Өзенмұнайгаз қаржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:16, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қызметінің қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі мен талдауын, пайданы бөлуді есептеу және оқып зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер қойылады:
ұйымның қаржылық нәтижелер есебінің мәні мен маңызын ашу;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында қаржылық нәтижелерінің бақылауын ұйымдастыру;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп жұмысының ұйымдастырылуын оқып зерттеу;
ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау;
қаржылық нәтижелерге басқарушылық талдау;
пайданы бөлудің тәртібін зерттеу;
қаржылық нәтижелер есебін ХҚЕС-на көшуге байланысты жетілдіру;
шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізу.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3

І Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
1.1. Қаржылық нәтижелердің мәні, қалыптасуының тәртібі мен құрылымы...........................................................................................................5
1.2. Ұйымның қаржылық нәтижелері элементтерінің есебі........................10
1.3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы және кәсіпорынның есеп саясаты..............................................................................21
1.4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржы есеп жұмысын ұйымдастыру..................28

ІІ «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерін талдау және аудиті
Ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау..........................................38
Қаржылық қорытынды элементтерін аудиттеу......................................48
Пайданы бөлу және қолданылу тәртібі...................................................57


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

dip_2003.doc

— 608.50 Кб (Скачать)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3

 

І  Қаржылық    нәтижелер   қалыптасуы    есебінің    экономикалық    мәні

мен есебі 

1.1.   Қаржылық         нәтижелердің     мәні, қалыптасуының    тәртібі мен құрылымы...........................................................................................................5 

1.2.   Ұйымның қаржылық  нәтижелері элементтерінің есебі........................10

1.3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы және   кәсіпорынның есеп саясаты..............................................................................21

1.4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ  қаржы есеп жұмысын ұйымдастыру..................28

 

ІІ  «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық  нәтижелерін  талдау және аудиті

    1. Ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау..........................................38
    2. Қаржылық қорытынды элементтерін аудиттеу......................................48
    3. Пайданы бөлу және қолданылу тәртібі...................................................57

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының  Президентінің өз халқына Жолдауында «Қазақстан – 2030. Өркендеу, қауіпсіздік  және барлық қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» біздің елімізді дамытудың  негізгі мақсаты экономикалық өсу екендігін ерекшелейді, экономикалық өсудің бірінші орында алуы «бүгін де, ертең де және келесі отыз жыл бойы ең маңыздыларының бірі болады». Осы мақсатқа жетуде үлкен рольді ақпаратқа бөленген, оның дамуы «тек қана экономикалық өсуге емес, сонымен қатар әлеуметтік аймаққа және Қазақстанның халықаралық қоғамдастық интеграциясына да әсер етеді».

Қазақстан Республикасында  нарықтық экономика одан әрі күшейе түсуде, онымен бірге  шаруашылық процесті реттеудің  негізгі механизмі  ретінде  бәсекелестік те күш жинауда.

Қазіргі уақытта бәсекелестік ортада кәсіпорынның тіршілік етуі оның қаржылық тұрақтылығына тәуелді, оған  ресурстардың барлық түрлерін экономикалық қолдану, шығындарды азайту, өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруді жоғарлататын резервтерді  анықтау және пайданы ұлғайту негізінде өндірістің тиімділігін жоғарлату арқылы жетуге болады.

Табыс кәсіпорын қызметінің тиімділік критерийі және оның қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының негізгі  ішкі қайнар көзі болып табылады.

Табыстың  көлемін  экономикалық түбегейлі анықтау кәсіпорын үшін үлкен маңызы бар, оның қаржылық ресурстарын, бюджетке төлемдердің көлемін, өндірістің кеңею мүмкіншіліктерін және қызметкерлерді материалдық көтермелеуді дұрыс бағалауға әсер етеді.

Әрбір ұйымның қызметімен танысу үшін мүмкіндігінше оның көптеу жақтарын біліп алу керек, осы негізде коллектив жұмысындағы жағымды және жағымсыз жайлары туралы объективті ойды қалыптастыру керек. Осы кезде талданатын ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижелерін бейнелейтін жұмыстың қаржылық нәтижелеріне  тікелей әсер ететін бірнеше маңызды көрсеткіштерді  пайдалану міндетті.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштер жүйесінде  өз көрінісін табады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын  Көрсеткіштердің көп саны оларды жүйелік қарастыруда әдістемелік қиыншылықтар тудырады. Көрсеткіштердің бағытталуындағы айырмашылық берілген кәсіпорынның нақты жағдайы туралы ақпарат қажеттілігін ең жоғары деңгейде қанағаттандыратын тауар алмасуға қатысушылардың әрқайсысына таңдауда қиындық түсіреді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігін түскен табыстың  көлемі мен  құрылымы,  оның көлеміне әсерін тигізетін факторлар  қызықтырады. Салық инспекциясы барлық қосылатын баланстық табысы, оның ішінде өнімді өткізуден түскен табыс, мүліктерді сатудан түскен табыс, негізгі емес қызметтерден алынған нәтижелер және т.б.  туралы шынайы ақпарат алуды қызығады.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты   «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қызметінің қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі мен талдауын, пайданы бөлуді есептеу және  оқып зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде мынадай  міндеттер қойылады:

    • ұйымның қаржылық нәтижелер есебінің мәні мен маңызын ашу;
    • «ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында қаржылық нәтижелерінің бақылауын ұйымдастыру;
    • «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп жұмысының ұйымдастырылуын оқып зерттеу;
    • ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау;
    • қаржылық нәтижелерге басқарушылық талдау;
    • пайданы бөлудің тәртібін зерттеу;
    • қаржылық нәтижелер есебін ХҚЕС-на көшуге байланысты жетілдіру;
    • шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерінің есебі мен талдауын ұйымдастыру  болып табылады. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ келесі қызмет түрлерімен айналысады:

- мұнай өндіру 

- құрылыс 

- қызмет көрсету саласы

- жол-құрылысы кәсіпорындары

Дипломдық жұмыс келесілерден құралған:

    1. Кіріспе;
    2. 2 тараудан  тұратын негізгі бөлім;
    3. Қорытынды мен  ұсыныс;
    4. Қолданылған әдебиеттер тізімі;
    5. Қосымшалар.

Дипломдық жұмысты жазу барысында басымдылықпен келесі мәліметтер қолданылды: ғалымдар мен  тәжірибешілердің еңбектері, соның ішінде берілген тақырыпқа көп көңіл бөлген Барышева С.К., Радостовец В.К., Шаменова А.А., Сарсенова Д.А.; нормативті материал, арнайы әдебиеттер, сонымен қатар «ӨзенМұнайГаз» ӨФ 2008-2010ж.ж қаржылық және салықтық есептіліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  Қаржылық нәтижелер  қалыптасуы есебінің  экономикалық

мәні мен есебі

1.1.   Қаржылық нәтижелердің  мәні, қалыптасуының тәртібі

мен құрылымы

 

Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы  кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі, табыстар мен шығыстар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік  кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.

Шығыстар – өнімді  өндіумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық қорлар, негізгі құралдар, т.б.). Зиян  экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс  пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар – бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 234 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13 бабында былай делінген: «Табыстар бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.

 «Шығыстар» түсінігі  түрлі маңызға ие және зерттеу  мақсаттарына және шешілетін  экономикалық міндеттердің сипатына  байланысты болады. Шығыстар экономикалық  категория ретінде жұмсалынуы өнімді (жұмыс, қызметті) өндіру процесімен байланысты материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстардың жиынтығы деп шешім жасауға болады.

Әдеттегі қызмет түрлерінен ұйымның қаржылық нәтижелерін қалыптастыру мақсаты үшін өткізілген тауарлар, өнімдер, жұмыс, қызметтердің өзіндік құны анықталады. Есепті кезеңде де, өткен кезеңдерде де танылған әдеттегі қызмет түрлері байланысты шығындар, және түзету есебімен өнім өндірісінің, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет, сонымен қатар сатылған (қайта сатылған) тауарлардың ерекшеліктеріне тәуелді алдағы есепті кезеңдерде алынатын табыстарға  қатысы бар өтпелі шығындар негізінде өзіндік құн қалыптасады. Бұл кезде саудаға байланысты және басқарушылық шығыстар толықтай есепті жылдағы олардың әдеттегі қызмет түрінен болған шығыстар ретінде танылуы сатылған тауарлар, жұмыс, қызметтердің өзіндік құнында танылуы мүмкін.

С.К.Барышеваның 1  айтуы бойынша республикамызда экономиканың дамуы мен қазақстандық есепті жүргізу принциптері әлі жоғары деңгейіне жете алған емес. Бухгалтерлік есептің біртіндеп халықаралық стандарттарына көшуі одан әрі нақты түсініктемелердің анықталуын талап етеді. Мысалы, қазақстандық стандарттарда ең маңызды түсініктердің бірі болмай тұр: пайда.                   Бірақ табыстың бірнеше түрлері бар, оларға мыналар жатады:

- өнімдерді (жұмыс,  қызмет) өткізуден түскен табыс;

- жалпы табыс;

- негізгі қызметтен  түскен табыс;

- негізгі емес қызметтен  түскен табыс;

- салық салынғанға  дейінгі әдеттегі қызметінен  алынған табысы;

- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы;

- төтенше жағдайдан  алынған табысы;

- таза табыс;

- кәсіпорын қызметінің  қорытынды қаржылық нәтижесі  болатыны.

Халықаралық тәжірибеде мәні ашылған түсініктер қолданылады: өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден  түскен түсім, жалпы табыс, пайда, рентабельділік, бөлінбеген кіріс. Қайсыбір түсініктеменің анықтамасына қандай мән салынғанынан  оның қолданылуы тәуелді болады.

Сонымен бірге қаржылық есептілікті пайдаланушылардың  шатасу себебі  табыстың  негізінен  ақшалай түрде түсетіндіктен, бұдан олар келесідей шешім жасай алады, есеп айырысу шотындағы қалдық (шығындарды алып тастағанда) – бұл есепті кезеңдегі кәсіпорынның сол қаржылық нәтижесі. Ақша қаражаттары – құралдар (актив),  табыстар – бұл активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы, ал пайда – кәсіпорын капиталының бөлігі және ол кәсіпорындағы бар ақша құралдарының сомасына тең емес.

Белгілі бір уақыт  кезеңінде түскен  кіріс деп  кәсіпорын өзінің қызметі нәтижесінде  осы кезеңде капиталын қаншалықты өскен сомасын айтады.

Бөлінбеген кіріс –  бұл дивидендтер түріндегі кіріс  бөлігі акционерлерге төленгеннен  кейінгі кәсіпорын қолдануына қалатын  капитал. Кәсіпорын қызметі нәтижесінде  алынған бөлінбеген кірістің өсуі - табыс, ал азаюы  шығыс  деп аталады.

В.К.Радостовец 2 былай жазған: «Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі кіріс пен зияннан құралады. Олар 5610 «Жиынтық кіріс   (зиян)» активті-пассивті шотында көрініс табады». Дебетінде – зияны, ал кредитінде пайдасы көрсетіледі.

Және табыс (зиян) –  кәсіпорын қызметінің негізгі жалпылауыш көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорынның баланстық пайдасы (залалы) – бұл өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс (зиян), материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, басқа да материалдық құндылықтарды, сондай-ақ оларға кеткен шығындар сомасына азайтылған өткізуден тыс операциялардан алынған табыстар сомасы.

Материалдық және өзге оларға теңескен шығындарды алып тастағанда өткізілген өнім, тауар, жұмыс және қызмет үшін түсімнен ұйым табысы құралады.

Өткізуден тыс табыстар мен зияндарға келесілер жатады:

    • валюттік шоттар мен шетел валютасындағы операциялар бойынша бағамдық айырмалар;
    • кәсіпорынға жататын  акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
    • бірлескен ұйымдардағы үлестік қатысуда мүліктерін жалға беруден алынған табыстар;
    • экономикалық санкциялардың бірнеше түрлері – айыппұлдар, өсімақылар;
    • кіріс көлемін арттыратын немесе кемітетін өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен және оны өткізумен тікелей байланысты емес операциялардан болатын табыстар (шығындар)».

Пайда сатылған өнімнің  толық өзіндік құнын, еңбекақы шығындарын қоса есептегендегі,  өткізуден түскен түсімнен жасалады.

А.А.Шаменова 3: «5610 «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты – активті-пассивті, оның жинақталатын сальдосы қаржылық нәтижені көрсетеді. 5610 шоттың дебеті бойынша зияны (шығын, залал), ал кредиті бойынша – ұйымның табысы (кірісі) бейнеленеді».

Е.Б.Абдрасилов 4 өзінің көзқарасында келесі сөздермен баяндайды: «Қаржылық нәтиже есепті кезеңдегі табыстар мен шығыстардың сәйкес категориялары бойынша топтастырылған барлық операциялардың нәтижесін қосады».

Д.А.Сарсенова 5 былай деп жазды: «Өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен қаржылық нәтиже сатудан түскен түсім (ҚҚС, сатудан салық пен акциздерсіз) мен сатылған өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құны арасындағы айырмасы ретінде анықталады. Сатудан түскен кірістің (зиян) дұрыстығын табу үшін өнімді сату мен тиеу және өнімді өткізумен байланысты шығыстар есебінің қатесіз жүргізілгенін тексереді. Тауарларға меншік құқығы сауда ұйымынан сатып алушыға (тапсырысшы)  сәйкесінше оны жіберу сәтінен ауысады».

Информация о работе Өзенмұнайгаз қаржылық талдау