Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:47, дипломная работа

Описание работы

Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей тиісті міндеттер қойылған:
- қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;
- мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;
- кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру;
- қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;
- кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;
- кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................5
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом материал.docx

— 111.58 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ..............................................................................................................5 
 
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8 
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27 
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36 
 
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында) 
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41 
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48 
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57 
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61 
 
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ 
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74 
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80 
 
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87 
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тереңдетілген нарықтық қайта құру жағдайындағы Қазақстанның экономикалық саясаты, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту мен рентабельділігін жоғарылатуға және мақта кластерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Мақта кластері, оның қатысушыларын қаржылай қолдаудың нақты мемлекеттік саясаты болған жағдайда ғана іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Бүгінгі таңда аталған бағытта нақты қадамдар жасалуда. Атап айтар болсақ мемлекет, мақта шаруашылықтарының зиянкестермен күресуге жұмсайтын шығындарын 100 пайыз, егілетін ұрық құнының, суару үшін пайдаланылатын суды жеткізуге, тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу үшін жұмсалатын щығындардың 40 пайызын, жанар-жағармай мен дренаждық және ирригациялық жұмыстарды жүргізуге кететін шығындардың бір бөлігін өтеуді жоспарлауда. Бұл мақта шикізатын өндірушілерді қолдаудағы айтарлықтай қадам болғанымен оны кластердің технологиялық тізбегіне тікелей және жанама әсер ететін басқа да шаралармен кешенді түрде қолдануайтарлықтай оң нәтижені береді. Мұндай инструменттерге  мақта талшықтарын сатып алу құнын реттеуді, энерго-шикізаттар мен электр энергиясына дүниежүзілік бағадан төмен бағаны қалыптастыруды, құрал-жабдықтар импорттауды дотациялауды, альтернативті шикізат қорын стимулдау мен қаржыландыруды т.б. жатқызуға болады.

Мақта өңдеу  кәсіпорындары көпқырлы қызмет атқарады. Мақта шикізатынбастапқы өңдеуден мақта талшықтары, ұрық және мақта линтын алудан басқа мақта зауыттарына келесідей бірқатар міндеттер жүктелген: егуге қажетті ұрықты дайындап мақта егетін шаруашылықтарды қамтамасыз ету, мақта өсірудегі агротехникалық әрекеттерді жүргізуде бақылау жасау және көмек көрсету, мақта шикізаттарын кептіру және тазалау,бастапқы қайта өңдеу және мақта өнімдерін тұтынушыларға жеткізу т.б.Қазақстанда өндірілетін мақтаның талшықтығы  оташа болып, шикі мақтаны өсіріп жинаудың 80 пайызы шаруа қожалықтары үлесіне тиеді.Бүгінгі таңда  мақта өнімдеріне тұрақты сұраныстың болуына байланысты дүниежүзілік нарықтағы оларды сату көлемі жеткілікті түрде тұрақты болып отыр. Жақын келешекте мақта өнімдерін сату көлемінің азаюы күтілмеуде, себебі оларға деген сұраныс жоғары. Сондықтан да мақта шикізатын қайта өңдеу тиімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр.  Еліміздегі мақта өнеркәсібінің дамуы өндіру үрдісін механизациялау мен автоматтандыру, мақта заводттарын мақта өсіретін шаруашылықтарға мейлінше жақындату,  ұзақ тасымалдау мен артық жүк тиеу жұмыстарын азайта отырып, мақта щикізатын жинау мен қайта өңдеудің біріңғай ағымын құру бағытында жүріп жатыр.

Оңтүстік  Қазақстан облысында жалпы жобалық қуаттылығы 770 мың тоннаны құрайтын 21 мақта өңдейтін кәсіпорын бар, оның 12-сі Мақтаарал ауданында орналасқан, ал қалғандары болса Шымкент және Түркістан қалалары мен Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Ортажылдық қуатты пайдалану 40-45 мың тонна мақта шикізатын құрайды. Мақта зауыттарының қуаттылығы барлығы 60% жүктелген, бұл шикізат базасының өсуі жағдайында өңдеу үшін қажетті қосымша мақта қуаттарының құрылысын салмай-ақ, мақта шикізатын қайта өндіру көлемінің өсімін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның  қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру, қозғалысын реттеу жәнебақылау, мақта өңдеу саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында айрықша маңызды және өзекті. Сондықтан да Қазақстан экономикасының дамуында, мақта өңдеу кәсіпорындарының маңызды мәселелерінің бірі, олардың қаржылықтұрақталғана әсер ететін қаржы-ақша ағымдарын тиімді басқару болып табылады.

Дүниежүзі мақта  нарығындағы бәсекелестіктің  дамуына байланысты кәсіпорындардың жемісті дамуының алғы шарты, өз қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын үйлестіруді, несие саятатын жүргізуді, қаржылық болжауды,жоспарлауды, төлем тәртібін сақтауды және басқада қызметтерді қамтитын, дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесі болып табылады. Ал қаржы-ақша ағымдары, дәстүрлі түрде барлық деңгейдегі басқару  жүйелерінің маңызды элементі болыпсаналады.       

Мақта өңдеу  кәсіпорындарында қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін ұйымдастыру мен жоспарлау, оларды өндірістік-шаруашылық қызметті қамтамасыз етуде тиімді қолдану мәселелері әлі толық зерттеліп, қарастырылмаған.

Сондықтан да мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қызметтерді жоспарлау, өңдірілген өнім құнын, сапасын көтеру, тағы басқа да мәселелерді талдау, ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігін туындатады.

Сондай-ақ зерттеу тақырыбының өзектілігі келесілермен анықталады:

-         Қазақстан экономикасының даму жағдайындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының үлкен көлемдегі қаржы-ақша қаражаттарын айналымға тарту меноларды тиімді басқару ролінің жоғарылауы;

-         кәсіпорындардың шаруашылық қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мәні мен тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеудің жеткіліксіздігі ;

-         мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудағы жоспарлау, бағалау талдау мен бақылаудың әдістемелік аппаратын толық және тиімді пайдалануға, сондай ақө икемді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін кешенді зерттеу жұмысының жоқтығы;

-         бизнесті басқару тиімділігін жоғарылатуға себеп болатын және кәсіпорынның қаржы-ақша айналымына оң ықпал ететін, теориялық негізделген, тәжірибеде қолдануға болатын қаржы-ақша ағымдарын басқарудың қазіргі заманғы әдістерінің қажеттілігі.

-         мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару үрдісінің отандық экономиканың қазіргі заманғы талаптарына сәйкестелу қажеттілігі.

Диплом  жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының басты мақсаты, мақта өңдеу кәсіпорындарының  қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін, негізгі шаруашылық қызмет барысындағы қаржы-ақша ағымдарын тақтикалық және стратегиялық басқару жүйесінің  теориясы мен әдіснамасын құру, ғылыми негіздеу және жетілдіру. Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей  тиісті міндеттер қойылған:

-   қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;

-   мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;

-   кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру; 

-   қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;

-   кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;

-   кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

-   мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ақпараттық қамтамасыздандырудың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау жәнебасқаруды ақпараттық қамсыздандыруды қалыптастырудың негізі болып табылатын модельдеуді негіздеу;

-   кәсіпорындардағы қолданыстағы қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін  зерттеу, оның ерекшеліктерін анықтау және оны жетілдіру мәселелерін шешу;

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық  қатынастар жиынтығы.

Жұмыстың  құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, бес тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады. Іздену жұмысының материалдары 325 жазба бет, 30 кесте және 25 сурет түрінде берілген.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ  

 

Мақта өңдеу  кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  басқару жүйесінің теориялық-әдіснамалық  негізі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды  және жеке тұлғалармен қарым-қатынас  жасайды. Сол уақыттардағы есеп айырысулардың  барлығы ақшамен есеп айырысу  арқылы жүреді. Ақша арқылы есеп айырысу  белгілі бір заңға сәйкес жүргізіліуді қажет етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар  ақшалармен есеп айырысу операцияларын  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүгізіліп отырады. Есеп айырысу операциясының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

● Ақшалар  арқылы есеп айырысу оепрацияларын толық, уақытылы және дер кезінде есептеу ;

● Кәсіпорындардағы ақшалардың түгелділігін және олардың  тиімді пайдалануын бақылау;

● Есеп айырысу, төлеу тәрітібін бақылау;

● Кәсіпорын  ақшаларының кіріске алынуы мен  шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Ақшалар шоттарындағы тек ғана жедел арада  міндеттемелерді өтеу үшін төлем  жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу  және валюталық шоттарынан, аккредитивтеріндегі  ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы  ақшаларынан құралады. Ақша бағаналары бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша  жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар  жатады. Көп жағдайларда оларды қысқа  мерзімді инвестициялар шотында  есептейді.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдауға байланысты ақша ағымдары екі түрлі сипатқа  ие болады:

Біріншіден, ақша ағымдары кәсіпорынның өтімділік  және төлемқабілеттілік көрсеткіштеріне  әсер етеді.

Екіншіден, ақша ағымдары кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен құралдарының айналымдылығының негізгі объектісі болады.

Сонымен қатар, кәсіпорынның пайда алуға  бағытталған коммерциялық қызметі  тек соңғы қаржылық нәтижені ғана қарастырмайды, сондай-ақ кәсіпорын  үшін кез келген ақша нысанындағы  немесе материалдық-заттық нысандағы  табыс алуды көздейді. Ақша ағымдары қаржы саясатының негізгі элементі ретінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын талдаудың негізгі факторы  болып саналады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы

есептерді талдау нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық операцияларының зор мүмкіндіктерін анықтауға болады. Мысалы, өткен  жылдардағы қызметтің

нәтижесін бағалау арқылы ақша қаражаттарының түсуі мен пайдаланылуының теңсіздігін  анықтап, оны болашақта қайталамау үшін шаралар қолдануға болады. Кәсіпорынның ақша ағымдарын талдау бірнеше кезеңдерден тұрады:

1 кезең.  Жақсы нәтиже беретін ақша  ағымдарының құрылу көлемі мен  өсу қарқыны қарастырылады, ақша  ағымдарының өсімінің қарқыны  мен өнімдерді, тауарлар мен  қызметтерді өндіру көлемі өсімінің  қарқыны салыстырылады.

2 кезең.  Теріс ақша ағымдарының құрылу  көлемі мен динамикасы зерттеледі. Мұнда сыртқы көздерден алынған  ақша қаражаттары қайда жұмсалды, нарықтық құнының өсімін арттыратын  кәсіпорынның активтерінің жеке  түрлері қалай дамыды, бұрын алынған  несиелер мен зайымдар бойынша  негізгі қарыздар қалай өтелді  деген мәселелер қарастырылады.

3 кезең.  Оң және теріс ақша ағымдарының  уақыт пен көлемі бойынша тепе-теңдігі  анықталады, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижесінің маңызды  көрсеткіштерінің бірі ретіндегі  таза ақша ағымдары көрсеткішінің  динамикасы зерттеледі.

Сонымен, ақша ағымдарын талдаудың басты  мақсаты ақша қаражаттарының көлемі, уақытша параметрлері, келу көзі мен  бағытталуына байланысты ақпараттарды ұсыну болып табылады, олар нақты  басқару шешімдерін қабылдауда, субъективті  және объективті, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін басқаруда өте қажет болады.

Ақша  ағымдарын талдау негізі шаруашылық қызмет түрлері мен басқа да талдау сипаттамалары бойынша олардың  құрылуы мен пайдалану бағыттары  туралы толық, әрі шынайы ақпарат  алу болып табылады. Ақша ағымдарын  талдаудың негізгі ақпарат көздері  келесілер:

Информация о работе Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері