ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38

3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................

Работа содержит 1 файл

Бекайым.doc

— 684.00 Кб (Скачать)

Бірнеше оператор бірнеше төлем жүйесіне қатыса алады.Мұндай жүйені жүзеге асырушы банк ретінде Ресей банкі, Visa немесе Eurоpay ассоциацияларын келтіруге болады, ал екінші жағынан Ресейдің коммерциялық банкілерін айтуға болады.

Электронды ақшалар жүйесінің сәтсіздігі – коммерциялық банкілердің делдалдығының жоқтығы мен консенсустың болмауынан.

Банкілік шотқа қол жеткізу мен төлем жүйесінің негізін электронды технология құрайды. Қағаз құжаттар қолдану мен оларды қайта қарауда банкілер төлем жүргізу процесін өз беттерінше анықтайды. Электрондық жүйеде технологияның қиындығы сонда, банкілердің басшылары төлем жүргізу технологиясын құру үшін арнайы мамандандырылған программистерді жалдауға мәжбүр болады. Сондықтан да төлем жүйесінің субъектілері ретінде программистер қатысады, олар қатысушы-банкілер мен есеп айырысу институтының жүйе операторы қызметін атқарады [21;3-7].

Субъектілердің басты қызметтері 2 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2 - төлемдер жүйесінің субьектілері және олардың қызметтері

Субъектілер

Қызметтері

Жаңа субъектілерді бөлудегі ерекшеліктер

Дәстүрлі төлемші банк

Қатысушы-банкілердің шоты бойынша есеп айырысу

 

Қатысушы-банкілер

Клиенттерге төлем қызметін сату: офистерге қолдау көрсету; клиенттермен жұмыс, клиент талабын талқылау; өткізілген төлем бойынша клиентке есеп беру

Тиімділіктің жоғарылауы, мамандандырылудағы ұстанымдардың төмендеуі

Клиент

Төлем қызметін пайдалану және қатысушы-банкімен өзара әрекет

 

Жаңалар

Оператор

Біріңғай стандарттарды жасау және бақылау, қатысушыға рұқсат беру, келіспеушіліктерді шешу

Ағымдағы операциялық жұмыс пен банкінің есеп айырысу тәуекелінен босауы

Зерттеуші

Бағдарламамен қамтамасыз ету, енгізу және қызмет көрсету

Төлем жүйесі технологиясының дамуы мен бәсекелестігі

 

Зерттеушілер мен операторлардың қызметін бөлу бәсекелестіктің пайда болуына әкеледі, себебі зерттеушілердің саны көп те, осыған сәйкес олардың қабылдайтын шешімдері де әр түрлі. Төлем жүйесі жалғыз болуы да мүмкін және өзінің монополиялық жағдайына байланысты бәсекелестік күреске қатысып отырмаса дамуға деген стимулы болмауы мүмкін. Сонда бәсекелестік электронды технологияларды жасаушылардың сараланымына айналады.

 

         

1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы

 

Қазақстанның қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орталықтандырылған жоспарлы экономика жүйесі мен Кеңес Одағының мемлекеттік банкі қолдаған жүйеге негіз болғанымен, нарықтық экономиканың жаңа шарттарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты 1991 жылы Ұлттық банк төлем жүйесі реформасын жүзеге асыра бастады. Қазақстан Республикасы төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаты – банк пен оның клиенттері арасында төлем жүргізуді жылдамдату (1990 жылдың басында бірінші төлем мерзімі 3-12 күндік уақытты алған), сонымен қатар әр түрлі құралдарын айналымға енгізу болып табылады. Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы бастамасы 1991 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі филиалдарында ашылған коммерциялық банкілердің МФО шоттарын жауып, банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруды және коммерциялық банкілердің (Кредсобанк, Өнеркәсіп-құрылыс банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Жинақ банкі) кассалық қызметінің орындалуын қамтамасыз етті. 1992 жылы КСРО құлағаннан кейін, ТМД мемлекеттерінің Ұлттық банкілерінде сауда-экономикалық есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шот ашылды. 1993 жылы Ұлттық банк мемлекет ішіндегі және мемлекеттен тыс шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарызды есепке алуды жүзеге асырды. Осы жыл ішінде Қазақстанның облыстары арасында жалған авизоны қолдануды алдын алу мен төлемдерді жылдамдату мақсатында барлық дайын техниалық құралдардың күшімен электрондық есеп айырысуды енгізу басталды [4;65-66].

1994 жылы Мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды. Қазіргі уақытта Орталық депозитарийде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың электрондық жүйесі енгізілген. Бұл делдалға нақты уақыт ішінде өз офистерінде, биржадан тыс нарықта бекітілген мәмілелер бойынша есеп айырысуға мүмкіндік береді. Төлемдер мен банк арасында құжаттар айналымын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, 1995 жылы Қазақстанда алғашқы клирингілік палата (Алматы клирингілік палатасы) ашылды және ол көп жақты өзара есепке алу әдісі бойынша қызмет атқарады. Банкілер соңғы есеп айырысуларды әрбір қатысушының позициясы бойынша операциялық күннің соңында бір рет қана жүзеге асырады. 1995 жылы Ұлттық банкідегі шоттарды мұқият тексеру мен рубль зонасындағы мемлекеттердің тарапынан Ұлттық банкілердің корреспонденттік шоттарын қайта реттеу жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту мен жетілдіру мақсатында, 1996 жылы Ұлттық банкінің облыстық филиалдары тарапынан аймақтық-клирингілік палаталар құрылды, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырады.

Осы жылы нормативті түрде «электронды төлем тапсырмасы» ұғымы бекітілді. SWIFT жүйесіне бағытталған төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы төлем бойынша ақпаратпен айырбас үшін электронды қатынас форматы дайындалып енгізілді. Бұл жүйе өз кезегінде филиалдар арасындағы есеп айырысуды талап етпейді.

1996 жылы Алматы клирингілік палатасы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы (БЕАҚО) болып қайта құрылды.Бұл төлем жүйесінің тиімді тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибедегі соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды қолданады. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мынадай негізгі функцияларды атқарады: МСПД, банкаралық клиринг, SWIFT, VISA, KAZNNSS, СОБС, ФАСТИ [1;50 бап].

Республикадағы төлем жүйесін дамыту бағытында 1996 жылы тамыз айында Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы негізінде есеп айырысуды жүзеге асыратын және электронды төлем тапсырмасын дайындайтын Ірі төлемдер жүйесі (ІТЖ) құрылды. Ірі төлемдер жүйесі есеп айырысу жүйесін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайдаланып жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында біріңғай қағаздар стандарты мен ISIN стандарттарының талаптарына сай келетін мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссияларын кодтау жүйесі қабылданған.

Төлем жүйесін дамытуға әсер еткен маңызды шаралардың бірі – 1998 жылдың қазаны мен қараша айлары арасында Ұлттық банкінің орталық ақпаратында екінші деңгейлі банкілердің корреспонденттік шотын орталықтандыру болып табылады. Корреспонденттік шотты орталықтандыру негізінде Ұлттық банк есеп айырысу мен банкілік қызметті тез жүзеге асыруға, төлем жүйесінің бақылау функциясын және жалпы банкілік жүйе тиімділігін көтеруге мүмкіншілік берді.

Соңғы жылдарда тиімді әрі қауіпсіз банкілік және қаржылық секторлардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, Ұлттық банк тарапынан дамыған шетелдік мемлекеттерде қызмет ететін жалпы есеп айырысу жүйесіндегі ірі төлемдер жүйесін жетілдіру мен жақындастыру бойынша көп жұмыстар атқарылды. Сонымен 2000 жылы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығының жүйесі халықаралық қаржы ұйымдар тарапынан берілген барлық негізгі талаптарға жауап беріп, RTGS нақты уақыт режимінде есеп айырысуды жүзеге асыратын МСПД-ға қайта ұйымдастырды. МСПД-ның маңызды принциптері-төлемнің нақты уақыт режимінде аяқталуы, есеп айырысудың түпкіліктілігі мен қайтарылып алынбайтындығында.

МСПД арқылы жүзеге асырылатын төлемдер Ұлттық банкінің ақшаларымен кепілдендіріледі. Өтімділік, кредиттік және жүйелі тәуекелді басқару мақсатында, Ұлттық банк электрондық әдіспен Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы ақпараты негізінде МСПД-ны қолданушылардың ұстанымдарын жүзеге асырады. Банкаралық валюталық нарыққа қатысушылар шетел валютасының бағамы бойынша төлемді теңгемен жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы төлем жүргізу мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру кезіндегі уақытша кідірістер жойылған.Төлем жүргізу қауіпсіздігі мен тиімділігінің жоғарылауына байланысты Қазақстанның төлем жүйесі екінші деңгейлі банкілерден, банкілік емес ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолдау табуда.

Қазақстан Республикасындағы ақшалар ағымында банкілік жүйе жағдайын, төлем балансын, сыртқы қарызын, ақша-кредит саясаты мен валюталық саясаттың параметрлерін бақылайтын, жоспарлайтын және тез арада талдау жасайтын көрсеткіштер жүйесі қалыптасты. Осыған байланысты 2001 жылы кодтау жүйесі енгізіліп, Қазақстан Республикасының территориясында төлем құжаты қолданатын төлемдерді бекітудің біріңғай топтастырушысы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік топтастырушысының жұмыс тәртібі анықталды. Зейнетақы реформасын жүзеге асыру үшін МТ 102 форматындағы электрондық жиынтық төлем тапсырмасы енгізілді. Сонымен қатар, зейнетақы салымы бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібі банкімен бірлесіп дайындалды. Өтпелі кезеңде экономиканы реформалаудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде бір жағынан төлем кризисі мен оның салдары, ал екінші жағынан жаңа банкілік жүйенің негізіндегі есеп айырысудағы өзгерістер саналады. Қазіргі уақытта республикадағы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында ірі көтерме төлем жүйесі мен бөлшек төлем жүйесі қызмет етуде.

Республикалық төлем жүйесін дамытудың негізгі кезеңі RTGS нақты уақытта есеп айырысуды жүзеге асыратын Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы базасындағы ірі төлемдер жүйесін құру болып табылады. RTGS жүйесін құру үшін кез келген мемлекеттің қаржы саласындағы артықшылығы басым болу керек. Бұл жүйенің болуы мемлекеттегі банкілік жүйенің тұрақты қызмет етуін сипаттайды. Бүкіл әлемде осындай жүйелерді құру үшін жалпы қабылданған стандарттар әрекет ету қажет [11;2-26].

1996 жылдың соңына қарай өз қызметін бастаған Ірі төлемдер жүйесінің қызметі соңғы жылдар ішінде тиімді жүргізілуде. Осы уақыт аралығында Ірі төлемдер жүйесі бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық модернизациялауда көптеген өзгерістерді басынан өткізді. Бірақ Ірі төлемдер жүйесін бүгінгі күні-тиімді әрі қауіпсіз төлем жүйелеріне жатқызуға болады.

Қазіргі кезде Ірі төлемдер жүйесін қолданушылардың қатарына екінші деңгейлі банктер, жекелеген банкілік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі де жатады. Терминалды қолдану арқылы қатысушылардың өздері осы жүйеде өзара тікелей қызмет етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ірі төлемдер жүйесіне қатысу үшін, Қазақстан Ұлттық банкінің корреспонденттік шотына сақталған сома шегінде қолданушылардың ақша аударымына кепілдік береді. Мұнда Қазақстан Ұлттық банкі, Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мен басқа да жүйеге қатысушылар арасында жауапкершілік бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Ірі төлемдер жүйесіне қатысушылардың нетто есеп айырысуы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бухгалтерлік есеп кітабындағы операция жүргізілген күнінде көрсетілуі тиіс.Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы жүйені қолданушылардан қабылданған төлемдерді дайындауға, бір қолданушыдан екінші қолданушыға аударылған ақшаның дұрыстығына жауап береді.               Қолданушылар электронды төлем құжатының нақтылығы мен дұрыс толтырылуына мұқият болуы керек.

Қазақстанда Ұлттық клирингті енгізу KAZNNSS 1999 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланған. Ол үшін KAZNNSS мәліметі бойынша, соңғы есеп айырысуды жүргізген Есеп Агентінің қызметін өз жауапкершілігіне алатын ұйымды таңдау керек. Қазіргі уақытта жеті Қазақстан банкі - Тұран Әлем банкі, Халық банкі, Қазақстан Ситибанкі, ABN AMRC Bank, Казкоммерцбанк, Альфа-банк, Алматы Сауда-Қаржы банкі KAZNNSS-тің қатысушылары болып табылады. Бұл факт Қазақстан нарығындағы жекелеген банкілік қызметтерде карточкалық бизнестің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Мұның өзі өз кезегінде Қазақстандағы Ұлттық клирингілік Visa International жүйесін енгізудегі тиімділік пен дер кезділікті сипаттайды [14;121-125].

Барлық Visa карточкаларын қолдануға трансакциялар екі Visa орталықтарының біреуіне - біріншісі Бейсингсток, Ұлыбританияға және екіншісі Мак-Дине, Вирджиния, АҚШ-қа есеп айырысу, авторландыру қызметі қызметі бойынша бағытталады. Барлық осы ақпараттар ағымдар Visa Net арқылы арнайы шлюзбен VAP компьютерлік интерфейске бағытталады. 1997 жылдың қарашасына дейін Қазақстанда тек бір ретті қолданылатын VAP - Тұран Әлем банкіне орналастырылды. VAP арқылы ақпарат желісін көбейтуге Visa жүйесіне қатысушы-банкілердің карточкалық бағдарламасының дамуы айтарлықтай дау тудырды. 1997 жылы Visа International Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өз құрамына VAP жаңа нұсқасын енгізуге ұсыныс жасады. Келісім шарт пен дайындық жұмыстары біткеннен кейін, 1997 жылы қарашада Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында Express Connect, Service Visa Net, Point Visa Net желілерімен бірден 6 банк жұмыс істей алатын шлюзді бағдарламалық-техникалық кешен орнатылды. Бұл VAP Х 25 желісі сенімсіз телекоммуникацияларды пайдалану үшін арнайы дайындалған. Х 25-те көпшілік желісі ретінде Banknet дамыған желісі бар банкаралық қаржылық телекоммуникациялар орталығы таңдалынып алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төлем карточкалары, кепілдендірілген чектер, вексельдер сияқты төлем құралдарының Қазақстан территориясында қолдануын реттейтін нормативті-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, 1998 жылы 29 маусымда қол қойылған «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы дайындалды.

Қолма-қол ақшасыз аударым бойынша Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығына қызмет көрсетуге байланысты қатынастарды реттеу үшін, жүйенің ұйымдастырылуы мен қызмет ету тәртібін анықтайтын ҚР Ұлттық банкі басқармасы дайындаған «Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару ережесі» қабылданды [2,№21 қаулы].

Әр түрлі кадрлық мәселелерді шешудегі сапа мен жылдамдық мамандардың біліктілігіне байланысты болады.Интернет-банкинг жүйесін дайындау үшін, программистер, жүйелік администраторлар, веб-дизайнерлер, веб-программистер, компьютер мен коммуникацияны қорғау бойынша сарапшы-экономистер, маркетологтар, заңгерлердің барлығы интернет әлемін өте жоғары деңгейде білу керек. Мысал үшін,қазіргі кезде электронды коммуникациядан хабары бар заңгерді табу қиын және табылған күнде де оңай заңгерлердің қызметі өте қымбат болады. Дәл осы жағдай желінің қауіпсіздігін сақтайтын мамандарға да қатысты, себебі көп жағдайда жалған пластикалық карточканы жасаушылардан сақтану қажеттігі туындайды. Бұл шараларды құқық қорғаушы органдардың қатысуынсыз нығайту мүмкін емес, ал олардың қызметі пластикалық карточка туралы заңдардың жоқтығына байланысты шектелуде.

Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары