Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей тиісті міндеттер қойылған:
- қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;
- мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;
- кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру;
- қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;
- кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;
- кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................5
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом материал.docx

— 111.58 Кб (Скачать)

Ұйымның қаржылық есебі бойынша қаржылық сараптаушылардың кеңінен қолданатын негізгі көрсеткіштері төлем  қабілеттілік пен өтімділік коэффициенттері мен таза айналым капиталының өлшемі болып табылады.  

Қаржы-ақша ағымдарын  кешенді қаржылық талдау кезінде есептелетін және бағаланатын негізгі қаржылық көрсеткіштер келесілер  болып табылады:

-   өтімділік коэффициенттері (ағымдық өтімділік коэффициенттері, жедел өтімділік коэффициенттері, абсолютті өтімділік коэффициенттері);

-   кәсіпорынның қаржылық саясатының көрсеткіштері (ақша ағымдарының жеткіліктілігі коэффициенті, дебиторлық және кредиторлық қарыз айналымдылығы, тауарлы-материалдық запастар айналымдылығы және т.б.);

-   рентабельділік коэффициенттері.

Кесте 7 - Кәсіпорынның қызметінің рентабелділік көрсеткіштері  

 

Ақша  қаражаттарының қалдығының рентабельділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі/Ақша қаражаттарының орта қалдығы

Түскен  ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі/Түсен  ақша қаражаттарының соммасы   (түсімдер)

Жұмсалған ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі/Шыққан ақша қаражаттарының соммасы (төлемдер)

Ескерту: Автормен пайдаланылған әдебиеттер негізінде жасалған


 

 

Кез келген қабылданған басқару шешімдері қаржы-ақша ағымдарының жағдайына әсер етеді.

Мақта өңдеу  кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  басқарудың ақпараттық қамтамасыздандыруын  ұйымдастыру мәселелері

Сонымен, ақша ағымдары туралы ақпараттар сапасы келесі талаптарды қанағаттандыруы  қажет (кесте 8). 

 

 

  

 

Кесте 8 - Қаржы-ақша қаражаттары туралы ақпараттардың сапалық сипаттамасы

Мағынасы

Мазмұны

Маңыздылығы

Ақша  ағымдарын басқару саласындағы  басқару шешімдерін қабылдауға әсер ету мүмкіндігі

Мезгілділігі

Қажеттілік  пайда болған уақытта ақпарат  дайын, әрі қол жетімді болуы

Салыстырмалығы

Ақша  ағымдары туралы ақпарат уақыты бойынша, бөлімшелері мен жауапкершілік  орталықтары бойынша салыстырмалығы

Сенімділігі

Қателер мен әуестіктен еркін болуы

Айқындылығы

Ақша  ағымдары туралы ақпараттарды қосымша  түзетусіз басқару мақсаттары үшін тікелей пайдалану мүмкіндігі

Тексерілуі

Дәлелдеулердің  бар болуы

Болжануы

Шешім қабылдайтын  тұлғаларға ақша ағымдарының болжамының ықтималдылығын арттыратын ақпараттардың  қасиеті

Релеванттілігі

Ақпараттар  бағытталған іс-әрекетке пайдалы  қатынасы болуы қажет

Кері  байланыс

Ақша  ағымдары туралы бұрынғы пайымдауларды  растау немесе түзету

Қысқалығы

Ақпараттар  ешқандай артықтығы жоқ, нақты болуы  қажет

Мекен жайлығы

Жауапкершіліктегі орындаушыға ақпараттар жеткізілуі қажет

Ескерту:Кесте  пайдаланылған әдебиетттер негізінде  автормен жасалған


 

         

Біздің  ойымызша, тиімді басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру бойынша  ұсыныстар беру үшін және қаржылық менеджменттің қызметтері мен шарттарын  орындау үшін кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару саласындағы  басқару шешімдерін қабылдаудың  талдамалық қамсыздандыруды құру қажет  болады.         

 Сонымен,  қазіргі уақытта «есептік-талдамалық  қамсыздандыру» ұғымына байланысты  бірыңғай көзқарастар жоқ десе  де болады, ал оның құрылымы  саласындағы зерттеулер фрагментарлы  сипатқа ие. Біздің пікірімізше,  ақша ағымдарын басқаруды ақпараттық  қамсыздандыру деп белгілі бір  уақыт кезеңіндегі коммерциялық  ұйымдардың ақша ағымдары туралы  жоспарлы, нормативті, болжамды, есептік  және басқа да ақпараттарын  жинауы, өңдеуі және жеткізуі  аталады және олар стратегиялық, тактикалық, оперативті басқару кезінде қолданылады. Сонымен қатар, ақша ағымдарын басқаруды есептік-ақпараттық  қамсыздандыру шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің үрдістеріндегі ақша ағымдарының бағыттары мен көлемін сипаттайтын әртүрлі есептеу түрлерінен алынған ақпараттарды (стратегиялық, қаржылық және басқару) қамтиды

Біздің  пікірімзше талдамалық қамсыздандыруда  келесі талаптарға жауап беретін  ақпараттар қамтылуы қажет:

1.Есептерді  құрудың қалыптасқан және үйлестірілген  үрдісін қамтамасыз ету арқылы  әртүрлі деңгейдегі басшыларға  ақша ағымы туралы ағымдық  және болашақтағы жағдайды дәл  анықтауға қажетті соңғы синтезделген  көрсеткіштердің ең аз саны  белгіленеді.Ұйым ақпараттарды ұсыну  нысандарын стандарттау арқылы  ақпараттарды жинау және топтастыру  қарапайымдылығы мен қолжетімділігін  қамтамасыз етеді. Әрбір бөлімшеден  ақпарат нақты бекітілген нысанда  жеткізілуі қажет. Мақсаттық бағыттылығына  байланысты (жоғары басшылар, менеджерлер,  жеке меншік иелері үшін)  есептер белгілі бір уақыт кезеңінде өткізіліп, сапалы басқару шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ететін ақпараттарды қамтиды. Әрбір тұтынушының деңгейіне өзіндік бөлшектеу деңгейі сәйкес келеді.

2.Талдамалық  құралдардың кең түрде қолданылуы. Есептік-талдамалық ақпараттардың  сапасы оларды талдау мен өңдеу  кезінде қолданылатын әдістер  мен тәсілдерге байланысты анықталады, олар: активтер мен пассивтердің  қоржының кезеңдегі орта шамасы; орта шамада есептелген пайыз  мөлшері; қоржынның жалпы құрылымындағы  активтер мен пассивтердің жеке  түрлерінің үлес салмағы; экономикалық  талдау әдістері (дәстүрлі, статистикалық,  математикалық, болжамдық және  т.б.);

3.Бақылау  қызметін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның  атқарған кез келген операциясы  арнайы ақпараттық ағымдарды  құрады, ал олар өз кезегінде  кәсіпорынның тексеруші органдары  арқылы бақылауға алынуы қажет  болады;

4.Ұйымның  барлық құрылымдық бөлімдері  мен қызметтерінің қаржы-ақша ағымдарын басқару үрдісіне қатысуы. Кәсіпорынды жетістікте басқару мен тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін әртүрлі бөлімдер мен қызметтерден алынған жеке көрсеткіштердің интеграциялық мәліметтері қажет. Сонымен қатар, осы орындармен кері байланыстарды орнату арқылы орталықтанған ақпараттар ағымын құруға болады, олар тек бухгалтерия ақпараттары ғана емес, басқа да кәсіпорынның бөлімдері, қызметтері және құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттарын қамтиды. Бұл жағдайда ақпараттық ағымдардың жүйелігі мен орнықтылығы болмаса, онда ол ақпараттардың қайталануы мен шектен тыс көп болуына алып келеді.

Ресей ғалымы Т.В.Теплова ұсынған модель өте қарапайым  және көрнекі. Кәсіпорынның пайдасы мен ақша ағымдарына әсер ететін тиімді тетіктерді (операциялық, қаржылық және біріккен) бөлу арқылы алынған ақпараттарды кәсіпорынның ақша ағымдарын оперативті және ағымдық, стратегиялық басқаруда пайдалануға мүмкіндік береді.  Отандық әдебиеттерде ақша ағымдарын модельдеуге қатысты басқа да жарияланымдары бар. Мысалы, В.Чернов ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында ақша ағымдарын оң және теріс деп бөлуді ұсынады. Теріс ағымдарға барлық ақша қаражаттарының  шынайы төлемдері кіреді,соның ішінде еңбек ақы, несиелерді қайтару соммалары, салықтар мен аударымдар мен басқа да шығындар, ал оң ақша ағымдары барлық түсімдерді қамтиды.

Интеграцияланған  есепке алу жүйесіндегі ақша ағымдарын  модельдеу тұжырымдамасының негізін  келесі негізгі ұстанымдар құрайды:

-   пайдаланылатын ақпараттардың жеткіліктілігі ұстанымы;

-   пайдаланылатын ақпараттардың инварианттылық ұстанымы;

-   модельдердің өз қалпын сақтау арқылы берілу ұстанымы;

-   компьютерлік технологияда экономикалық-математикалық модельдер кешенінің тиімді жүзеге асыру ұстанымы

-   модельдер жүйесінің ақша ағымдарын бағалау мақсаттарына дәлдігі ұстанымы;

-   пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығы мен сәйкестігі ұстанымы;

-   қадағалаушы модельдеу ұстанымы.

Берілген  ұстанымдар жүйелік экономикалық-математикалық  модельдеу мен жүйелік талдаудың  жалпы ұстанымдарынан шығып отыр. Ақша ағымдарын модельдеу ұстанымдарының мазмұны 9 кестеде көрсетілген.

Кесте 9 - Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын модельдеу ұстанымдары 

 

Ұстанымдар  атауы

Мазмұны

Жеткіліктілік ұстанымы

Әрбір жеке модельде дәлдігі талап етілген  модельдеу нәтижесінен алынған  белгілі ақпараттар ғана қолданылады. Белгілі ақпараттар деп келесілерді  атап өтсе болады: нормативтік, анықтамалық, болжамды мәліметтер, стратегиялық есеп мәліметтері.

Ақпараттардың инварианттылық ұстанымы

Модельдеуде қолданылатын кіру ақпараты берілген зерттеу кезеңінде әлі белгісіз модельдеу жүйесінің параметрлерінен  тәуелсіз болуын талап етеді. Бұл  ақша ағымдарын модельдеу кезіндегі  тұйық шеңбер құруды болдырмайды, яғни модельдеу нәтижесінде алынған  ақпараттар ғана осы модельде қолданылуы мүмкін.

Модельдердің  өз қалпын сақтау арқылы берілу ұстанымы

Бұл ұстанымның негізгі мәні кейінгі модельде алдыңғы  модельде анықталған объектілердің  қасиеті мен өзара байланыстары бұзылмай, сол күйінде берілуі  қажет. Бұл ұстаным маңызды, себебі ақша ағымдарын модельдеуде тек  біреуімен ғана шектелмейді. Ол бір-бірімен  байланысқан модельдер жүйесінен  құралады. Оның құрамы кәсіпорынның қаржылық стартегиясы мен оперативті жоспарларымен  анықталады.

Тиімді  жүзеге асыру ұстанымы

Компьютерлендірудің қазіргі жағдайында берілген ұстаным  компьютерлік технологияда экономикалық-математикалық  модельдер кешенінің тиімділігін  қамтамасыз ететін ақша ағымдарының  моделін жасауды білдіреді

Модельдер жүйесінің ақша ағымдарын бағалау  мақсаттарына дәлдігі ұстанымы

Ақша  ағымдарының жалпы моделі әртүрлі  шарттарды шешуге бағытталған және әртүрлі мақсаттарды орындайтын бірқатар модельдерден құралады. Қаржылық есеп беру ақпаратын пайдаланушылар кәсіпорынның ақша ағымдарының моделін өз қызметіне сәйкес пайдаланады. Бұл жағдайда бағалаудың нақты мақсаттары кәсіпорынның құнын бухгалтерлік бағалаудың негізін  құрайды.

Қадағалаушы модельдеу ұстанымы

Ақша  ағымдарын модельдеу үрдісінде  пайда болатын қателерді қадағалайтын жүйенің бар болуын білдіреді.Бұл  ұстаным әртүрлі тәсілдермен  қамсыздандырылуы мүмкін.

Пайдаланылатын  ақпараттардың дұрыстығы мен  сәйкестігі ұстанымы

Бұл ұстаным  ақша ағымдарын модельдеудің нақты  нәтижелерін қамтамасыз етеді. Дұрыс  емес және сәйкес келмейтін ақпараттардың  бар болуы берілген модельдеу  нәтижесінің сапасын төмендетеді

Ескерту: Кесте автормен пайдаланылған әдебиеттер негізінде жасалған


Әлемдік тәжірибеде есепті қаржы-ақша бірлігі ретінде «тұрақты доллар» немесе белгілі бір уақытқа сатып алу қабілеті  «байланған»басқа да ақша бірліктері қолданылады. Егре де тұрақты бағаларды қолданатын болса, онда белгілі бір уақыт аралығындағы құндық көрсеткіштерді өлшеу қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда барлық бастапқы параметрлер шынайы есептермен беріледі, яғни инфляциялық құраушылардан таза болады. Бұл бастапқы мәліметтердің верификациясын жеңілдетеді, есептік үрдісті қадағалауға мүмкіндік береді және қаржы-ақша ағымдарын модельдеу қорытындысы ретінде алынған нәтижелерді дұрыс береді.

Модельді  жасау үрдісін талдау барысында  біз ескерілуі қажет екі негізгі  әдістемелік ерекшелікті бөліп  көрсетеміз, олар:

1)жобалық  деңгейде кәсіпорын айналым құралдарына  шығынды қолдай алмайтын нүктені  анықтау үшін берілген жағдайды  ағымдық бағада қарастырған жөн  болады;

2)стратегияны  таңдау, яғни өтпелі үрдістің  аяқталуы нәтижесінде қол жеткізуі  қажет жағдайды сипаттайтын алғышартты  критерияларды анықтау.

Берілген  жағдайда критерия ретінде кәсіпорынның жинақталған қаржы-ақша қаражаттарының көлемі мен өнімді өткізуден түскен табыс есебінен айналым құралдарына шығындарды жабу қабілеттілігі алынды, оның соңғы нәтижесін көрсететін  сан жобалық деңгейдегі өнім көлемінің 20% көрсетеді, яғни бұл сыртқы орта жағдайларының өзгеруі кезінде өндірісті қайта қалпына келтіруге мүмкін болатын өндіріс жағдайы болып табылады.

Сыртқы  орта факторларының әсері жағдайындағы жасалған алгоритм мен экономикалық модельдеу базасы негізінде өткізілген зерттеу арқылы берілген факторлардың кәсіпорынның өзі жинақтаған қаражаттары  мен өткізуден түскен табыс есебінен айналым құралдарына қажетті  шығындарды жабу мүмкіндіктеріне әсері  анықталып, оларға баға берілді.

Кәсіпорындардағы қаржы-ақша ағымдарын басқаруды қаржы-шаруашылық қызмет үрдісіндегі қаржы-ақша ағымдарын құру, бөлу және пайдалану бойынша ақпараттарды алу және айырбастаудың әдістері мен тәсілдері ретінде қарастыруға болады. Бұл үрдістер ақпараттардың ағымы мен күрделі ақпараттық байланыстардың жүйесін құрайды, олар әрдайым күрделеніп, ұлғаяды.

Салалық автоматтандырылған жүйесінің құрамында  қаржы-ақша ағымдарынбасқару  «Қаржылық қызметті басқару» деп аталатын  жеке жүйе ретінде қарастырылады, ол басқа жүйелермен тығыз байланысқа түсіп, жеке өзі де тәуелсіз қызмет ете алады.

Модельдеу циклдық процесс болып табылады, яғни  бірінші төрт  этапты циклдың соңынан екінші, үшінші этаптар болуы мүмкін.  Сонымен қатар зерттеліп отырған объект туралы білім  кеңеюі және нақтылануы мүмкін, ал бірінші құрылған модель  бірте бірте жетілдіріледі. Осылайша модельдеу методологиясына өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі салынған.  

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері