Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:22, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың маңызы. Жұмыстың негізгі бағыты республикамызда, региондарда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту мен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi құрылымдары, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын және орта бизнесті қолдау жөнiндегi департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми еңбектiң қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп есептеймiз.

Содержание

Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
«Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша

Работа содержит 1 файл

кур ж Шагын жане орта бизнесті несиелендіру.doc

— 609.00 Кб (Скачать)

     1997 ж. жазында ҚР «Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы» және  «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдары шықты. Сол құжатта заңды тұлғалар өз қызметтерін төмендегідей ұйымдық-құқықтық формаларда жүзеге асыра алады, олар толық серіктестік, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік кооператив деп аталады.

     Біздің  Республикамыздың Президенті мен Үкімет шетелдік үлгіні бетке ала отырып, шағын және орта бизнестің қажеттігі  туралы үнемі айтып келеді.

     Бірақ сөйте тұра олар біздің шағын және орта кәсіпкерлігімізге тән маңызды  деталды, атап айтқанда – кәсіпкерлік  қызметті кәсіпорын жұмыскерлерінің  санына байланысты ұсақ, орташа және ірі  бизнеске бөлуді есепке алмай отыр.

     Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер санына біздің елімізде жолданған адам саны 50-ге жетпейтін жеке кәсіпкерлер енеді.

Орташа  кәсіпорындарға жұмыскер саны 50 ден  асатын, бірақ 250 адамға жетпейтін кәсіпорындар жатады, ал адам саны 250-ден асқан  кәсіпорындар ірі деп аталады. [18.ҚР Заңы].

     Қазіргі уақытта шетелдік кәсіпорындардың  ұсақ, орташа және ірі боп бөлінуі  мынандай. Ұсақ кәсіпорынға 500 адамы  бар кәсіпорын, орташаға 500-ден 1000-ға дейін жұмыскері бар кәсіпорындар, ал жұмыскер саны 1000-нан жоғары болса олар ірі кәсіпорындар болып есептелінеді.

     Біздің  ұсақ кәсіпорындарымыз батыс Европаға қарағанда өте аз. Онда мұндай бөлініс  неге байланысты? Мүмкін біздің мемлекет ұсақ кәсіпкерге өз қызметін батыстық типтегі ұсақ кәсіпкерге сәйкес келетіндей дамытуға мүмкіндік бермей отыр ма, әлде басқаша ма?

     Бұл жерде әлемдік тәжірибеде шағын  және орта кәсіпкерлікке деген бірегей  анықтама жоқ екендігін айтып  кеткен жөн.

     Мысалы, Англияда капитал нарығында қатыспайтын  бағалы қағаздарды эмиссиялауға  және орналастыруға құқығы жоқ бір немесе бірнеше адам басқаратын  фирмалар жатады. Мұндай фирмалардағы адам саны 200-ден аспауы тиіс.

     Ал  Жапонияда статистикасы шағын кәсіпорындар дәрежесіне құрамында 100 адамға дейін  қамтылған фирмаларды жатқызады.

      Францияда нақты дифференциясы жоқ : бір экономистер бұл 6-дан 50 адамға дейінгі кәсіпорындар десе, кейбірі 100-ге дейін, үшінші біреулері – 500 адамнан асуы тиіс дейді.

     Жалпы Европада шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өлшемдері ретінде капиталдың жылдық айналымының жоғарғы  көрсеткіштері қолданылады: мысалы Бельгияда – 15 млн. Бельгия франкі ; Италияда – 3 млрд. лир ; Голландияда – 7.5 млн. гульден;  Францияда – 100 млн француз. [4.54б].

     Сонымен, әр елде шағын және орта кәсіпорындарға әр түрлі кәсіпорындарды жатқызады: ұсақ қол өнерінен қазіргі, соңғы техникамен жабдықталған кәсіпорындарға дейін.[33.19б]

     Шағын  және орта кәсіпкерліктің ерекшелігі капитал салымының тез өзін-өзі ақтауы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраныстың өзгеруіне қолайлы бейімдеу және т.б.

     Бүгінгі күнде шағын және орта бизнес секторы  Қазақстан экономикасының ажырамас бөлігі.

     Шағын және орта бизнестің дамуы көптеген маңызды ерекшеліктер әкеледі:

      а)жеке меншік иелерінің көбеюі;

      б)азаматтардың кірістерін жоғарылататын және әр түрлі әлеуметтік топтардың арасында диспропорцияны жоюға мүмкіндік беретін экономикалық белсенді тұрғындардың санының өсуі;

      в)аз капитал шығынымен жаңа жұмыс орындарын жасау, әсіресе қызмет көрсету сферасында;

      г)өндірушілер монополиясын жою, бәсекелестікті орта жасау;

      д) көп еңбекті қажет ететін өнімді шығаруда аз капиталды пайдалану;

      е)экономиканың әр түрлі секторының арасындағы өзара қарым қатынасты жақсарту.

     Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың құрылуы кезінде мемлекеттік  меншіктің көптеген бөлігі жеке меншікке акционерлік қоғам түрінде, ұжымдық меншік түрінде, ұжымдық меншікке, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық формаларына айналды. Өндірілетін және жүзеге асырылатын өнімдер түрі өте көп және тұтыну нарығының сұранысына сай.

     Нарықтық  экономика тауарлық және тұтыну нарығына кең жол ашты. Кәсіпкерлік қызмет көптеген мекемелермен, ұйымдармен жүзеге асырылды.

     Көрсетілетін  қызмет түрлері халықтық тұтыну тауарларының тізімімен, тамақ өнімдері мен өндірістік – техникалық өнімдерден кем болған жоқ.

      2005 ж. Шағын және орта кәсіпорындар қызметінің көлемі едәуір артты. Бұл жерде тенденция байқалады : 2005 ж. қарағандағы 2006ж.өнім көлемінің өсуімен оның  саудадағы үлестік салмағы төмендеп, өнеркәсіпте артты.

     Жыл сайын шағын кәсіпорындар саны алдағы жылдарға қарағанда 40 % -ға өсіп отыр, ал өндіріс көлемі бойынша екі есе өсті.

     Бұл Қазақстанда шағын және орта бизнестің  өнімдерінің дамығанын көрсетеді.

     Кәсіпорындар  санына келетін болсақ, олардың кейбірі  белгілі себептермен жабылмаса, едәуір көп болды. Тәжірибе көрсеткендей, жаңадан ашылған кәсіпорындардың шамамен 60 %-ы өз қызметін тоқтатады.

      Тіркелген шағын және орта кәсіпорындардың  барлығы бірдей іс әрекетте  болмайды, соған байланысты онда тіркелген  адамдар да жұмыс істемейді. Тіркелген  шағын және орта бизнес кәсіпорындарының біразы кейбір себептермен жұмыс істемейтін кәсіпорындар санына қосылады да, олардың жалпы табысына келеңсіз әсер етеді.

      Мұндай  жағдайлардың мүлдем болмауы мүмкін емес, өйткені кейбір жаңа істей  бастаған кәсіпкерлер өз істерін  бар мүмкіндікте жүргізе алмайды.

      Сондықтан, шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту экономиканың аталған сферасының өсу жолы мен қызмет етудегі  мәселесі туралы төмендегідей материалда жарияланады. 

    1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы  шетелдік тәжірибе
 

      Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған  Батыс елдерінде бәсекенің дамуы  әсерінен шағын және орта бизнесті несиелендірудің рөлі арта түсті. Мұның  басты себебі-экономикалық сектордың  кәсіпорындарына тән артықшылықтар.

      Тұрақты экономикалық жүйеде шағын және орта бизнесті несиелендіру не береді? Олар:

  1. динамикалық түрде дамуы мүмкін;
  2. кәсіпкерлердің сұранысының өзгеруіне төзе бейімделе алады;
  3. бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді;
  4. экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді;
  5. жаңа шағын және орта кәсіпорындар ашылып жұмыс орындарын ашады;
  6. жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды;
  7. елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады;
  8. мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

      Дамыған елдерде шағын және орта бизнес кәсіпорындар мынадай салалар бойынша несиелендіреді: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары т.б. Қазір шағын және орта бизнес кәсіпорындары жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.

      Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен  қатар қызмет етуі дамыған елдер  экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті несиелендіруді дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.

      Экономикалық  өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс  орындарын ашу мен қысқарту кезінде  шағын және орта бизнесті несиелендіру жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді.

      АҚШ-та шағын және орта бизнесті несиелендіру тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер  мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы» заң. АҚШ конгрессінде шағын және орта бизнесті несиелендіру проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын және орта бизнесті несиелендіру әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті несиелендіруді қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады. [1.43б]

      АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың мемлекеттік жүйесі мынадай:

  • бюджеттен тікелей дотациялар беру;
  • шағын және орта бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
  • шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы төмен пайдамен несиелендіру;
  • мемлекет тарапынан және екінші денгейлі банктер тарапынан лизингтік несиелендіру;
  • шағын және орта бизнесті несиелендіруде салықтық жеңілдіктер беру.

      Сондықтан да АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамытуға үлкен мән  беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасалған деп қорытындылауға болады.

      Шағын және орта бизнесті несиелендіру жөнінде  Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.

      Жапонияда шағын және орта бизнесті несиелендіруде ерекше назар аударады. Себебі, шағын  және орта бизнесті несиелендіру арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

      Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-ы, көтерме сауданың 60%-ы, бөлшек сауданың 80%-ы тиеді. Еркін нарықтық бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты ұлғайтуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі-басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр.

      Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын  бизнесті несиелендіруді дамыту маңызды  мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.

      1995 жылы Ресей Федерациясында «Шағын  бизнесті мемлекеттік несиелендіруді  қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған  кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-ы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:

  • Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек;
  • Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.

         Шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік  федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.

          Біз Ұлыбританияны  мысалға  алып, ең кең таралған банкілік несие беру түрін  қарастырамыз.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелендіру