Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей тиісті міндеттер қойылған:
- қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;
- мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;
- кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру;
- қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;
- кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;
- кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................5
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом материал.docx

— 111.58 Кб (Скачать)

 

 

 

Ескерту: Автор құрастырған.

Сурет 6 – Берілген жағдайдағы шығындар құрамы мен өнім өндіру көлемін жоспарлау нұсқасына сәйкес ақша қаражаттарының сыртқы орта факторларының әсері жағдайындағы операциялық ақша ағымдарының динамикасын модельдеу алгоритмінің сызбасы. 

 

Сондықтан экономика математикалық модельдеудің этаптарының бірізділігі мен  мазмұнын келесі алты этапқа бөліп  бөлшекті талдаған дұрыс: экономикалық мәселені қою, оның сапалы талдауы; математикалық модельді құру; модельдің математикалық талдауы; алғашқы ақпаратты дайындау; сандық шешім; сандық нәтижелерді талдау және оларды пайдалану.

Экономика  - математикалық модельдеудің аталған этаптары  өзара тығыз байланыста екендігін мәселені шешуде көрінді. Яғни, модельді құру этапында тапсырманың қойылуы қарама қайшы немесе  тіптен күрделі математикалық модельдеуге әкелетіндігі анықталды. Модельдеудің алдыңғы этапына қайта оралу  алғашқы мәліметті дайындау этапында пайда болды. Егер де қажетті ақпарат болмаса немесе оны дайындауға кететін шығындар тіптен үлкен болатын болса, онда  тапсырманы қою этапы мен оны формализациялауға қайта оралуға тура келетінін бірнеше рет қайталауға тура келу нәтижесінде білінді.

Кәсіпорын мен оның жетекшілерінің әрекетері  болып жатқан өзгерістерге икемделуі  қажет. Ғылыми негізделген процедуралар негізінде көру реттеу кәсіпорынның мақсатына және сыртқы жағдайының өзгерістеріне  икемделу қажеттілігі кеңінен мойындалды. Сол сияқты кәсіпорын да сыртқы ортаның  өзгерістеріне сүйене отырып өзінің қызмет ету барысын дайындау қажет. Сыртқы ортада көбейіп жатқан өзгерістерге байланысты кәсіпорынды  басқару  материалдық – техникалық базасын нығайтуға және оны жаңартуға қатаң көңіл аударуы  қажет. Жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның негізгі  көрсеткіштерін пайдалану нәтижесінде , біздің пікірімізше,  негізгі құралдардың табиғи ( моральдық ) тозуын алдын ала жүйелі түрде болжау арқылы тозу коэффициенті  жағымсыз құбылысқа жеткізбей кәсіпорын қаржысын тежеу мүмкін.

Кәсіпорынның  қаржы-ақша ағымдарын басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру мәселелері

Нарықтық  экономикалық қатынастар теориясы мен  тәжірибесі жағдайында   қаржылық жоспарлаудың объектісі ретінде шаруашылық субъектілері қызметінің қаржылық нәтижесі қолданылады. 

Қаржы-ақша ағымдары қозғалысын болжаудың орны мен ролі қатынасында, қарастырылып отырған концепциялар арасында  қайшылық жоқ сияқты.  Мұндағы алғашқы шарт уақыт факторы. Егер де, сөз болашақтағы болжау туралы сөз болса, онда қаржылық нәтижелер болашаққа болжау объектісі ретінде қарасады, ал нақты ақшаны болжау көп нұсақалы сипатта болады, онда қаржы ресурстарының қозғалысын болжау  өндірістердегі  қаржылық жоспарын құру  процесінде жедел болжау элементі ретінде қарастырылады.

Професссор  А.М. Ковалеваның көрсеткендей қаржылық болжау бірнеше кезеңге бөлінеді:

-   қаржылық нәтиже болжауы;

-   қосымша инвестицияға деген қажеттілікті анықтау және қаржыландыру қайнар көздерін құру;

-   қаржы-ақша ағынын болжау моделін құру (дисконттау) және зиянсыздық нүктесін анықтау.

Кәсіпорынның  қаржылық шаруашылық қызметінің талдауы  нәтижесінде анықталған, қосымша  қаржылық мүмкіндіктерді нақты бағалау  үшін бұл бағалауды бірнеше нұсқада  жасаған дұрыс.

Көп нұсқалылық қаржылық болжау кезінде  кәсіпорынның қызметіндегі мүмкін  қолайсыз жағдайларды болжауға, оның қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік береді.

Қаржы-ақша ағымын болжауды басқа тәсілдермен  де жүргізуге болады. Джей К.Шим және Джоэл Г.Сигел   сатудан түскен пайыз тәсілін сипаттай келе, оның негізгі кезеңдері төмендегідей:

-сату  бойынша операцияларды белгілеу;

-ақша  шығындары сияқты қосымша параметрлерді  жоспарлау;

-жоспарланып  отырған өткізу көлемін қамтамасыз  ету үшін керекті айналым активтері  мен негізгі қорларға салымдар  көлемін алдын ала бағалау;

-қаржылық  қажеттіліктерді есептеу.

Қаржылық  болжау кезінде сатудан түскен пайыз  тәсілінің басты артықшылығы  оның қарапайымдығы мен пайдаланудағы арзандығы. Сонымен қатар көлемі өткізу көлемінің  (өткізуден түскен түсім) өсуіне  пропорционалды өсетін, активтер мен міндеттемелер тобын жеткілікті анық бөлу кезінде бұл тәсіл қосымша қаржылық ресурсқа деген қажеттілік пен жалпы ақша ағыны туралы анық бағалауды береді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты  қаржылық жағдайы  қаржы-ақша ағымдарын жетік басқару нәтижесі болып табылады.

Зерттеу нәтижесінде біз тарапымыздан мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын қаржылық жағдайдың жеке көрсеткіштері, қызметтік ынталылығын  және басқа да көрсеткіштерін бағалу негізінде қаржылық жағдайының салыстырмалы рейтингтік бағалау ұсынылады.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық жағдайын кешенді салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесінің құраушы  сатылары төмендегідей болады:

-   бағалау кезеңіндегі ағымдық ақпаратарды жинақтау және талдамалық өңдеу;

-   қаржы-ақша ағымдарын басқаруды рейтингтік бағалауға және жіктеуге қажетті көрсеткіштер жүйесін негіздеу;

-   рейтингтік бағалаудың қорытынды көрсеткішін есептеу; кәсіпорындарды рейтингі бойынша жіктеу.  

Қорытынды рейтингтік бағалау қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесінде  қолданылатын аса маңызды көрсеткіштерді есептейді. 

 

 

  

 

 

  

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары мен өңделген ұсыныстар нарықтық экономика жағдайындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарынбасқарудың теориясын, әдіснамасын және тәжірибесін әрі қарай дамытуға ықпал ететін төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1.  Әлемнің экономикасы дамыған мемлекеттердегі кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару тәжірибесін біздің еліміздегі мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық қызметіне пайдалану біршама қйынға соғады. Оның негізгі себебі келесілерде:

-қолданыстағы  есеп жүйесі мен құқықтық және  нормативтік нормалардың сай  келмеуінде;

-отандық  мақта өңдеу кәсіпорындарындағы айналым активтерінің  жеткілікіз болуында;

-ақшалай  кірістерінің көлемінің өзгеруіне  едәуір әсер ететін төлем айналымының  баяу болуында;

-қысқа  мерзімді қаржылық салымдарды  есеп айырысуда пайдалануды қйындататын  қысқа мерзімді қор айналымдары  тізімінің шектелгендігі.

2.Қаржы-ақша  ағымдарын басқару мәселесі жалпылама зерттелгенімен, ТМД елдерінің және отандық авторлардың еңбектерінде қаржы-ақша ағымдары түсінігіне біркелкі көзқарас қалыптаспаған. Сондықтан да қазіргі уақытқа дейін қаржы-ақша ағымдарының тиімділігімен қатар кәсіпорынның экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін басқару үрдісінің оң және теріс жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін  қаржы-ақша ағымдарының толық жіктемесі мен оларды басқару тиімділігін талдау әдістемесі жасалмаған.

3.Кәсіпорынның  қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін құру үрдістерін зерттеу қазіргі уақытта жинақталған әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейтін маңызды мәселелерді анықтады. Олар: қаржы-ақша ағымдарын тиімсіз және бірқалыпсыз пайдалану. «Тиімсіз» ұғымы келесіні білдіреді: кәсіпорынның қолданыстағы және болашақтағы әлеуетін жеткіліксіз түрде есепке алу; қаржы-ақша қаражаттарының құндылығын дұрыс бағаламау; кәсіпорынрдағы қаржы-ақша ағымдарын бөлудегі «табыстылық» және «тәуекелділік» категорияларының оңтайлы ара қатынасының болмауы; инвестициялық тәуекелділікті бағалаудың қолданыстағы әдістерінің елдегі ағымдық экономикалық жағдайға сәйкессіздігі; кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын жоспарлау, болжау және басқару үрдісіндегі экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді әлсіз қолдану.               

4. Берілген мәселелердің салдары ретінде кәсіпорындардағы қаржы жәнеақша қаражаттарын бөлудегі көпкритериялы шарттарды шешу ұстанымдарына негізделген оптималдау және рационалдау әдістерін пайдалану өзектілігінің едәуір артуын қарастырса болады..

5.      Диссертациялық зерттеуде жүргізілген мақта өңдеу кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарына талдау қорытындысы көреткеніндей олардың көпшілігі қаржы-ақша ағымдарын басқаруы мен жоспарлауға аса мәне бермейді.отандық және шетелдік экономист ғалымдар тарапынан қалыптастырылған қаржы-ақша ағымдарын  басқару моделі мен әдістері отандық мақта өңдеу кәсіпорындарының алдында тұрған мәселелерге аз икемделген.

6.      Зерттелген кәсіпорындарының қызмет тиімділігін арттырудың бірден-бір маңызды факторы қаржы-ақша ағымдарыны рационализациялау және қарқындау болып саналады, себебі  олар арқылы шаруашылық субъектілерінің барлық қызмет салалары реттеліп отырады. Аталған кәсіпорындарда қаржы қызметі рационалды ұйымдастырылмаған,құрылымдық бөлімшелер арасында бісекелестік орын алған және қаржы саласында да және өндірістік салаларда да нақты үәкілеттілік пен міндеттер сараланбаған.

7.      Осы мақсатта өндірістің сапасын бағалау мен кешенді талдаудың әдістемесі жасалды. Оның негізі ретінде халық шаруашылығының объектілерін көпфакторлы  талдаудың ұстанымдары қарастырылды. Негізгі топтар қызметіне әсер етуші факторларды талдау нәтижелерін жалпылау негізінде өндіруші мақта өңдеукәсіпорнының тартымдылығын интегралды бағалауға мүмкіндік беретін бағалау параметрлері анықталды. Әртүрлі кәсіпорын түрлері үшін жалпы қолданылатын бағалау параметрлерінің іріленген топтары ретінде келесілер қарастырылады: экономикалық көрсеткіштер мен кәсіпорынынң өндірістік қызметінің көрсеткіштері; кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткіштері; әлеуметтік шиеленіс көрсеткіштері; кәсіпорындағы билік пен басқару; қаржыландыру жобасының сапасы; несие бойынша кепілдіктер; «несие алушы- несие беруші» ара қатынасы; несиелік тарихы; қаржылық компанияның қажеттіліктері. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жасалған әдістеме келесі кәсіпорындар тобы үшін интегралдық бағалауды алуға мүмкіндік береді: мемлекет; ҚР субъектілері мен жергілікті билік органдары, сонымен қатар, муниципалитеттер мен қалалар; мақта өңдеу кәсіпорындары мен қызмет көрсету сала кәсіпорындары;  қаржылық компаниялар.

8.      Инвестициялау объектілерінің несиелік-өндірістік сапасын бағалауды ескеру арқылы анықталған экономикалық тәжірибеде қолданылатын әдістер мен тәсілдер  негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы – ақша ағымдары құрылымын оңтайландырудың (оптималдаудың) кешенді моделі жасалды, оның мақсаты қаржылық қоржынды орта және ұзақ мерзімге жоспарлау болып табылады.

Берілген модельдің ең жоғары мақсатты функциясы ретінде шартты пайданы  пайдалану ұсынылады, ол келесілерді  салыстыру негізінде анықталады: тәуекелділік коэффициентін есепке алу арқылы анықталған активтердің  табыстылығы, активтердің тұрақсыздығы коэффициенті, салық салудың әртүрлі  ставкалары. Берілген модельдердің шектеулері ретінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қызметін реттеуші органдар мен кәіпорын менеджерлері бекіткен өтімділік және тәуекелділік нормативтері қолданылады. Бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану арқылы қаржылық қоржынды оптималдау шарты іс-тәжірибе жүзінде шешілді.

9.      Талдау көрсеткеніндей мемлекеттік құрылымдар тарапынан мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  басқару мәселесін реттеуді қамтамасыз  ететін  толыққанды нормативті – құқықтық  қамтамасыздандыру қажет . Кәсіпорынның  қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты аймақтық-салалық нормативтерді пайдаланудың әдістемелік нұсқауы өте қажет. Қаржы-ақша ағымдарының қозғалысының тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың матрицалық әдісін пайдалану оңтайлы.   

10. Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың рейтингтік әдісінің кең түрде ендірілуі  кәсіпорынның қаржы-ақша ресурстарын басқарудың тиімділігін толық мінездеуге мүмкіндік береді, себебі ұсынылған әдіс негізінде қаржы-ақша ағымдарын басқарудың барлық деңгейлерінің көрсеткіштері бойынша кәсіпорындардың жағдайын өзара салыстыруға болады

11. Құрамына қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастыру схемасын, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын құраушыларын есептеу алгоритмін, қаржы-ақша ағымдарын қалыптастырушы сыртқы және ішкі факторлардың әсер ету көрсеткіштерін, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдары мен ашқа қаражаттарының қалдығын мінездейтін талдамалық көрсеткіштер жүйесін, бюджеттеу негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару моделін, қаржы-ақша ағымдары мен қалдық ақша қаражаттарын оптимизациялау әдісін және қаржы-ақша ағымдарын бақылауды қамтитын  мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың теориялық және тәжірибелік нұсқаулары кәсіпорындардың ақща қаражаттарының қозғалысы үрдісін әлдеқайда арттырады.

12. Диссертациялық зерттеу нәтижесінде  анықталған әдістер мен модельдер  халық шаруашылығының барлық  тізбегіндегі қаржы-ақша ағымдарын тиімді және көп қадамды талдау негізінде құрылған қаржылық ресурстардың базасын басқару бойынша  шешімдерді қабылдау мен дайындауда  қолданылатын тәжірибелік құралдар жүйесін құрайды. .

Сонымен қатар, шет елдік ғалым-экономистердің еңбектерінде кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқарудың қолданбалы мәселелері тұрақты ортаға сәйкесаз зерттелген: бірігудің түрлері, бірігу әдістері, қорғау нысандары негізделіп, бірігу эффектісі бойынша тәжірибелік  байқаулардың нәтижелері жалпыланғанмен мүмкін болатын тиімділіктің құраушылары көрсетілген, акция құны мен бизнесті бағалаудың әдістері көрсетілген, олардың барлығы өтпелі кезең ерекшеліктерін ескеру арқылықазақстанның экономикасына бейімделе алады.

Отандық экономист ғалымдардың еңбектерінде қаржылық көзқарас тұрғысынан күрделі мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қаржы-ақша ағымдарын басқару құрылымын оптималды таңдау мәселесі мүлдем зерттелмеген.

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері