және оның іскерлік қарым-қатынастағы  потенциалды анықтайды.

Қаржылық нәтиже ұйымның  өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесінде меншікті капиталдың белгілі бір кезеңдегі  өзгерісін көрсетеді.

Шаруашылық қызметтің  қаржылық нәтижесі календарлық жыл  ішінде қалыптасқан кіріс пен  зиян көрсеткіштерімен анықталады. Есепті жылдың қаржылық нәтиже қорытындысының қалыптасуы есепті жыл бойына 5610 «Жиынтық кіріс (жиынтық зиян)» шотында пайданы (шот кредиті бойынша) немесе залалды (шот дебеті бойынша) қалдық түрінде көрсететін жинақталу жолымен, яғни кумулятивтік әдіспен жүргізіледі. Бірінші тоқсанның аяқталуы кезінде 5610 шотында қаржылық нәтиженің бірінші тоқсанға аралық қорытындысы жасалады, екінші тоқсан аяқталарда – жартыжылдыққа, үшінші тоқсан соңында – есепті жылдың тоғыз айына және төртінші тоқсан аяқталғанда барлық есепті жылдың қорытынды қаржылық нәтижесі қалыптасады. 5610 шоты бойынша кредиттік және дебеттік  айналымдарын салыстыру есепті жылдың соңғы қаржылық нәтижесін анықтайды. Кредиттік айналымның дебеттіктен асып кетуі 5610 шотта сальдо кредиті бойынша көрінісін табады және ұйымның кіріс көлемін сипаттайды, ал дебеттік айналымның кредиттіктен артық болуы 5610 шоттағы сальдо дебеті бойынша жазылады және ұйым зиянының көлемін сипаттайды. 5610-шы шоттың  сальдосы бір жақты болады.

Ұйымның соңғы қаржылық нәтижесі келесілердің әсерінен құралады:

а) өнім, тауар, (жұмыс, қызмет) сатудан алынатын, сонымен бірге ұйымның қызметін құрайтын шаруашылық операциялардан (негізгі құралдарды ақылы жалға беру, интеллектуалды меншік объектілерін қолдануға беру және басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарына салымдар салу) түсетін қаржылық нәтиже;

б) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, материалдар  мен өзге мүліктерді (операциялық  табыс пен шығыс бөліктері) сатудан  болатын қаржылық нәтиже;

в) операциондық табыстар мен шығыстар (мүліктерді сатудан  алынған нәтижелерді алып тастағанда);

г) өткізуден тыс түсетін кіріс пен зиян;

д) төтенше жағдайлардан алынған табыстар мен шығыстар.

Есепті кезең бойынша  ұйымның соңғы қаржылық нәтижесі ұйымның жиынтық табысынан экономикалық негізделген нәтижелерін алып тастағанда қалатын  бөлінбеген таза табыс түрінде бейнеленеді. Олар басымдылық күшінде ұйымның міндеттемелерін үшінші жақтардың (кредиторлар, бюджет, тапсырысшылар) алдында танылатын және орындалатын ұйымның қосымша шығындарын құрайтын міндеттемелер болып табылады:

    • салық органдарымен есептелген айыппұл мен өсімақылар;
    • келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе дұрыс орындалмауынан сауда ұйымдары пайдасына айыппұл, өсімақылар;
    • несие келісім-шартын бұзуы үшін жоғарлатылған пайыздық төлем сомалары;
    • кепілдеме, сенімділік мәміле шарттары бойынша міндеттемелер;

Календарлы есепті жылдың аяқталуы бойынша есепті жылда ұйым алған бухгалтерлік табыстың фактілі  сомасынан  ең бірінші қойылған ставка бойынша табыс салығының  бюджетке тиесілі сомасын есептеп шығарады. Ағымдағы есепті  жылдағы табыстың ұйымның қажеттіліктеріне табыс салығына аванстық төлемдерден және салықтық төлемақыларды өтеу мен оларға теңелген салық салудың салықтық ережелерін жабу үшін санкциялардан басқа аванстық қолданылуы қарастырылмаған.

5610 шоты бойынша аналитикалық есебі табыстар мен шығындар есептілігін құруға қажетті берілгендердің қалыптасуын қамтамасыз ету қажет.

 

1.2. Ұйымның қаржылық  нәтижелері элементтерінің есебі

 

Нарықтық экономика  жағдайында табысты ұлғайту және шығындарды азайту кез келген сауда ұйымдарының ұйымдастыру – құқықтық түріне қарамастан, қаржы-шаруашылық қызметінің басты мақсаты болып табылады.

Нарықтық экономикада  табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс және факторы бағасымен  органикалық байланыста болады. Бұл  бағаға нарықты күштер кәдімгідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным арақатынасына; бәсеке мен монополия. Енді осы табыстардың түсу мен бөліну механизмін толығырақ қарастырамыз. Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:

а) жұмыскерлердің еңбек  табысы – (жалақы, сыйақы және т.б.)

ә) кәсіпкерлік табыстар (пайда);

б) меншік табыстары (салымнан алынатын пайыздар, рента және т.б.);

в) еңбек салымына байланыссыз түсетін  әлеуметтік табыстар (мемлекеттен түсетін трансферттік төлемдер – жұмыссыздарға жәрдемақы, әлеуметтік қамсыздандыру төлемі және т.б.).

Бухгалтерлік есептің 5 «Табыс» стандартына сәйкес табыс  – есепті кезеңдердегі активтердің  ұлғаюы немесе міндеттеремелердің азаюы. Демек табыс дегеніміз – активтер ағыны немесе өсуі жолымен немесе ұйымның қарапайым қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінде активтер ағыны немесе өсуі жолымен немесе міндеттемелердің азаюы арқылы экономикалық ресурстардың ұлғаюы. Мәселен, бұл ұйымның ресурстарын басқа ұйымдардың пайдалануы немесе тауарларды сатып, қызмет көрсетіп пайда табу, жалгерлік төлем, дивиденттер немесе артықшылықтар алу. Дегенмен мынаны ескеру керек: активтердің ұлғайы және міндеттердің азаюы әрқашан ұйымға табыс әкеле бермейді. Мысалы, бұрын пайда болған дебиторлық қарызды өтеу есебіне ақшалай қаржылар түсімі, тауарлы-материалдық қорлар, алда тұрған тауарлар немесе қызметтерді жеткізу үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алдын ала төлемі (алынған аванстар), қолма-қол ақшалар алу банктегі активтерді көбейткенімен, табыс болып табылмайды, тиісінше кез-келген міндеттемелердің азаюы да кіріс болмайды.

Саудадағы табыс ұйымға тиесілі және сыйлықтар, роялти, дивиденттер  алып келетін активтерді пайдалануға  беруден, тауарлы-материалдық қорларды (одан әрі тауарлар) сатудан, қызмет көрсетуден түсуі мүмкін.

Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

Бухгалтерлік есепте ұйымдардың табыстары мыналарға  шектеу қояды:

    • негізгі қызметтен түскен табыстар;
    • негізгі емес қызметтен түскен  табыстар.

Нарықта негізгі қызметтен  түскен табыс – бұл алынған  тауарларды сатудан және көрсетілген  қызмет нәтижесінде түскен табыстар. Салық кодексінің 81 бабына сәйкес алынған  тауарларды сатудан түскен табыс  болып ҚҚС пен акциздерді алып тастағандағы сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызмет құны, егер Қазақстан Республикасының заңдылығымен басқасы қарастырылмаса. Нарық экономикасы мен өзіндік қаржыландыру жағдайында тауарларды сатудан түскен табыс ұйымның тауарларды сатып алу мен сатумен байланысты барлық шығындардың орнын жабудың негізгі көзі болып табылады. Осылай ұйым ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді және алдағы кезеңде өзіндік қаржыландыру үшін жағдай жасайды (салықтарды өтеу, бюджетке өзге де төлемдер тауарлық қорларды және меншікті айналым құралдарын толтыру, материалдық-техникалық базаның дамуы,т.б.).

  Негізгі қызметтерден  түскен табыстың есебі шоттардың  жұмыс жоспарының 60-бөлімшесінің  «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоты жатады: 6010 – «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шоты – бұл шотқа өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқы көрсетілген қызметтерден түскен табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 6010-шотының кредитіне дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.

Сатып алушыларға қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) сату құнымен  тиелген және жіберілген дайын өнімдер  үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынған  кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазба жүргізіледі:

Дебеті – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты; кредиті – 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шоты, «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» субшоты.

Сатып алушыларға жіберілген тауарлар үшін шоты бойынша бюджетке төленетін ҚҚС сомасына келесі бухгалтерлік проводка беріледі: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дебеттеледі де, 3130 «Қосылған құн салығы» шоты кредиттеледі.

Сатып алушыларға ұсынылған төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысу шотына банк үзіндісіне сәйкес төлем түскенде, мынадай бухгалтерлік жазба жасалады: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты дебетінде, ал кредитінде 1210 шоты көрініс табады.

Бақылаушы-кассалық машиналарын қолдану арқылы  сатып алушылармен есеп айырысуды кассир жүргізетін   бөлшек сауда кәсіпорындарында тұрғындарға тауарларды сатудан түскен табыс сомасы қолма-қол есептесу бақылаушы-кассалық машиналардың шоттық  көрсеткіштері бойынша анықталады және кіріс касса ордері негізінде есепте келесідей шоттар корреспонденциясы орын табады:

  • ҚҚС-сыз сату (нарық) құнымен тауарларды өткізуден алынған табыс сомасына: дебетінде – 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», кредитінде 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шоты, «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» субшоты болады.
  • Сауда ұйымының кассасына түскен өткізілген тауарлардан түскен  табыстан  бюджетке өтеуге жататын қосылған құн салығы сомасына: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоты дебетінде, ал  3130   «Қосылған құн салығы» шоты кредитінде көрсетіледі.

Есеп айырысу шоты мен кассаға түскен сомалардың барлығы  тауарларды өткізуден алынатын табыс  бола бермейтіндігін есте сақтау керек. Осылай, мысалы, сатып алушылардан  тауарларды жеткізу үшін аванстар есеп айырысу шоты мен кассаға түскенде, бұл сома тауарларды өткізуден түскен табысқа қосылмайды, және бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазбамен көрініс табады: дебеттелетін шоттар – 1030, 1010; 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты кредиттеледі.

Тауарларды жеткізуге  түскен аванс сомасы тауарларды өткізуден  түскен табысқа тек оларды тиеп жібергеннен  кейін ғана есепке алынады, яғни сату құны бойынша жіберілген тауарлар ҚҚС  қосылған  сомасына – 3510 «Алынған қысқа  мерзімді аванстар» шоты дебеттеліп, сату құны бойынша жіберілген тауарлар ҚҚС-сыз  сомасына – 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шоты, «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» субшоты мен жіберілген тауарлар бойынша ҚҚС сомасына – 3130 «Қосылған құн салығы» шоты кредитінде көрсетіледі.

Ұйымның кассасына сатылған тауарлардың құнының бөлігі бастапқы жарна түрінде қолма-қол ақшамен  енгізіледі, бірақ өнімдерді өткізуден  түскен  табысқа ҚҚС-сыз сату құны бойынша тұрғындарға сатылған тауарлар  құнын бөлшектеп өтеуге берілген толық сомасы кіреді. Бұл операция бухгалтерлік жазбада келесідей көрсетіледі:  дебетінде – сатып алушылардың бастапқы жарна сомасына – 1010 шоты және сатып алушыларға берілген несие сомасына 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», ал ҚҚС-сыз нарық құны бойынша несиеге сатылған тауарлардың жалпы құнына – 6010 шоты, «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» субшоты кредитінде болады.

Информация о работе Өзенмұнайгаз қаржылық талдау