Валюталық бағам өзгерісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:02, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................................................3
1 21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
Бойынша валюталық бағам өзгерісінің теориялық
аспектілері.................................................................................................5
ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық
аспектілері.............................................................................................................5
1.2 ҚР валюта жүйенің қалыптасуы ..........................................................................
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ.......................................................................
2.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы.....................................................................
2.2 ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу .......................................
2.3 ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........

Работа содержит 1 файл

Маржан - Валюталық бағам өзгерісі.doc

— 471.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ  ...............................................................................................................3

1    21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты

      Бойынша валюталық  бағам өзгерісінің  теориялық 

      аспектілері.................................................................................................5

    1. ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық    

     аспектілері.............................................................................................................5

1.2  ҚР  валюта жүйенің қалыптасуы  ..........................................................................

1.3  Валюталық  жүйе типтері және оның элементтері...............................................

2    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ

       ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ.......................................................................

2.1  Валюта  жүйесінің мәні және дамуы.....................................................................

2.2  ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу .......................................

2.3  ҚР  Ұлттық Банкінің валюталық бағам  өзгерісіне қаржылық талдау................

ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...............................................................................

ҚОСЫМША 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КIРIСПЕ

 

    Қазақстанның  әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады[1,1б.].

    Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір  елдің ұлттық валюталарын салыстыру  олардың өндіріс және айырбас  процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

    Бағамның  қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

  • Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
  • Экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп –теңдік;
  • Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

    Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен  қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. 

    Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы  элементтерi ретiнде валюталық бағам,  әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

    Ваюталық  жүйе – ұлттық  заңдылықтар немесе  халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу формасы негізінде көрініс табады.

    Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал  жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.  Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық курс,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

    Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.

    Кусртық жұмыстың мақсаты:

    Бiрiншiден,  жалпы халықаралық валюталық  жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен  негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық  бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталдым;

    Екiншiден,  Қазақстан Республикасының халықаралық  валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық  операциялар мен валюта бағамының  жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар  үлесiн қарастыру.

    Курстық жұмыстың мақсатына жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:

  1. Халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
  2. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
  3. Қазақстан Республикасы валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
  4. Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.
  5. Шетелдік валюталы операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету

    Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындан, қолданылған әдебиеттерден тұрады:

    Бiрiншi бөлімде  валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық аспектілері(ХҚЕС), ҚР валюта жүйенің қалыптасуы және валюталық жүйе типтері және оның элементтері, жалпы дүниежүзілік валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне 39 (IAS, ХҚЕС), сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылады.

    Екінші  бөлімде валюталық жүйенің негізгі элементтері валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды және ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу қарастырылды, сондай –ақ ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау. 
 
 
 
 
 
 

   1    21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты Бойынша валюталық бағам өзгерісінің теориялық    аспектілері 

   1.1 ҚР валюталық бағам өзгерісінің  мәні мен маңызы және теориялық    

аспектілері

   Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржылық есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. 21 халықаралық қаржылық есептілік стандарттының (ХҚЕС) мақсаты– шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай – ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.

   Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және айырбас  бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша көрсету болып табылады. Осы стандарт:

    (а)  Шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 (IAS) Қаржы құралдары: тану және бағалау ХҚЕС–ты қолдану аясындағы туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;

    (b) Шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе – тең шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржылық есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;

    (с)  Ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс.

    39 (IAS) ХҚЕС көптеген валюталық туынды  құралдарға қолданылады, сондықтан ондай құралда  осы стандарт қолданылатын саладан шығарып тасталады. Екінші жағынан, 39 (IAS) ХҚЕС–ы қолданылатын саладан тыс валюталық туынды құралдар (мысалы, басқа контракттарға кіргізілген кейбір валюталық туынды құралдар) стандарт әсерінің аясында болады. Сонымен қатар, туынды құралдарға жататын сомаларды ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзінің ұсыну валютасына қайта есептейтін кезде қолданылады. Стандарт баптарды шетелдік валютамен хеджирлеуді, соның ішінде шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеуді есепке алуға қолданылмайды. 39 (IAS) хеджирлеуді есепке алуға қолданылады. Стандарт ұйымның қаржылық есептілігін шетелдік валютамен берген кезде қолданылады және қаржы есептілігі түпкілікті түрінде Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес келуін көздейтін талаптар белгілейді. Қаржы ақпаратын шетелдік валютаға, осы талаптарға сай келмейтін қайта есептеулерге қатысты стандартта қандай ақпарат ашылуға тиіс екені көрсетілген. Стандарт ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте шетелдік валютамен операциялар немесе шетелдік қызметтен ақша қаражатының ағынын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын ақша қаражатының ағынын көрсетуге қатысты емес (Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер(IAS)) ХҚЕС).

    Стандартта  төменде көрсетілген мәндерде мынадай  терминдер пайдаланылады:

    Жабу  бағамы – валюталардың баланс күнгі  ағымдағы айырбас бағамы.

    Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.

    Валюта  айырбастау бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

    Әділ  құн – жақсы хабардар, осындай  операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

    Шетелдік  валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан  өзгеше валюта.

    Шетелдік  қызмет – өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.

    Қолданыстағы  валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта.

    Топ – еншілес ұйымдары бар бас  ұйым.

    Ақша  баптары – қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда  алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.

    Шетелдік  қызметке таза инвестициялар – осы  қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.

    Ұсыну валютасы – қаржы есептілігі берілетін валюта.

    Ағымдағы  валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

    Қолданыстағы  валюта ұйымның өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық орта, әдетте, ол өзінің ақша қаражатының негізгі бөлігін жинақтап, жұмсайтын орта болып табылады. Өзінің қолданыстағы валютасын анықтау кезінде ұйым мына факторларға көңіл бөледі:

   (а)  Валютаға;

   (і)  Тауарлар мен қызметтердің сату бағасына негізгі әсер ететін валютаға (ондай валюта – тауарлар мен қызметтердің сату бағасы көрсетілетін және солар бойынша есеп айырысатын валюта);

   (іі) Бәсекелестік күштері мен бәсекелестік ережелерін ұйым өндіретін тауарлар мен қызметтерге бағаны негізінен айқындайтын ел валютасы;

   (b)  Тауарлар немесе қызметтер жеткізуге байланысты еңбек, материал және басқа шығындарға негізгі ықпал ететін валютаға (ондай валюта – көбінесе сондай шығындар көрсетілетін және өтелетін валюта).

         Төменде көрсетілген  факторлар да ұйымның қолданыстағы валютасының белгілері бола алады:

   (а) Ол қаржы қызметінің барысында жинақталатын қаражатты (яғни қарыз және үлес құралдарының эмиссиясы) білдіретін валюта болып табылады;

Информация о работе Валюталық бағам өзгерісі