Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:02, курсовая работа
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады
КIРIСПЕ ...............................................................................................................3
1 21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
Бойынша валюталық бағам өзгерісінің теориялық
аспектілері.................................................................................................5
ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық
аспектілері.............................................................................................................5
1.2 ҚР валюта жүйенің қалыптасуы ..........................................................................
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ.......................................................................
2.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы.....................................................................
2.2 ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу .......................................
2.3 ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........
Валюталық режим либеризация жоспары бойынша резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізуде. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғастыра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша – несие саясаты стандарттарына өте бастауымен көрініс табуда. Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық реттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.
Ұлттық
банк Қазақстан Республикасының валютасын
шет ел мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне
айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн белгiлейдi.
Қолма –қол ақшаның айналымы олардың
банк кассасына үздiксiз оралып отыру жолымен
жүзеге асады. Сондай –ақ бүгінде Ұлттық
банк шетел валюталарын сатып алуда монополист
болып табылып, елдің ақша айналысын заңдылықтармен
ұйымдастырылған тәртіптермен жүргізіп,
реттеп отырады.
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері
Дүниежүзілiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi. Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма –қол формада (банкнота, монета) және қолма –қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған .
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды. Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Ұлттық
және дүниежүзлiк валюталық
жүйелер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтары олардың
негiзгi элементтерiнен көрiнедi.
Кесте 3 – Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары
Ұлттық валюталық жүйе | Дүниежүзілiк валюталық жүйе |
1.Ұлттық валюта. | Резервтік валюталар, халықаралық есептесу валюталық бiрлiктері |
2. Ұлттық валютаның алмастырылу шарты | Валюталардың өзара алмастырылуы |
3. Ұлттық валюта паритетi | Валюталық паритеттiң ортақ режимi |
4. Ұлттық валюта бағамының режимi | Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы |
5.
Валюталық шектеудiң, |
Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу |
6.
Елдiң халықаралық валюталық |
Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу |
7. Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу | Халықаралық несилiк айналыс құрылыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы |
8.
Елдiң халықаралық есеп |
Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiр тұтастығы |
9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi | Дүниежүзілiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi |
10.
Елдiң валюталық |
Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар |
Қайнар
көзі: Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның
және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң
сыртқы экономикалық қызметiне әсерi”
// Банки Казахстана. №1.- 2007 ж.
Жаңа дүниежүзілiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады;
2-шi
кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының
құрылымдары толығымен
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептеу қатынастарын, сондай –ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi[10,49–53бб.].
Валюталық бағам бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.
Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен; дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай –ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы анықталады. Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. Мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағамы бойынша жүзеге асады.
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiрiншісі – комерциялық, екiншiсi – қаржылық операциялар бойынша.
Ұлттық
валюталық жүйенің негізгі
1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен – күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда. Ал 2003 жылы бұл заңға өзгерістер енгізілді.
2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни еркін айырбасталатын және жарым – жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.
3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Еуропа елдерінде және Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.
Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік
валюта – бұл басқа елдер үшін
валюталық паритет пен
70
жылдардан бастап паритеттер
валюта қоржыны негізінде
3) Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай –ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.
4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық шектеу резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және басқадай валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекiтiледi .
Валюталық шектеудiң мақсаттары келесiдей :
Валюталық шектеу келесiдей қағидаларға сүйенедi :
5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу.