Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38
3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................
Глоссарий банкінде клиринг негізіндегі жүйелік төлемдер қатысушылар арасындағы төлемдерді өзара есептесу мен банкаралық аударма арқылы жүзеге асады.
Нақты мерзімдегі жалпы есеп айырысу жүйесінің (НМЕЖ) жалпы есеп айырысу жүйесі төлем жүйесіндегідей анықталады. Онда зерттеу мен есеп айырысу ешқандай шығынсыз, қазіргі уақыт режимінде және бірінен кейін бірі жүзеге асады.
Жалпы есеп айырысу АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, Германияның Бундес банкі мен Украинаның Ұлттық бані сияқты Ұлттық көтерме төлем жүйелеріне тән. SWIFT банкаралық коммуникация жүйесі жалпылама негізде төлем құжаттарын жүзеге асырады. Ресейдің ірі банкілерінің ішкі банкілік есеп айырысуы да жалпы негізде құрылған.
Ақша аударудың клирингілік әдісі бұрынғы буын өкілдерінің бөлшек және көтерме жүйесіне тән. Клирингтің негізінде карталық жүйе мен есепшот ашпай, жедел ақша аудару жүйесінде банкаралық есеп айырысу іске асады. Ол әсіресе, көп рейстік жүйе мен Қазақстанның Аймақаралық банкісінен орын алған [18;8-11].
Көтерме жүйеде төлемді нақты әрі жедел жүргізу үшін әрбір төлемді жеке жүргізуге қажет реквизиттері бар корреспонденттік шоттар бойынша көшірмені қолдану қажет.
Клирингілік жүйеде бөлшек төлемдерді жүргізу клиенттердің есебі бойынша жүргізіледі. Банкілер арасында есеп айырысу тек бір төлем жүйесі арқылы жүзеге асады, әдетте ол күніне бір рет кіретін және шығатын төлем сальдосы түрінде кездеседі. Банкаралық төлем клиент төлемдері тізілімінің алмасуы процесінде талқыланады.
Төлемдерді жинақтаудың клирингілік тиімділігіне біріңғай есеп айырысу орталығы мен уақыт қажет.Төлемдердің жинақталуы неғұрлым жоғары болса, әрбір банк үшін кіріс төлемдері шығыс төлемдеріне тең болады және осы төлемді аяқтау үшін шамалы қаржы қажет.
Жалпы негіздегі төлемдер әдетте, жеке төлем нұсқауын алғаннан кейін жүргізіледі. Клирингке қарағанда жалпы есептерде төленбеген төлем тез байқалады және бұған қатысушылардың барабар іс-шараларды қолдануға көп уақыты болады. Сол себепті оған төлемеушілік мультипликаторы енгізілмейді және клирингке қарағанда жалпы төлемдер аз дәрежеде жүйелік тәуекелге барады. Әрбір клиенттің төлемін жеке жүргізу электронды технологияларды енгізгенге дейін өте қымбат болады. Клиенттердің төлемін жиынтық түрде өткізудің салдарынан клирингілік жүйелер есеп айырысу жүйелерінен үнемдеу жасайды, сондықтан да олардың шығыны аз болды. 1990 жылдың ортасына таман енгізілген электронды технологиялар қолмен өңдеу мен қағаз құжат айналымын толықтай жойды. Жалпы жүйе өздерінің шығындарын клиринг жүйесінің дәрежесіне дейін азайта алады.
Бірнеше төлем жүйелері төлемдерін нақты бір мерзімде (оn-line), есеп айырысудың көп рейсті жүйесінде, күнбе-күн немесе бірнеше сағаттардың ішінде жүргізеді. Глоссарий банкінің халықаралық есебінде төлемді жүргізудің мерзімі анықталған. Мерзім бойынша төлемді жүргізу, төлем тапсырысын зерттегеннен кейін емес, сол төлем алынған сәттен бастап жүргізіледі. Күнбе-күн есеп айырысу дегеніміз – төлемдерді есептеу үшін қабылданған есептердің аяқталуы. Төлемді жүргізу мерзімі деген ұғымның мағынасы кең, ол төлеушінің төлем құжаттарын берген күннен төлеушіге жүргізілген төлем есебінің көшірмесі берілгенге дейінгі уақытты қамтиды. Ал бір жақты мағынада – клиенттермен өзара байланыстарды есептемегенде, банк төлемдерін жүргізуге жұмсалған уақыт. Төлеушінің немесе алушының бухгалтерлік есебінде көрініс беретін төлем құжаттарының қалыптасуына жұмсалған уақыт әдетте, төлем жүйелерінің мерзімінен тыс қалады [15;2-6].
Кейбір банкілер жоғарғы дәрежеде автоматтандырылған жүйемен бағдарламалық техникалық құралдарды қолдана отырып, банкінің ішкі төлемдерін жүргізеді. Банкоматтағы ақша алынған жағдайда ол бірден банкілік карта иесінің есебінен көрініс табады. Егер төлеуші мен алушыға бір банк қызмет етсе, онда банк қызметкері төлем тапсырысы орындалып жатқанда төлеушінің есебінен алушының есебіне дейін ұзын сызық жүргізеді.
Жүйеге қатысушылар арқылы төлемді жүргізу жылдамдығы тек банкілік жүйелердің дәрежесімен ғана емес, сонымен бірге байланыс каналдарының өткізгіштік тәсілімен және компьютерлік жедел жұмыс істеуімен шектеледі.
Мәселен, SWIFT жүйесі өзінің дамыған технологиясына қарамастан төлемдерді 30 минуттың ішінде жүргізуге кепілдік береді: әр түрлі аймақтағы банкілердің арасында төлем 10 минут ішінде жүреді, қатысушы банкінің төлемдер жүргізуіне де осындай уақыт қажет.
Ресей банкінің көп рейстік жүйесінде бір күнде төлем жүйесінің 5 сеансы жүргізіледі. Егер клиенттер бір аймақтың банк ісіне жатса, онда төлем бір күнде төрт кәсіпорынның шаруашылық байланысы арқылы өтеді.
Ресей банкінің көп рейстік жүйесі төлем технологияларының даму кезеңдері болып табылады.
Күнбе-күн төлемдер 1990 жылдың басында құрылған аймақаралық және халықаралық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі. Бірнеше күн төлем жүргізу кәсіпорындарға тән емес және олар тәжірибе жүзінде сақталмаған. Көтерме жүйеге қарағанда бөлшек жүйеде төлемдерді жүргізудің жылдамдығы төмен. Карталық төлем жүйесі қазіргі кезде автоматтандыруды жүргізуде, ал төлемнің өзі бірнеше күннің аралығында төлеуші мен алушының есебі арқылы жүзеге асады [12;115-118].
Күнбе-күн төлемдерді банк есебінің өтімділігімен басқару оңай, сондықтан төлемдердің тобы клирингілік негізде өзіне қарсы кірістердің есебінде олардың өтуін қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуда корреспонденттік шот алмасып, өтімділік арқылы банкаралық тәсілдер күрделене түседі.
Күнбе-күн жүргізілетін есеп айырысулар банк шотындағы тұрақты қалдықтардың қалуын және сол қалдықтарды несиеге тарату арқылы ақша табудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуға көшкенде, тұрақты қалдықтар мен кредитудің табысы төмендейді.
Глоссарий банкінің халықаралық есебі кредиттік және дебеттік ақша аударуға мынадай анықтама береді. Кредиттік ақшаны аударуда төлем нұсқаулары төлеуші бекіткен жағдайда жүзеге асатын болса, ал нұсқауда төлеушінің есебінен бенефициардың есебіне қаржыны қалай аударудың жолдары беріледі. Дебеттік ақша аударуда дебеттік аударудың құралдары төлеуші бекіткенннен кейін, бенефициардың қаржылық институтына бағытталады, нәтижесінде соңғысының есебі дебеттеледі.
Кредиттік және дебеттік ақша аударулардың арасындағы айырмашылық – төлеуші төлем нұсқасымен бірге банкіге барып төлем жүргізеді.
Төлемді жүргізу нұсқасы барлық қағидаларға сай оны жүргізу тәсіліне тәуелсіз орындалады. Төлемге қатысушылар берілген нұсқауды орындаудың алдында, өз шотында қажетті соманың бар екеніне көзін жеткізеді. Содан кейін төлем құжатында төлеушінің акцептін айқындап жазады. Алғашқыда, ақша төлеушінің шоты мен төлемші-банкінің корреспонденттік есепшотынан алынып, содан кейін алушы мен алушы-банкінің есепшотына аударылады.
Кредиттік ақша аударуда төлеушінің акцепті бар төлем құжаттары төлемші–банкіге келіп түседі және сонда сақталады. Көп жағдайда көтерме жүйеде кредиттік аударулар қолданылады. Үнемі болатын негізсіз көшірулер орасан зор банкротқа әкеп соғады. Көтерме жүйеде төлем талаптарының аккредитиві мен инкассосы негізіндегі дебеттік аударулар жіберіледі. Алайда төлемнің бұл формалары төлемнің 5 %-ын ғана құрайды, төлем құжаттары кез келген жағдайда төлемші-банкіге түсіп, сонда сақталады. Алушы төлем құжатын өзі жасап, төлеушіге акцептілейді және сол қалпында оны банкіге береді. Сондықтан дебеттік аударудың кепілдігі мықты. Ақша алушыға жасалатын қолайлы жағдай туралы айтпаса да болады, сол себепті барлық ауыртпашылық төлеушіге емес алушыға түседі. Кредиттікке қарағанда дебеттік аударудағы іс-шаралар күрделірек. Себебі төлеуші төлемді алушыға қолайлы жағдай жасап, төлем құжатының жедел жасалуын қамтамасыз етуі қажет [9;45-46].
Карталық жүйелердегі төлеушілер негізінен – халық, ал алушылар – сауда мекемелері болып табылады. Сатып алу үшін төлемді ресімдеген кезде, дүкеннің дұрыс қызмет етуіне сатып алушы күмән тудырмауы керек. Сондықтан, дүкен сатып алушыдан тек төлемнің талаптарын ғана қабылдамайды, сонымен бірге қатысушы банкілердің өзіне де талап қояды. Банк үшін мыңдаған адамдардың төлем нұсқауларын орындағаннан гөрі, жүздеген дүкендердің төлем талабын орындаған артық. Төлемдерді зерттеуге қажет техникалық құралдарды адамдарға таратқаннан гөрі, дүкендерге орнатқан арзанырақ.
Кесте 1 - төлем жүйелерінің негізгі сипаттамасы
Жіктеудің факторы | Жіктеу | Ерекшелігі | Кемшілігі |
Ақша аударуға қолайлы сомма | Көтерме
Бөлшек | Технология мен қауіпсіздік жағдайы мықты, тәуекелі аз
Шығыны аз | Коммиссиялық ақшалар мен шығынның көпшілігі
Қауіпсіз, төлемнің тәуекелі жоғары |
Ақша аударудың тәсілдері | Клирингілік
Жалпы | Корреспонденттік шоттағы ақшаның аздығы, өтімділікпен реттеген оңай, шығын аз
Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкіндігі | Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкін еместігі
Коррепонденттік шоттағы ақшаның көптігі, өтімділікпен басқару қиын және үлкен шығындар |
Ақша аударуға кететін уақыт | Белгілі уақыт режимі
Бірнеше сағат Күнбе-күн Бірнеше түн | Клиенттерге құрмет көрсету
Шығыны аз | Технологияларға қойылатын жоғарғы талаптар мен үлкен шығындар
Клиенттерге қойылатын талаптардың аздығы |
Төлем нұсқауларын банкіге беру тәсілі | Кредиттік аудару
Дебеттік аудару | Құжаттандырудың қарапайымдылығы мен шығынның аздығы
Ақша алушығы берілетін кепілдік бар | Ақша алушыға берілетін кепілдік жоқ
Құжаттандырудың күрделілігі мен үлкен шығындар |
Карталық жүйедегі дебеттік аудару кезінде төлеушінің акцепті бар төлем құжатының нұсқасы алушы-банкіде қалады. Төлемші–банк төлем жүйесінің талаптарын негізге ала отырып, өз клиентінің есепшотындағы ақшаны есептен шығарады. Егер төлеуші өз тарапынан бұл есепппен келіспейтіндігін білдірсе, онда бұл жағдайды реттеу ұзақ уақытқа созылатын болады.
Клиенттер төлем шығындарын азайтуды талап ете алады: төлем жүргізуді біршама жылдамдату, тәуекелді төмендету.
Төлем шығындарының азаюы төмендегідей төлем жүйелерінің үндестігін сипаттайды. Көтерме (қауіпсіз), жалпы (жедел төлем мен тәуекелдің төмендігін қамтамасыз етуші), төлемді уақытында төлеу (жедел), дебеттік ақша аудару (ең қарапайым және шығыны аз).
Көбінесе, бұл тенденция орталық банкілердің жалпы төлем жүйесінде байқалады.
Төлем жүйесі күрделенген механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі қажет. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады. Халықаралық төлем банкінің төлем және есеп айырысу жүйелерінің комитеті осы қағидаларға баса назар аударады.
Отандық экономистер де осы қағидаларға қатты көңіл бөліп отыр. Алайда, олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті ендіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиялары, ұстанымдарды қалыптастыруға көмегін тигізген құрылғылар да өзгере бастады.
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері және қатысушылары
Төлемдер жүйесінің негізгі сипаттамасы мен олардың өзгеру тенденциясы, бәсекелестік қабілетінің оңтайлы дамуы мен тиімділігіне талдау жасау келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік береді.
Көтерме жүйеге орталық және коммерциялық банкілердің төлем жүйелерін жатқызамыз.
Бөлшек төлем жүйелеріне карточка жүйесін, есепшот ашпай ақша аударуды, электронды ақша жүйесін жатқызуға болады. Олардың арасындағы өзгешелік төлемнің тәуекелі мен ұсталымдарының байланысын анықтағандағы төлемнің тиімді сомасына жинақталады. Клиринг негізіндегі төлем жүйесі төлемдерді есептік сальдо түріндегі корреспонденттік шот бойынша жүргізеді. Ал жалпы төлем жүйесінде төлемді әркім жүзеге асыра алады.
Кредиттік аудару дебеттік аударуға қарағанда қарапайымдау әрі өте жылдам, сондай-ақ ол төлем шығындарының аз болуын қамтамасыз етеді. Дебеттік аударымдар қабылдаушының үлкен кепіліне қарамастан жеңіліс табады, тіпті жеке тұлғалардың төлем сараланымдары да саудалаушы ұйымдардың пайдасына шешіледі [24;36-39].
Осылайша төлем жүйесіндегі әр түрлі сипаттамаларға сын көзбен қарап қолдану тәжірибесі–көтерме жүйесінің нақты уақыт пен кредиттік аудару режимінде төлем жүргізу әдісінің перспективасын тағы бір рет анықтап береді.
Төлем жүйесінің теориясында келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау мен басқару, қауіпсіздік пен сенімділік төлем жүргізудің жылдамдығын таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі.
Үш субъект (клиент, қатысушы-банк, орталық банк) қатысатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесімен салыстырғанда төлем жүйесінде субъектілер саны өседі. Орталық банк қызметінің бір бөлігін қамтитын есеп айырысу банкі мен жүйе операторы пайда болады. Ережелер мен тәсілдерді қайта қарастыруды, олардың орындалуын қадағалауды, келіспеушіліктерді шешуді ауттрейд өткізіп, программистердің мамандандырылған компаниясын бағдарламамен қамтамасыз етуді жүйе операторы жүзеге асырады.
Қызметті жаңаша бөлу мамандандыруды күшейтіп субъектілер арасындағы келіспеушіліктерді жояды, бәсекелестіктерді жоғарылатып, технологияның дамуына үлкен әсер береді.
Егер бір коммерциялық банкіде бір оператор мен бірнеше жүйеге қатысушысы болса, онда төлем жүйелерінің арасында бәсекелестік туындайды. Сондықтан программистер арасында бәсекелестік жоғарылайды, себебі әр жүйе мен қатысушыға олар бірнешеуден келеді.
Көтерме төлем жүйесінде Орталық банк оператор және есеп айырысу институты ретінде қарастырылады. Бөлшек төлем жүйесінде оператор ретінде мемлекеттік емес банкаралық ассоциациялар түседі. Бірақ Орталық банк қай жағдайда болмасын төлем жүйесін бір қалыпқа келтіруде басты рөл атқарады.
Ол ақша құрылымының тұрақтылығы мен ұйымдастырылуын банк жүйесі қызметінің табыстылығы мен бір қалыптылығын қадағалап отырады. Орталық банкінің осы қызметтері оның төлем жүйесінде алатын орнын анықтайды. Мысалы, Орталық банкінің төлем жүйесі елдің экономикасының қауіпсіздігінің негізгі тірегі болып табылады. Қазақстанның Орталық банкі жергілікті нарықта халықаралық карточка жүйесіне қарағанда, елеулі орын алатын ұлттық карточка жүйесін қадағалайды.
Төлем жүйесіне қатысушылар – көбіне коммерциялық банкілер. Жүйе операторлары қызмет көрсетулерді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банкілер сияқты тарта алмайды. Оларда төлем қызметтерінің жалпы қамтылымы ыңғайлы емес және клиенттердің талаптарына сай келмейді. Көптеген қатысушы-банкілер клиенттерге қызмет көрсету жағынан бәсекелесе отырып. Бірнеше төлем жүйелеріне қатыса алады.
Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары