Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:22, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың маңызы. Жұмыстың негізгі бағыты республикамызда, региондарда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту мен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi құрылымдары, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын және орта бизнесті қолдау жөнiндегi департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми еңбектiң қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп есептеймiз.

Содержание

Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
«Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша

Работа содержит 1 файл

кур ж Шагын жане орта бизнесті несиелендіру.doc

— 609.00 Кб (Скачать)
 

     Кестеде көрсетілгендей техниканың импортының қаржылық артықшылықтары белгілі. Жабдықтың  құны 50 000 АҚШ доллар болған жағдайда сіз оны лизинг арқылы алсаңыз несие алумен салыстырғанда 15216 АҚШ долларын үнемдейсіз. Лизингке жабдықты не болмаса техниканы алатын болсақ 20% мөлшерде алғашқы жарна төлейміз яғни 10 000 АҚШ доллар. Алғашқы жарна төлемеген жағдайда техника мен жабдыққа кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, құнды қағазды қоямыз. Ал несие алу және өз қаржысына сатып алу кезінде алғашқы жарна төлеудің қажеті жоқ. Сақтандыру кезінде лизингке алған затымыз лизинг заты ретінде қарастырылып оған сақтандыру сомасы төленбейді, ал банк несиесі арқылы алу барысында 5 жылға 625 АҚШ доллары есептеледі. 16 % ставкасы кезінде  40 000 АҚШ долларына (20% алдын ала жарна төлеу бойынша) лизингке жабдық пен техниканы алуда 5 жылға үстеме пайыз сомасы 18363 АҚШ долларын құрайды. Банк несиесі арқылы алуда 5 жылға үстеме пайыз 22 954 АҚШ долларын құрайды , бірақ ол 50 000 АҚШ долларына есептелінеді. Бұл екі операциялар арасынан 15 216 АҚШ долларын үнемдейміз. Егер жабдықтың құны одан артық болса үнемдеу сомасы да көбірек болады. Ал сіз Лизинг қызмет банк қызметіне альтернатива (балама) болмайтынын ескеру қажет. Лизинг қызметі екінші деңгейдегі банктер үшін қосымша табыс алудың қосымша қайнар көзі болып табылады. Лизингті инвестициялау ретінде де (лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы қатынастар), несиелеу ретінде де (екінші деңгейдегі банктер мен лизинг беруші арасындағы, лизинг беруші мен басқа қаржы институттары арасындағы қатынастар) қарастыруға болады.

      Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімдi қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бipгe, коммерциялық банктер несиелердің  қайтарылмай қалу тәуекелдіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен-күнге күшейтуде.

      Miнe, осындай мәселелерге байланысты  бүгінгi таңда Қазақстанда қаржылық  лизингтік қызметті жедел дамыту  үшін қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді,  оның iшінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Ceбeбi, қaзipгi кезде елімізде жұмыс icтеп тұрған қаржылық институттардың бірде бipeyi жоғарыда көрстеліген мәселелерді шешуге дайын емес.

      Тағы  бip айта кететін жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтік кең түрде дамуы төмендегідей жағдайларға мүмкіндіктер береді.

  1. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету.
  2. Экономиканың нақты секторларына, яғни, өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды енгізуді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру.
  3. Өндірістік салалық құрылымын жетілдіру. Өнеркәсіптік өндіріске дұрыс көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

     Сонымен қорыта айтқанда, лизинг берушінің қызметін атқара отырып коммерциялық банктер лизингтік қатынастардың дамуының негізгі приоритетті бағыттарын анықтайды. Осы бағыттарды анықтау кезінде бүгінгі күнi, олар ең алдымен халыққа қызмет көрсету сапасын дамытуға және сапасы өте жоғары халық тұтынатын тауарларды шығаруды ұйымдастыруға арналған лизинг объектілеріне көп көңіл бөлулepi қажет деп ойлаймын.

     Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің  тәжірибелік тұрғыдан альтернативі болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірістi компанияларға көп шығын жұмсамай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән. 

2.3. Шағын және орта  бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша

      Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің экономикадағы  алатын үлес салмағы өсе түспек. Шағын және орта бизнес – бұл  бюджет қоржынын толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті Іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.

     Осы тұрғыдан алып қарағанда Ақмола облысында  да шағын және орта бизнесті дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған дәлел, соңғы  жылдардағы шағын кәсіпкерліктің облысымызда  қарыштап дамуы, оның өндірістегі алатын үлес салмағының уақыт өткен сайын артуы. Мәселен, облысымызда 2006 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32,3 мың болды, ол 2005 жылға қарағанда 14% артты, соның ішінде 64,7% немесе 20,9 мың жеке кәсіпкерлер, 6,3 мың-шағын кәсіпорындар (19,6%) және 5,1 мың-шаруа қожалықтары (15,7%) тіркелген. Аймақтық көрсеткіш бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау (33,7%), Степногорск (9,5%) қалаларында, Щучье (10,5%) аудандарында орналасқан.

     Көпшілік  белсенді заңды тұлғалар-шағын кәсіпкерлік  нысандары саудада-54,8%, ауыл шаруашылығына-17,3%, өнеркәсіпке-2,7%, құрылысқа-1,5% және т.б салаға-23,7% маманданған. 2005 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен зайымшы-банктің қаржыландыруы тәртібінде 31 кәсіпкерге 128,9 млн. теңгенің несиесі берілді (64,45 млн.теңге-облыстық бюджет қаржысынан). Несиелендірілген жобалар жүзеге асқанда 261 жаңа жұмыс орындары ашылады.

     Салалық талдау көрсеткендей, өнеркәсіп саласына бөлінген несиенің жалпы сомасынан 102,1 млн.теңге және 79,2% бағытталған. Мал шаруашылығын дамытуға 20,6 млн.теңге (16%), қызмет саласына-6,2 млн.теңге (4,8%) бөлінген.

     Төмендегі 10 кесте бойынша банктердің шағын  кәсіпкерлерге берген кредиттері жайлы  қарастыруға болады.

     10. кесте    Банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектелеріне берген

                        несиелері, экономика салалары бойынша

                              млн. теңге  кезеңнің соңына   

Экономикалық  салалары бойынша 2003жыл 2004жыл 2005жыл 2006жыл
Барлығы 196 212 288 367 470 168 566 361
Өнеркәсіп 28 708 41 108 46 727 57 689
Үлесі, % 14,6 14,3 9,9 10,2
Ауыл  шаруашылығы 29 636 29 862 50 096 55 212
Үлесі,% 15,1 10,3 10,7 9,8
Құрылыс 20 171 39 806 83 450 97 004
Үлесі,% 10,3   13,8 17,7 17,1
Көлік 2 141 5 125 13 754 18 172
Үлесі,% 1,1 1,8 2,9 3,2
Байланыс 530 1 469  758 1 634
Үлесі,% 0,3 0,5 0,2 0,3
Сауда 93 037 119 965 189 824 224 344
Үлесі,% 47,4 41,6 40,4 39,6
Басқалары 21 990 51 032 85 559 112 308
Үлесі,% 11,2 17,7 18,2 19,8

                   

      Статистикалық бюллетень №2(147) АҚПАН 2007ж.

       Кестеден көріп отырғанымыздай  банктердің берген несиелерінің сомасы 2003 жылдан 2006 жылдар аралығында бірнеше есе өскендігін байқаймыз. Банктер қандай саланы болмасын қаржыландыруда. Өнеркәсіп саласында банктерден бөлінген қаржы 2 есеге дейін өскендігін байқадық. Ауылшаруашылық саласында да осынша қаржыландыру болған. Ал құрылыс саласы бойынша банктер бірнеше есеге дейін қаржыландыру көлемін жоғарлатқанын кесте бойынша көріп отырмыз.

  Сонымен қатар 2005 жылдың аудандық және қалалық бюджеттен шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін 40,6 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 39,1 млн.теңге жұсалды, нәтижесінде 383 жаңа жұмыс орындары ашылды.

      Екінші  деңгейлі банктермен 4181,6 млн.теңге  сомасының несиелері берілді, оның ішінде Көкшетау-2613,5 млн.теңге (62,5%), Щучье-16,6% (693,7 млн), Атбасар-5% (208,4млн) аудандарына бөлінді.

      Экономика салалары бойынша саудаға 1441 млн.теңге (34,5%), ауыл шаруашылығына-1157,2 млн. теңге (27,8%), өнеркәсіпке 258 млн. теңге (6,2%), басқа  қызмет түрлеріне 1325,4 млн. теңге (31,5%) несие  бөлінді.

    Мұнымен қоса, кәсіпкерлікке несиелік қолдауды Зеренді ауданындағы “Шағын несие” Қоғамдық қор өкілдері, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”  акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы, ауылдық  несиелік серіктестіктер көрсетті. 2005ж. “Шағын несие” қоғамдық қоры өкілдерімен 7,5 млн. сомасына 105 проект несиелендірілді, ол 2004ж. деңгейімен салыстырғанда 38 проектке артық, аймақтық филиалымен 162 млн. теңгенің 30 проектісі несиелендірілді, ол 2004ж. қарағанда 5 есе артық.

      Шағын бизнестің қалыптасуының негізгі жағымды жағдайының  бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау мен дамыту болып табылады.

       Облыс бойынша 3 бизнес – инкубатор және 8 бизнес – орталықтары тіркелген. Бизнес – инкубаторлар келесідей  заңды тұлғалармен ұсынылды: “Инвест Консалтинг – Көкшетау” ЖШС (Көкшетау), “Феникс ЛТД” ЖШС (Степногорск), “Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС (Атбасар).

       Көкшетау  қаласында бизнес – инкубаторын  құру үшін “Евразия” қорынан 19,5 мың  АҚШ долларымен гарант түрінде және облыстық бюджеттен ақша бөлінді. Ұйым 4 жыл қызмет істеп келеді, ол кәсіпкерлерге консалтингтік қызметтер көрсетеді. Бизнес – инкубатормен шағын және орта  бизнес салаларына “Агробизнес кәсіпорындары үшін халықаралық   маркетинг және менеджмент”, “шағын бизнес субъектілеріне салық салу” және т.б. тақырыптарында оқыту, семинарлары жүргізіледі.

       “Атбасар  бизнес – инкубаторы” ЖШС “МЭН”  ЖШС қаржылай қолдауы арқасында  құрылып, оған аудан  кәсіпкерлеріне  консалтингтік қызмет көрсету үшін офистік тұрақжай және қажетті оргтехникалар бөлінді. Мұнда бизнес – жоспарлар жасау, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, құрылтай құжаттарын дайындау, компьютерлік техникамен мамандар дайындау және қайта даярлау, ақыл-кеңестер ұсыну жөнінде жұмыстар  жүргізілуде.

       Степногорск қаласында орналасқан “Феникс ЛТД” ЖШС жалпы алаңы 10 мың  шаршы метрді құрайтын 2 екіқабатты  ғимараты бар болса, оның бүгінде 20% ғана игерілді. Бұл жерде алкогольсіз сусындар құятын, жартылай фабрикаттар, биотехнологияларға сіңгіш өнімдер және т.б.  шығаратын шағын кәсіпорын  орналасқан. Қаржылай қолдаудың  болмауы қалған  алаңның бизнес-инкубатор үшін толық көлемде қамтылуына мүмкіндік берілмейді.[18.7]

      2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыста  аудандық, қалалық әкімдіктердің  мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің 36,9 мың субъектісі тіркелген. Бұл 2004ж. деңгеймен салыстырғанда 14,1% көп. Тіркелген субъектілердің жалпы санының 6,8 мыңы заңды тұлғалар (18,5%), 24,6 мыңы – жеке кәсіпкерлер (66,5%), 5,5 мыңы – шаруа қожалықтары (15%).

      Аймақтық  көрсеткіш бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау – 33,7%, Степногорск – 9,5% қалаларында, Щучье ауданында -11,3% орналасқан. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басым көпшілігі – 53,7% сауда саттықпен, 16,7% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіптік өндірісте – 2,6%, құрылыста – 2,1% және басқа да іс түрлерімен - 24,9% шұғылданады.

      Кәсіпкерліктің  тұрақты дамуының ең басты кепілінің  бірі ретінде Елбасының кәсіпкерлерге  несие берудің көздерін молайтуды  талап етуде. Сондықтан кәсіпкерлерді  қаржылай қолдау мақсатында 2005ж. әртүрлі көздерден жалпы сомасы 8,8 млрд. теңгенің несиесі бөлінген. Облыстық бюджеттің қаржысынан 170 млн. теңге бөлініп, іске асырылды.

      2007 жылдың 1 қаңтарында дейін облыста  статистика басқармасының және  аудандық, қалалық әкімдіктердің  мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің 36,3 мың субъектісі тіркелген. Бұл ана  жылға қарағанда 13,9%  көп. тіркелген субъектінің жалпы санының 25,5 мыңы  немесе 70,2% жеке кәсіпкерлер, 5,2 мыңы – шағын кәсіпорындар (14,4%) және  5,6 мыңы шаруа қожалықтары (15,3%).[25.9] 
 

Қорытынды
 

     Қорытынды ретiнде Қазақстан Республикасында  халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлi жақсарту мен экономиканы дамыту үшін шағын  және орта бизнес кәсіпкерлер тобын  жетiлдiруге алып баратын әрi кәсiпкерлiк  қызмет саласын несиелендіру iсiнiң  мақсаты да жүйелі түрде қажет екендiгiн атап өтудi жөн деп санау қажет.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелендіру