Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:22, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың маңызы. Жұмыстың негізгі бағыты республикамызда, региондарда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту мен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi құрылымдары, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын және орта бизнесті қолдау жөнiндегi департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми еңбектiң қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп есептеймiз.
Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
«Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша
2.
Банктер лизингтік
Көптеген лизингтік компаниялар өз қызметтерін icкe асырудың алғашқы кездерінде ақша қаражаттарын жинақтаудың сыртқы көздеріне, соның ішінде әcipece банктік несиеге көп мөлшерде тәуелді болады. Бұндай жағдай бүгінгі таңда шетелдік тәжірибеде толық түрде дәлелденген. Мысалы, шетелдердегі лизингтік компаниялардың жалпы ресурстарының iшіндегi банктік несиенің үлeci 75%- ке дейін жетеді1.[19.40б].
Сонымен бipгe лизингтік фирманың банктік несиені көп мөлшерде пайдалануы сол фирманы қаржыландырудың осы түріне неғұрлым көп тәуелді етеді. Сондықтан банктер мен лизингтік фирмалардың қызметтері бip-бipiнe байланысты болады. Miнe, осындай жағдайларда лизингтік фирманың қызметінің тиімділігі банктен несие алу мүмкіндігіне, қарыздық өсімақының өзгеру деңгейіне және банктік саясаттың анықтаған тағы басқа жалпы белгілеріне тәуелді болады.
Бүгінгі таңда eліміздегi отандық лизингтік компаниялардың сырттан қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады. Оны коммерциялық банктерден экономика салаларына бөлініп отырылған несиелер көлемін көруге болады.
8.кесте Коммерциялық банктердің берілген несиелер (млн.теңге)
Көрсеткіштер | Жылдар | ||||
2002ж | 2003ж | 2004ж | 2005ж | 2006ж | |
Барлығы | 672 407 | 978 128 | 1 484 010 | 2 592 090 | 2 982 403 |
Қысқа мерзімді | 289 014 | 369 775 | 508 596 | 869 136 | 848 913 |
Ұзақ және орта мерзімді | 383 393 | 608 353 | 975 414 | 1 722 953 | 2 133 491 |
Статистикалық бюллетень N 2 (147) АҚПАН 2007 46 бет
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, 2002 жылғы мәліметтер бойынша еліміздің коммерциялық банктерден бөлінген барлық несиелердің 28,5% ғана орта және ұзақ мерзімді сипатта болса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға жоғарлап, сәйкесінше 2002 ж. - 49,3%, 2003ж. - 48,1%, 2004 ж. - 50,7%, 2005 ж. - 57%, 2006 жылдың қыркүйек айында 62,4% құраған. Бұдан, қaзіргi уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған орта және ұзақ мерзімді несиелердің қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда үлес салмағының жоғарылауы еліміздің экономикалық өcyiнe әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады.
Коммерциялық банктердің берген несиелерін 1-графикте көрсетейік.
1-график. Коммерциялық банктердің берілген несиелері
1-график бойынша коммерциялық банктердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелері 2002-2006 жылдар аралығында көрсетілген.
Сонымен бipгe, лизингтік операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі таңда лизингтік компаниялардың коммерциялық қызметінде және отандық лизингтік нарықтың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығы артуда. Бұндай жағдай лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Лизингтік компаниялардың несиелік қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып коммерциялық банктер лизингтік операциялардың көлеміне, бағытталуына және оның нақты түрлерінің дамуына әсер етуге мүмкіндіктер алады.
Американдық экономист Х.Хеймел лизинг туралы өз еңбектерінде: «лизингтік компания лизингтік несиелеуге тікелей қатысуды қаламайды, ол тек банктің қолы ретінде қызмет етуді қалайды" - дейді2. Сондықтан лизингтік компанияның өзін қаржыландыратын банктік мекемелерге тәуелділігінің нәтижесінде банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының жанама әдіci пайда болады. [19.45б]
Ол өндірістi компанияларға көп шығын жұмсамай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты теуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг — уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән.
Көптеген
- лизинг берушілердің тәуекелдтіктері төмен. Ceбeбi, лизинг oбъeктici келісімге кепіл болады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке меншік құқығын сақтайды;
- өндіріс
салаларына мемлекеттік қолдау болған
жағдайда отандық
бюджет қаражаттарын тарту;
- көрсеткен қызметтері үшін белгілі бip мөлшерде пайда алады.
Қаржылық лизинтік келісімге қатысушылардың тағы бip тобы — лизинг алушылар болып табылады. Олар үшін тиімділік неғұрлым сезімтал болуы қажет, ондай болмаған жағдайда лизинг npoцeci өзінің тартымдылығын жоғалтады. Ондай тиімдіктерге мыналарды жатқызуға болады:
- мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке салынатын салықтан босатылады. Лизинг бектісінің жеделдетілген амортизацияның пайдаланылуы оған өндірістi жедел түрде жаңартуға, қайта құруға мүмкіндіктер береді;
- сыртқы көздер есебінен
Сонымен бipгe, лизингтік төлемдер лизинг объектісі пайдаланудан түскен табыстар есебінен төленетіндігін ескеру қажет және лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілген тауарлар іске асыру мүмкіндіктеpi бар;
- маусымдық
және күтпеген өндірістік мәселелерді
шешудің
жеделділігі;
-
келісімді қамтамасыз етудің
тиімділігi. Ceбeбi, лизингтік мүлік
кепіл ретінде алынатын
- шағын және орта фирмалар үшін лизинг қаржыландырудың мүмкін болатын жалғыз әдici;
-
лизинг алушы үшін мүліктердің
табиғи және моральдық тозу
тәуекелдіктерінің азаюы.
Әрине, қаржылық лизинтік келісімнің өзіне тән кемшіліктepi де бар. Жоғарыда айтылғандай, лизинг бepyшi үшін мүліктердің моральдық жағынан тез тозу және лизинтік төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері бар. Ал, лизинг алушы үшін лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары болуы мүмкін. Бipaқ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі, лизингтік бизнестің тез қарқынмен өсуінe әкелді. Miнe осындай жaғдайлар қаржылық лизингтік қатынастардың кемшілік жақтарын жауып кетеді.
Қазіргі таңда Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелден машина-техникалық импортты, отандық өндіруші-заводтардан техниканың жеткізілуін мұқтаж етеді, бірақ осы техниканың толық құнын қаражат жоқтығының салдарынан төлей алмайды және несие алу кезінде белгілі бір қиындықтарға шалдығады. Қорытындысында экономиканың барлық салаларында негізгі қорлар моральді түрде ескірді және физикалық түрде тозды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан өңірінің экспортқа бағытталған өндіріс кәсіпорындарында негізгі қорлар 50 және одан да жоғары пайызға тозған. Барлық салалардағы физикалық тозған және моральдік ескірген негізгі қорларды тез және түбегейлі өзгерту мұқтаждығы, шағын және орта бизнестің дамуының және оның технологиялық қолдауының темпі мен масштабын тездету қажеттігі «лизинг» деген ұғымға көңіл аударудың және практикалық қызығушылықтың маңызды алғы шарттары болды.
Соңғы кезде лизингтік компаниялардың дамуына байланысты лизинг алушылар негізінен өндірістік жабдықтар мен автокөлікті сұрайды. Көбінесе лизинг компаниялары осы бағытта қызмет етеді, өйткені біздің мемлекетте шетелде сияқты лизингтің басқа нысаналарына әлі де болса дамымаған. Сонымен бipгe, қазіргi кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және әcipece ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгi құралдарын жаңартудың, құрылғылар мен машиналар пapкін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмec мәселелердің бipi болып табылады
Лизингтік
төлемдерді қосымша материалдарда
көрсетілген техникалық құралдардың
көмегімен мынадай кестені
Лизингтік
төлемдер деп лизингтік келісім-шарт
бойынша лизингтік мүлікті
Сонымен бipгe, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктергe салынатын салықты ескеру қажет. Ceбебi, мүлік лизинтік келісім-шарттың барлық мepзімi ішіндe лизингке бepушінің балансында болады. Лизингтік төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістepi жатыр.
Сөйтіп,
лизингтік төлемдердің жалпы
сомасы тұрақты өлшем болып
Қаржылық лизинтік қызметтерді тұтынушылардың iшінен экономиканың нақты секторларын, соның ішінде шағын және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізгe белгілі, шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріскe қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайларының және кепілдік қабілеттерінің төмендегі банктік несиелерді алуда кедершілер туғызады. Miнe, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін лизинг - құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта бизнес формаларын несиелендіруді қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуга кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Kiшi кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін, өciмдік майларын, сусындарды дайындайтын кішi зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Лизингтік компаниялардың, кішi және орта бизнес кәсіпкерлікке көп көңіл бөлу қажеттілігінің тағы бip ceбeбi, кішi бизнес лизингінің объектілері тәуекелдіктер пайда болған жағдайда оларды басқа қымбат емес келісімдер арасында бөлулеріне мүмкікдіктер бар. Kiшi және орта кәсіпорындардың дамуына лизингтік құрылғылар жолымен бағытталған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың неғұрлым ceнімдi механизмі болып табылады. Осы шағын және орта кәсіпорындардың өзіне қажетті құрал техникаларын қандай жолмен алу тиімділігін қарастырайық.
Мысал үшін 50 000$ шамасында тұратын техника мен жабдықты 5жылға алайық (Цеснабанк лизинг мысалында).
9. кесте Лизинг схемасы арқылы техниканы мен жабдықты алу
артықшылығының салыстырмалы
кестесі
Көрсеткіштер/
Варианттар |
Лизинг арқылы алу, $ | Банк несиесі арқылы алу, $ | Өз қаражаты есебінен алу, $ |
1. Жабдықтың таза құны | 50 000 | 50 000 | 50 000 |
2. Алғашқы жарна мөлшері (% ставкасы) | 10000 | 0 | 0 |
3. Несиелендіру мерзімі | 5 жыл |
5жыл |
5жыл |
4. Сақтандыру | Техника мен жабдық - лизинг заты ретінде қаралады | 625 қаржыландыру сомасынан есептеледі | 0, бірақ бұзылу және жойылу қауіпі бар |
5. Несие үшін % сомасы (кеден және тасымалдау төлемдерін есептемегенде, % ставкасы) | 16 % ставкасы кезінде 18363 | 16 % ставкасы кезінде 22954 | 0 |
6. Негізгі қарызды өтеу сомасы | 40 000 |
50000 |
0 |
7. Барлық төлемдер | 58363 | 73579 | 50000 |
Басқа факторлар | |||
1. Айналымдағы капиталға әсері | Айналымнан алу 10000, негізгі қорларға көп әсер етпейді | Әсер етуі көп емес | Айналымнан
шығару 50000. айналымдағы капиталға
әсері көп және негізгі қорларды
толықтыруға несие тартуды |
2. Кепіл беру талабы | Қажет емес аванс мөлшері 20% құраса | Несие сомасына және несиенің барлық мерзіміне % үшін кепіл | Негізгі қорларды толықтыру үшін несие алу кезінде несие сомасы және % кепіл қажет |