Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38
3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................
КІРІСПЕ ..............................
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..............................
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары..................
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.................
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны.........................
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері...............
3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ........................
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар...................
3.2 Интернет жүйелерін енгізу........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.
Төлем жүйесі әр формада көрінеді, бірақ мақсаты әрқашанда бір ғана – ақша аударымдарының бір банкілік шоттан екінші банкілік шотына аударуды қамтамасыз етеді. Осындай жағдаймен төлем жүйесінде төлемдер мен ақша аударуларды бір шоттан екінші шотқа со елдің заңы бойынша аударуды, ереже және тәртіп бойынша аударудың механизмін көрсетеді.
Төлем жүйесінің рөлі – экономикалық және қаржылық қызметтің қорытындысы нәтижесінде қабылданған және тұтынушылар мен тауарлар, қызмет көрсетулер арасында ақша құралдарының аударылуын қамтамасыз етуіне сай келеді.
Қаржылық секторға төлем жүйесінің қалай әсер ететінін айтып өту қиын емес. Төлем жүйесіндегі экономикалық процестің бір немесе бірнеше қатысушыларының міндеттері уақытысында орындалуы тиіс, соған байланысты экономикалық қатысушыларына ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикалық тұрақтылыққа деген сенім ауытқуы мүмкін. Аталған жағдай қайтадан әсер етуді көрсетеді.
Мысалы, қаржы нарығындағы бір немесе бірнеше қатысушының тұрақсыздық жағдайы төлем жүйесінде қажет емес жағдайлар туғызуы мүмкін. Егер қаржылық жүйенің қатысушыларында қаржылық қиындықтар туындаса, онда басқа қатысушылардың оларға деген сенімдерінде күдік туындайды, яғни төлем жүйесінде жүйелік тәуекелдердің пайда болуына әкеліп соғады.
Осындай жағдайлардан қаржы нарығындағы тұрақтылықтар арасында, банкілік қызмет нарығында және төлем жүйесінің тұрақтылығында екі жақты байланыс орнайды.
Төлемді жүргізу нұсқасы барлық қағидаларға сай оны жүргізу тәсіліне тәуелсіз орындалады. Төлемге қатысушылар берілген нұсқауды орындаудың алдында, өз шотында қажетті соманың бар екеніне көзін жеткізеді. Содан кейін төлем құжатында төлеушінің акцептін айқындап жазады. Алғашқыда, ақша төлеушінің шоты мен төлемші-банкінің корреспонденттік есепшотынан алынып, содан кейін алушы мен алушы-банкінің есепшотына аударылады.
Төлем жүйесінің теориясында келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау мен басқару, қауіпсіздік пен сенімділік төлем жүргізудің жылдамдығын таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі.
Қазақстан банкілері көп мөлшерде кредиттік-депозиттік, ал аз деңгейде есеп айырысу операцияларына бағытталған. Қазақстан банкілерінің таза пайыздық табысы комиссиялық табыстардан 5 есе артық. Біздің банкілерге қарағанда ірі Батыс банкілері кредиттік–депозиттік операциялардың пайыздық табыстарымен салыстырғанда есеп айырысу операциясынан түсетін комиссиялық табыстың көп бөлігін алады.Бұл банк бизнестің табысын айтарлықтай арттырып, тәуекелді төмендетіп, банкілерді біршама тұрақтандырады.
Банк жүйесі арқылы 60 %-дан астам көтерме ақша айналымы және 1% бөлшек айналымы жүргізіледі.Банкілік есепшоттар бойынша анықталатын қолма–қол ақшасыз есеп айырысулар міндетті түрде құжаттарды дайындауды талап етеді.Қолма–қол есеп айырысуларға құжат дайындау объективті түрде тән емес, ол мемлекеттік нормалармен анықталған.Қолма-қол есеп айырысу басым болған жағдайда экономика біршама айқын, әрі оны басқару жеңіл болады. Сондықтан салық әкімшілігі мен бюджеттік қаржыны тиімді жұмсауда қолма-қол есеп айырысудың артықшылығы айқын байқалады.
Жеке ақша айналымында төлем жүйелері тиімді болу үшін, қазіргі заманға сай электронды технологияларды пайдалануда шынайы экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін төлем жүйелерін ұйымдастыруды қайта қарастыру қажет.
Төлем жүйелерінің технологиясын, ақша айналымының тенденцияларын және клиенттердің мүдделерін ескере отырып, банкілердегі есеп айырысу қызметтерінің модельдерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды қарастыруға болады.
Төлем жүйесі күрделенген механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі қажет. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады.
Менің осы дипломдық жұмысымда төлем жүйесінің теориялық негіздері мен Қазақстан Республикасында жаңа технологияларының дамуы қарастырылған және Жалпы Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша соңғы жылдар аралығындағы төлемдер ағыны қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі болып: Төлем жүйесінің даму бағыттары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: Менің дипломдық жұмысым кіріспе, 3 бөлімнен тұрады, сонымен бірге қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде қолма–қол ақшасыз есеп айырысудың теориялық тұрғыдан артықшылығы көрсетіледі.
Қолма–қол ақшасыз ақша айналымы басым кәсіпорындар, әсіресе ірі ашық акционерлік қоғамдар тиімді жұмыс істейді. Соңғы жылдары Қазақстанның ірі кәсіпорындарында қолма–қол ақшасыз есеп айырысудың маңыздылығы артып келеді.Бұған қолма–қол ақшамен есеп айырысудың орнына жалақы беретін карточкалық жобалар мен офшорлық банкілердің кең танымдылығы айғақ болады.Ірі кәсіпорындар салық органдарының ашықтығына қарамастан, қолма–қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруда.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу электронды технологиялардың жаппай таралуына дейін пайда болады.Қағазды құжат айналымы мен төлем құжаттарын қолмен өңдеу басым болған жағдайда қолма–қол ақшасыз төлем жүргізудің тарифі өте жоғары болады.Қазіргі таңда электронды технология қолма–қол ақшасыз төлемдердің шығынын бірнеше есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Бұл жағдай кәсіпорындардың ірі төлемдері бойынша ғана емес, сондай–ақ халықтың орташа төлемдері бойынша да қолма-қол есеп айырысуға қарағанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тиімді жасайды.
Ақша айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесінің артуы айналымындағы шығынның төмендеуі мен айналым құралдарына сұраныстың азаюы есебінде экономика жалпы ішкі өнімнің 2 %-ға дейін өсуін қамтамасыз етеді.Төлем жүйесі технологияларының жетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп пен салық әкімшілігін автоматтандыру саласында, бюджеттік қаржыны жұмсауда, мемлекеттік статистикалық бақылауда, орташа топтың қор нарығына жаппай шығуында электрондық коммерцияның инфрақұрылымы мен басқа да түбегейлі жаңа шешімдерге қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының төлемдер нарығындағы жағдайы сандық сипаттамамен ашылып көрсетіледі.Мәліметтер Ұлттық банкінің жылдық есебі негізінде келтірілген.Сондай-ақ бүгінгі таңда орын алып отырған мәселелерге баса назар аударылған.
Екінші бөлімде төлем жүйесінің қазіргі кездегі жағдайы,яғни, Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер ағыны мен төлем құжаты мен банкілік шоттың қажеттігі туралы қарастырдым.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ерекшелігі айқын, алайда тақырыптың өзектілігі тек осы ерекшеліктердің теориялық аспектісінде ғана қалып қоймайды.Қазақстан банкілері клиенттер арасында төлем қызметіне сұраныстың аздығынан немесе салық әкімшілігіне байланысты төлем қызметінен түскен табысты толығымен ала алмайды.Көп жағдайда төлем қызметіне деген сұраныстың аздығы төлем жүйелерінің технологиялық деңгейінің төмендігі және сапасының нашарлығымен түсіндіріледі.
Үшінші бөлімде төлем жүйелерінің тиімді дамуы технологиялардың даму дәрежесімен, жүйедегі жаңартпалармен байланыстырылып көрсетілген.
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандарын атап шықсам.Олар:Орталық банкінің төлем жүйесі, отандық және шетелдік ірі коммерциялық банкілер жүйесі,Cheeps және Free Wine жүйелері,SWIFT жүйесі, Visa және Europay жүйелері, жинақ картасы,Uniоn-card, Алтын карона, Western Uniоn, Mоney Gran, Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер қабылдайтын жүйелері, Webmoney, PayCash, Gyber Plat, Assist жүйелері.
Төлем жүйелері қолданысы жағынан банкаралық, карталық, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді.Мұнда қорытушы фактор болмағандықтан, мұндай бөліністің түрлерін сараптай алмаймыз. Бірінші жүйе – төлем жүйелерінің бір субъектісімен анықталса, екіншісі – төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі – технология арқылы, төртіншісі – ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады.
Жалпы алғанда, бір фактор бойынша бір ғана топтастыру жасау төлем жүйелерінің көп түрлілігі мен күрделілігін бере алмайды.
Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингілік, күнбе-күн, рейстік,оn-line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма [7;10-12 ].
Федералдық қор жүйесінің статистикасы бойынша 1000 доллар төлемінің 5 %-ын ғана құрайды, ал осы төлемдердің құны барлық төлем айналымының 88 %-ын құрайды.
Ұлттық банк пен Халықаралық есеп айырысу банкісінің ресми құжаттарында көтерме және бөлшек төлем жүйесінің анықтамасы болмайды. Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе – бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – соманы тиімді төлеу факторы.
Ұсақ төлемдерге қарағанда ірі төлемдерде жүйенің барлық амал-тәсілдерінің нақты әрі қатыгез болғаны өте маңызды. Сонымен бірге, клиенттерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің жылдам түріне қызығушылық танытады. Жүйенің жоғары талаптары үлкен тарифтер мен шығындарды анықтайтын болғандықтан, клиенттердің түсінігі бойынша тек ірі төлемдерді жүргізу тиімді болып көрінеді.
Келісім жасаушылар төлемді жүргізугекепілдік алып, оның басталуын күтпей-ақ қойса да болады. Бөлшек жүйелер банкаралық есеп айырысуды көтерме жүйе арқылы жүзеге асырады, бұл оның бөлшек жүйеге тәуелді екенін көрсетеді. Бөлшек жүйелер өзіндік зерттеу жүргізбейді және клиенттердің төлем жүргізуін жылдамдатады. Олар шығынды аз жұмсап, клиенттерден делдалдық қызметі үшін аз молшерде комиссия ұстайды.
Көтерме төлем жүйесін тек орталық банкілер қалыптастырып, өздері бақылайды, яғни мемлекеттік заңдарға сүйеніп реттейді.Себебі банкаралық есеп айырысудағы ақаулықтар елдің экономикасына соққы болып тиіп,оның экономикалық қауіпсіздігін бұзуы мүмкін. Көтерме төлем жүйелері тек кейбір жағдайда, мысалы, SWIFT және Target жүйелерін қолданған жағдайда ғана ұлттық шегарадан аса алады. Германиядан басқа көптеген елдерде тек бір ғана көтерме төлем жүйесі қалыптасқан. Мысалы, Германияда оның саны – екеу ал АҚШ-та үшеу. Сондықтан бұл елдердің жүйелері бір-бірімен бәсеке жасамайды [8;15-18].
Бөлшек төлем жүйесі экономикасы дамыған елдердің бәрінде қалыптасқан. Оларды заң реттеп, мемлекет бақылайды, негізінен олар жеке меншіктегі ұйымдар болып табылады. Мұндай жүйелер сан алуан нарықтық салаларда болатын, өмірдің түрлі кезеңдеріндегі әр түрлі технологиялық дәуірлерге жатады. Экономикалық маңыздылығы жағынан тек бірнеше ірі төлем жүйелерін, соның ішінде карталық жүйені ұлттық көтерме төлем көтерме жүйелерімен салыстыруға болады.
Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары