Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей тиісті міндеттер қойылған:
- қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;
- мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;
- кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру;
- қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;
- кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;
- кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................5
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом материал.docx

— 111.58 Кб (Скачать)

Кәсіпорын қызметінің басында ақша қаражаттарының максималды және мақсатты деңгейі бар делік. Содан кейін ол белгілі бір мезгіл ішінде біртіндеп жұмсалабастайды. Кәсіпорьшның тауарлар мен қызметтерді сатқаннан түскен барлықмерзімді бағалы қағаздарға салынады. Ақша қаражатының қоры таусыла салысымен, яғни нөлге жеткенде немесе белгілі бір қауіпсіздік деңгейіне жеткенде кәсіпорын бағалы қағаздардың бір бөлігін сатады да, сонымен ақша қаражаттарының запасын алғашқы деңгейге дейін толтырады. Осылайша қаржы қалдығының есеп шоттағы қалдығы "ағаш кесетін ара тәрізді" график құрайды (11-сурет).

Толтыру сомасы (Q) төмендегі формуламен есептеледі:

Q =V(2*V*с)/r,

Мұндағы V — ақша қаражаттарына деген кезең ішіндегі болжау жасалып отырғанқажеттілік (жыл, тоқсан, ай);

с — ақша қаражатын бағалы қағаздарға айырбастаудағы шығындар.

г — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы салымдары  бойынша мүмкін және қолайлы пайдасы, мысалы, мемелкеттік бағалы қағаздар бойынша. 

 

 

  

 

Есеп шоттағы қаржы қалдығы

K =V:Q              (10)

Ақша  қаражаттарын басқарудың осындай саясатын іске асырудың жалпы шығындары  (ОР) мьшаны құрайды:

ОР = ск + гQ/2              (11)

Бұл формуладағы  бірінші қосынды тікелей шығындарды көрсетсе, екінші — қаржыны бағалы қағаздарға инвестицияламай есеп шотта  сақтағаннан жіберіп алған пайда.

Миллер - Орр моделі.

Баумол  моделі қарапайым әрі ақшалай  шығындары тұрақты әрі болжанатын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Іс жүзінде  мұндай сирек болады; есеп шоттағы  ақшаның қалдығы кездейсоқ жағдайлармен өзгереді, әрі біршама ауытқулар  болуымүмкін.

Миллер  мен Орр жасаған модель қарапайымдылық пен шынайылық арасында бітімге  келген модель. Ол мына сұраққа жауап  беруге көмектеседі: егер қаражаттың күнделікті келуі мен кетуін болжай алмаған  жағдайда кәсіпорын өзінің қаржы  запасын қалай басқаруы керек? Модельді құруда Миллер мен Орра Бернуллидің процесін — стохастикалық процесті пайдаланады. Онда кезеңдерден кезендерге дейінгі аралықтағы ақшаның тусуі мен жұмсалуы тәуелсіз кездейсоқ құбылыстар. Қаржы менеджерінің есеп шоттағы қалдық қаржыны басқару қызметінің логикасы төмендегі суретте көрсетілген және оның мәні мынада. Шоттағы қаражаттың қалдығы жоғарғы шекке жеткенге дейін ретсіз өзгеріп отырады. Бұл іске аса салысымен кәсіпорын бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерін сатып ала бастайды. Мұндағы мақсат ақша қаражатының қорын біршама қалыпты деңгейге (қайтарым нүктесіне) жеткізу. Егер ақша қаражатының қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өзінің бағалы қағаздарын сатады да, сол арқылы ақша қаражатының қорын қалыпты шекке де толтырады. 

 

 

 

12-сурет.  Миллер — Орр моделі

Ақша қаражатының қор                     Ақша қаражатының артығын салу       

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - жоғары шек  

 

 

       - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Қайтарым нүктесі. Төменгі шек.      

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -      Ақша корын қалпына келтіру.                   

 

 

                                         Уақыт 

 

 

  

 

Вариация (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) қарқыны туралы мәселені шешкенде мына саясатты ұстану ұсынылады: егер күнделікті ақша ағымының ауытқуы  үлкен болса немесе бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға байланысты шығындар жоғары болса, онда кәсіпорын  вариация қарқынын ұлғайтуы керек немесе керісінше. Егер бағалы қағаздар бойынша  жоғары пайыздық ставкадан пайда  табу мүмкіндігі болса, онда вариация қарқынын азайту қажет. Модельдерді  іскеасыру бірнеше кезендерден тұрады:

1. Ақша  қаражаттарының ең аз көлемі  тағайындалады (С). Оның есеп шотта  үнемі болғаны абзал (кәсіпорынның  шоттарды төлеуі, банктің, кредиторлардың  талапетулері мүмкін болғанда және т.б.);

2.              Есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының вариациясының қарқынын (R) мына формула бойынша есептейді:

R  = ЗхV(ЗхZtхVаг):4хZs              (12)

Мұндағы: Zs — қаржыны есеп шотта сақтау шығындары;

Zt — ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың өзара өзгеруінің шығындары;

Vаг —  қаржылардың есеп шотқа күңделікті  түсуінің вариациясы.

3.              Есеп шоттағы ақша қаражаты қалдығының жоғары шекарадан асып кеткенде акша қаражаттарының бір бөлігін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға айырбастау қажет болады. Оның жоғары шекарасын былай есептейді: 

СҺ = Сl + R              (13)

4.              Қайтарым нүктесін (О) анықтайды. Егер ақша қаражттарының есеп шоттағы 
қалдығы интервал (Сһ , С1 ) шегінен шығатын болса, онда қайтып оралуды қажет ететін есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының көлемі:

Сг = С1+R/3              (14)

Алайда  бұл модельдерді отандық қаржы  менеджменті практикасында қолданудыңқиыншылығының себептері:

1.              Айналым активтерінің үнемі жетіспеушілігі кәсіпорынға ақша қаражатының қалдығының қажетті мөлшерін оның резервін ескере отырып құруға мүмкіндікбермейді.

2.              Төлем айналымының баяулауы ақша түсімдерінің мөлшерінде біршама ауытқулар тудырады. Бұл ақша қаражаттарьның сомаларынан көрініс табады.

3.              Айналымдағы қысқа мерзімді қаржы аспаптарының шектеулі тізімі мен өтімділіктің төмендігі оларды сатып алушылардың қысқа мерзімді салымдарымен байланысты есептерінде пайдалануды қиындатады.  

 

Нарықтық  қатынастар жағдайында қаржылық қамсыздандыру негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін тиімді басқаруды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік қызметтің мақсаттарын анықтау  маңызды. Бизнестіұйымдастыру мақсаты кәсіпорынды  басқару әдістері мен құрылымын, басқаруақпараттың құрылу әдіснамасы мен әдістерін, болжау жүйесінің қызметін ұйымдастыру жағдайларын анықтайды.

Pricewaterhouse Coopers компаниясының Америка құрама штаттары (АҚШ), Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі қаржылық зерттеушілер мен инвесторларғаөткізген статистикалық сауалнамасына сәйкес, инвесторлардың көзқарасы бойынша кез келген қызметтің ең маңызды көрсеткіші пайда болып қалады, сонымен қатар, алғышарты болып табылатын басқа да бірқатар қаржылық  көрсеткіштер (инвестициялар, ақша ағымдары, шығындар, капиталды шығындар, бизнес сегменттерінің тиімділігі) және қаржылық емес көрсеткіштер (нарықтық өсу, нарықтық үлес, жаңа өнімдерден алынған табыс, стратегиялық мақсаттар және т.б.) қолданылады.

Жоғарыда  аталған көрсеткіштердің әрқайсының маңызы мен салыстырмалы мәні, оларды анықтау мен бағалау тәсілдері  әр салаға байланысты өзгереді және кәсіпорын  басшыларынан шығармашылық қабілеттілікті талап етеді (кесте 1). 

 

Кесте 1- Қызметті бағалаудағы ең маңызды көрсеткіштер 

 

Кәсіпорындар

Аналитиктер (Талдаушылар)

Инвесторлар

1.Стратегиялық  мақсаттар

2.Қаржылық  ақшалай ағым

3.Нарықтық  өсу

4.Менеджерлер  командасының жалпы пайдасы

5.Сапа  және өкілеттілік

6.Нарық  аумағы

7.Бәсекелестік  жағдайы

8.Пайда

9.Нарыққа  алғашқы шығу жылдамдығы

10.Нарықтағы  үлесі

1.Нарықтағы  өсу

2.Стратегиялық  мақсаттар

3.Бәсекелестік  жағдайы

4.сапа  және өкілеттілігі

5.Пайда

6.Нарық  аумағы

7.Менеджерлер  командасының жалпы пайдасы

8.Нарықтағы  үлесі

9.Қаржылық  ақшалай ағым

10.Нарыққа  алғашқы шығу жылдамдығы

1.Пайда

2.Қаржылық  ақшалай ағым

3.Менеджерлер  командасының сапасы мен өкілеттілігі

4.Бәсекелестік  жағдай

5.Нарықтық  өсу

6.Стратегиялық  мақсаттар

7.Жалпы  пайда

8. Нарықтағы  үлесі

9.Нарыққа  алғашқы шығу жылдамдығы

10. Нарық  аумағы

Ескерту – Әдебиет көздерін жинақтау нәтижесінде  авторман жасалған


 

 

Қазіргі уақытта мақта өңдеу кәсіпорнының нарықтық құнын жоғарылату жалпы қабылданған алғышартты мақсат болып табылады.Пайдадан басқа, кәсіпорын құнын жоғарылату келесілерді ескереді: кәсіпорынның әлеуетті өсуі, инвестор үшін тәуекелділік деңгейі, кәсіпорын акциясының нарықтық құны, дивиденттер. Акциядан алынатын пайда көрсеткіші мен акцияның ағымдық құны арасында өзара байланыс бар екендігіне қарамастан, бұл байланыс айқын емес және кездейсоқ сипатқа ие. Акцияның ағымдық бағасы мен кәсіпорынның алған қаржылық ағымдарының арасындағы корелляция айрықша мәнге ие болып отыр.

Акция бағасы кәсіпорынның қазіргі уақытта және болашақта қаржы- ақша ағымдарын құру мүмкіндігімен анықталады. Сонымен, қаржы-ақша ағымдарының акция бағасына әсері келесілер арқылы байқалады:

1)өнім  өткізудің табиғи көлемі (ағымдағы  сату көлемі мен олардың күтілетін  өсімінің қарқынымен анықталады);

2)салық  салудан кейінгі операциялық  пайда (баға өсуі мен тікелей  шығындардың қысқаруы);

3) пайдаланылатын капитал (капитал құрылымы).

Жоғарыда  аталғандарды ескере отырып, акция  бағасына (кәсіпорын құнына) қаржы-ақша ағымдарының әсерін төмендегі 1-суреттегі  сызба түрінде көрсетуге болады.

Ескерту: Әдебиеттерді пайдалана отырып автор  құрастырған.

Сурет 1- Мақта өңдеу кәсіпорнының құнына қаржы-ақша ағымдарының әсері 

 

Кәсіпорын құнына әсер етуші факторларға байланысты кәсіпорын құнын өсірудің келесі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға  болады:

-инвестициялық  қызметтің тиімділігін арттыру;

-операциялық  қызметтің тиімділігін арттыру;

-кәсіпорынның  қарыз капиталын оңтайлы пайдалану  (қаржылық тетік  эффектісі);

- кәсіпорынның мөлдірлігі мен ашықтығын арттыру.

Кәсіпорынның  құнын бағалаудың берілген әдістерін  қолдану мүмкіндігі қатаң түрде  шектелген, себебі, қолданыстағы формулаларда капиталдың тұрақты рентабельділік деңгейі немесе тұрақты өсу қарқыны  қарастырылады. Барлық басқа жағдайлар  тең болған кезде күтілетін қаржы-ақша ағымдары төменгі тәуекелділікте жоғары құнға ие болады. Ал дисконтталған  қаржы-ақша ағымы болса, құнды бағалаудың басқа әдістерімен салыстырғанда  құнның барлық факторларын ескереді.

«Қаржы-ақша ағымы» түсінігінің қарапайымдылығына  қарамастан, оның мәнін анықтауда  әртүрлі авторлар әртүрлі анықтамалар  береді. Қазіргі уақытқа дейін  жалпы қабылданған анықтама әлі  жоқ. Сонымен қатар, баспа беттерінде бірыңғай терминологияда қолданылмайды. Мысалы, қаржы-ақша ағымдарының экономикалық мәніне сәйкес келетін сөз тіркестері ретінде «қаржы-ақша ағымдары», «қаржы-ақша ағымы» немесе «қаржы-ақша қаражаттарының қозғалысы» қолданылады, ал кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын анықтау үшін кең түсінік «қаржылық ағым» пайдаланылады, сонымен қатар орыс тіліндегі ағылшынша сөз «кэш-фло» немесе «каш-флоу» мен қатар «қаржы-ақша ағымдарының қозғалысы», немесе «қаржы-ақша қаражаттарының ағымының қозғалысы» түсініктері қолданылады. Бұл қарастырылып отырған мәселені дәл анықтауға кедергі келтіріп, теориялық ұсыныстардың тәжірибелік маңызын төмендетеді.

Мақта өңдеу  кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  тиімді басқару жүйесін құру үшін , біздің ойымызша, «қаржы-ақша ағымы» түсініктерін құрумен қатар, олардың  диалектикалық өзара байланысын бекіткен маңызды.

Біздің  ойымызша, кәсіпорынның қаржылық ағымы  ретінде есепті және жоспарлы кезеңді  құрайтын, бір-бірімен тізбектелген уақытта кәсіпорын қызмет үрдісінде  пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын, қаржылық салымдарды, бағалы қағаздарды, міндеттемелерді және ақшалай  емес есеп айырысуларды қарастыру қажет.

Ережеге сәйкес, экономикалық әдебиеттерде қаржы-ақша ағымдары екі жолмен қарастырылады:

- белгілі бір жобаны жүзеге асыру барысындағы авансталған капиталды пайдалану нәтижесіндегі қаржы-ақша ағымдары;

- қызмет етуші кәсіпорын жағдайындағы барлық шаруашылық қызмет түрлерінің нәтижесінде құрылған қаржы-ақша ағымдары.

Зерттелген  анықтамалардың ең көп бөлігі қаржы  және қаржылық менеджмент бойынша ғылыми еңбектерде кездеседі.

Біздің  ойымызша, ең дұрыс анықтаманы орыс ғалымы И.А.Бланк ұсынған: «кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдары деп оның шаруашылық қызметінде уақыт бойынша бөлінген ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдерінің жиынтығын атаймыз». Мұндай анықтаманы басқа да авторлар тобы қолданады, олар белгілі бір уақыт аралығындағы ақша қаражаттарының түсімдерінің көлемі арқылы ақша ағымын сипаттады.

Біздің  пікірімізше, қаржы-ақша ағымы категориясын тар және кең мағынада қарастыруға  болады.

Тар мағынада, қаржы-ақша ағымы деп белгілі  бір уақыт бірлігіндегі ақша арқылы өлшенетін мақсатты бағытталған  қаржы-ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің қозғалысын қарастырамыз. Біз берген анықтаманың экономикалық мәні, қаржы-ақша ағымының уақыт бірлігіндегі қаржы-ақша қаражаттарының сандық және сапалық (ақпараттық) жағынан қозғалысын ашып көрсетуімен байланысты. 

Қаржы-ақша ағымы түсінігінің сипаттамасын қорытындылай отырып, келесі жағдайға назар аударуға болады, берілген анықтама қаржы-ақша ағымын қаржы-ақша қаражаттарының түсімі мен шығысының айырмасы ретінде  қарастырмайды, себебі түсім мен  шығыс өз бетінше ағымды құрайды. Бұл жағдай біздің пікірімізше үлкен  мәнге ие, егер де қаржы-ақша ағымын «жиынтық» деп анықтайтын болсақ, онда сөз тек ағыммен байланысты ғана болмайды, сонымен қатар, оның әртүрлі нысандары мен түрлерінің бар екендігін көрсетеді, себебі кез келген ағымдардың комбинациясы топтастыру сипатына қарай қаржы-ақша ағымын құрайды.

Бірақ, қаржы-ақша ағымы тек қаржы-ақша қаражаттары  мен оны алмастырушыларының қозғалысы  ғана емес, сонымен бірге, белгілі  бір кезеңдегі кәсіпорынның барлық активтері мен міндеттемелерінің  құндық өзгерісін сипаттайды. Бұл  жағдайда қаржы-ақша ағымының элементтері  ретінде пайда, табыстар мен шығыстар, запастар мен міндеттемелердің құрамындағы  өзгерістер қарастырылады. Бұл қаржы-ақша ағымы категориясын кең мағынада түсіндіруді білдіреді.

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері