Валюталық бағам өзгерісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:02, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................................................3
1 21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
Бойынша валюталық бағам өзгерісінің теориялық
аспектілері.................................................................................................5
ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық
аспектілері.............................................................................................................5
1.2 ҚР валюта жүйенің қалыптасуы ..........................................................................
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ.......................................................................
2.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы.....................................................................
2.2 ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу .......................................
2.3 ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........

Работа содержит 1 файл

Маржан - Валюталық бағам өзгерісі.doc

— 471.00 Кб (Скачать)

      Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі факторлар бөліп көрсетіледі:

  • Жалпы ұлттық өнім;
  • Сатып алу қабілетінің бірдейлігі бойынша валюта бағамы;
  • Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
  • Инфляция;
  • Өнеркәсіп өндірісінің индексі;
  • Жұмыссыздық.

      Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады. Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы мынадай болады (2-кесте). 

    Кесте 2 – Валютаның жіктелінуі

    Негізгі сипаттамалары     Валюта түрлері
Валюта  мәртебесі     - ұлттық

    - шетелдік

    - резервтік

Заттай  формасы     - қолма-қол ақша

    - қолма-қол ақшасыз

Өзара қайтымдылық режимі     - еркін айырбасталатын

    - ішінара айырбасталатын

    - айырбасталмайтын (жабық)

    
      Кесте 2 – жалғасы
Валюта  бағамының режимі     - оның валюталық бірдейлігі арқылы белгіленген (тіркелген) бағам

    - өзгермелі бағам

    - тұрақты немесе тұрақсыз валюта

Қайнар  көзі:  Қ.К. Кеулімжаев., З.Н.Әжібаева., Н.А. Құдайбергенов Бухгалтерлік есеп принциптері. -Алматы, 2002. 

    Кез келген мемлекетте «валюта» ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былайша жіктелінеді:

  • Ұлттық валюта — мемлекеттің ақша бірлігі;
  • Шетелдік валюта — шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі;
  • Резервтік — халықаралық төлем резервінің қаражаты мәртебесіне ие қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.

    Төлем құралы ретінде ұлттық валютаның  қабілеті мынада: ол басқа валюта түрімен тез арада және ең аз шамадағы шығынмен айырбасталады, яғни оның қабілеті өзара қайтарымдылығында және айырбасталатындығында. Осы критерий (өлшем) бойынша барлық валютаның жіктелінуін үш топқа бөлуге болады:

  • Еркін айырбасталатын;
  • Ішінара айырбасталатын;
  • Айырбасталмайтын (жабық).

    Резиденттердің  де, резидент еместердің де кез келген операция түрі бойынша валюталық мәміледе белгіленген заң шеңберіндегі еркін валюта айырбасы еркін айырбасталатын валютаны белгілеу барысында жүзеге асырылады. Ішінара айырбасталатынға валюта мәмілесі бойынша мөлшер жағынан шектеу қойылған елдің валютасын жатқызуға болады[4,37-45бб.].

    Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады: 

1.  Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын  валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің  және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады;

2.  Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті  төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады;

3. Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе – теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа  мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді;

4. Алып – сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді;

5. Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі;

6. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай – ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады. 

    1.2 ҚР валюта жүйенің қалыптасуы

    Рынокқа өту  кезеңiнде  Қазақстан  егемендi  ел  ретiнде өзiнiң  саяси  дамуы  кезеңiнде ұлттық валюталық жүйесін  құрып және валюталық  саясаттарын жүргiзуi  керек. Қазақстанның  алдында  шетелдермен  дербес  валюта  қатынастарын құрумен   қатар  халық  шаруашылығын  қайта  құру  оны  нарық  рельстерiне  түсiру  мәселелерiн  бiрге  шешу  мiндеттерi  тұр.

    Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде ХВК –ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  «Ямаика валюта  жүйесiнiң»  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол  кезде Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта  аймағында болғандықтан  шетелдермен жеке  валюталық байланыстар жоқтың  қасында болатын. Жоғарыда  аталған заңға қоса: “ Қазақстан республикасының ақша  жүйесi  туралы ” 1993  жылдың  13  желтоқсандағы заң; “Қазақстан  Республикасының ұлттық банкi  туралы ” 1995 жылдың  30  наурыздағы  заң; “Асыл тастар  және  қымбат  бағалы  метелдармен  байланысты  қатынастарды  мемлекеттiк  реттеу  туралы”   1995  жылдың  20  шiлдедегi  заң; сонымен  қатар  ҚР  Президентiнiң  Жарлықтары  үкiмет  қаулылары  мен  ұлттық  банк  басқалырымен нормативтiк  активтiлерi.

    Қазақстан  заңдары  бойынша  валюталық  обьектiсi  болып  шетел  валютасы, шетел  валютасындағы  бағалы  қағаздар, валюталық  құндылықтарды, аффинирленген  алтын  мен  басқа  металдарды  республикаға  әкелу, алып кету  және  жiберу  тәртiбiн  белгiлеу  болып  есептелiнедi.

    Нарыққа өту  кезеңiнде  Қазақстан  егемендi  ел  ретiнде өзiнiң  саяси  дамуында валюталық саясат жүргiзуi  керек. Қазақстанның  алдында шетелдермен дербес  валюта  қатынастарын құрумен   қатар халық шаруашылығын  қайта құру  оны нарық рельстерiне  түсiру  мәселелерiн бiрге шешу  мiндеттерi

    Қазақстан  валюталық  бақылауды  валюталық  бақылау  органдары  және  олардың  агенттерi  жүргiзедi. Валюталық  бақылау  органдары  болып  заң  бойынша  валюталық  бақылау  қыметiн   жүргiзетiн  ұйымдар, валюталық  операциялар  жүргiзетiн өкiлеттi  банктер  жүргiзедi. 

    Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 2007 ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады:

- Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;

-  Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;

- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;

- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;

- Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;

- Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;

- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;

- Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;

- Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

    Ұлттық  банк бұл пайыз өсірулерді капитал  келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр[12,26–29бб.].

    Валюта  бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды.  Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қаарй деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды.

    Соңғы 2007 және 2008 жылдары елімізде айналыста  жүрген жалпы ақша жиынының өсуіне қарамастан (2007 жылы 1650,1 млрд. теңге, ал 2008 жылғы 6 айдың көлемі 1833,3 млрд. теңге) ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы  сақталуда. Бұл өз кезегінде экономиканың өндіріс салаларының дамуын, елде халық табысының өскендігін, экспорттық сальдоның оң нәтижеге шыққандығын білдіреді.

    Қазір ұлттық валютамыз теңгенің АҚШ доллары  бойынша айырбас бағамы 150–151 теңге шамасында сақталуда және долларға қатысты соңғы уақыттарда нығаюда. Бұл Қазақстан экономикасы үшін үлкен жетістіктердің бірі болып отыр.  

    Ұлттық  банк бұл пайыз өсірулерді капитал  келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз  қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық нарық әлемдік нарықтарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

Информация о работе Валюталық бағам өзгерісі