Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:02, курсовая работа
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады
КIРIСПЕ ...............................................................................................................3
1 21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
Бойынша валюталық бағам өзгерісінің теориялық
аспектілері.................................................................................................5
ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық
аспектілері.............................................................................................................5
1.2 ҚР валюта жүйенің қалыптасуы ..........................................................................
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ.......................................................................
2.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы.....................................................................
2.2 ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу .......................................
2.3 ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........
(b) Ол ұйым операция қызметінен түсетін түсімдерді әдетте өзінде қалдыратын валюта болып табылады.
Шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасын анықтау және қолданыстағы валютаны есеп беруші ұйым пайдаланатын валютамен теңдестіру кезінде көңіл бөлінетін тағы да бірқатар факторлар бар (бұл контексте есеп беруші ұйым өзінің шетелдік қызметін еншілес ұйымы, филиалы, қауымдасқан ұйым немесе бірлескен қызмет арқылы жүзеге асыратын ұйым болып табылады):
(а) Мұндай шетелдік қызмет есеп беруші ұйым қызметінің жалғасы немесе едәуір дәрежеде дербес болып табылатын қызмет ретінде жүзеге асырыла ма; шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым есеп беруші ұйымнан импорт бойынша алынатын тауарларды тек сататын және түскен түсімді оған аударатын болса, ол бірінші жағдайдың мысалы болып табылады. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым ақша қаражаты мен басқа ақша баптарын жинақтайтын, шығын жұмсайтын, табысты қордалайтын және көбінесе өзінің жергілікті валютасымен қарыз алатын болса, ол екінші жағдайдың мысалы болып табылады;
(b) Есеп беруші ұйыммен операциялардың өз қызметін шетелдерде жүзеге асырушы ұйым қызметіндегі үлесі елеулі ме, әлде елеусіз бе;
(с) Шетелдік қызметтен келіп түсетін ақша қаражатының ағыны есеп беруші ұйымның ақша ағынына тікелей әсер ете ме, және де оны оның есебіне кідіріссіз аударуға бола ма;
(d) Шетелдік қызметтен қордаланатын ақша қаражатының ағыны орын алып отырған және, әдетте, күтілетін қарыз міндеттемелеріне есеп беруші ұйым тарапынан ақша қаражаты берілместен қызмет көрсетуге жеткілікті ме.
Жоғарыда аталған индикаторлар бірдей сипатта болмаса, ал қолданыстағы валюта айқын болмаса, ұйым басшылығы, өз тәжірибесін негізге ала отырып, негіз қалайтын операциялардың, оқиғалардың және жағдайлардың экономикалық тиімділіктерін неғұрлым дәл білдіреді. Осындай жағдай шеңберінде ұйым басшылығы 9–тармақта тұжырымдалған негізгі индикаторларға басымдылық береді, ал 10 және 11–тарамақтарда көзделген, ұйымның қолданыстағы валютасы ретінде қандай валюта таңдап алынуы тиіс екенінің қосымша жанама дәлелдерін қамтамасыз етуге тиісті индикаторларды содан соң қарайды. Ұйымның қолданыстағы валютасы өзіне қатысты негіз қалаушы операцияларды, оқиғаларды және жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, белгіленгеннен кейін, қолданыстағы валюта, жоғарыда аталған операцияларда, оқиғаларда және жағдайларда, өзгерістер болатыннан басқа жағадайларда басқа валютаға ауыстыруға жатпайды. Егер қолданыстағы валюта гиперинфляциялы экономика жағдайларында пайдаланылатын валюта болса, ұйымның қаржы есептілігі 29 Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС–ына сәйкес қайта есептелуге тиіс. Ұйым, мысалы, осы Стандартқа сәйкес белгіленуге тиістіден басқа валютаны (мысалы, өзінің бас ұйымының қолданыстағы валютасын) өзінің қолданыстағы валютасы ретінде қабылдай отырып, 29 (IAS) ХҚЕС–ына көзделген қайта есептеуден құтыла алмайды.
Ақша бабының басты ерекшелігі – валюта бірлігінің нақты немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі міндеттеме). Мұның мысалдары: қызметкерлерге қолма –қол ақшамен төленуге тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге тиісті міндеттемелер; міндеттеме ретінде мойындалған ақшалай дивидендтер. Нақ осылайша, ұйымның үлесті өз құралдарының тіркелмеген санын алуға (немесе беруге) контракт ақша бабы болып табылады, оның ережелері бойынша алынуға (немесе берілуге) тиісті әділ құн валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін бірліктеріне теңеледі. Және, керісінше, ақшалай емес баптың негізгі ерекше белгісі – валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы. Мұның мысалы: тауарлар мен қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, аванспен төленген жалгерлік ақы); іскерлік бедел; материалдық емес активтер; босалқылар; негізгі құралдар; сондай-ақ ақшалай емес актив беру жолымен реттеуге жататын міндеттемелер. Қаржы есептілігін әзірлеу кезінде әрбір ұйым, шетелдік қызметі бар ұйым (мысалы, бас ұйым) немесе шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым (мысалы, еншілес ұйым немесе филиал) болсын - өзінің қолданыстағы валютасын 9–14–тарамақтарға сәйкес белгілейді. Ұйым баптарды шетелдік валютамен өзінің қолданыстағы валютасына қайта есептейді және сондай қайта есептеу салдарын 20–37 және 50–тарамақтарға сәйкес қаржы есептілігінде көрсетеді. Сонымен қатар, осы Стандартқа сәйкес, қаржы есептілігін әзірлейтін жеке ұйым немесе қаржы есептілігін 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС–ына сәйкес әзірлейтін ұйым ондай есептілікті кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсынуға құқылы. Егер ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше ұсыну валютасын пайдаланатын болса, оның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері де 38–50–тармақтарға сәйкес қайта есептеледі. Валюта — кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол шетел мемлекетінің тиісті занды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражаттының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқығына ие. Валюта нарығының негізгі тауары — шетелдік валютада белгіленген кез келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген[3,230–237бб.].
Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.
Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:
Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұсқасы «тіркеу» сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми белгіленген арақатынасын бейнелейді. Өзгермелі бағамға тоқталатын болсақ, ол валюта биржаларындағы сауда – саттық барысында қалыптасады, әрі қандай да бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс –тәжірибенің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде – бір ел осы келтірілген валюта жүйесіндегі элементтердің тек біреуін ұстанып, сонымен ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық элементі бар.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады:
- Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
- Экономикалық халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе – теңдiк;
- Психологиялық жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК–ның жарғысы бойынша 2006 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ–да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi. Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар. Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.
Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер бойынша жiктеуге болады.
Валюта нарығында қолданылатын айтарлықтай маңызды ұғымдардың бiрi нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.
Нақты валюта бағамына сай келетiн валютада алынған екi елдiң тауар бағаларының қатынасы ретiнде анықтауға болады.
Er – нақты валюталық бағам
Ph – iшкi нарықтағы бағалар
Pf – шетелдiк нарықтағы бағалар
En – номиналды валюталық бағам.
Валюта бағамы бірнеше классификацияға бөлінеді. Оны біз 1–ші кестеден көре аламыз.
Кесте 1 – Валюта бағамының классификациясы.
Критерийлер | Валюталық бағам |
|
Қалқымалы
Бекiтiлген |
Аралас | |
|
Тең құқықтық (паритетный) |
|
Жедел
келiсiмдiк
Спот-келiсiмдiк Своп-келiсiмдiк |
|
Ресми
Бейресми |
|
Жоғарылатылған
Төмендетiлген Паритеттi |
|
Сатып
алу бағамы
Сату бағамы Орта бағам |
|
Нақты
Номиналды |
|
Қолма-қол
сату бағамы
Қолма-қол емес сату бағамы Валюта айырбастаудың көтерме бағамы Банкноттық |
Қайнар көзі: Е.Н.Нәбиев “Халықаралық
экономикалық қатынастар”. – Астана –
2010. 49б.
Номиналды валюта бағамы елдiң нақ осы уақыттағы жүрiп жатқан валютаның айырбас бағамын көрсетедi. Егер, валюталық қатынастың ағымдағы мәселесі туралы айтатын болсақ, онда негізгі мәселе Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялаумен байланысты[10,49б.].
Қазіргі таңда елдегі валюталық қатынас жүйесінің өзгеруіне әсер еткен себептерді атап кеткен жөн болар:
Капитал мобильділігі халықаралық инвесторлардың портфельдерін диверсификациялауға, тәуекелді бөлуге, сондай–ақ елдер арасындағы сауданың жақсаруына мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, валюталық режимді либерализациялау белгілі бір деңгейде нарықтық сфераға және экономикалық қызмет түрлеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ең алдымен бұл, ішкі және сыртқы тәуекелдерге байланысты: