Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:22, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың маңызы. Жұмыстың негізгі бағыты республикамызда, региондарда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту мен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi құрылымдары, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын және орта бизнесті қолдау жөнiндегi департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми еңбектiң қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп есептеймiз.
Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
«Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...........
1.2.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру
барысындағы шетелдік
тәжірибе......................
1.3.
Қазақстан Республикасының шағын және
орта бизнесті несиелендіру
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Қосымша
Кіріспе
Мемлекеттің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясы және ел басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс. Ал ол Қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді дамыту деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық конъюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және т.б. Шағын және орта бизнесті несиелендіру арқылы көптеген өнеркәсібі дамыған елдер жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп шешкен. Сонымен қоса, шағын және орта бизнесті несиелендіру - қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі-орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарды құрады.
Дегенмен, шағын және орта бизнесті дамытуды қалыптастыру деңгейі олардың қоғам өмірінде әлі де болса елеусіз орын алып отырғандығын көрсетеді. Мұның бірнеше басты-басты себептер бар секілді. Біздің ойымызша, шағын және орта бизнесті несиелендіру тәуекелділігінің жоғары болуына және қаржы жағдайының жоқтығынан, несиелік көмек алу қиыншылығынан, сол қызметтегі менеджмент деңгейінің төмендігінде болып отыр. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес нысандарының тіркелуінен гөрі жабылып қалуы басым. Сондықтан, шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамытудың бірден-бір амалы мемлекет тарапынан төмен пайызбен несие беру және банктер тарапынан несиенің және лизингтік несиенің бірнеше түрлерін тиімді қолдану болмақ.
Жоғарыда айтылған шағын және орта бизнесті несиелендіру және ең бастысы Республикада кәсіпкерлікті несиелендіруді дамытудың қанағатсыз болуы алынған тақырыптың өзектілігі деп білеміз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді зерттеу және оның дамуына кедергi жасайтын мәселелердің шешу жолдарын табу.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi. Қазақстанда жүргiзiлiп жатқан шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту экономикалық реформалардың басталғанына бірнеше жылдан аса уақыт өтсе де, белгiлi бiр жүйелi жол табу оңайға соқпай, iздену процестерi әлi де жалғасын табуда. Ендiгi басты мақсат - шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесiн жетiлдiре отырып, оларды кешендi түрде түбегейлi жаңғыртуды жалғастыру болып табылады. Ал бұл мiндеттi жүзеге асыруда, ең алдымен, шағын және орта бизнеске негізделген шаруашылық қатынастарды дәрiптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек болады.
Дипломдық жұмыстың маңызы. Жұмыстың негізгі бағыты республикамызда, региондарда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту мен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi құрылымдары, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын және орта бизнесті қолдау жөнiндегi департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми еңбектiң қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп есептеймiз.
Дипломдық
жұмыстың әдістемелік негізі болып,
Қазақстан Республикасының
1тарау.
Ел экономикасындағы
шағын және орта бизнесті
несиелендірудің мәне
мен маңызы
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары.
Қазақстан
Республикасының қазіргі
Шағын және орта бизнес – аздаған жұмыскерлер саны бар, кәсіпорынға арналған кәсіптік іс әрекетімен мемлекет, аймақ бойынша аз ғана тиесі бар кез-келген жеке меншік формасындағы фирма. Оның аумағы тиесі шығаратын және жүзеге асырылатын өнімінің бағасымен анықталады. Ірі мемлекеттердегі шағын және орта кәсіпорындар саны ондаған, жүздеген, мың боп келсе, бір ғана осындай кәсіпорынға жалпы өндіріс көлемінің аз ғана бөлігі тиеді, бірақ олар біріксе еліміздің барлық өнімінің жартысын шығаруға қабілетті болар еді.
Көлеміне қарай фирмаларды жіктеуде жұмыскерлер саны, сонымен қатар кәсіпорынның белгілі бір иесінің болуы есептеледі, бірақ басқа бір кәсіпорынның бөлігі болмауға тиіс. Тағы бір қосымша талап – бұл оның тәуелсіз кәсіпорын болуы. Капиталға келер болсақ, шағын кәсіпорындағы еңбек пен капитал арасындағы қатынас өзгермелілігі өте жоғары. Капиталдары қазіргі өндірісті жүзеге асыру өлшеміне жетпейтін болғандықтан капитализмді дамытуда шағын және орта кәсіпорындар бірте-бірте жойылады деп есептеледі. Шағын фирмалар мен кәсіпорындарды ірі компаниялар жұтып қояды деп саналады. Дегенмен бүгінгі күнде шағын және орта бизнес сферасы әлемдік экономикада кеңінен тараған.
Шағын және орта бизнесті жүргізу дарынды, адал, жоғары дәрежелі кәсіпкер тұлғаларға қолайлы. Оның табиғаты белсенді адамдарға жеке пайдасын іс жүзіне асыруына және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер ондай бизнесті табысты жұмыс істете отырып, кез келген экономикалық ыңғайлы жағдайда пайда түсіруге, инновациялар енгізуге тырысады.
Көбінесе жоғарыда аталған кәсіпкерлер өздерінің мойнына шығындар мен тәуекелді ала отырып жаңа технологиялар енгізе алады, жаңа өнім немесе қызметтің жаңа түрін жасауға тырысады, ал ірі монополиялы өндірушілер болса өз компаниясының нұсқауларымен және ережелерімен тығыз байланысты болғандықтан аз еркіндікке ие болады.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту үшін аз жұмыс жасалған жоқ. Дегенмен, олар туралы айтпас бұрын шағын және орта бизнес субъектілерінің өлшемдерін анықтап алу қажет.
Бүгінгі күнде елімізде шағын және орта топтарға жататын кәсіпорындарға қатысты 50-ден астам статистикалық өлшемдер бар. Жалпы түрде оларды төмендегідей бөлуге болады :
а) Сапалық өлшемдер (басқару жүйесінің қарапайымдылығы, меншік иесі мен менеджер қызметін бір адамның атқаруы, нарықтың аздаған бөлігіне ие болу, және шағын кеңістіктегі қызмет сферасы, қызметтің қысқа да нұсқа мақсаты және т.б.)
б) Сандық өлшемдер (кәсіпорындағы жұмыс істеушілер саны, негізгі капиталдың құны, сатылған өнім көлемі және т.б.)
Қазіргі кезде шағын және орта бизнеске жатқызатын критерийлер бір елден екінші елге ауысуда, сондай-ақ капиталдың бір сферадан басқа сфераға ауысуына байланысты өзгеріп отырады.
Дегенмен де, көптеген елдердің тәжірибесінде көбінесе сандық өлшемдер қолданылады .
Мысалы: Жапонияда ұсақ кәсіпорындардың басты өлшемдерін анықтау капитал көлемі, жұмыскерлер саны болып табылады.
Германияда кәсіпорынды ұсақ кәсіпкерлік секторға жатқызуда төмендегі өлшемдер қолданылады :
а) жеке меншік пен басқарудың бірлігі ;
б) қызмет етушілердің еңбектік мотивациясын жоғары дәрежеге жеткізуге мүмкіндік беретініне кәсіпорынның көзі жетуі ;
в) кәсіпорын басшысының маңызды ролі(өндіріс үрдісіне тікелей араласушы болып табылатын басшы);
г) істі біріктіріп сеніммен жүргізу;
д) қаржыландырудың өзгеше түрін кіргізу (банктік несие беру есебіне тән).
Ұлыбританияда айналым көлемінің өлшемдері, активтер мен жұмылдырылғандардың орташа саны пайдаланылады.
Сандық өлшемдер Ресейден де кәсіпорындарды жіктеу негізінде қалыптасқан, «Ресей Федерациясындағы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Ресей Федерациясының субъектілерінде, қоғамдық және діни ұйымдардағы, қайырымдылық және басқа да қорлардағы еншісі 2,5% -дан аспайтын, бір немесе бірнеше шағын тұлғаларға қарайтын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектісі болып табылмайтын, шектеулі деңгейдегі кейбір заңдардан 25 % -ы аспайтын кәсіпорындар жігінің негізінде болады. [1.73б].
Қазақстан Республикасында кәсіпорындар сандық өлшемдер негізінде жіктеледі, яғни, жұмыскерлердің саны, негізгі капиталдың құны, қызмет түрі, салық төлеу негізі т.с.с.
Енді Қазақстан Республикасы жеке құрылғаннан бері шағын және орта кәсіпкерлікті реттейтін заңдардың даму эволюциясына тоқталайық.
Қазақстандық кәсіпкерліктің алғашқы «іргетасы» 11.12.1990ж. «ҚР-да шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» Заңмен қаланды. Кейіннен, мемлекеттік егемендік жарияланғаннан кейін 1992 жылдың шілдесінде «Шағын кәсіпкерлікті қорғау туралы» Заң қабылданды. Ол 1991 жылы маусымда қабылданған «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңмен қоса жеке кәсіпкерлер қызметінің ұзақ мерзімді құқықтық негізіне айналды. [1.43б]
Бұл
заңда жеке кәсіпкерлік азаматтардың
тауарға (жұмыстар мен қызметтер) деген
сұранысын қамтамасыз ету жолынан
түскен пайда немесе жеке түсімге
бағытталған іс-әрекеті
Жоғарыда аталған Заңды қабылдағаннан бері экономикада да, заңдылықтарға да көптеген өзгерістер енді. [17.10б]
Қазақстан
Республикасының азаматтық
ҚР Министрлер Кабинетінің 17.08.94ж. № 912 Қаулысымен Қазақстан Республикасында 1994-1996 ж.ж. кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралар жоспары бекітілді. 1995 ж. аяғында Үкіметтің 1996-98ж.ж. экономикалық реформаны тереңдету туралы жұмыс бағдарламасы қабылданды, онда жұмыс бағдарламасын тереңдету туралы, кәсіпкерлікті мемлекеттік тарапынан қолдауды күшейту, ең алдымен шағын және орта бизнесті күшейту басты мәселелердің бірі ретінде аталған. Артынан ҚР Президентінің 14.06.1996ж. жарлығы : «Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік кепілдігін іс жүзіне асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» және 06.03.1997ж. «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендендірудің және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» жарлығы қабылданды. Осы тізімге тағы да Үкіметтің 14.03.1997ж. «Шағын кәсіпкерліктің Республикалық ақпараттық-көрмелік орталығын жасау туралы» №325 Қаулысын және 08.04.1997ж. «Шағын кәсіпкерлер мәселелері» деген № 499 Қаулысын қосуға болады.