Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей тиісті міндеттер қойылған:
- қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;
- мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;
- кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру;
- қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;
- кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;
- кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................5
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом материал.docx

— 111.58 Кб (Скачать)

Мақта өңдеу  кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  басқару, ірі кәсіпорындарда кездесетін өзіндік қаржыландыру стратегиясымен тығыз байланысты. Бұл стратегияда  кеңейтілген ұдайы өндіріс бойынша  шығындар өзіндік қаражаттар көздері  есебінен өтеледі. Бұл есепті кезеңдегі табыстардың негізгі соммасы қандай көздерден алынғаны және қандай мақсаттарда жұмсалғанын анықтауда, қаржылық шешімдерді қабылдау үшін, табыстар мен шығыстардың, пайда мен зиянның нақты бөлінуін талап етуді  білдіреді.

Мұндай  түрдегі ақпаратты, ғылыми негізделген  қағидалар мен тәсілдерден құрылған, ақша ағымдарын басқарудың талдамалық қамсыздандыру жүйесі ғана ұсына  алады. 

 

 

  

 

Сыртқы  факторлар

Ішкі  факторлар

Жалпы экономикалық

Экономикалық  дамудық циклдылығы

Транснационалды банктердің қаржылық саясаты

Шетелдік  әріптестердің қаржылық жағдайы

Бірлескен кәсіпорындардың құрылуы

Еркін экономикалық аймақтардың құрылуы

Тарифтік  келісімдер мен квоталар

Ұйымдастырушылық

Меншіктің ұйымдастырушылық құқықтық нысаны

Басқарудың  ұйымдастырушылық құрылымы

Өндіріс құрылымы және мамандану нысаны

Өндірістің  әртатаптануы

Кәсіпорынның  өмір сүру сатылары

Өндірістің  шоғырлануы

Мамандану және бірігу

Саяси

 

 

 

Заңдылық  нормалар

Экономиканы реттеу ұстанымдары

Монополияны шектеу

Өндірістік  технологиялық

Өндірістік  циклдың ұзақтығы

Өндірістік  қорлардың деңгейң

Қаражаттар  айналымы

Өндірістің  өсу қарқыны

Өндіріст  потенциалы

Өнім  сапасы және оны қамтамасыз ету шығындары

Операциялық левериж

Экономикалық

Экономикалық  дамудың циклдылығы

Сатып алу  қабілеті

Төлемқабілеттілік сұраныс

Кәсіпкерлік белсенділік

Инфляция  деңгейі

Тауарлы нарықтың конюктуралық жағдайы

Құнды қағаздар нарығының коньюктуралық жағдайы

маркетингтік

Стратегиялық  мақсаттар

Нарық сегментациясы

Баға  саясаты

Өткізу  саясаты

Бәсекелестікті  бағалау

Жеткізушілердің қаржылық жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы

Қаржылық

Қаржылық  саясат

Қаржылық  жүйенің жағдайы

Салықтық  саясат

Несие саясаты

Мақсатты  қаржыландыру мен ұзақ мерзімді пайызсыз қарыз алу мүмкіндігі

Қаржылық

Қабылданған қаржылық страгетия

Инвестициялау мүмкіндігі мен қажеттілігі

Инвестиция  тарту мүмкіндігі мен қажеттілігі

Амортизациялық  саясат

Қаржыландыру  циклының ұзақтығы

Контрагенттермен  есеп айырысу жүйесі

Кәсіпорыннығ  есеп төлем балансындағы ақшалай  емес есеп айырысудың шамасы

Қаржылық  леверидж

Қаржы-ақша ағымдарының тәуекелі

Төлем қабілеттілік

Капитал құны

Салалық

Өмір  сүру циклының сатылары

Өндірістің  кезеңділігі

Бәсекелестік

Өндіріс шығындарының деңгейі

Өнім  сапасы

Нарық үлесі

Саланың даму деңгейі және оның пайда табу тенденциясының өзгеруі


 

 

 

Ескерту:Автор  құрастырған.

Сурет 4 - Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарының талдамалық қамсыздандыруын қалыптастырудығы негізгі факторлардың жіктемесі 

 

Мақта өңдеу  кәсіпорындарның қаржы-ақша ағымдарын  басқарудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру  және осындай басқарудың қажеттігін негіздеу арқылы, ең бастысы, мұндай басқаруды ұйымдастыруға болатындығын анықтау нәтижесінде, қаржы-ақша ағымдарын басқару мен қаржы-ақша қаражаттарын басқару әдістемесін сәйкестендірілуі қажет деп ойламаймыз. Қаржы-ақша ағымдарын басқару – бұл ақша ағымдарын басқарудың мақсатты параметрлері мен негізгі факторларына жалпы күшті шоғырландыру есебінен, ұйымды басқарудың барлық деңгейлеріндегі шешім қабылдауларды сапалық жақсартуға бағытталған  интеграцияланған үрдіс.

Қаржылық  менеджмент мәселелеріне арналған ғылыми әдебиеттерде қаржы-ақша ағымдарының  бөліну түрлерінің әртүрлі нұсқасы  берілген. Бірақ, барлығы қабылдаған бірыңғай бөліну түрлері жоқ десе де болады.

Экономист ғалымдар тобы ұсынған бөліну түрлерінің ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың кәсіпорынның менеджментінің жоғарылаған ақпараттық қажеттілігіне бағытталғанын көреміз. Капиталды басқару жүйесіндегі, акционерлік немесе нарықтық құндағы, кәсіпорын бизнесінің стратегиясы мен мақсатты бағыттарының өзгеруіндегі  белгілі бір мәселелердің пайда болуы, жоғарыда аталған авторлар ұсынған жаңа (қосымша) бөліну түрлерінің ерекшеліктерін жасауды қажет етеді. Ұсынылған бөліну түрлерінің жетістіктеріне қарамастан, олар елдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибелік қызметінде кеңінен қолданылмайды.

Біздің  ойымызша, жоғарыда қарастырылған бөліну түрлерінің негізгі кемшілігі, тәсілдердегі және бөліну ерекшеліктеріндегі жүйеліліктің жоқтығы болып табылады. Кәсіпорында  пайда болатын барлық ақша ағымдарын, тәжірибеде әлеуетті мүмкіндігі бар, басқарудың сәйкес деңгейінің – стратегиялық, ағымдық және оперативті ерекшелігін анықтайтын, бірқатар сипатты ерекшеліктеріне байланысты бөлген дұрыс болар еді.

Қаржы-ақша ағымдарын басқарудың келесі маңызды  теориялық-әдістемелік мәселесі, оның құрылымын анықтау болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде берілген ұғымның  нақты анықталған тұжырымдамасы жоқ десе де болады. Басқару, талдау, менеджмент мәселелеріне арналған еңбектерде, авторлардың көп бөлігі қаржы-ақша ағымдарының осылай бөлінуін, бөліну түрлерінің ерекшелігі деп қарастырады.

Мұнда қарама-қайшылық жоқ десе де болады. Қаржы-ақша ағымдарын  басқару теориясы тұрғысынан, оларды қызмет түрлері бойынша бөлуі, бөліну түрлерінің ерекше сипаты екендігі сөзсіз, бірақ басқару тәжірибесі тұрғысынан қаржы-ақша ағымдарының осы түрлері  кәсіпорын бойынша жиынтық қаржы-ақша ағымының құрылымын құрады: 

 

Жиынтық АА=операциялық қызметтен  АА+ инвестициялық қызметтен ақша ағымы+қаржылық қызметтен ақша ағымы                                        

 

Операциялық (негізгі) қызмет бойынша ақша қаражаттарының ағымы кәсіпорынның операциялық  кезеңін, яғни айналым капиталының  айналымын сипаттайтын көптеген ақша қаражаттарының келуі мен шығуын қамтиды. Негізгі (операциялық, ағымдық) қызмет кәсіпорынға табыстың негізгі  соммасын келтіреді. Көптеген кәсіпорындардың  операциялық қызметінің негізін  өндірістік-коммерциялық немесе сауда  қызметі құрайды, олар кәсіпорын  жүргізетін инвестициялық және қаржылық қызметпен толықтырылады.

Бұрын қарастырғанымыздай, жалпы қаржы-ақша ағымы (операциялық  қызмет бойынша да) жеке есептік-талдамалық бірлік ретінде танылмайды. Сол себепті, есептеу теориясында қаржы-ақша ағымдарының бөліну түрлері мен  оны құрылымдаудың әдістемелік  тәсілдері қарастырылмаған, ақша ағымдарының  басқарудың мақсатты параметрлеріне әсері  ескерілмеген, қаржы-ақша ағымдарының  көлемі мен интенсивтілігіне әсер ететін факторлар анықталмаған, ақша ағымдарының  стратегиялық және оперативті есепке алу моделі құрылмаған, ал қаржылық есеп болса, қаржы-ақша қаражаттарының кәсіпорын шотындағы және кассасындағы қозғалысымен ғана шектелген.

Жоғарыда  аталған себептердің барлығы, берілген диссертациялық зерттеудің пәнін таңдауға негіз болды – ұдайы өндіріс  үрдісіндегі қаржы-ақша қаражаттарының толық айналымындағы ақша ағымдарын  басқаруда талдамалық қамсыздандыруды  құру.

Жиынтық ақша ағымының негізі ретінде жоғарыда атап өткеніміздей, негізгі қызмет бойынша оң ақша қалдығы қарастырылады.Тек  оның азаюы, уақытша төмен болуы, кассаны толтырудың қосымша көздерінен ақша тартуды талап етеді, яғни активтерді жаппай сату, бағалы қағаздарды шығару, қарыз алу. Егер де, бұл қиындық  туғызса немесе мүмкін емес болса, онда өндірістік қызмет тоқтап қалады, болашақтағы  ақша ағымдары азаяды, ал ол кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі мен өтімділігіне алып келеді.

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрудың негізгі екі әдісі  бар: жанама және тікелей. Олардың арасындағы айырмашылық, операциялық қызметтегі ақша ағымдарын есептеу алгоритмін пайдалануына байланысты анықталады.

Жоғарыда  аталғандардың барлығы қызмет түрлері  бойынша қаржы-ақша ағымдарын құрылымдаудың  маңыздылығын дәлелдейді.

Бірақ, тек  қызмет түрлері бойынша ақша ағымдарын  құрылымдау бір себепке байланысты пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды, яғни, қандай қаржы-ақша ағымы туралы екендігі беймәлім: жалпы, таза, еркін немесе дисконтталған.

Соған орай, қаржы-ақша ағымын құрылымдауды, есептеу  әдістемесі бойынша, осы ақша ағымдарының  құрылымдаудың қызметінің үш түрімен  толықтырған дұрыс.Сол себепті, біз  кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын  құрылымдауды қызмет түрлері бойынша  және қаржы-ақша ағымының көлемін есептеу  әдісі арқылы өткізген дұрыс деп  санаймыз, соның негізінде қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мақсатты параметрлері анықталады.

Кәсіпорындар  мен ұйымдарда  ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастыру мақсатында, біздің ойымызша, ақша ағымының құрылымын, басқарудың әр түрлі деңгейлері (стратегиялық, ағымдық, оперативті) үшін есептік-экономикалық категория ретінде бөлшектеген дұрыс болады, соның салдарынан жалпы, еркін, таза және жинақты дисконтталған ақша ағымдары бөлінеді.

Қаржы-ақша ағымдарының құрылымдау тәсілдері, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруда, талдамалық қамсыздандыруды  құруға негіз болады.

Түсімді пайдалану, бөлу процесінің алғашқы кезеңін сипаттайды. Алынған түсімнен кәсіпорын шикізатқа, материалға, отынға, электр энергиясына, еңбектің басқа да заттарын алуға, сонымен қатар кәсіпорынға көрсетілген қызметтерге кеткен шығындардың орнын жабады. Түсімді одан ары қарай бөлу  негізгі қорлардың қайта өндірісі мен материалдық емес активтерінің қайнар көзі ретіндегі амортизациялық аударымдардың құралуымен байланысты.  Түсімнің қалған бөлігі  - жалақыны төлеуге немесе кәсіпорынның пайдасын құруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға, салықтарға (пайдаға салынатын салықтан басқа), басқада міндетті төлемдерді төлеуге бағытталған қайтадан құрылған құн.

Өнім  екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай  формада өткізіледі және жеке қаржы  категориясы болатын ақшалай  жинаққа айналады.

Өткізуден түскен түсім қаражаттар айналымының  аяқталғанын сипаттайды. Түсім түскенге дейін өндіріс және айналыс шығындары  айналым қаражаттарының құралуының қайнар көздері есебінен қаржыландырылады. Қызметке салынған  қаражаттардың - шығындардың орнын толтыру мен қаржыландырудың меншікті қайнар көздерін құру: амортизациялық аударулар мен пайда - айналым нәтижесі болып саналады.

Осыған  байланысты «Мырзакент» АҚ ның ақшалай  қорларының қозғалысы туралы мәліметтерді 4-ші кестеде сипаттап отырмыз.

Негізгі  қызметтен дайын өнімдерді сатудан түскен түсім көлемі 2005-2009 жылдар аралығында 1692322 мың теңгеден 8858747 мың теңгеге дейін өсіп отырған, ал 2009жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2294023 мың теңгеге төмендеген. Міндеттемелер бойынша берешек салыстырылып отырған жылдар аралығында  5198605  мың теңге көлемінде, банк қарыздары бойынша 6785559 мың теңгеге артқан. Инвестициялар көлемі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 4219020 мың теңге көлемінде қысқарған. 

 

Кесте 4 - «Мырзакет» АҚ өндірісінің ақшалай  қорларының динамикалық қозғалысы,                                                                     мың теңге

Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

1

Негізгі қызметтен дайын өнімдерді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстар

 

 

 

 

 

1792365

 

 

 

 

 

2518769

 

 

 

 

 

6057544

 

 

 

 

 

5858744

 

 

 

 

 

6260024

Міндеттемелер бойынша берешек, барлығы:

 

5227510

 

6884911

 

9429682

 

8883191

 

10876115

жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша

 

 

 

2682181

 

 

 

1399885

 

 

 

189255

 

 

 

219102

 

 

 

148936

Еңбек ақы  төлеу бойынша берешек

 

14851

 

10611

 

22123

 

11619

 

-

бюджетке  салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша

 

 

 

-

 

 

 

2757

 

 

 

1

 

 

 

-

 

 

 

2049

Алынған аванс бойынша

 

-

 

1184227

 

2620243

 

2635799

 

1777849

Банк  қарыздары бойынша барлығы

 

2147298

 

4282155

 

4547579

 

5987480

 

8932857

өзге  де несиелік берешектер мен есептеулер бойынша

 

845129

 

1194838

 

4686522

 

2675902

 

1788114

3

Инвестициялар, барлығы

 

5712640

 

2677895

 

2876966

 

372021

 

1493620

Ескерту «Мырзакент» АҚ-ның есеп және есептілік мәліметтері.

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері